Психоэмоционалдық денсаулық | Скачать Дипломдық жұмыс

0

Мазмұны.
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … …3
I бөлім. Валеология ғылымының маңызы
І.І.Валеология-бұл салауатты өмір салтына
басшылылық … … … … … … . … .7
1.2. Валеологиялық білімнің жас үрпаққа берері
мол … … … … … … … … … ..13
1.3. Мектеп жүйесіндегі
валеология … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
20
II бөлім. Бастауыш сыныпта валеологиялық білімнің тәрбиелілігі.
2.1. Салауаттану-денсаулықты сақтау бағдарламасының
түжырымдамасы … … … … … .. … … … … … … … … … .
… … … … … … … … … … …27
2.2.Валеологиялық білім беру жаңа
бағыт … … … … … … … .. … … … … … … … 58
2.3. Адам үшін денсаулықтың
қадірі … … … … … … … . … … … … … … … … … … 62

2.4. Оқушыларды салауатты өмір салтына
бағыттау … … … … … … … … … … .68
2.5.Білімділік ортаны валеологияландыру
тиімділігі … … … … … … . … … … .72
Шбөлім. Тәжірибелік
бөлім … … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… .81
Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … .
… … … … … … … … … … … …92
Қолданылған
әдебиеттер … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … 95
Қосымша … … … … … … … … … … … … … … … … .
… … … … … … … … … … … … ..97
Жоспар.
Кіріспе.
3-6
I. Бөлім: Тақырыбы: Валеология ғылымының маңызы
І.І.Валеология-бүл салауатты өмір салтына басшылық 7-
12
1.2. Валеологиялық білімнің жас үрпаққа берері мол
12-20
І.З.Мектеп жүйесіндегі валеология
20-26
II. Бөлім: Тақырыбы: Бастауыш сыныпта валеологиялық
білімнің тәрбиелілігі.
2.1. Бастауыш сыныптарға арналған «Валеология» пәнінен — «Салауаттану
— деисаулықты сақтау» бағдарламасының
түжырымдамасы
27-58
2.2. Валеологиялық білім беру — жаңа бағыт
58-62
2.3. Адам үшін денсаулықтың қадірі.
62-68
2.4. Оқушыларды — салауатты өмір салтына бағьптау 68-
72
2.5. Білімдік ортаны валеологияландыру тиімділігі
72-80 III. Бөлім. Тәжірибелік жүмыс
81-91 Қорытынды
92-94
Пайдаланған әдебиеттер
95-96
Қосымша
97-99
Кіріспе
Егеменді қазақ елінің босағасы, кереге уығы мен шаңырағы экономикалық
дағдарыстар түрғысында қалыптасуда дегенімізбен, қазір бірқатар оңтайлы
шаралар жүзеге асырыла бастады. Олай дейтініміз Президентіміз
Н.Ә.Назарбаевтың ел халқына арнаған Жолдауында: «Ауруды болдырмау және
салауатты өмір салтын ынталандыру». «Мемлекеттің бір жағынан, ауруды
болдырмау, екінші жағынан, салауатты өмір салтын ынталандыру жөнінде
қадамдары халықтың денсаулығына әсер ететін маңызды фактор екенін әлемдік
тәжірибе көрсетіп отыр. Аурулардың алдын алу дегеніміз таза су мен кенеулі
асты пайдалануды, тазарту жүйелерінің болуын, қоршаған ортаны ластайтын
және экологиялық зиян келтіретін объектілерді қысқартуды, басқа да
қауіпті факторларды төмендету жөніндегі осыған үқсас шараларды
білдіреді.
Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен
айналысуымызға, дүрыс тамақтануымызға есірткілерді, темекі мен алкоголъді
түтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с.
бағытталған.
Жеткіуікті қүралдар болмай түрған жағдайда ауруларға қарсы күрес пен
денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды салауатты
өмір салтына әзірлеуден басталады. Салауатты өмір салты мен дүрыс
тамақтануды, тазалық пен санитария ережелерін насихаттайтын пәрменді
ақпараттық іс-шаралар жүргізілуі қажет. Есірткіні әкелу мен таратуға
қолданылатын жазаны қатайту. Алкоголь мен темекінің адам өміріне зиянды
екені дәлелдеуді қажет етпейді. Халықаралық тәжірибе бүл салада мемлекеттік
саясатты жүргізудің алкоголь мен темекіге салық енгізу, сондай-ақ
маскүнемдіктен емделуте арнайы салық салудан бастап, бірнеше сабағын
үсынып отыр. Біз
бүл мәселеде байыпты саясат жүргізуіміз керек. Шылым шегу терең
ойластырылып, асыра сілтеушілікке үрынбай, біртіндеп қоғамдық орындардан
ығыстырылуы қажет. Мүның басқаларға үлгі болуы үшін мемлекеттік үйлер мен
мекемелерден бастау керек. Жалпы, адамдар неліктен өз денсаулықтарын
қүртып, оны улайтыыдарға төзіммен қарауға тиіс?
Мен барлықтарыңызды шылым шегуге ымырасыз болуға шақырамын.
Сондықтан біздің әрқайсымыз тамақтану мен ауыз суға ерекше көңіл
бөлуге тиіспіз. Біздің мамандарымыз қалай дүрыс тамақтану керек екенін,
табыс дәрежесіне қарай өз рационын қалай қүру керек екенін, ауыз судың
зиянын қалай тигізбеуді бүқаралық ақпарат қүраулдарымен түсіндіруден
жалықпауы керек.
Адамдардың денсаулығы мен оны мыңдаған отандастарымыздың өмірі осы
шараларға тікелей байланысты».
Яғни Отанымыздың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ахуалы көп жағдайларда
азаматтарымыздың рухына, интеллектуалдық және адамгершілік ой-өрісіне,
денсаулығы мен парасаттылығына байланысты екендігі айрықша көрсетілғен еді.
Демек, үлтымыздың денсаулығын сақтау тәуелсіз қазақ елінің өркендеуін
қамтамасыз еіудегі басты нысана ретінде айқындалып отыр.
Адамның табиғаты жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдардың назарында
екендігі аян. Алайда адам тағдыры, бүл арада денсаулығы көбінесе медицина
саласының меншігіне айналып келгендігі белгілі. Бүкіләлемдік денсаулық
сақтау үйымының зерттеулеріне жүгінсек адам денсаулығының 85-90 пайызы
тегіне, қоршаған ортаға және өмір салауатына байланысты екен. Демек адам
денсаулығы тікелей адамдардың жеке басына, өзара қарым-қатынасына тәуелді
екендігі мойындалады. Соңғы кезде сау адамның денсаулығы жайында көп
айтылып жүр. Бүл ілімге ВАЛЕОЛОГИЯ деген айдар тағылды. Түңғыш рет
Астанада (1998) Сара Алпысқызы Назарбаеваның
үйымдастыруымен және қолдауымен 1-халықаралық валеологиялық
конференция өз жүмысын табысты аяқтады.
Менің пайымдауымша ВАЛЕОЛОГИЯ адам денсаулығының қалыптасуын, оны
орнықтыру мен жетілдіру жолдарын зерттеу жөніндегі ғылым болып табылса
керек. Бүл ғылым зерттейтін мәселелерге адам тегінің сапасын жетілдіру
(генеология), мешкейлік қарын қамын ойлау, ой-сана, көз мешкейлігі) т.с.с,
қимыл әрекетсіздігі (ой және дене қимылы), стресс (әсіресе сөз сөйлеу
мәдениеті), ой жарамдығы (функционалдық қайшылықтар), дінсіздік (ішкі
нанымның кедейлігі) сияқты күрделі мәселелер жатады. Абай ойымен
түжырымдасақ: Ішпек, кимек, күлмек, айлалы болмақ, алданбастық — бүл
нәрселердің бәрінің өлшеуі бар. Өлшеуінен асырса, уы шығады, деген шынайы
шындық түжырымдары дені сау адамның өз денсаулығын сақтаудағы маңызына
арналса керек.

