Пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдермен психологиялық — педагогикалық іс-әрекет

0

Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдермен психологиялық — педагогикалық іс-әрекет
Мамандығы: педагог-психолог
МАЗМҰНЫ

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 3

1 Пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдермен психологиялық — педагогикалық іс-әрекеттің теориялық негіздері … …6

0.1 Пробация деген ұғымға анықтама (ол жайлы заң) … … … … … … … 6
0.2 Еуропалық Одақтың пробация саласындағы тәжірибесі … … … … …16
0.3 Пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдерді психологиялық — педагогикалық ерекшеліктері … … … … … .. … … … … … … ..19

2 Пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдермен психологиялық — педагогикалық іс-әрекетті эксперименталды түрінде зерттеу … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …26
2.1 Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдермен психологиялық — педагогикалық іс-әрекеттін үлгісі … … 26
2.2 Пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдермен психологиялық — педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру … … … … … … .36
2.3 Пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдермен психологиялық-педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау … … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … … … … ..44

Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … … … …53
Пайдаланған әдебиеттер … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … … ..57
ТІРКЕМЕ А … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..59
ТІРКЕМЕ Ә … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..61
ТІРКЕМЕ Б … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..62
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес.
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Оның басты қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деген қастерлі сөзді кіргізген.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үздік отыздыққа апарар 100 нақты қадам жоспары Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі жаһандық кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін стратегиялық кешенді бағдарлама екені анық. Әсіресе, аталған жоспардың 33 қадамында Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру. Осындай азаматтар үшін арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын және әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясын жасау көрсетілген.
Өзектілігі келесіде: қылмыс жасаған кәмелетке толмаған жасөспірімдердің саны көп және қылмыстың түрі аур емес болғандықтан оларға альтернитивты жазу түрін беруге жағдай жасайды, сонымен бірге қазақстан европодағы болып жатқан жаңа өзгерістерге де қосылғысы келеді. Кітапта осылай жазылып түр.
Пробация қызметінде сотталғандарды әлеуметтік жолмен түзету басты назарға алынады десек, пробация қызметінің міндетіне қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалардың орындалуын қадағалаудан басқа, тәрбиелік, психологиялық және әлеуметтік- құқықтық көмек көрсету түрлері де кіреді. Пробацияның мақсаты — жазатайым жаза басқандарды бірден кінәлап, қараламай, керісінше, оларға түзелуге мүмкіндік беріп, қоғамға қажет екендіктерін сезіндіру, жаңа қылмыстың алдын- алу болып табылады.
Кәмелетке толмаған сотталған жасөспірімдерді үнемі бақылауда ұстау, мұғалімдермен және ата- аналарымен тығыз байланыста оң ықпал ету бағытында үнемі жұмыстар жүргізілуі қажет. Пробация жүйесі осы кем- кетіктің орнын толтырып, шалыс басқан кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қоғамнан өз орнын табуына қол ұшын береді.
Зерттеу мақсаты. Пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдермен психологиялық — педагогикалық іс-әрекеттің теориялық негіздерін анықтау және әдістемелік нұсқаулар әзірлеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Пробация деген ұғымға анықтама беру.
2. Еуропалық Одақтың пробация саласындағы тәжірибесін зерттеу.
3. Пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдерді психологиялық — педагогикалық ерекшеліктерін анықтау.
4. Пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдермен психологиялық — педагогикалық іс-әрекетінің үлгісін құрастыру.
5. Пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдермен психологиялық-педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау.
Зерттеу нысаны: Кәмелетке толмаған жасөспірімдермен психологиялық — педагогикалық іс-әрекеті
Зерттеу пәні: Пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдермен психологиялық — педагогикалық іс-әрекеті
Зерттеу әдістері:
Мақсатқа жету және алға қойылған міндеттерді шешу үшін зерттеудің мынадай әдістері пайдаланылды: теориялық (талдау, синтез, түсіндіру, өңдеу, жалпылау, жіктеу), эмпирикалық (байқау, саулнама алу, әнгімелесу, тәжірибені зерделеу, эксперимент), социологиялық (тіркеу, түзеу), математикалық статистика әдістері: (орта арифметикалық).
Зерттеу болжамы: егер пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдермен психологиялық — педагогикалық іс-әрекеті белгілі үлгі бойынша ұйымдастырса, сонда олардың әлеуметтенуы сәтті өтеді.
Егер тұлға — ның балалық, жас — өс — пі — рім шақтарында адам — гершілік тұрғы — дан қалыптасу уақытында әр түрлі, со — ның ішін — — де жағымсыз тәжірибелер жинақ — талмаса, онда кә — мелетке толмағандардың соматика — лық, пси — хикалық және тұлғалық дамуын — дағы ол — қы — лықтар, сондай-ақ, олардың әлеуметтік тұрғыдан жетілмеуі — жоға — ры — дағыдай ке — лең — сіздікке тікелей ық — пал жасауы азаяды.
Зерттеу базасы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, пробация қызметі.
Бітірушілік жұмыс құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, тіркемелерден тұрады.

1. ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДАҒЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

5.1 Пробация деген ұғымға анықтама (ол жайлы заң)

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 100 нақты қадам Ұлт жоспарының 33-тармағындағы Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру. Осындай азаматтар үшін арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын және әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясын жасау міндеттерін жүзеге асыру мақсатында қарқынды түрде жүзеге асырылып жатқан маңызды шаралардың бірі — пробация қызметін жетілдіру болып табылады.
Бүгінде Пробация туралы заң жобасы мен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы заң жобасы қызу талқылануда. Заң жобасының негізгі мақсаты — еліміздегі қылмыстық саясатты одан әрі ізгілендіру, оны әлемдік стандартқа жақындату.
