Психологиялық тест: Сырғаның бірін таңдап, өзіңіз туралы сыр біліңіз

0

Психологиялық тест: Сырғаның бірін таңдап, өзіңіз туралы сыр біліңіз

1. Айналаңыздағыларға бойыңыздағы жақсы қасиеттерді ғана көрсетуге тырысасыз. Адамдар сізді шулы ортаны ұнатады деп ойлайды. Табандылығы мықты деп бағалайды. Шындығында іштей әлсізсіз. Адамдарға мықты болып көрінгіңіз келеді. Дәл қазір оптимистің бетпердесін киіп жүруден шаршаған сияқтысыз.

2. Жүйкеңізді тоздыратын дүниелерді, ақша шашуды ұнатпайсыз. Өмірден ләззат ала білесіз. Достарыңыздың ақшасын шашып, шақырған жерден қалмайсыз. Ауыр мінезіңізді өзіңізге жақын адамдарға ғана көрсетесіз. Бір қызығы, мінезіңізді жібектей деп ойлайсыз.

3. Ойыңызды өзгелерден жасыра білесіз. Бастаған істі соңына дейін жеткізесіз. Көп жағдайда қиындықтарды шешпей, оларды айналып өтуді жөн көресіз. Осы қасиетіңізге қарап, айналаңыздағылар сізді өте әлсіз деп ойлайды. Шындығында, сіз өте ақылдысыз.

4. Үнемі барлығын шабыттандырып, алға сүйреп жүретін жансыз. Ұшқыр қиялыңыздың арқасында өзіңізді де, өзгелерді де қуанта білесіз. Бір істі жүзеге асыра алмасаңыз, келесісіне оңай көшесіз. Жайдарлы мінезіңіздің арқасында кез келген ортаға тез сіңісесіз.

5. Кез келген қиындықты қасқайып тұрып қарсы аласыз. Біреумен сөзге келіп қалсаңыз, жеңіске жетпейінше тоқтамайсыз. Қажет болғанда қателігіңізді мойындайсыз. Өйткені әділеттіліктің не екенін білесіз. Бастаған істі соңына дейін жеткізесіз. Айналаңыздағылар бұл қасиетіңізді бағалайды.

6. Басқарып, тапсырма бергенді жақсы көресіз. Мұнымен қатар, өзіңізден қолдау күтетін жандарға көмек қолын созуға әзірсіз. Жақындарыңызға сүйеніш бола білесіз. Өтірікшілер мен сатқындарды мүлдем ұнатпайсыз.

Дереккөзі:»ПТ» топтамасынан 

reactor.inform.kz