Тазалық — саулық негізі, Саулық — байлық негізі. Қазақ халық мақалы
I бөлім.
Тақырыбы: Валеология ғылымының маңызы.
1.1.Валеология-бүл салауатты өмір салтына басшылық.
Қазақстан Республикасының Қазақстан-2030 үзақ мерзімді даму
бағдарламасына сәйкес балалардың денсаулығын сақтау мәселелөрі өте маңызды
және күрделі мәселелердің бірі болып саналады. Республика алдына қойылған
өмір мәселелері соншама жан-жақты және терең болғандықтан оны шешу тек дені
сау, шыныққан адамдардың қолынан келеді. Денсаулық деген түсінікке көптеген
факторлар кіреді. Сондықтан оны ескермеске болмайды. Адам организмі
(ағзасы) өте көп клеткалы боғандықтан, ол сыртқы және ішкі ортаның
факторларына тәуелді. Адам өмірі өзін қорғайтын ортаның үсақ, тіпті
байқалмайтын өзгерістеріне бейімделу жағдайында өтіп жатады. Бейімделу
деңгейінің жоғарылығы тек организмнің дүрыс жүмыс жасауына байланысты.
Егерде организмге оның шамасынан артық салмақ түсетін болса, онда
организмнің бейімделу қабілетіне нүқсан келеді дег организмнің жүмысында
ақау пайда болады, ол алғашқы кезде еш сезілмеуі де мүмкін. Мысалы,
канцерогендік факторлар клеткаға әсер етіп рак ісігінің даму кезеңі 2-ден 7-
жылға созылуы мүмкін. Сондықтан ауру сезіле бастаған кеде-ақ адам өміріне
қауіпті болуы мүмкін. Тірі организм өзін қоршаған ортаның түрлі әсерлеріне
биологиялық, генетикалық қатаң бағдарламамен жауап
беруге
қалыптасқан, бірақ онда алкогольге, темекіге, гиподинамияға, майлы
тамаққа, токсикологиялық және наркотикалық заттарға қарсы түру қабілеті
жоқ, біздің ата-бабаларымыз бүлардай цивилизацияның игілігінсіз өсіп
дамыған. Биологиялық жауап болмағандықтан, тыныштық өмір жолында қауіп
төнеді. Тек қана адам табиғатына тән емес факторларға бейімделудің жоғарғы
деңгейі, физиологиялық функциялардың жетілдірілуі (орталық жүйке жүйесі)
орталық жүйке жүйелерінің
біраз уақыт қарсыласуына мүмкіндік туғызады. Жаңа туған баланың
қоршаған ортаға төзетін қабілеті жоғары болып келеді. Табиғат
оның әлі жетіспеген әлсіз организмін бейімделудің әртүрлі
механизмімен
жабдықтаған. Жатырдағы қалыптасқан жүйеден сыртқы ортаға ауысу адам
өмірінің ең бір қатерлі кезі. Дами келе бала органдарыңың және
функцияларының табиғат берген жайын жоғалтып, денесінің бейімділігі және
көңіл-күйінің жайы нашарлай түседі. Бастауыш мектептің өзінде-ақ денсаулығы
күшті балалардың санының азайғанын байқаймыз. Мектеп үшін, сондай-ақ басқа
мекемелер үшін валеологиялық білім, тәрбие өте қажет. Баланың көп уақытын
өткізетін жері мектеп болғандықтан, мектепте оқушыға деген қамқорлықта,
оның денсаулығын қорғап, күшейтіп қана қоймай, бүл істі қалай жасау керек
екені көрсетулері қажет. Баланың жайын айырып білетін мүғалім оқушыға оның
физиологиялық мүмкіндіктерінен асырып салмақ түсетіндей қимыл жасамайды.
Баланың дене қабілеті және көңіл-күй жайы көтере алмайтындай істі талап
етпеу қажет. Баланың дене дайындығына және ақыл-ойына сәйкес таңдалған
салмақ, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жасақталған мектеп, тек
валеологиялық білімдермен қаруланған, сырқат балаларды бақылап
отыратын сауатты және
8
баласын сүйетін ата-аналар міне, осылардың барлығы баланың толықтай
және жан-жақты дамуына әсерлерін тигізеді. Балаларды қорғау, дене дамуын
және жай-күйін біліп отыру біз ең жоғарғы адамгершілігімізді білдіреді.
Мысалы, ересектердің жүрек-тамыр ауруларының себебі — жасөспірім кездегі
(90-98 пайызы ) баланың күй-жайының нашарлығы. Сондықтан көп сырқаттың
жасаруы осыдан. Мектеп балалары үшін валеологиялық тәрбие мен білімді
үштастыра отырып өмір мен уақыттың талабына сай етіп қарастыру.
Адам денсаулығын өз кінәсінен жоғалтады. Бірақ оқушы өзінің
организмінің ерекшелігін қайдан біледі? Әр адам өзін дәлелдеген, қарапайым
даг сенімді қүралды пайдаланып денсаулығын қалай қорғауға болады? Ол мектеп
бағдарламасына кірістірілген валеология сабағы болып табылады. Медицина мен
вауүеология арасында байланыс бар екені сөзсіз. Бірақ валеология бірнеше
ғылымның — экологияның, валеологияның, медицинаның, психологияның,
педагогиканың тоғысар жерінде түрған ғылым.
Валеология терминің ғылымға 1980 жылы профессор И.И.Брехман енгізген.
Валеология — бүл сөзді латынның Уаіео — «денсаулық», ежелгі гректің Ьодоз —
«сөз», «ілім» дегенді білдіреді.
Валеология — қоршаған ортамен қарым-қатынас барысындағы адамның
физикалық, психикалық және өнегелі денсаууығы, денсаулықты сақтау және
нығайту, аурулардың-алдын ауу туралы, аурудан соң сауықтандыру және
салауатты өмірді үзарту туралы ілім.
Өрбір жеке адам денсаулығы, табиғат денсаулығы, адами қоғам денсаулығы
— валеологияның негізгі мақсаты мен міндеті.
Валеология — бүл салауатты өмір сауітына басшылық.
Валеологияның үш анықтамасы бар:
1-ші Денсаулық сақтау және нығайту.
2-ші Салауатты өмір сүру салты.
3-ші Аурудың алдын алу және күресу.
Денсаулық — тек қана аурулар мен дене кемістігінің жоқтығы ғана емес,
толық қанды сымбаттылықтың рухани және әлеуметтік игіліктің күші.
Денсаулыққа тікелей адамның өмір салты, үжымы әсер етеді.
Салауатты — өмір салтын кешу, бүл біздің және төңірегіміздегі
адамдардың денсаулығына қамқорлық жасау, қағида бойынша өмір сүру. Еңбекті
демалыспен үштастыру, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтау, дүрыс
тамақтану, спортпен түрақты шүғылдану, жаман әдеттерден аулақ болу.
Аурудың алдын алу — жеке гигиена, гигиеналық ережелердің жиынтығы
оларды орындау адам денсаулығын сақтау мен нығайтуға ықпал етеді.
Валеология — тек қана бір жақты ғылым қырынан қарастырылмайды, жан-
жақты, әр ғылымның саласынан қүрылған. Атап айтсақ — Медицина, Педагогика,
Психология.
Валеопедагогикада — білім беру және білім алу жағы денсаулыққа зиянсыз
берілуі қатаң қарастырылады. Валеология қалай жіктелінеді ?