Жуырда Алматы қаласында өткен халықаралық семинарда да Пробация туралы жаңа заңды қабылдау аясында пробация қызметін жетілдіру және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды оңалтудың кешенді стратегиясының негізгі бағыттары зерделеніп, 2017 жылы пробацияның жаңа жүйесін енгізуді қамтамасыз ететін ұйымдастыру-тәжірибелік шаралар барысында халықаралық сарапшылардың ұсыныстары талқыланды. Семинарға оңтүстік облыстардың өкілдерімен қатар, пробация офицерлері, сотталғандарға тәрбиелік және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету жөніндегі қызметкерлер, соттар, прокурорлар мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының, Білім беру және Денсаулық сақтау басқармаларының қызметкерлері қатысты.
Семинарды ашқан ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары, әділет генерал-майоры Мейрам Аюбаев пробация қызметін одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі — жергілікті атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесе іс-қимыл жасаудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, ол Қазақстанда жаңадан енгізіліп жатқан пробация қызметін одан әрі жетілдіруде халықаралық тәжірибелерге сүйенудің маңыздылығы туралы баса айтты. Оның ішінде біз бүгін Нидерланд елінің тәжірибесіне ден қойып отырмыз. Оның басты себебі — аталған елдің халық саны Қазақстан халқының санымен шамалас. Алайда, бас бостандығынан айырылғандар саны 12 мыңның айналасында. Бұл көрсеткіш Қазақстандағы сотталғандар санымен салыстырғанда үш есеге дейін төмен, — дейді Мейрам Ақатұлы[1,17б].
Пробация саласында қырық жылға жуық тәжірибесі бар Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру Еуроодақ жобасына шақырылған халықаралық сарапшы Бен Зенгриктің айтуынша, Нидерландыда пробация рәсімі қылмыстық процесс кезінде-ақ басталады екен. Мысалы, қылмыс жасаған адамды полиция ұстаған сәттен бастап күдіктінің әлеуметтік-психологиялық мәртебесін анықтау үшін дереу пробациялық офицерге хабарланады.
Жинақталған ақпаратқа қарап пробациялық офицер ұсталған адамның белгіленген тәртіпті бұзуға бейімділігінің қандай дәрежеде екенін анықтайды да сот жазасын шартты түрде немесе түзеу мекемесінде өтеуді белгілейді. Сондай-ақ, адам түрмеге түскен бірінші күннен бастап оның қоғамға қайтадан оралуына қатысты жұмыс жүргізіледі.
Бен Зенгрик Қазақстанда бір жылға жуық уақыттан бері Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру Еуроодақ жобасы жетекшісінің орынбасары және Қазақстанда пробацияны жетілдіру жағынан кеңесші ретінде қызмет атқаруда. Ол — Нидерландыдан бастап Чехия, Румыния және Молдавияға пробация қызметін құру мен қалыптастыруға көмек көрсетіп келе жатқан білікті маман.
Халықаралық сарапшы Бен Зенгрик кез келген қоғамды неғұрлым қауіпсіз қоғамға айналдыруға болады деп санайды. Ол үшін бұрынғы сотталған адамдарды ресоциалиязацияланумен (қалыпты өмірге оралту) қатар, көптеген игі шараларды жүзеге асыру қажет. Қазір Қазақстанда пробацияның екі түрі, яғни үкімдік және постпенитенциарлық түрлері жұмыс істеуде. Халықаралық тәжірибеге сәйкес тағы да сотқа дейінгі және пенитенциарлық түрлерін енгізу жоспарлануда.
Бүгінде Парламенттің қарауында жатқан Пробация туралы заңды қабылдау — жаңа жетістіктердің бастауы. Заңды жүзеге асыру — өте күрделі процесс. Сондықтан да осы заңның бастамашысы мен тәжірибеге сену керек. Әрбір адам — практик. Сондықтан да соттармен, полиция қызметкерлерімен және басқа да құқық қорғау саласының мамандарымен жұмыс істегенде пробацияның қылмыстық саясат жүйесіндегі рөлін түсіндіру міндет, — деп атап өтті семинар барысында Бен Зенгрик.
Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу мерзімі Пробация қызметі заңды күшіне енген сот үкімін, қаулысын орындауға қабылдаған күннен бастап есептеледі.
Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеп жатқандарға пробациялық бақылауды олардың тұрғылықты жері бойынша Пробация қызметі жүзеге асырады.
Сотталғанның оқудан және жұмыстан бос уақытта тұрғылықты жерін тастап кетпеу міндеттерін орындауын бақылау үшін Пробация қызметі сотталғанмен бірге оның тұрғылықты жерінде болу кестесін құрады.
Пробация қызметі пробациялық бақылаудағы бас бостандығын шектеуге сотталған адамды есепке қою кезінде:
1) сотталғанның тұрғылықты жерін, денсаулық жағдайын, білім деңгейін және еңбекпен қамтылғандығын, сондай-ақ оған ұсынылатын әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды;
2) сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек беру, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртібін түсіндіреді, сондай-ақ оның тіркелу үшін Пробация қызметіне келу күндерін белгілейді;
3) сотталғанға сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібін және мәжбүрлі еңбекті орындау, оларды орындамағаны, сондай-ақ пробациялық бақылау шарттары мен тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібін түсіндіреді.
Бас бостандығын шектеуге сотталған әлеуметтік-құқықтық көмек алудан бас тартқан кезде тиісті акті ресімделеді.
Сотталғандарға пробациялық бақылау:
1) қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға қол сұғатын, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында әкімшілік құқық бұзушылықты және жаңа қылмыс жасағанын немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығын анықтауға ІІО-ның қолда бар есептері, сондай-ақ ҚСжАЕК аумақтық басқармаларының есептері бойынша сотталғандарды ай сайын тексеру;
Қоғамнан оқшалауға байланысты емес жазаға тартылғандар тарапынан қайта қылмыс жасауын болдырмау, әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу, жазасын өтеуден бас тартқандарды іздеу Пробация алдын алу шарасының мақсаты болып табылады. 2014 жылдың 11 наурызынан бастап 19 наурызға дейінгі аралықта Пробация республикалық жедел алдын алу шараларын өткізу бойынша бірлескен жоспарға Мамлют ауданы ҚАИБ қызметкерлері мен ІІБ ӘПБ бірлесіп келесі жұмыстар өткізілді[2,42б]..
