Қадір Мырза Әлидің қанатты сөздері

0

Қадір Мырза Әлидің қанатты сөздері

Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Қадыр Мырза Әлінің қанатты сөздерін назарларыңызға ұсынамыз.

Қазақтың қуаты – бірлігінде.

* Қара бұлт қауіп емес, заманның қабағы ашық болсын.

* Қателіктен қорыққан да – қателік.

* Қазақтың ұлттық тілі – өлең.

* Мақсаты кішіден — үлкендік шықпайды.

* Кісілік көнгенмен — пенделік көнбейді.

* Өзің қандай болсаң — өмір сондай.

* Қайғырғанда — қанат керек ұшатын,  қуанғанда — құйрық керек қонатын.

* Ақынның ұяты болу керек.

* Қанша жыл жақсы бола алсаң — сонша жыл ғана өмір сүр.

* Қара бұлт қауіп емес,  заманның қабағы ашық болсын.

* Қара тастай берік бол,

* Қатты болма бірақ та.

* Қарын тоқ болса — жақсы,  көңіл тоқ болса — жақсырақ.

* Қобыз бөксе,  күмбез төске — Күн көзі де сүрінер.

* Баланың тентектігін қойдырамын деп — қайсарлығын өлтіріп ала көрме.

* Қолтығына қыстырған градуснигімін халқымның.

* Қорқытамын деп дұшпанды,  үркітіп алма достарды.

* Қабірдің де басында гүл өседі.

* Құзғындарды жіберіп өз еркіне,  әнші құсты ұстаймыз торға қамап.

* Құрық — атамыздың гербісі.

* Ұяттан қызарғанша — шараптан қызар.

* Даңқ — классиктің жесірі.

* Қыздың сыры — шөлдің суы.

* Қызығы жоқ қазынадан — қызуы бар қи артық.

* Ханға — баладан гөрі тақ қымбат.

* Қылбұраумен тұрған ел — құлдыраумен тынады.

* Малсыз жайлау — идеясыз сурет.

* Ақынға мансап қуу — жырдың көзіне шөп салумен бірдей.

* Бір батпан өтіріктен — бір мысқал шындық қымбат.

* Шындықты өткізу үшін — ішіне өтірік қосар кез де болады.

* Руластан — рухтас жақын.

* Сатып алған даңқ — сатып кетпей тынбайды.

* Майданнан қашқан – майданға тап болар.

* Мен емес – дүние құбылады.

* Немерелер – қуып жетер қуаныш.

* Өмір сүріп жүргенім жоқ – парызымды өтеп жүрмін.

* Бақыт екі айналып келмейді.


Дереккөз: https://massaget.kz/