Валеология адам, қоғам және бүкіл табиғат туралы ілім ретінде дербес
және қоғамдық деп бөлінеді.
1.Дербес валеология — жеке адамның денсаулығын сақтауды
арттыруға, қалпына келтіруге бағытталған. Дербес валеология мынадай
бөлімдерден қүралады:
а) Жеке бас гигиенасы — оның барлық талаптарын орындауға,
яғни дене, киім, пәтер, су, ауа, тағамдардың және т.б. тазалығын
сақтау.
ә) Психогигиена — бүл адамдар аралығындағы қарым-қатынас
гигиенасы, яғни мейірімділік, адамдарға көмек беру, кез-келген
қайшылықтардың, жауыздықтың, агрессияның болмауы.
10
б) Шынықтыру — өз денеңді шынықтыру үшін адамға жеңіл
әдістердің барлығын қолдануы керек, өйткені шынықтыру
көптеген аурулардан сақтандырады.
в) Дене жүктемелері (физические нагрузки) — бүл жаттығулар мен
спортпен, қозғалысты ойындармен, дене еңбегімен айналысу. Қимылсыздық адам
үшін қауіпті болғандықтан бүл өте маңызды.
г) Дүрыс тамақтану — дегеніміз бүл тағамның жеткілікті және
шектеулі болуы: шектен тыс тамақтанбауға және тамақтану
тәртібін бүзбауға немесе адам ағзасына қолайсыз әсер ететін
тағамдарды жеуте болмайды.
ғ) Аурулардың алдын алу (профилактика) — мүнда гигиена
ережелерін сақтау, шынығу және дене шынықтьгрумен
айналысудың маңызы зор. Сонымен бірге мында жануарлармен, ауру адамдармен
дүрыс қарым-қатынаста болып, барлық қажетті егу шараларын уақытылы
өткізу маңызды. Басқанша айтқанда бүған салауатты өмір деп
аталатынның барлығы кіреді. 2.Қоғамдық валеология — қоғам денсаууүығын,
әсіресе, физикалық, психикалық, рухани, экономикалық және әлеуметтің
денсаулығын сақтауға және түрақтандыруға бағытталған. Қоғамдық валеологияға
мыналар жатады:
а) Медициналық және биологиялық валеология. Оған гигиена,
отбасының, үжымның, бүтіндей қоғамның психологиясы,
сонымен қатар спорт, қоршаған ортаны сақтау сүрақтары
кіреді. Ь) Экономикалық валеология. Ол қоғам және
адамдардың
ауқаттылығын, халықтың еңбекпен шүғылдануын,
өнеркәсіптің өндірістік дәрежесін қарастырады. с) Өлеуметтік
валеология — қоғамның әлеуметтік ңүрылысын,
білім дәрежесін, ғылымның, мәдениеттің, өнердің, қоғамдық,
және діни үжымның дамуын қарастырады.
11
Валеологияны оқып үйрену не үшін керек?
Жеке денсаулықты сақтау үшін әрбір адам өз ағзасында ауру туғызбау
үшін не істеу керек екендігін білу керек. Бүл өте қажет, өйткені барлық
аурулардың туу себебі бір — ол білімсіздік, денсаулығына көңіл аудармауы.
Валеология сіздерге өздеріңіз туралы айтып береді, өзіңіздің жеке
ағзаңызды түсінуге көмектеседі, ағзаға не жақсы, не жаман екендігін алдын
ала анықтайды, аурудан қалай сақтануды қауіпті әсерлерге өз денеңіздің
түрақтылығын қалай жоғарылату керектігін, қалай тыныс алуды, тамақтағгуды,
жаттығуды, өзіңізді шынықтыруды, ең бастысы оның не үшін қажет екендігін
үйретеді.
Осы пәнді сапалы түрде оқып-үйрену арқылы әрбір адам:
а) Өз денсаулығын сақтайды және қорғайды.
Ь) Өз туғандарына және жақындарына қалай денсаулықты жақсырақ сақтауды
және ненің пайдалы, ненің зиянды екенін айтады.
с) Жанүяға мәдениетті жақындатып, надандықтан арылтады.
1.2. Валеологиялық білімнің жас үрпаққа берері мол.
Денсаулық адамзат денсаулығының сақталудың маңызы туралы ғылым екенін
ерте заманнан бері айтылып келеді. Гипократтың, Алкемонның, Әл-Фарабидің
т.б. айтқандары көне дүниеден мәлім. Ортағасырлық қайта өрлеу заманы, жаңа
заман дәрігерлері Гален, Парацельс, Авицена, басқа да дәрігерлер денсаулық
сақтауға назар аударды. Алайда адам денсаулығын зерттейтін жаңа ғылым —
салауаттықтану ғылымы (валеология) ғана тек соңғы жылдықта жеке бөлініп
шығып, дами бастады.
Ежелгі физиология ғылымына нақты тамырлас болғанын қарамастан, бүл
ғылымның өзіне тән ерекше өзгешелігі де бар. Физиология ағзаның қалай
қызмет атқаратынын қарастыратын болса,
12
сауаттықтану ғылымы (валеология) денсаулықты сақтау немесе қалпында
үстау үшін нендей қызмет атқару қажеттігіне көңіл бөледі. Осыған орай
И.И.Брехман «Адамның гүлденген денсаулығынан бастап батпандаған ауруына
дейінгі дене және психикалық кезеңдерінің барлығын үғыну үшін оның қалыпты
күйін айқын білудің маңызы зор» деген.
Адам ағзасының қалыпты қүрылымы мен атқаратын қызмөтін зерттеу
биология, медицина ғылымдарына тән болғанымен, мүндағы «қалыпты күй» шынайы
үғымы көбінесе «бастапқы реңк» үғымымен алмастырылып кетеді. Ауру
басталардағы қалыпты білдіретін болғандықтан қалыпты күй үғымы дерексіз
болып қалады да, әр түрлі адамдарда біркелкі болмай, өзгеріске үшырайды.
Осы заманғы медицина көп жағдайда кездейсоқ қүбылыс
аурулармен
шүғылданып, заңды да қажеттілігі мол қүбылыс денсаулықты ескере
бермейді.
Сонда денсаулық дегеніміз не? «Медициналық терминдердің
энциклопедиалық сөздігінде» денсаулыққа мынадай анықтама берілген:
«Денсаулық дөгеніміз — ауру және дене кемістіктерінің болмауы ғана емес,
денеде рухани және әлеуметтік есен-саулықтың толық сақталмауы». Әрине бүл
анықтама толық ғылыми негізделмеген. Денсаулық негізгі физиологиялық
деңгейде сыртқы әсерден өзге өзінің ішкі ортасының түрақтылығын қамтамасыз
ететін ағзаның гомеостаздың (грекше: һотоіз + үқсас + зіаііз — өре түру,
үзақ түру) қабілеттілігінен қүралады. Гомеостаз дегеніміз жануарлар мен
адам ағзасының күрделі бейімділіктерінің жиынтығы, соның нәтижесінде
ағзаның ішкі ортадағы әсерлі түрақтылығын бүзатын сыртқы немесе ішкі
ортаның алуан түрлі факторлары (мысалы: дене температурасының түрақтылығы,
қан қысымы, қандағы глюкоза мөлшері, т.б.) жойылады немесе барынша
шектеледі. Міне сондықтан сыртқы ортаның өзгеруіне қарамастан ағзаның ішкі
ортасына бақылау жасау мақсатында салауаттану үстанымның
негізін
13
қалайтын алғашқы үстаным — денсаулық сақтау. Ал мүның негізі —
гомеостаз.
Ішкі түрақтылыққа үмтылу — ағза тегінің маңызды салауаттық танымы.