Қылмыстық атқару инспекциясында есепте тұрған 19 адам тұрғылықты жері және жұмыс орны бойынша тексерілді. Арнайы контингенттер 100 пайыз тексерілді. ҚАИБ есепте тұрған сотталғандармен әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ІІБ есептері бойынша тексерістер жүргізілді.
Сотталғандарды кешкі уақытта қаланың көңіл көтеру орындарында, адам көп жиналатын жерлерде бірлесіп тексеру жүргізілді. Құқық бұзушылықтар жоқ. ПІШ өткізу барысында 6 жазасын өтеу тәртібінің бұзылғаны анықталды. Үш сотталушыға жазасын алып тастау және бас бостандығынан айыруға өзгерткені туралы жазбаша ескерту жасалды. Жазасын өзгертуге 1 материал сотқа дайындалды. Қайта қылмыс жасау және құқық бұзушылыққа бейім сотталғандармен жазасын өтеу тәртібі, сотпен белгіленген міндеттер және құқық бұзушылықтың салдарын түсіндірумен профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді. Әңгімелесу нәтижелері сотталғандардың бақылау істері материалдарына енгізілді.
Осы орайда жуырда Алматы қаласында Молдова Республикасының білікті маманы Владимир Попа қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері арасында пробация қызметі бойынша оқыту тренингін өткізді. Қазақстанда тұңғыш рет өткізіліп отырған тренингке Орталық Азиядағы Penal Reform International (Халықаралық түрме реформасы) халықаралық ұйым өкілдері де атсалысты.
Аталған тренингті ұйымдастыруға айтарлықтай ықпал еткен PRI жобасының үйлестірушісі Ілияс Нұрмағамбетов қылмыстық атқару жүйесін ізгілендірудің Қазақстан үшін маңызы ерекше екенін атап өтті. Өйткені, кеңестік лагерлер шоғырланған Қазақстан он бес одақтас республика тараған соң түрме тұрғындарының саны бойынша Ресей мен Америкадан кейін әлемде үшінші орынға бір-ақ шықты. Алайда соңғы жылдары қарқынды жүргізіліп келе жатқан қылмыстық жазаларды ізгілендірудің нәтижесінде Қазақстанда сотталғандар саны 100 мың адамға шаққанда біраз азайды. Бұл көрсеткішті одан әрі жақсарта түсу үшін жүргізіліп жатқан жұмыстардың ең сүбелісі де осы — пробация қызметі. 2010 жылдың тамыз айында Елбасының Қазақстан құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Осы Жарлықты іске асыру шаралары ретінде 2011 жылдың 18 қаңтарында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енді. Аталған заң талаптарын жүзеге асыру мақсатында. онша ауыр емес және ауырлығы орташа экономикалық қылмыс жасаған адамдарды қамауға алу шараларын қолдануда шектеулер белгіленген болатын. Ал, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 9 қарашада қабылданған Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Заңынан кейін түзеу мекемелерінен біраз адам босатылып, Қылмыстық атқару инспекцияларының қызметіне күшейтілген нормалар енгізілген еді. Бүгінде кеңінен қанат жайып келе жатқан пробация қызметі арқылы осы үрдістен болашақта үлкен нәтиже күтуге болады Тренинг басталар алдында біз ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары, генерал-майор М.Аюбаевпен пікірлесіп, пробация қызметі бойынша республикада атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан болатынбыз. Пробация қызметі Қазақстандағы жаңа қызметтердің бірі. 2012 жылдың 28 ақпанында заң қабылданып, қылмыстық инспекция құрамында пробация бөлімшелері құрылған болатын. Ал 2015 жылдың басынан бастап жаңа Қылмыстық-атқару кодексінің талаптарына сәйкес пробация қызметі құрылды. Бүгінге дейін пробация қызметінің есебінен 41 мың сотталған өтсе, өткен жылдың тоғыз айында бұл көрсеткіш 36 мың болатын. Қазіргі сот тәжірибесінде бас бостандығынан айыру жазасы сирек қолданыла бастады. Оның бір себебі — пробация қызметі күдіктінің психологиялық портретін зерттеп, оның әрекетіне талдау жасайды да судьяға оны бас бостандығынан айырмайтын жазаға кесуге болатынына ұсыныс береді. Ары қарай қандай шешім шығаратынын сот өзі шешеді, — деді ол. Сотқа дейінгі пробация дегеніміз — іс әлі де қылмыстық тергеуде немесе сот қарауында жатса, үкім шығарылып, ол күшіне енгенге дейін айыпталушыға психоәлеуметтік баға беруге қатысты алғашқы іс-шаралар жүргізілетін кезең. Бұл кезеңде пробация қызметкері айыпталушының жеке басы жайлы, яғни, оның өмір сүру салты, достары, мектебі, отбасы жайлы мәліметтер жинақталған баяндама жасап, сотқа тапсырады. Бұл құжат процессуалдық материал немесе дәлел болып саналмайды, ол тек консультативтік сипаттағы құжат болып табылады. Бұл құжат айыпталушының әлеуметтік қайта бейімделу қажеттігін есепке алуға көмектеседі. [3,26б].
Пенитенциарлық пробация аясында тұтқындалған адамға психоәлеуметтік көмекпен қатар кеңес те беріледі. Пенитенциарлық мекемелердегі пробация қызметінің мақсаты — сотталушыларды бостандыққа шығуға дайындау. Сотталушы түзеу мекемесінің табалдырығын аттаған күннен бастап, ол бостандыққа шыққанға дейінгі кезеңде оларды әлеуметтік бейімдеу жұмыстары жүргізіледі.
