ПРАКТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР

0

ПРАКТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР казакша ПРАКТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР на казахском языке

• Сарымсақты қабықтары аршылған соң бір банкаға салып, бетіне зәйтүн майын құйып сақтауға болады.
• Пиязды қуырар кезде бетіне біраз ұн себілсе қараймайды.
• Бәлішті пісіргенде бетінің қызарып пісуін қаласаңыз, қамырдың үстіне жұмыртқа немесе айран жағылады.
• Пеште тауық пісірген кезде бір лимон екіге бөлініп, жартысы бетіне жағылады, ал жартысы тауықтың ішіне қойылады.
• Баклажанның ашысын кетіру үшін, қабығын ашып немесе турап біршама уақытқа тұзды суға салып қою керек.
• Кесілген және ашық ауада қалған пияз зиянды болады. Артылып қалған пияздар стретч пленкаға (ас үйлік жұмсақ рулон кленкаға) оралады.
• Буға жылытылған тауық еті дәмін жоғалтпайды.
• Айранның бүкіл дәрумендері мен минералдары суында.
• Жеңіл күйіктер салқын су немесе мұзбен суытылады. Жеңіл күйген жерге шикі жұмыртқаның ағы жағылып, 5-6 сағат жуылмайды.
• Киімге тиген сияны кетіру үшін, сияның тиген жеріне тіс пастасын жағып, кепкен соң жуылады.
• Картоп суда қайнатылғаннан кейін суық суға салынса, қабығы оңай ашылады.
• Тышқандардан құтылу үшін жүретін жерлеріне қара бұрыш себілсе, тышқандар қашады.
• Тауықты пешке салудан бұрын 2 қасық айран, 1 қасық томат және аздап зәйтүн майын қосып араластырып, тауықтың жан-жағына жағылады.
• Мыстан жасалған ыдыстардың жылтырауын қаласаңыз, оларды сірке немесе лимон және тұзбен ысқалаңыз.
• Қатып қалған етті тең мөлшердегі сірке және сұйық майға салып қойыңыз! Тез арада жұмсағанын көресіз.
• Салат жапырағы және сүтшөптердің жапырақтары пышақпен емес, қолмен туралса витаминдерін жоғалтпайды.



zharar.com