Адам ағзасы үнемі тепе-теңдік күйде бола бермейді, ол қашанда қоршаған
ортаға, одан келетін тітіркендіргіштерге бейімделуде болады. Сондықтан адам
өмір әрекеті (дөмек, денсаулығы) гомеостазбен қатар ағзаның тағы бір
негізгі қабілеттілік — бейімделу (адаптация) арқылы қамтамасыз етіледі.
Ағзада жаңа жағдайда бейімделу із-түссіз қалмайды, көп қызмет етуді
қажет етіп, ағзаның сақтама мүмкіндігінің шегінен шығып кетуте мүмкіндік
тутызады, сөйтіп бейімделу тетігінің бүлінуі және аурудың пайда болу қаупі
төнеді. Айқынырақ айтқанда денсаулықтың ауруға айналып кетуі
тітіркендіргіштердің қауырт әрекетіне тікелей тәуелді.
Халықты аурудың алдын алу мақсатында жаппай тексеру нәтижесі
денсаулықтың ауруға айналу тетігін — адамның қызмет атқару күйін жіктеуге
мүмкіндік жасады. В.П.Казначаев, Р.М.Баевский, А.П.Берсенова (1980) үсынған
жіктеудің жеңілдетілген түрі мынадай:
— денсаулық күйі (ағзадағы гомеостаз арқасында бейімделу
мүмкіндігінің түрақты да жоғарғы деңгейі сақталады);
— донозологиялық күй (гомеостаз тетігінің шектен тыс күш
жүмсауы және ағзаның бейімделу сақталымы, шығынның артуы);
— преморбидті күй (ағзаның денсаулық пен ауру арасындағы күйі,
гомеостаз тетігінің шектен тыс күш жүмсауы және орнын
толықтыру болғанына қарамастан бейімделу ресурстарының күрт
кемуі);
— ауру күй (гомеостаз тетігінің бүзылып, бейімделу сақталымы
түгесиді).
Бүл келтірілгендерден ағзаға бейімдеу мүмкіндігінің қолайлы
сақталымын сақтап қалу қажеттігі жөнінде қорытынды жасауға
14
болады. Демек, ауруға сақтандыру піарасын қолдану қажеттігі даусыз.
Бүл салауаттану жүмысында ең алдымен аурудың алдын алуға бағытталады.
Салауаттанудың негізін қалайтын тағы бір үстаным — денсаулық
сақталымын арттыру (немесе денсаулықты нығайту) үстанымы.
Денсаулық сақталымының өсуін жағымсыз факторларды дүрыс мөлшерлеумен
байланыстырған жөн, өйткені ағза соларға бейімделеді, сондай-ақ белгілі
машықтандыру үстанымдарын қадағалай білу қажет.
Сонда адамның психикалық есен-саулығы неден түрады?
Осы тақырыпқа арналған жарияланымдарды талдау нәтижесі адамның дені
сау психикасы туралы екі негізгі белгілер бойынша пікір айтуға болатынын
көрсетеді.
Бірінші белгі — айқын білінетін жүйке — психикалық бүзылудың,
ауытқудың болмауынан, яши невроз және шектеулі күйге келмеуі. Жүйкенің
ауытқуы және бүзылуының себебі психикалық ашыну әсерінен болады, ондай
ашыну қауіп төнген жағдайда, ренжігенде және басқа жағдайларда (эмоциялық
күйініште) пайда болады.
Екінші белгі бүл психикалық мүмкіндіктер
сақтамасы
(психикалық бейімделу сақтамасы), адам соның арқасында кездейсоқ
күйзелісті немесе ерекіые жағдайда пайда болған қиындықты жеңе алады. Бүл
сақтама бір жағынан, түқымқуалау факторлармен (сыртқы әсерлерді сезгіштік
ерекшеліктерімен, т.б.)г екінші жағынан — адамның психологиялық
кемелдігімен (өзінің эмоциялы күйін меңгерумен т.б.) жүзеге асқан.
Сонымен адамның тіршілік әрекетін психологиялық жағынан қамтамасыз ету
шеңберінде салауаттанудың екі негізгі үстанымы — денсаулық сақтау және оның
сақталымын арттыру үстанымдары соншалықты өзекті болып табылады. Әлеуметтік
есен-саулықты да (денсаулықтың қүрам бөлігі ретінде) бейімделу (қоғамдық
өмір жағдайына бейімделу) түрғысынан қарастыру керек.
Мүндай
15
жағдайда жоғарыда сөз болған салауаттықтану үстанымдары сәйкес
әлеуметтік тетіктерге көрініс табады. Мәселен, денсаулық сақтау үстанымы
азаматтардың әлеуметтік қорғануы тетіктерінде көрініс табады. Өйткені,
әлеуметтік қорғану азаматтарға салыстырмалы түрде материал есен-саулық пен
өмір сүру әрекетінің түрақты болуына, медициналық жәрдем, әлеуметтік
түрғыдан қамтамасыз ету кепілдік береді.
Ал денсаулық сақтамасының көтерілуі үстанымын, сірә, адамзаттардың
биологиялық және әлеуметтік мүмкіндіктерін еркін көрсетіп, оларды іс
жүзінде нақтылы қолданумен байланыстырған жөн тәрізді. Бүдан шығатын
қорытынды: әлеуметтік есен-саулық деңгейі адамның бейімделу үрдісінің қай
нүсқасын үнататынына тәуелді болады, яғни оның сыртқы әлеуметтік қолдау
көрсетуге көбірек дәмеленуіне (енжарлық көзқарас) немесе әлеумөттік есен-
саулыққа өз күшін жүмсау арқылы жетуге талаптануына (белсенді) көзқарасқа
байланысты.
Жоғарыда баяндалғандарды қорытындылай келіп, адамның тіршілік әрекетін
салауаттықтаныммен қамтамасыз ету биологиялық (физиологиялық),
психологиялық және әлеуметтік деңгейде, екі негізгі тетіктерді жүзеге асыру
арқылы денсаулық сақтау және денсаулық сақталымын арттыру нәтижесінде өтеді
деп түжырымдауымызға болады. Бүл тетіктердің тиімділігі көптеген
факторларға (материалдық қамтамасыз етілуі, еңбек әрекетінің ерекшелігі,
экологиялық жағдай және т.б.) тәуелді екені мәлім. И.И.Брехман (1990),
Н.М.Аносова (1979), В.Леви (1982) және басқа авторлардың салауаттану
саласындағы пікірі бойынша адамның өзінің адамгершілігі (мәдени деңгейі)
анықтаушы рөл атқарады. Мүнда қойылған проблема шеңберіндегі негізгі
сипаттама адамның өз денсаулығына және басқа адамдардың денсаулығына өзара
байланысы ерекше жәрдемін тигізеді.
16
Адамда денсаулықты (соған сәйкес салауатты өмір сүреді) сақтап қалу өз-
өзінен пайда болмайтыны мәлім, ол белгілі педагогикалық әсердің нәтижесінде
қалыптасады, сондықтан өмір сүрудің салауаттылықтанымды қамтамасыз ету
қүрылымында педагогикалық қүрамдас бөліктің ерекше басым маңыздылығы бар.
И.И.Брехманның (1995) сөзімен айтқанда денсаулық сақтауды оқып-үйрету
нәрестелік шақтан басталуы керек.
Денсаулық сақтау педагогикасы
салауаттылықтану
ғылымындағы біршама жаңа бағыт. Оның негізгі нысаны жас үрпақтың
денсаулығын сақтау. Мүның өзінде балалардың, жасөспірімдердің, жігіттер мен
қыздардың дамуы, кәмлетке толуы және есеюі кезінде денсаулықтары сақталып
қана қоймай, белгілі дәрежеде қүрылады және қайтадан қүрылады. Сондықтан
салауаттылықтаным шеңберінде балалық, ересектік және жасөспірімдік шақ
денсаулық қалыптастырудың көкейкесті мәселесіне айналады. Бүдан келіп
салауаттылықтану ғылымының тағы бір үстанымы — денсаулық қалыптастыру
үстанымы пайда болады.