Аудандық ІІБ-нің мәжіліс залында ұйымдастырылған кеңеске аймақ прокуратурасы, полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Жиын барысында қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тәртібін қадағалап, түзеу жолға салу мақсатында атқарылған жұмыстар сөз болды. Сондай-ақ, кеңесте алдағы уақытта қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғаларға әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету және қайта қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмыстар жандандыру мәселелері кеңінен талқыланды. Қоғамда өзінің түзу жолын таба алмай, болашақтан үмітін үзіп, шарасыздық пен жұмыссыздықтан ішімдікке салынып жүргендер аз емес. Осы қателіктерді көптеген қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандар жіберіп, қайта қылмыс жасап жатады. Яғни, керісінше теріс әдеттерге бейімделген адам өз адамгершілік қасиеттерін артқа тастап, қайта қылмыс жасауға бейім болады. Сондықтан, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету туралы Үкіметтің қаулысы бекітілген болатын. Бұл құжатқа сәйкес, пробация қызметі жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, сотталғандарға жұмыспен қамту, дәрігерлік көмек, орта және арнайы орта білім алу, жеке басын куәландыратын құжаттарды қалпына келтіру немесе құжаттандыру секілді жан-жақты әлеуметтік көмек көрсетеді. Жаза басқандардың қоғамда өз орнын табуына бағытталған бірлескен жұмыстар алдағы уақытта жандана түспек. Ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп атқарылатын жұмыстар жөнінде жоспарлар құрылып, сотталған адамдармен күнделікті профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырады, тұрғылықты мекенжайларынан тексерулер жүргізеді. Пробация қызметі мен ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлесіп атқаратын жұмыстары күшейтілген түрге көшіріліп, қатаң бақылауға алынды.
Еліміздің әр аймағында өткізіліп жатқан аталған тақырыптағы семинардың маңыздылығы — қоғамның қауіпсіздігін арттырудың нақты әдістерін зерттеуде екеніне тоқталған Бен Зенгрик генерал-майор Мейрам Аюбаевтың өз командасымен бірге пробацияның қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тиімділігін дәлелдеу әдісін тапқаны жайлы да айта кетті.
Сөз соңында Қазақстан пробация қызметін жетілдіруде неге Нидерландының тәжірибесін таңдады? деген сұрақты тарқата кетсек. Біріншіден, жоғарыда атап айтқанымыздай, Нидерланды халық саны жағынан бізбен шамалас. Екіншіден, бұл елде 100 мың адамға шаққанда сотталғандар саны 69-дан ғана келеді. Түрме индексі — 175-орында.
Түрме халқын азайту есебінен мұнда бірнеше түрме жабылса, бірқатар түрмелерді Бельгия мен Норвегияға жалға берген. Осы жылы тағы да бірнеше түрмені жабу мүмкіндігі қарастырылуда. Нидерландыда қылмыстық жазаның үш түрі: бас бостандығынан айыру, қоғамдық жұмысқа тарту және айыппұл салу қолданылады. Алты айға дейінгі бас бостандығынан айыруды сот сотталушының қолдаухаты бойынша 1 күн қамауда ұстауды 2 сағат жұмыс есебінен қоғамдық жұмысқа ауыстыра алады. Мұнда пробация — Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құралған азаматтық қызмет. Пробация штатының 90 пайызы әлеуметтік қызметкерлерден тұрады және әр пробация қызметкеріне 25 сотталушыдан айналады. Сотқа дейінгі пробация құқық бұзушының жеке басын, кімдермен қарым-қатынас жасайтынын, отбасын, әлеуметтік жағынан тәуелділігін, өмір сүру салтын, қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен салдарын, мінез-құлқының қауіптілік дәрежесін зерттейді. Мұндағы басты мақсат құқық бұзушының жеке басын зерттеп, оның теріс әрекетке баруына не себеп болғанын анықтау болса, екінші мақсат — жинақталған ақпараттың негізінде құқық бұзушының психологиялық портретін жасау. Осындай жұмыстардың нәтижесінде күдіктінің рецидивке бейімділік деңгейі анықталып, сотқа жазалау түрлеріне ұсыныс жасалады. Барлық зерттеулердің нәтижесі бойынша сотқа дейінгі пробация сотқа өз баяндамасын ұсынып, өз тұжырымдарын белгілейді. Сотқа дейінгі пробацияның баяндамасын тыңдаған соң прокурор мен қорғаушының ұстанымын ескере отырып сот шешім қабылдайды. Сот жүз жағдайдың жетпісінде пробацияның пікірімен келіседі[4,97б]..
Түрмеден шыққан сотталушы пробацияның қорытындысы бойынша жекеменшік ресоциализация орталығына жіберіліп, әлеуметтік тапсырысты орындайды. Бұл орталықтың 3 мақсаты болады: біріншісі — клиенттің қоғаммен қарым-қатынасын қалпына келтіру, екіншісі — тұрғын үй беру және үшіншісі — жұмысқа орналастыру. Бір жылға дейін бұрынғы сотталған адамға Әділет министрлігі тарапынан жәрдемақы төленеді. Тағы да бір атап өтетін жайт — сотқа дейінгі кезеңнің бірінші бөлімі алдын ала тергеу деп аталады да, оны прокурордың жетекшілігімен полиция жүргізеді.
Белгіленген кесте бойынша полиция ғимаратында пробация офицері және қылмыс құрбандары ісі жөніндегі қоғамдық ұйым өкілдері кезекшілік атқарады. Әр құқық бұзушылық фактісі полиция, пробация және қылмыс құрбандары ісі жөніндегі қоғамдық ұйым өкілдерінен құрылған комиссия отырысында қаралады. Комиссияның қорытындысын ескере отырып прокурор шешім қабылдайды. Нәтижесінде басым істер қылмыстық қудалауды шартты түрде қысқартуға мәміле жасау түрінде немесе зиянның ақшалай өтеуі түрінде прокуратурада қаралады. Сондай-ақ, прокурор құқық бұзушыға мәмілеге келу жағдайында еңбекпен жазалауды ұсына алады. Ал, алты жылдан астам уақытқа жазалау көзделген қылмыстар бойынша мәмілеге келу мүмкін емес.
