Пілдердің жерлеу рәсімі Желі қолданушыларының көзіне жас алдырды

0

Пілдердің жерлеу рәсімі Желі қолданушыларының көзіне жас алдырды

Үндістандық орманшы Парвин Касван Twitter әлеуметтік желісінде жариялаған ролик Желі қолданушыларының жүректерін жібітіп, көздеріне жас келтірді. Бейнежазбадан пілдер табыны өлі туылған шарананы «ақтық сапарға» шығарып салып жатқан сәтін көріп тамашалауға болады.

«Бұл сіздерді бей-жай қалдырмасы анық! Пілдердің шарананың өлі денесін көтеріп алып алып өткен қайғылы шеруі», – деп жазады Парвин Касван. Оның бұл жарияланымы Желіде кеңінен тарап, 6 мыңнан астам адам бөлісіп, 13 мыңға жуық лайк жинады.
«Жан түршігерлік көрініс. Адамдар жануарлардан осындай үлгі алуы тиіс деп ойлаймын», «Бүгінгі таңда адамдардың басым бөлігі қайтыс болған туыстарының бейітіне бармайды, себебі мүлдем қолдары тимейді. Олар қайтыс болған кісілерді тек WhatsApp топтары мен телефонда ғана еске алады», – деп жазады Желі қолданушылары өз пікірлерінде.

Сонымен бірге, Парвин Касван аңызға айналған «пілдер зираты» туралы жазбамен бөлісті. «Орманда пілдердің ескі зираты бар екендігі туралы теория бар. Ол туралы көп рет жазылды, бірақ мен көз жеткізетін дәлелдерді әлі тапқан жоқпын. Алайда, пілдердің өлі денелері көбіне су көздеріне жақын маңдаңда жатады».

Дереккөзі: Сегодня

reactor.inform.kz