Оқушылардың денсаулығын сақтауға кезінде үлкен ғалым профессор Халел
Досмүхамедүлы ерекше назар аударып, осы тақырыпта екі рет кітапша
жариялады, сөйтіп ол Қазақстандағы салауаттылықтану ғылымына бастама
жасады. Бүл ғылым кеш дами бастағанымен, келешегі жарқын, барлық сынып
оқушыларына тиянақты да үғынықты етіп оқыту үстінде көпшілікке кеңінен
танылатын өскелең ғылым.
Валеологияны оқытудың ерекшелігі оның медицинамен тығыз байланыстылығы
болып табылады. Мүғалім адам өміріндегі ең қымбатты нәрсе — балалар
денсаулығымен істес болады. Оқушыға кез-келғен педагогикалық сауатсыз ықпал
ету денсаулыққа зор нүсқан келтіруі мүмкін. Сол себепті, мүғалім іс-
әрекеттің теориялық түғырнамасы ерекше маңызды балаларды өз дегеніне
көндіріп, нүсқау беру керек пег әлде оқушы өзінің
потенциалдық жеке
17
мүмкіндіктерін терең танып-біліп, денсаулығын сақтаумен сауығу жолын
өзі таңдай ма? Мүғалімнің өз іс-әрекетінің әдіснамасын анық ажыратуына
әлемге белгілі жеке теорияларымен танысу көмектеседі. Болашақты мегзеу —
адамдардың еңбекке деген көзқарасын жәй ғана нан табуға емес, керсінше
саналы еңбекке (білімді, жемісті, үлағатты) баулу және салауатты өмірге
жүмылдыру. Адам денсаулығын жалпы алғанда емдеуге емес, оқу-білім, тәлім-
тәрбие, рух пен зерделерге тәуелділігі жоғары болатындығы айрықша бой
көрсете бастады. Денсаулық адамдардың тәрбиесіне және өзін-өзі тәрбиелеуге,
яғни ғылыми және халықтық педагогикалық жүйелердің мыңдаған жылдар бойы
қалыптасқан қағидаларына байланысты екендігін мойындатты. Адам баласының
екі жақты — биологиялық және әлеуметтік қүрылым — яғни тіршілік иесі
екендігі белгілі болды. Олай болса, адам денсаулығы тек қана биологиялық
заңдылықтармен ғана емес, сонымен қатар жанүя, қоғам, мемлекет арасындағы
қалыптасқан, қалыптасатын арақатынастарға жақын және алыс космостардың
әсеріне, ноосфералық және Тәңір қүдіретіне байланысты екені белгілі болып
отыр. Түптей келгенде денсаулық адамнан саналықты талап етеді. Ал «Адам ата-
анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, үстап, татып ескерсе, дүниедегі
жақсы, жаманды таниды — дағы, сондайдан көргені, білгені көп болған адам
білімді болады. Естілердің айтқан сөзін ескеріп жүрген кісі өзі де есті
болады», — дейді хакім Абай (39-сөз). Демек, Абай естілік негізінде
тәрбиенің және өзін-өзі тәрбиелеудің жатқандығын анық және түщындыра айтып
отыр. Бүгінгі үрдіс зерделене бастаған бүл көзқарасты «педагогикалық
валеолгия» деп айтуға толық негіз бар. Сонымен, дені сау адамның денсаулығы
жөніндегі ілім — валеологияны екі үлкен салаға бөлуге болады. Оларды
медициналық және педагогикалық валеология деп
атау қажет.
Медициналық валеология емдеумен, сырқаттардың алдын алумен көбірек
шүғылданса, педагогикалық валеология әлеуметтік-
18

педагогикалық проблемалармен, атап айтқанда білім — тәлім негіздерінде
түзілген салауатты өмір салттары негізінде дені сау адамдардың денсаулығын
сақтау жолында қызмет етеді.
Педагогикалық және медициналық валеологияның айырмашылықтары.
Ғылымның Валеология
анықтауыштық Педагогикалық Медициналық
белгілері
Зерттеу Дені сау адам. Болмысы «үіиініш
объектілері Дені сау үжым. жағдаяттағы» адамдар.
Күдікті топтар Күдікті топтар
Зерттеу Адамның, «үшінші жағдаяттағы»
объектілерінің басты үжымның, адамдар (не ауру, не
нысандары популяцияның сау еместер)
денсаулығы. Сырқаттануға таяу
Денсаулықты адамдар және осы
сақтауға және жағдаятты тудыратын
нығайтуға әсер әсерлер.
ететін жағдаяттар
Мақсатқа жету Үздіксіз, жан- Бастапқы, негізіне
жолындағы негізгі жақты, жүйелі алғанда арнайы
тәсілдері. тәрбие. Өзін-өзі сақтандыру жолдары.
тәрбиелеу. Сырқаттанғанға дейінгі
Салауатты өмір диагностика. Скрининг.
салты ( СӨС ). Емдеу.
Бастапқы
негізінен алғанда
жалпылама
сақтандыру
жолдары.
Негізгі мақсаты. Денсаулықты Сауықтыру.
қалыптастыру,
сақтау және
байыту
негіздерінде
қоғамда үзақ
және бақытты
өмір кешетін дені
сау адамдарды
қалыптастыру.

19

Кестеде байқалатындай, медициналық және педагогикалық валеологияның
арасында стратегиялық және тактикалық айырмашылықтарды көруте болады. Атап
айтқанда педагогикалық валеологияны тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу
негізінде дені сау адамдардың денсаулығын қалыптастыру, сақтау және нығайту
жөніндегі ілім деп түжырымдаута болады. Адам денсаулығының көбінесе
медицина мен медициналық көмектен тыс жатқанын ескерсек «педагогикалық
валеология» терминін валеология деген үғымды түгелге дерлік қамтитындығын
көреміз. Өйткені оған бүл ілімдердің о бастан адамдардың физикалық, рухтық,
әдептік психологиялық, әлеуметтік, эстетикалық арналарымен шүғылданып
келгендігі дәлел. Олай болса, қоғамның бүгінгі күндегі даму сатысы да дені
сау адамдардың денсаулығын сақтау үшін емдеу емес, басқа парадигмаға, атап
айтқанда «Денсаулық кілті — әркімнің өз қолында» деген үрдіске көпгуге
шақырады. «Денсаулық кілтін» табу, денсаулықты қалыптастыру, сақтау және
нығайту жолдарын нүсқау педагогикалық валеологияның басты
міндеті. Медицинаның
бәйтерегі Гиппократ: «Біздің бойымыздағы табиғи күштер — сырқатты
жаулайтын нағыз сиқырлар»,- деп айтқанда, жоғарыдағы пікірлерді басшылыққа
алған іспетті.
Өрбітіп отырған ойымыздың тағы бір қыры — валеология ғылымының
болашақта пәнаралық ғылым ретінде қалыптасатындығы және оның прогрессивті
болашағының зор екендігі баршаға мәлім.
1.3 Мектеп жүйесіндегі валеология.