Осыған орай пробацияның нидерландиялық моделі голландиялық мамандардың қатысуымен Қазақстандағы Пробация туралы заң жобасы мен концепциясын әзірлеу кезінде кеңінен пайдаланылуда.
Пробация — санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі.
2. Пробацияның мақсаты:
1) күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеу;
2) сотталған адамды әлеуметке қосу;
3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінен босатылған адамды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.
3. Көрсетілген мақсатқа сәйкес мыналар пробацияның міндеттері болып табылады:
1) пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;
2) бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың заңмен айқындалған түрлерін орындау;
3) бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталғандарға, шартты түрде сотталғандарға, бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарға бақылау жасауды жүзеге асыру;
4) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталған адамды босатуға дайындауға қатысу[5,83б]..
Сонымен, пробация ұғымына анықтама бердік, ол жайлы қандай заңдардың бар екендігімен таныстық, енді Еуропалық Одақтың пробация саласындағы тәжірибесіне тоқталамыз.

5.2 Еуропалық Одақтың пробация саласындағы тәжірибесі

Еуропалық Одақ әлемдегі саясаттың негізгі бір тарапы болып табылады. Қазіргі уақытта ЕО-ға қарағанда басқа дамыған сауда- экономикалық әрі саяси интеграцияланған бірлестік жоқ. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда еуропалық интеграцияға ұмтылған Еуропа мемлекеттері Еуропалық Одақ көлемінде өздерінің бүгінгі күні шын мәнінде халықаралық үздік интеграциялық үрдіс болуға лайық дамытуда. Қазіргі таңда еуропалық интеграция үрдісі тарихи заңды құбылыс ретінде тек қана экономика, сауда саласын, әлеуметтік өмірді ғана қамтып қоймай, сонымен бірге жалпы қорғаныс, қауіпсіздік саясатын қамтуда. Осындай саяси бағытқа сай пробацияның, соның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге байланысты жаңа шақыруларымен күресу мәселесі алға шығуда…
Қазіргі кезде әлем елдерінің әрбіреуінде өзінің дербес құқықтық жүйесі соның ішінде өзінің қылмыстық іс жүргізу құқығы қалыптасқан. Әр мемлекетте жеке жазылған қылмыстық іс-жүргізу кодексі бар, өзіне тән амал тәсілдерді қолданады, өзінің діни, тарихи, мәдени, экономикалық және өзге факторларды ескере отырып қылмыстық істер бойынша анықтау жүргізу, тергеу, өндіріс жүргізу тәжірибесін қалыптастырған. Алайда белгілі параметрлерді, сипаттарды және мінездемелерді еске ала отырып заңгер ғалымдар қылмыстық іс-жүргізудің келесі түрлерін анықтады. Жарыс процессі англосаксондық құқық моделін ұстанатын мемлекеттерде тараған (Англия, АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия). Оның ерекшелігі қылмыстық процесстің екі жағы да (қорғау,айыптау) тең, оларға бірдей заңды мүмкіндіктер берілген. Ал сот арбитр рөлін жүзеге асырады. Дәлелдемелердің баға беруі кейбір формалды элементтерді (дәлелдемелер стандарты, дәлелдемелерді қолдану мүмкінділігінің нормативті бекітілуі) еске ала отырып ішкі сенімі бойынша жасалады. Аралас процесс көбінесе континенталды Еуропа және кейбір Азияжәне Африка мемлекеттеріне тән. Оның классикалық мысалы ретінде (Германия, Австрия, Бельгия, Италия, Франция) табылады. Аралас процесстің еркшелігі сотқа дейіңгі сатыларда инквизициялық процесстің элементтерінің басым болуы (жариялықтың жоқтығы, айыпталушының өзін өзі қорғаудың мүмкіндіктерінің шектелуі), ал істі сотта қарастырған кезде жарыс элементтері тән болуында, оның атауы да осыдан шыққан .
Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан әрине осы жүйеден қалған белеңсіз жақтарынан қалайда тез құтылуды жөн көрді. Мемлекетімізде осыған бағытталған көптеген реформалар жүргізілді, қылмыстық іс жүргізу органдар жүйесі, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы өзгерді. Батыс мемлекеттерінің соның ішінде Ұлыбритания мен Францияның құқықтық тәжірибелерін кең қолдана бастады. Сонымен қатар бұл жердегі айта кететін жайт осы реформаларды жүргізген кезде біздің мемлекетіміздің жергілікті ерекшеліктерін оның азаматтарының психологиясы менменталлитетін ескермеген жағдайлар болды. Кез келген ұсақ идеялар біздің мемлекетте нормативті акт нысанын алды, заң статусына ие болды. Бұл жерде біз үшін қызығушылықты кезінде Кеңестік Одақтың сателлиттері болған және оның құқықтық жүйесінің көптеген жақтарын сіңірген. Бірақ кейін тәуелсідікке қол жеткізіп қазіргі кезде Еуропалық Одақтың мүшесі болып табылатын Шығыс Еуропа мемлекеттерінің соның ішінде Польша Республикасының тәжірибесі жасап отыр. Польша Варшавалық Одақтың ыдырауынан кейін социалистік жолдан бұрылып социалисттік жүйеден толығымен бас тартты. Құқықтық жүйе соның ішінде конституциялық, азаматтық, әкімшілік және өзге құқық салалары түбірімен өзгерді. Заңнама өзгертілді, жаңа Конституция қабылданды. Бірақ поляктар әрекет етіп отырған қылмыстық іс жүргізу заңнамасын айтарлықтай өзгерткен жоқ. Ең ірі өзгертулердің бірі Қылмыстық іс жүргізу Кодексіндегі Kodeks Postepowania Karnego қағидаларының ішінде Қылмыстық құқықтық қатынас субьектілерінің құқықтарын сақтау гарантияларының пайда болуы болып табылады. Бұрыңғы қылмыстық іс жүргізу институттарының ең пайдалы жақтары және конструктивті шешімдері сақталынды, жедел іздестіру моделінің де көптеген жағдайлары өзгермеді. Жедел іздестіру заңнамасы Еуропалық Одаққа кірген кезде қабылданған кейбір өзгертулерді санамасақ мүлдем өзгермеді деп айтуға болады. Өзгертулер көбінесе сотқа дейіңгі сатыларындағы іске қатысушы тұлғалардың құқықтарын сақтау мәселелеріне, қылмыстық іс жүргізудің жариялығы жағдайларын қамтыды. Тергеу кезінде айыпталушыларды уақытша ұстау мекемесінен сотың рұқсатымен уақытша кепілге босату да қолданыла бастады. Сонымен қатар жеңіл және орташа дәрежедегі қылмыстар бойынша оларды сотқа дейін апармай жақтардың келісімі бойынша шешу, медиация, пробация, институттарының қолданылуы да Польша қылмыстық іс жүргізу жүйесінің жаңалықтары болды. Енді егер Польшадағы пробация институтына жеке тоқтасақ, бұрыңғы социалистік дәуірде мұндай тәжірибе мүлдем қолданылмады. Пробацияның қолданылуына ұқсас жағдайларда айыпталушыларды шартты түрде соттайтын. Қазіргі кезде жеңіл және орташа қылмыстар үшін айыпталушы тұлғаларды түпкілікті жазаға кеспей мемлекетке төленетін арнайы кепіл kaucia төлеуді міндеттейді, Польшаның Қылмыстық Кодексінде оның сомасы 10 000 злотый, яғни шамамен 400 000 теңге деп бекітілген. Айыпталушыларға белгілі уақыт ішінде өзгеруге бағытталған мерзім беріледі, егер тұлға осы берілген мерзім ішінде жаңа құқық бұзушылықтарға жол бермесе ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Медиация институты да салыстырмалы түрде Польшада бертін пайда болды. Польшаның бір ерекшелігі бұл институтың функциясын социалистік дәуірде Халық соты атқарды ал қазіргі кезде бұл функцияны кәсіби заңгерлермен қатар кейбір жағдайларда діни қызметкерлерінің де атқаруына мүмкіншілік берілуінде, бұл әрине жергілікті жағдайды әсіресе Польшада позициялары өте мықты католик шіркеуінің және жалпы халықтың менталитетінің ықпалы деп түсінемін. Жалпы тергеуге келсек ол социалистік заманнан көп өзгерген жоқ. Польша полициясымен қатар әсіресе кейбір күрделі қылмыстар бойынша тергеуді прокуратура жүргізеді. Прокуратура органдары қылмыстық іс жүргізу жүйесінде маңызды орын алады жоғарыда айтып кеткендей тергеу мен қатар ол жалпы қадағалауды жүзеге асырады. Бір жағынан қарағанда екі функцияны бір қолға алу айыптау және қорғау жағы арасындағы тепе теңдікті бұзатын сияқты алайда біз поляк прокуратурасының үлгісінде ондайды көрмейміз керісінші істі тергеу сатысынан алған прокуратура қызметкерлері оны дайындауда көбірек міндеттілікпен қарап сотта да шикі істердің болмауының себепшісі болады. Қорыта келгенде Польша біз үшін ескі жүйенің жақсы жақтарын сақтап әрі Батыс Еуропалық құқықтық жүйесінің ең пайдалы шешімдерін өзіне сіңіріп алудың жақсы үлгісі болып отыр. Осының негізінде қылмыстық іс жүргізу саласындағы реформалауды жүргізген кезде елеміздің ерекшеліктерін ескере отырып мұқият сараптама жасап бірақ жасау керек[6,56б] .
Сонымен, Еуропалық Одақтың пробация саласындағы тәжірибесімен таныстық. Келесі тарауымыз пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдерді психологиялық — педагогикалық ерекшеліктері жайлы болады.

5.3 Пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдерді психологиялық — педагогикалық ерекшеліктері

Жасөспірімдік шақ жас адам өміріндегі жеткіншектікпен ересектіктің арасындағы период. Жасөспірімдік жастың шекараларын анықтауда психологтардың пікірі бір жерден шықпайды. Мысалы, Батыс психологиясында бірден жасөспірімдікті жеткіншектік кезеңмен бір жас периодына қосу тән, ол батыста ересектену (adolescence) периоды деп аталады. Оның мәні балалық шақтан ересектікке өту дегенді білдіріп, жас шекаралары 12-14 жастан 25 жасқа дейін созыла беруі мүмкін. Отандық психологияда жасөспірімдік кезеңді адамның, тұлғаның және индивидуалдылықтың дамуындағы дербес период ретінде қарастыру қабылданған. И.С.Конның анықтауы бойынша жасөспірімдік жастың шекаралары 14-18 жас аралығында орналасады. Дегенмен бұл кезеңді көбінесе 15-17 аралығымен шектеу кейде кездесіп жатады, сонда жасөспірімдік факт түрінде жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сынып оқушыларының жас периодымен сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 78-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған уақытында он төрт жасқа толған, бірақ әлі он сегізге толмаған тұлғалар танылады.
Адамның дамуы өте күрделі, ұзақ жүретін процесс болып табылады. Мүндағы жауапты кезеңдердің бірі — өтпелі жас деп аталатын жеткіншек алдыжас (11-12-ден 14-15 жасқа дейін) пен жасөспірімдік жас (15-16-дан 17-18 жасқа дейін) Бұл кезеңде адамның физикалық пісіп-жетілуі ғана емес, сонымен бірге түлғаның қарқынды түрде қалыптасуы, моральдық және зияттық күштерінің қуат алуы жүзеге асады[6,15б]..
Жеткіншек алды жасының өтпелі жас деп аталу себебі, ол балалық күйден үлкен өмірге, кемелсіздіктен кемелденуге өтумен сипатталады. Алайда, ортастатистикалық жеткіншек деп аталатын жас өмірде болмайды. Жеткіншек алды жасының ортақ заңдылықтары баланың қоршаған ортасы мен тәрбие шарттарына ғана емес, сондай-ақ оның организмі мен тұлғалық ерекшеліктеріне де тәуелді болатын жеке-дара нүсқалар арқылы көрінеді2.