XXI ғасырда экология, ядролық қауіп, ресурс тапшылығы, үлтаралық,
мемлекетаралық қайшылықтар, терроризм, т.б. ғаламдьщ дағдарыстар қоғамдық
өмірге өз уытын сағат сайын тигізуде, бү*л сөздердің астарында әрине
денсаулыққа тікелей әсері бар екенін білеміз. ТМД мемлекеттерінде
мыңдаған ересек адамдар нарық
20
өміріне бейімделе алмай қатты азап шегуде. Экономикасы дамыған
елдердің өзі де үлкен өзгерістерді бастан кешуде. Бүдан шығатын қорытынды:
жиырмасыншы ғасырды білім беру, тәрбие беру ғасыры деп атаута болады,
себебі жоғарыдағы аталған қиыншылықтарды шеше алатын жеке түлғаны, адамзат
қоғамын дайындау қажеттігі пікірталас туғызбайды. Осы тарихи міндетті
орындау әлемдік мектептерге, оның ішінде Қазақстандық мектеп жүйесіне үлкен
өзгерістер алып келді. Мысалы, мектепте оқу бағдарламасының өзгеруі,
үстаздар қауымының шығармашылық еңбекке деген қүқыңтық жолының ашылуы,
педагогикалық түжырымдаманы таңдап алу мүмкіндігінің болуы, жаңа үлгідегі
оқулық, әдістемелік қүралдардың баспадан шығуы, оқушылардың мектептегі
таңдап оқуға қүқықтығы, әрі мемлекеттік емес білім беру жүйесінде оқуға
мүмкіндік алуы, түрлі формадағы мектептердің пайда болуы, т.б. айтуға
болады.
Осы өзгерістердің ішінде өз еліміздің тарихында бірінші рет мектеп
жүйесінде салауатты өмір сүре білуге нақтылай үйрететін пәндердің
(валеология, экология) оқытыла бастауы ең маңызды жаңалық екенін айтпау
қате болар еді. Себебі толып жатқан қиындықтарға қарамастан (оқу-
әдістемелік, көрнекі қүралдар тапшылығы, арнайы кабинет бөлінбеуі,
үйымдастыру қиыншылықтары түрлі
формализмдік кедергілер т.б.) бүл пәндер оқушы санасын толықтай, әрі
жоғары сапамен жетілуіне ықпал жасайтыны көптеген валеологиялық бағыттағы
зерттеулерден көрінеді.
Мысалы, валеологияландыру деген үғымдардың өзі осыны дәлелдөйді. Яғниг
бүгінгі күндері білім бөру жүйесіне валелогия пәні енгізіліп, әрі отандык,
оқу-тәрбие беру стратегиясы мемлекеттік, әлеуметтік және кәсіптік
проблемаларын өз бетінше түжырымдай алып, іс-жүзінде шеше алу,
шығармашылыққа, жаңашылдыққа, қиыншылықтан сескенбеуигілікке, ойлауға
дайындығы мол жеке түлғаны дайындау мақсаты немесе мектеп оқу
пәндері тілімен
21
айтқанда оқушыларға кең түрғыдағы валеологиялық, экологиялық
сана — дағдыны қалыптастыру мақсаты қойылып отыр.
Мақсаттың айқын болмауы үлкен кедергі болатыны белгілі жағдай, мақсат
болса, жол табылады деген үғымды да аксиома деуте болады. Сондықтан да
жоғарыда аталған пәндерді валеологияландыру стратегиясын үнемі, үздіксіз
нақтылай беру, айқын іс жоспарын санасына жеткізу үшін қолдағы бар
мүмкіндіктерді пайдалануды талдау, анықтау, қорытынды жасау, шаралар
қолдану, мектеп үшін күнделікті жүмыс ережесіне айналуы тиіс.
Қазақ тіліндегі валеология оқулықтары бойынша әдістемелік қүралдарының
жоқтығы, осы пәнді беретін мектеп үстаздарының негізгі бір қиыншылығы
екенін айтпаса болмайды. Мысалы, Көкшетау қаласындағы қазақ мектептерінде
профессор Х.Қ.Сатпаеваның басқаруымен дайындалған «Валеология» оқу қүралы
пайдаланылуда. Әрине, орыс тіліндегі ғылыми әдебиеттер де пайдалынылады,
бірақ ана тілді сапалы басылымдарсыз оқу — тәрбие жүмыстарды
дүрыс жолға қою қиын.
Қоғамдық өмірде, мектеп саласында нарық тілімен айтқанда, ең басты
түтынушы — оқушы екенін айтатын болсақ, оқушыға мектеп қабырғасынан өмір
сүруге толықтай дайындық алып шығу мақсат. Тіпті бірер оқушы өз өмірін
ү»йымдастыруға қажетті білім дағдыларды ала алмай, жеке өмірінде
қиыншылықтарға үшыраса, ол тек сол оқушының ғана емес, сайып келғенде бүкіл
қоғамның үтылысына жатады. Бүл жағдай ең алдымен валеолог мүғалімге үлкен
жауапкершілікті әрі валеология пәніне қүр денсаулықты сақтау, соған қол
жеткізу ғана емес, кеңірек мақсатты, атап айтқанда, оқушының өз өмірлік
философиясын анықтау қабілетін арттыруға, өмір сүруге, қажетті дағдыларға,
әдеттерге жаттыққанын, тәрбиеленгенін, биік адамгершіліктің ең алдымен жеке
адамның өзіне аса пайдалы екенін үғынуын, терең ойлауға дағдыланып өмір
сүруге жүктейді.
Тағы бір мәселе, аталмыш пәндердің зор маңызын мектеп жүйесіндегі
барша мүғалімдер терең сезінгенімен валеология сабақтарын зор сапамен
жүргізу керектігі мектеп валеолог мүғалімдер үжымында төменде көрсетілген
сызба — нүсқа арнайы үлгі-насихат жүмыстары жүргізілуін қажет етеді.

XXI ғасырдағы ғаламдық дағдарыста барлық мемлекеттердің
экономикалық өмірлерінің өзгеріске үшырауы
үлкен
түралаулардың, әсіресе, ТМД елдерінде орын алуы, жалпы әлем бойынша
адамзат баласының денсаулығының нашарлауы, толып жатқан адам көңілін
қүлазытатын кері әсерлі факторлардың көбейіп кетуі (жүмыссыздық, бағаның
өсуі, аса байлармен қатар кедейліктің өте көбеюі, нашақорлық, қылмыстың
өсуі, т.б.) жеке түлғаның бойында — санасында сыртқы кері әсерлі
факторларға (өмірге, оқу-еңбекке деген ынтасының төмен түсіп кетуіне) қарсы
түруға қабілеті ететін ішкі зор рухани күштің бар болу керектігі ешбір
күмән туғызбайды. Сондықтын да жеке түлғаның, әрбір мектеп оқушысының
рухтануы — салауатты өмір салтына әдеттенуі, өмір философиясымен қарулануы
міндетті түрде жүргізілуі тиіс. Ал бүл жауапты міндеттер мектеп оқу
бағдарламасының барлық пәндеріне қатысты болғанымен, нақты іс жүзінде,
салауатты өмір дағдыларына (көтеріңкі оптимистік көңіл күйіне
арнайы жаттықтыру, өзін-өзі
рухтандырып отыру өндірістеріне үйреті т.б. т.с.с. және ең бастысы
өзінің шын өмірін кейінге қалдыруға болмайтынын үғындыратын саногендік өмір
философиясынан хабардар ету) валеолгия оқу дәрістерінің міндетінде. Қазіргі
уақытта Қазақстанда ғалымдардың әр тобы салауаттану саласындагы жаңа
зартеулерді іздестіруде. Денсаулықты сақтау және нығайтудың іргелі
заңдылықтарын, сан алуан табиғи, әлеуметтік экономикалық психикауіогиялық
факторлардың адамға ықпалын оқып білуте әртүрлі жастағы оқушылардың дене
және ой еңбегіне қабілеттілігіне, денсаулық қүндылығының нышандарын жете
түсінуте, денсаулықты сақтауға бағытталған қүралдар мен әдістерге
байланысты проблемалар теориялық және қолданбалы ғылыми зерттеулеулер
нысаны бола алады. ДДСҮ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымы) салауатты
өмір салты адам биологиясына, оның денсаулығына, табиғи, экологиялық және
әлеуметтік — экономикалық жағдайларына байланысты, бүл дегеніміз — адам
мінез-қүлығының ерекшеліктері, оның дене белсөнділігі, тамақтану, әдет,
жаңғырғыш, мінез-қүлығы, белсенді тынығуы, этникалық ерекшеліктері, яғни
салауатты өмір салты, ал бүл дегеніміз, адамның қалыпты қызмет атқарып,
дамуын қамтамассыз ететін тіршілік жағдайлары. Денсаулық сақтауды меңгеру —
биологиялық, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық бағдарламалардың ғылыми
негізделген бір түтас кешені. Міне, сондықтан да өмір салты жеке адам,
әлеуметтік топ және қоғам деңгейінде, табиғи және әлеуметтік ортаны
сақтауды түтас ескере отырып зерттеледі.
Қазіргі уақытта денсаулыққа берілетін анықтамалар өте көп екенін
(Ю.П.Лисицин, В.М.Дельман, В.П.Казначеев, Р.М.Баевский, Н.М.Амосов,
А.Цедрина, И.И.Брехман, В.В.Колбанов, В.А.Лжпгук т.б.) атап көрсетеміз.
Адамның қызмет атқаратын күйін жіктеу (В.П.Казначеев, Р.М.Баевскийй,
А.П.Берсеновалар пікірі бойынша, 1980):
— денсаулық күйі (организмдегі гомеостаз арқасында бейімделу
мүмкіндігінің түрақты және жеткілікті деңгейі қолдау табады);
— денсаулық пен сырқаттың аралығындағы күй
(гомеостаз тетіктерінің күшеюі және организмнің сақтама бейімділігінің
артық шығындалуымен сипатталады);
— ауру алдындағы күй (гомеостаз тетіктері бүзылып,
сақтама бейімділік әлсірейді).
Осылардың барлығы организмде қалыпты қызмет атқару үшін организмде
қолайлы сақтама бейімділік мүмкіндігін қолдау қажеттігі туралы қорытынды
жасауға түрткі болады. Денсаулықты сақтап қалу амалының негізгі мақсаты
алдымен аурудың алдын алуға (аурудан сақтандыруға) саяды. Біз адам
денсаулығын сақтаудың бір жолы денсаулыққа, гигиеналық талаптарға, мектеп
үй-жайынаг қүрал-жабдықтарына, жарыққа, жылуға, ыстық тамақ үйымдастыруға
және т.б. бақылауды күшейту болып табылады деп есептейміз. Сондай-ақ
саралап оқытуды енгізу, мүның өзі білім беру жүйесіне бейімділікті
жеңілдетіп, денсаулықты сақтауға себепші болуы
қажет.
Балалар мен жастар арасында аурулар санының өсуіне байланысты қазіргі
уақытта олардың денсаулығын сақтау жөнінде жаңа амалдар қолдануда.
Салауаттанудан білім беру өрісі жылма-жыл өсіп келеді, салауаттанудан білім
беретін бағдарламалар жете зерттелуде, оқу тәртібін аяуіайтын оқытудың
«денсаулықты жинақтау технологиясы» және т.б. іздестірілуде. Біздің
пікірімізше, салауаттанудан білім берудің түбегейлі өзгерген, салауатты
өмір салтын енгізуге оқушылардың мүдделігін арттыра түсетін әдіснамасы
болуы қажет.
Соньімен салауаттанудан білім беру мынандай екі проблеманы шешуі тиіс:
1. Оқу процесінің балалар денсаулығына әсерін зерттеу;
2. Оқушыларда салауатты өмір салтын енгізу уәждемесін
қалыптастыру және соларға сәйкес білім бағдарламаларын дайындау.
Табиғи сауықтыруға мүрындық болушылардың бірі атақты халықтық шипагер
П.К.Иванов: «Адамдардың сана тасқынын өзгерту керек», -деген еді. Ол өзінің
«Детка» атты кітабында мынандай өсиет қалдырды: «Егер ауруды денеге
дарытпауға мүмкіндік бар болса, оны емдеп қажеті қанша» (12 мағлүмат).
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында салауаты өмір салтын
қалыптастырудың Үлттық орталығымен бірлесіп салауаттануға арналған үлкен
жүмыс жүргізілуде. Қолданбалы ғылыми-зерттеулер конкурсында «Қазақстан
Республикасы үздіксіз білім беру жүйесінде салауатты өмір салтын
қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» жобасы қүрылып қорғалды.
Уақытша ғылыми-зерттеу үжымы қүрылып, солардың күшімен салауаттанудан білім
берудің стандарттары, білім берудің үйымдастырудың әртүлі деңгейі үшін
бағдарламалар жасалып, мектептерде сабақ кестесіне енгізілді.
II. Негізгі бөлім.
Тақырыбы: Бастауыш сыныпта валеологиялық
білімнің тәрбиелілігі.
2.1 Бастауыш сыныптарға арналған «Валеология» пәнінен -«Салауаттану —
денсаулықты сақтау» бағдарламасының
түжырымдамасы.
Адамзаттың денсаулығын сақтап өзінен кейін үрпақ қалдыруы XXI ғасырдың
басында оңай мәселе болып отырған жоқ .
Салауатты сөзінің негізгі мағынасы — парасатты, байыпты, ақылды, ойлы,
білімді, зерделі және сабырлы деген үғымды білдіреді.
Өмір салты дегеніміз — әрбір жеке адамнан бастап, бүкіл қоғамньщ қалай
еңбек етіп, қалай түрмыс қүрып, бос усщытында демалатыны, қысқасы, олардың
қалыптасқан өмір тіршілігі. Яғни, адамның өмір салты қандай болса, өзі де
сондай.
Сонымен, еліміздің кез-келген азаматы салауатты өмір сүру үшін
парасатты, зерделі және білімді болуы керек. Әсіресе денсаулық жайында
білімді болғаны жөн.
Сонымен денсаулың дегеніміз деген не?
Анықтамаларға сүйенсек, денсаулық — адамның өзгеріп отыратын ортада
өзіндік биоәлеуметтік қызметтерін артығымен, бірақ ауырмай, кемтарлық пен
ауруды болдырмай орындай білуі, физикалық, психикалық және адамгершілік
денсаулығы болады.
Дені сау адамның әдетте көңіл-күйі жоғары болып, өз мүмкіндігін іске
асыра алады, өмір қиындықтары мен кедергілерді оңай жеңіп, алдағы күндеріне
сенімді болады .
ДДСҮ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымы)
(1985)
эксперттерінің шешіміне сәйкес халықтың денсаулығының:
10% — медициналық қызмет пен медицинаның даму деңгейіне;
20% — түқым қуалау факторларына;
20% — қоршаған орта жағдайына;
50% — өмір салтына байланысты екен.
Ешбір дәрігер адамға адамның өзінің өзіне істейтін нәрсесін істей
алмайды. Өзінен басқа ешкім оны мықты күйде үстай алмайды. Бірақ ол үшін
адам әрдайым табиғаттың өзгермейтін түрақты заңдарын сақтап соған сай іс-
әрекет жасауы керек-деп жазады денсаулық сақтау саласының профессоры
Микаэль Горен.
Біздің мемлекетімізде балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен
қауіпсіздігіне үлкен көңіл бөлінуде. Сауықтыру саясаты медицина саласымен
қатар білім беру саласында да қолға алынып, балалардың өз денсаулығына
жауапкершілікпен қарауына күш салынуда.
«Салауаттану денсаулық сақтау» бағдарламасын
енгізу
салауатты өмір салтын енгізудің және мектеп оқушыларының денсаулығын
нығайтудың тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты
қалыптастыру түжырымдамасы жарық көрді.
Осы түжырымдамаға тоқталмақпын:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау жөніндегі агенттігі
Ы .Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы Салауатты өмір салтын
қалыптастыру проблемаларының Үлттық
орталығы
Қазақстан Республикасы Үздіксіз білім беру жүйесінде Салауаттану-
денсаулықты сақтау бағдарламасы бойынша салауатты
өмір салтын қалыптастыру
ТҮЖЫРЫМДАМАСЫ
(жоба)
Алматы 2002
Халық денсаулығының жағдайы тек қоғамдық дамудың ғана емес, сонымен
бірге қуатты экономикалық, еңбек, қорғаныс және мәдени әлует болып
табылады.
Бүгінгі таңда балалар мен жастардың денсаулық жағдайы басты назар
аударуды талап етіп отыр. Оны жақсартуға салауатты өмір салтын қалыптастыру
жаңа ғылым салауаттану ғылымы негізінде қүрылған. Салауаттану-денсаулықты
сақтау бағдарламасы бойынша қол жеткізуге болады.
Салауаттану денсаулықты сақтау және нығайтудың іргелі зандылықтарын
оқытып-үйретеді: организмнің қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын және
оған әр түрлі табиғи процестерінің әлөуметтік психологиялық факторлардың
әсерін зерттейді; денсаулықты нығайтута және сақтауға бағытталған қүралдар
мен әдістерді жасайды. Салауаттану ғылыми мамандық ретінде денсаулықтың
ғылыми теориясының дамуына ғана емес, адамның, биологиялық, психологиялық,
гигиеналық, әлеуметіік, экологиялық, этникалық сипаты туралы білімді, адам
денсаулығын іс жүзінде қорғауды қамтамасыз етеді.
Осы заманғы әлеуметтік — экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің
қүлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл
халңының денсаулығына, әсіресе балалар мен жастарға теріс әсерін тигізуде.
Балалардың денсаулық күйінің нашарлауының негізгі себебі — оқушылардың
имандылық рухани қүндылығының күрт төмендеуі, санитарлық мәдениеттің
жеткіліксіздігі, қарапайым гигиеналық дағдылардың болмауынан және өз
денсаулығына жауапсыз қарағандығынан. Балалар мен жасөспірімдерді барлық
деңгейде оқытып, тәрбиөлеу кезінде тиісті
дәрежеде салауаттануды оқытута, салауатты өмір салтын бүзбаута
дағдыландыру болмағандықтан, үйлесімді мінез-қүлық уәжділігі кеміген.
Балалардың денсаулық күйінің нашарлауының негізгі себебі, оқушылардың,
рухани қүндылығының күрт төмендеуі, санитарлық мәдениеттің жеткіліксіздігі,
қарапайым гигиеналық дағдылардың болмауынан және өз денсаулығына жауапсыз
қарағандығынан болып табылады. Балалар мен жасөспірімдерді барлық деңгейде
оқытып, тәрбиелеу кезінде тиісті дәрежеде салауаттануды оқытуға, салауатты
өмір салтын бүзбауға дағдыландыру болмағандықтан, үйлесімді міне-қүлық
уәжділігі кеміген.
Балалар мен жастар арасында аурушаңдық деңгейінің жоғары болуы
салауаттанудан алатын білімді жетілдіру жөніндегі шараларды, денсаулыққа
мүқтаждық уәждеріне төселдіруді, кідіртпеуді талап етеді. Осыған байланысты
Ы.Алтынсарин атындағы қазақ Білім академиясының Жалпы білім институты,
Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Үлттық Орталығы, Ақмола
мемлекеттік медицина академиясы, Қазақ Мемлекеттік медицина университеті,
Абай атындағы Алматы мемлекөттік университөті және басқа білім беру
үйымдарының бір топ ғылымдары мен үстаздары (Х.Қ.Сатпаева, А.С.Әділханов,
Л.З.Тель, Е.Д.Дәленов, А.А.Ақанов, К.Ә.Жаңабердиева, З.Г.Брусенко,
С.Р.Рахметова, т.б.) Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесінде
салауатты өмір салтын қалыптастыру түжырымдамасының жобасын жазды.
Аталған тужырымдамада осы бағытта ғылыми зерттеулер жүргізіліп және
оны адам әрі дамытуға қажетті салауатты өмір салтын қалыптастырудың
филосо.фиялық негіздеме қамтылып көрсетілген.
Әлем ғалымдары бүгінгі таңда денсаулығына кері әсер тигізетін маңызды
биологиялық, әлеуметтік факторларға қам жасап, қоғамды арттырудың тиімді
жолдарын іздестірумен шүғылдануда. Бүл салада салауатты өмір салтын
қалыптастыру проблемаларын жетілдіре, осы
саладағы басымдықтарды анықтайтын ғылым даг өскелең үрпақты оқыту,
тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді үсынатын білім де қомақты үлес қоса
алады.
Салауаттану-денсаулықты сақтау бағдарламасы бойынша салауатты өмір
салтын қалыптастырудың көкейтестілігі.
Қазіргі уақыттағы әлеуметтік-экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің
қүлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл
халқының, әсіресе өскелең үрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Ел Президентішң Қазақстан-2030 Жолдамасындағы үзақ мерзімді
басымдықтың бірі-Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты
тармағында …азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және
оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін азаматтарымызды салауатты
өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Сондықтан елімізде салауатты
өмір салтының пайдасына пәрменді білім беретін және ақпаратты науқан
үдетіле түсуі қажет.
Қазақстанда соңғы жылдары демографиялық көрсеткіштер нашарлап, туу,
халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім-жітім деңгейі
арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда.
Созылмалы дертпен ауыратын 2 млн балалар мен жасөспірімдер диспансерлік
есепте түр. Алматы қаласындағы мектеп оқушыларының денсаулығын зерттегенде,
олардың 85%-ы созылмалы дертпен ауыратыны, ал Өскеменде сырқаттану
деңгейінің 91 %-ға дейін жеткені анықталды.
Ресей Федерациясының балалар мен жасөспірімдер физиологиясы ғылыми-
зерттеу институтында (ҒЗИ) мәліметтеріне қарағанда 1-сынып оқушыларының
денсаулығында 30%-ға дейін физиологиялық ауытқу болған жағдайда, бүл
ауытқудың шамасы 10-11 сыныптарда 80-85%-ға жетеді екен. Тап осындай
зерттеулердің деректері біздің республикамызда да үқсас болып шықты.
Мектеп оқушыларының
67%-ының озбырлық, жабығу, ішкі және сыртқы әсерлерге қайтаратын
жауаптарының бүзылуы арқылы білінетін «мектептік абыржу» байқалады. Соған
байланысты мектеп оқушылары организмінің ауруға қарсылық қасиеті төмендеп,
иммундық жүйеден азап шегеді де, балалардың аурушаңдығының артуына себепкер
болады.
Тек төменгі сыныпқа оқыту кезінде ғана өсімдік-тамырлы дистониямен
(вегето-сосудистая) ауырған балалар саны 16-18 есеге сығырмен 10-12 есеге
ішкі секреция аурулары және зат алмасудың бүзылуымен 5 есөге, асқазан
аурулары 4 есеге, несеп — жыныс жүйесінің ауруы 2 есеге артады екен.
Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі қүмарлық және уытты заттарға
әуестік адамгершілікке жат. Мінез-қүлық ерте жыныстың қатынас кеңінен
таралуда. Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Үлттық
орталығының мәліметтері бойынша (эксперименттік мектептердің оқушыларына
жүргізілген анкета нәтижелері) жас өспірімдердің 40%-дан астамы темекі
тартады, 39%-ға дейінгілері ішімдік … жалғасы