Ересек жеткіншек алды және жас немесе жасөспірімдік уақыт жас психологиясында өте маңызды кезең ретінде қаралады, өйткені осы жаста болатын өзгерістер одан кейінгі кезең заңдылықтарын дұрыс бағалау үшін маңызды болып табылады. Биологиялық жағынан бұл жас физикалық дамудың аяқталу кезеңін білдіреді.
Осы жастағы жасөспірімдердің мінез-құлқы мен әрекеттері саналы әрі жігерлі түрде жүзеге асады, осыған орай оларға неғүрлым жоғары талаптар қойылады. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі 16 жастан басталатыны белгілі, ал кісі өлтіру, үрлық, тонау және т.б. үшін — 14 жастан басталады (ҚР ҚК, 15-бап)3.
Алайда жасөспірімнің физикалық және адамгершілік жағынан дамуы әлі аяқталған жоқ, бүл оның іс-әрекеттері мен қылықтарының сипатынан байқалады. Жеткіншек алды жасында организмде биологиялық терең өзгерістер жүреді5 өсу жылдамдайжы, жыныс бездерінің секрециясы күшейеді, қарқынды физикалық даму басталады. Организмдегі биологиялық өзгерістер психикалық дамуға да әсер етеді. Жеткіншек алды Жасының бастапқы кезіндегі тепе-теңдік бүзылады: өз түлғасына қызығушылық, айналасындағыларға сыни көзбен қарау пайда болады, мінезіндегі ерекшеліктер байқалып, қылықтары өзгереді.
Жеткіншек алды жасында мінездің психикалық жарақат алу мүмкіндігін арттыратын және мінез-құлық нормаларынан ауытқитын кейбір қасиеттері пайда болады. Көптеген жасөспірімдердің сезімдері, ойлары, әрекеттері түрлаусыз болып келеді. Бұл:
а) елгезектік пен сылбырлық арасындағы қайшылық;
б) көңіл-күй өзгерістеріне алып келетін қызбалық пен сылбырлықтың тез ауысып отыруы ретінде көрінеді1.
Импульсивтілік пен көңіл-күй тербелістері жеткіншектердің ойы мен қылықтарына ықпал етеді. Олардың бір пікірге келуі жылдам және тез өзгереді. Өз іс-әрекеттері мен басқа адамдардың қылықтарын дұрыс бағалай бермейді, дос таңдауда көбінесе қателесіп жатады, кездейсоқ жанжалдарға килігеді.
Бірқатар психологтар жеткіншек алды жасын ауыр «апаттар» кезеңі деп есептейді, торығу мен үмітсіздік ахуалы, есіріктену, агрессивтілік, қаталдық, қылмыс істеуге бейімділік туралы айтып өтеді.
Л.И. Божовичтің көрсетуінше, жасөспірімдердің моральдық саласында екі ерекшелік пайда болады:
а) қоғамдық мінез-қүлық пен адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас нормалары мен ережелеріне байланысты мәселелерге жіті назар аударуы;
б) салыстырмалы түрде тұрақты және кездейсоқ ықпалдардан тәуелсіз моральдық көзқарастар, пікірлер, баға беру қалыптаса бастайды[7,9б]..
Жеткіншек алды кезеңіне жоғары эмоциялық қозғыштық қасиеті тән, «ұстамдылық» жүйесі мен өз мінез-құлқын саналы түрде бақылау нашар дамыған, сондықтан да жасөспірімдер ойлары мен пікірін өзгертуге уақыт кетіргенді ұнатпайды, тез іске көшеді. Бұл қасиеттер көбінесе құқыққа қайшы әрекетке алып келеді немес оларды жасы үлкен қүқық бүзушылар пайдаланады, кәмелетке толмағандар тарапынан ойланбай әрекет жасау мүмкіндігі туралы білетін олар оңтайлы сәтті тауып, жасөспірімдерді қылмыс істеуге тартады.
Кейбір жасөспірімдерге олардың тұрмыс және тәрбие шарттары белгілейтін дөрекілік, өжеттік, шамшылдық қасиеттері тән. Бұл қасиеттерді олардың теріс іс-әрекеттері салдарынан болатын қоғамдық тәртіпті бүзуға байланысты құқыққа қарсы әрекеттерін тергеу барысында ескеру қажет.
Осы жаста көп кездесетін мінез-құлық кемшіліктерінің бірі-қырсықтық. Кәмелетке толмаған сезіктінің немесе айыпкердің қырсықтығына тергеуші істелген қылмыстың мән-жайын, ұрланған мүлік пен қылмыс қүралының орналасқан жерін, қылмысқа қатысушыны анықтау кезіндегі жауап алуда тап келуі мүмкін. Сондай-ақ, тергеуші жасөспірімнің қырсылыққа жақынырақ сапасы өтірікшілдікпен де соқтығуы мүмкін.
Өтірікке түрткі болатын нәрселер көбінесе:
а) жауапкершілік пен жазадан қорқу;
ә) қылмысқа қатысушылар немесе олардың туыстары мен достары тарапынан кек алу қорқынышы;
б) достықты дұрыс түсінбеушілік және осыған байланысты «сатқын» атанудан қорқу;
в) құрдастарының назарын аудару, таңғалысын тудыру тілегі. Жеткіншек алды жасында жекелеген жағымды қасиеттерді дамытуға, кемшіліктерді жеңуге бағытталған өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілік дамиды. Жасөспірімдер осылайша өзінің сүйікті кейіпкеріне, мұғаліміне және т.б. ұқсауға тырысады[8,82б].. Бірақ, кейбір жағдайларда адамгершілік категориялары мен ұғымдары туралы дұрыс және жан-жақты түсініктерінің болмауынан жасөспірімдер оқиғалар мен адамдардың мінез-құлықтарын бағалауда қателесіп жатады. Кейбір жасөспірімдердің адамгершілік тұрғысынан жағымсыз тұлғаларға ұқсас болғысы келіп, еліктейтіні бекер емес. Жасөспірімнің адамгершілік сенімдері қате, теріс болуы мүмкін. Және олар кейбір моральдық нормалар туралы теріс түсінікте болуы себепті немесе жасөспірімдердің жекелеген кішігірім топтарында қабылданған моральдық құндылықтар жүйесінің кесірінен қылмыс істеуі мүмкін. Қылмыстың өзінен де жасөспірім ерлік, батырлық, ептілік қасиеттерін көруі кездеседі[1].
Бұлжас ерекшеліктері бәрінен бұрын 14-15 жастағы жеткіншектерге тән. 16-17 жастағы жасөспірімдерде физикалық және ақыл-ой дамуы процестері жалғасады, бірақ осы кезеңнің соңына қарай қарқыны бәсеңдейді. Жасөспірімдердің импульсивтілігі азайып, эмоционалдық түрақтылық пайда болады; жүйке жүйесінің түріне қарамастан, олар 14-15 жасар жеткіншектерден гөрі үстамдылау және салмақтырақ. » Ересек жеткіншек алды жасы — бұл жасөспірім өз мінез-құлқында басшылыққа ала бастайтын адамгершілік қағидаларының, сенімдерінің қалыптасатын уақыты». Дегенмен, өздерінің физикалық және ақыл-ой қасиеттері бойынша олардан кіші жеткіншектерге әлі де ұқсастықтары көп: физикалық және рухани кемелденуге жеткен жоқ; оларға әлі де 14-15 жасар балаларда болатын қасиеттер тән («ерексек болып көріну» сезімі, өзін көрсетуге ұмтылу, т.б.). Бұл жаста айналадағы адамдардың жасөспірімдерге неғұрлым жоғары талаптар қоюына және олардың құқықтарын, әсіресе, дербестікке құқығын мойындауға мүмкіндік беретін бірқатар психологиялық қасиеттері қалыптасады.
Алайда, психологтардың зерттеулері көрсеткендей, дербестікке ұмтылу үшін отбасында дұрыс үлгі көрсететін біреудің, жақын айналысында беделді, абыройлы адамның болуы қажет, сонда ғана жасөспірім одан үлгі5 кеңес ала алады. Үлкендердің тәжірбиесі негізінде бала қандай да бір жағдайда қалай әрекет ету керектігін, туындаған мәселелерді өз бетімен шешуді үйренеді.
Ата-аналардың бала тәрбиесіне селқос қарауы оның беделді тұлғаны сырттан іздеуіне әкеп соғады. Сондықтан да үлкендерге қарағанда көнгіштеу болып келетін қараусыз жасөспірімдер біреудің ықпалына тез түседі. Қылмыстық ортаға түскен баланың мінез-қүлқында теріс қылықтар (дөрекілік, бейбастақтық, шылым шегу және т.б.) пайда бола бастайды, бұл оның ойынша, өзін «үлкен сезінуге», өзімен-өзі болуға көмектеседі. Жасөспірім қарсы келген проблемаларды өзі ойланып, шешімін табуға тырысып қана қоймайды, сонымен бірге осылайша өз қабілетін, жағымды қасиеттерін көрсетуге, өз ортасының қүрметіне бөленуге ұмтылады. Психологиялық әдебиеттерде айтылатындай, «ұжыммен өзара жақсы қарым-қатынасты бұзу қажеттілігі туған қиын бала, осы мақсатқа жету үшін лайықты қүралдарының болмауы себепті мінез-қүлықтың теріс тәсілдеріне, тіпті өз түлғасын бүзақылық жолымен болса да бекітуге дейін барады1 «.
Жеткіншек алды кезеңінде «әлсіз» атану қорқынышы басым болады. Бұл қасиеттер өзін үлкен сезіну сезімімен тығыз байланысты: жасөпірімдер өздерінің кемелденгенін дәлелдеу үшін кез-келген әрекеттерді жасауға дайын тұрады.
Жеткіншек алды жасының соңына қарай үлкендік сезімі өзіндік сипатқа ие болады, ол өзін-өзі бекіту, өзін-өзі көрсету сезіміне ауысады, бұл оның топтан бөлінуі, өз ерекшелігін, даралығын көрсетуге тырысуынан байқалады. Осыдан келіп мінез-құлқымен, киім кию мәнерімен және т.б. кез келген жолмен өзіне назар аударту тілегі пайда болады. Алайда, мұндай жас ерекшеліктері өздігінен құқыққа қарсы мінез-құлық туғызбайды. Өйткені тұлғаның қоғамдық қауіптілігі көбінесе қылмыс істеуге дейін қалыптасады.
Жасөспірімдердің психологиялық жас ерекшеліктері жалпы криминогенді емес. Бірақ олар жасөспірімнің тұлға ретінде қалыптасуы, өмір сүруі шарттарымен байланысып жатыр, оның қажеттеліктерімен, ниет-пиғылығымен сабақтас. Сондықтан да5 жасөспірімнің дамуындағы жас ерекшеліетерін білу жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күрес, оның алдын алу шараларын жүзеге асыру үшін, кәмелетке толмағандар қылмысын сапалы әрі тиімділікпен тергеу үшін оларды толық әрі дұрыс ашу үшін өте маңызды[9,23б]..
Жасөспірімдер дамуының жоғарыда талданған ерекшеліктері іс жүргізу тәртібін реттейтін және осы категориядағы істердің өзгешелігін белгілейтін нормаларды бекіту кезінде ескерілген. Сонымен бірге, психология ғылымының ережелер негізінде жоғарыда қаралған жасөспірімдердің даралық қасиеттері кәмелетке толмағандар істерін жүргізуді жүзеге асырушы органдарға нақты процесті ұйымдастырудың іс жүргізу заңында көрсетілген мүмкіндіктері шеңберінде дүрыс түрін таңдауға көмектеседі.
Сонымен пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдерде қандай психологиялық — педагогикалық ерекшеліктері бар екенін айтып, осымен бірінші бөлімімізді аяқтаймыз, енді келесі бөліміміз бойынша Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz