Педагогикалық колледж студенттерінің кәсіптік бейімін анықтау
3
1. КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
6
1.1 Кәсіби бағдар берудің қалыптасуы және даму тарихы
6
1.2 Еліміздегі кәсіптік-техникалық білім беру орындарының құрылу
кезеңдері 10
1.3 Кәсіби бағдар беру жұмысының жүйесі 15
2. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БАҒЫТТЫЛЫҒЫН
АНЫҚТАУ-ТҮЗЕТУ ЖОЛДАРЫ 18
2.1 Студенттерге кәсіптік бағдар беру жұмысының мәні және мазмұны 18
2.2 Педагогикалық колледж студенттерінің кәсіптік бейімін анықтау 22
2.3 Колледж студенттерінің кәсіби бағыттылығын дұрыс қалыптастыру
жолдары 28
3. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУДІ ДҰРЫС
ҰЙЫМДАСТЫРУДА ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
39
ҚОРЫТЫНДЫ 48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 51
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім –
тәрбие және білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындау педагогика
ғылымы мен озық тәжірибенің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны
анық.
Өскелең ұрпақтың білімі әлеуметтік – мәдениетке сәйкес болуы қажет.
Елбасының 2006 жылғы Қазақстан халқына жолдауының Осы заманғы білім беру
және білікті кадрлар жүйесін дамыту деп аталатын бөлімде: Бізге
экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы
білім беру жүйесі қажет. Ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің аса маңызды шарты
бұл әлеуметтік бәсекелестік үрдісінде табысқа жетуге мүмкіндік беретін
күшті рух пен білім деп атап көрсеткен.
Тақырыптың өзектілігі. Бір қоғамдық құрылым екіншісіне ауысқанда оның
саяси-экономикалық, әлеуметтік және мәдени-рухани өмірін жаңа уақыт
талабына сәйкестендіріп бейімдеу объективтік қажеттілікке айналады. Бұл
мәселе Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1992 жылы
жарық көрген Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен
дамуының стратегиясы атты еңбегінде тұжырымдалды және бүкіл халықтың
қолдауына ие болды. Қоғамды түрлендірудің бір бағыты республикамыздағы
білім және ғылым саласы. Соған сәйкес, еліміз тәуелсіздік алысымен,
халықаралық стандартқа және нарық қатынастарының талабына бейімделу үшін
бұрынғы кәсіби-техникалық училищелер мен техникумдардың атаулары кәсіби
лицейлер және колледждер деп өзгертілді. Екіншіден, олардың бәсекеге
қабілетті жұмысшылар мен орта білімді мамандарды дайындаудағы міндеттері
айқындалды. Бұл шындық. Себебі, нарық жағдайында кәсіби оқудың сапасы мен
құрылымы, болашағы жеке меншік иелеріне байланысты болатыны белгілі.
Жастарға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал
жасау 12 жылдық мектеп пен колледждер алдында тұрған міндеттердің бірі.
Сондықтан психология мен педагогикада осы мәселеге үлкен көңіл аударылады.
Әр колледждің студенттерді мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру
жұмысының жоспары құрылып, оны жүзеге асыруға психологтың қосатын үлесі мол
болуға тиіс.
Жасөспірімдерге мамандық таңдату оңай жұмыс емес. Бұл проблеманы
зерттеушілер П.П. Блонский, Г.Н. Стычинский, В.А. Сухомлинский,
Ю.П.Сокольников, А.П.Сейтешов Г.А.Уманов, Л.К.Кермов және олардың
шәкірттері баланы жас кезінен болашақ мамандығын саналы түрде анықтауға ата-
аналар, психологтар мен педагогтар өз үлестерін қосуы керек екенін атап
көрсеткен.
Қазіргі кезде көптеген психологиялық зерттеу әдістемелері көмегімен
жасөспірімнің психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеп, қай салада қызмет
атқаруға икем екенін болжамдап беруге болады.
Атап айтсақ, темпераментті зерттеуге арналған Айзенк, Стреляу тесттері,
Басса-Дарки, Шмишек, Филипс жасаған мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау
әдістемелері, таным процестерін зерттеу және қабілеттіліктің түрлерін
анықтау әдістемелері көмегімен әр адамның жеке даралық психофизиологиялық
ерекшеліктерін нақты анықтауға болады. Сонымен қатар коммуникативтік және
ұйымдастырушылық қабілетті зерттеу, барлық бағаланған қасиеттерді дамыту
және қалыптастыру жолдары да анықталған.
Қазақстан Республикасының Президенті 2008 жылғы 1 шілдедегі № 626
Жарлығымен Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді
дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасын бекітті.
Онда бұл жүйенің қазіргі жай-күйі, оны іске асырудың негізгі бағыттары мен
тетіктері, оның материалдық-техникалық базасын жаңарту, жүйеде даярланатын
жұмысшылар мен орта буын мамандарының бәсекеге қабілеттілік сапасын көтеру,
басқару мен қаржыландыруды жетілдіру мәселелері қамтылды. Бағдарламаны
іске асыру нәтижесінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту
ұсыныспен емес, сұраныспен айқындалатын болады. Бағдарламада кадрларды
даярлау мен олардың бәсекеге қабілеттілік сапасын қамтамасыз ететін
техникалық және кәсіптік білім берудің моделін қалыптастыру болжанады, —
делінген құжатта [4].
Өз еліміздегі орта кәсіби білімі бар мамандарға жағдай жасауымыз
негізгі қажеттілікке айналды. Еліміздің экономикасына өзіндік үлес қосып
жатқан да осы орта кәсіби білімі бар мамандар. Өйткені олардың көпшілігі
болашақта теориялық жолмен емес, нақты іс жүзінде жұмыс істейтіндер.
Дамыған елдермен бәсекеге түсу үшін де, ДСҰ-ға кіру үшін де технологиямыз
мықты болуы керек. Мысалы, Қытай мемлекеті технологияны жақсы
дамытқандықтан кез келген елмен әлеуметтік-экономикалық бәсекеге түсе
алады. Оларда орта кәсіби білімі бар мамандарға барлық жағдай жасалған.
Сондықтан өздерінің өнімдерін сыртқы рынокқа ұялмай шығара алады.
Дегенмен колледж тәжірибесінде психологиялық қызметтің енді аяқ алып
келе жатқанына байланысты студенттерге дер кезінде психологиялық көмек
көрсету сирек кездеседі. Психолог бар жерде олардың арсеналында қажетті
психодиагностикалық әдістемелер тапшы. Ғылыми тұрғыда негізделген кәсіби
бағдар беру проблемасын шешу жолдары онша айқындалмаған.
Сондықтан осы актуалдық проблеманың бір мәселесіне толығырақ түсініп,
колледж студенттерінің жекелік қасиеттерін зерттеу жолдарын анықтап алу
үшін жұмысымның тақырыбын Педагогикалық колледжде студенттердің кәсіби
бағыттылығын анықтау-түзету жолдары деп алдым.
Қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесіне көшкеннен бері орта оқу орындарын
бітірген маман жұмысшылар нарықтық жағдайға бейімделе отырып, еліміздің
экономикасын өрістетіп, әлеуметтік жағдайын жақсартуға елеулі үлес қосты.
Экономика саласына аса қажетті бірден-бір мәселе – еңбек нарығындағы
сұранымды анықтау, кәсіби лицейлер мен колледждерде соған сәйкес маман
дайындаудың жолдарын көрсете отырып, оларды келешекте қажетті салаға
жұмысқа орналастыру болып табылады. Ол үшін кәсіби лицейлер мен
колледждерді мамандарды оқытуға лайықтап, өндіріспен тәжірибе алмасу
барысын ұйымдастыру, оларды оқуға қажетті жабдықтарымен қамтамасыз ете
отырып, осы оқу орындарына лайықты ұстаздар дайындау және оқушылардың
үлгерімін, кәсіпті игерудегі икемділіктерін арттыру, бағалау жұмыстарын
жүзеге асыру басты міндетке айналды. Міне, кәсіби деңгейі жоғары жұмысшылар
мен мамандар дайындаудың басты талабы осы.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Педагогикалық колледжде студенттердің кәсіби
бағыттылығын анықтау-түзету жолдары әдістемелік тұрғыдан негіздеу.
Зерттеу мақсатына сәйкес келесі міндеттері анықталды:
— Зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттермен, әдістемелермен
жұмыс істеу;
— Педагогикалық колледж студенттеріне кәсіби бағдар берудің
теориялық аспектілерін ашу;
— Білім беру жүйесіндегі кәсіби бағдар беру түсінігіне талдау
жасау;
— Қолданбалы курстар мәселесі және оны оқыту ерекшеліктерін
көрсету;
— Кәсіби бағдар берудің негізгі бағыттарына талдау жасау;
— Тәжірибелік жолмен жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің
ерекшеліктерін көрсету;
Тақырыптың ғылыми жаңалығы. Педагогикалық орта оқу орындарында бәсекеге
қабілетті жұмысшылар мен орта білімді мамандарды дайындау барысының түрлері
мен тәсілдері жүйелі түрде анықталып, бағаланды
Зерттеу барысында саралау, талдау, қорытындылау, жүйелеу сияқты
тәсілдер кең түрде қолданылды. Автор егемендігімізді алғаннан кейін
қалыптасқан ой пікірлер мен тұжырымдарға, техникалық және кәсіби оқу
жүйесіне туындаған көзқарастарға сүйенді және тақырыпқа идеялық,
әдістемелік тұрғыда ықпал еткен іргелі теориялық еңбектерді кең түрде
пайдаланды.
Зерттеу объектісі: педагогикалық колледж студенттері.
Зерттеу пәні: педагогикалық колледж студенттеріне кәсіби бағдар беру
ісіне қатысты психологиялық және педагогикалық құбылыстар, байланыстар.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе, үш бөлім, қорытынды пайдаланған
әдебиеттер тізімі.
1. Кәсіби бағдар берудің теориялық негіздері
1.1 Кәсіби бағдар берудің қалыптасуы және даму тарихы
Кәсіби бағдарлаудың ғылыми негізде ұйымдастырылған түрі 1908 жылы
Бостон қаласында кәсіби кеңес беру бюросы ашылған күннен басталды деп
айтуға болады. Ал шын мәнінде кәсіби бағдарлау ежелгі дәуірде де орын
алған. Бұл проблема адамзаттың қоғамдық даму қажеттілігінен пайда болды,
сондықтан оның қоғам сияқты өзіне тән даму тарихы бар. Әрине кәсіби
бағдарлау мамандықтардан бұрын пайда болуы мүмкін емес. Адамзаттың даму
барысында топ мүшелері орындайтын функцияларының анықталуы мен байланысты,
жануарлар өсіріп, дихандықпен шұғылдана бастағаннан, балаларға арнайы тәлім-
тәрбие беру, оны болашақ өмірге даярлау көптеген жаңа проблемаларды
тудырды. Адам өміріндегі барлық қажеттілікті қанағаттандыруға қажетті іс-
әрекет түрлерін кәсіп деп атаумен байланысты сол кәсіпке тәрбиелеу жолдары
да анықтала бастады.
Адамның кәсіби жарамдылығын бағалау элементтері ежелгі дәуірде
қалыптаса бастаған. Б.д.д. 3-ші ғасырдың орта шенінде Ежелгі Вавилонда
мектеп түлектерінен хатшыларды дайындауға сынақ жүргізіледі. Сол заманның
білім көлемділігінің арқасында кәсіби даярлығын хатшы месопотамиялық
цивилизацияның орталық ірі тұлғасы болады: ол кеңістікті өлшеуді, меншікті
бөлуді, музыкалық аспаптарда ойнай алуды, өсімдіктерді ажыратып, олардың
ішінен адамның денсаулығын нығайтуға қолданатындарын анықтауды т.б.
іскерліктерді меңгеруді талап еткен.
Ежелгі Мысырда абыз өнеріне тек қана нақты сынақтан өткен адамдарды
ғана оқытқан. Ең алдымен талапкерлер тексеруден өтіп, барлық қойылған
тапсырмаларды толық орындап шығуы шарт болған. Әңгімелесу барысында
талапкердің өмірбаяндық мағлұматтарды анық бере алатындығы, білімдарлығының
деңгейі анықталып, сыртқы бейнесі, жалпы қарым-қатынас жасауға қабілеті
бағаланған. Сонан соң оның еңбеккерлігін, басқаларды тыңдай білуін, сөйлеуі
мен үндемей отыратындығын тексерген. Өзінің оқуға қабілеті жоқ, ұзақ мерзім
оқудың ауыр-жеңіл жерлеріне шыдамдылық көрсете алатындығына
күмәнданғандарды отпен, сумен, аштықпен, өлім қаупімен қорқытып, сынаған.
Осы қатаң сынаудан және білімділігі бойынша таңдаудан әлемге әйгілі
Пифагор өте білгенін тарих бізге хабарлайды. Пифагор оқуын аяқтағаннан соң
Грецияға оралып, онда өз мектебін орнатты және оқуға қабылдау үшін өзі
өткен сынақтарға ұқсас әртүрлі байқауларды ұйымдастырып, талапкерлер
солардан өтуі керек болды.
Пифагор, ең біріншіден, адамның интеллектуалдық қабілетін
диагностикалауға көп көңіл бөлді. Қазіргі кезге дейін Пифагор жасаған
интеллектуалдық қызметке икемділікті анықтау кестесін кейбір психологтар
мен ғалымдар өз қызметінде қолданады. Сонымен қатар Пифагор адамның
күлкісіне, жүріс-тұрысына үлкен назар аударды. Оларды адамның мінез-
құлқының ең айқын көрсеткіштері деп анықтады. Пифагор ата-аналардың берген
мағлұматтары мен мұғалімдердің ұсыныстарына да үлкен көңіл бөлді.
Осы кездерде Қытайда үкіметтік-төрелік қызмет және көптеген мамандықтар
болды. Осы мамандықтарға қызметшілерді іріктеп алу, оларды өз функцияларын
атқаруға даярлау барысында кәсіби таңдаудың өз ерекшеліктеріне сәйкес
келетін түрлері қалыптаса бастады. Олардың көбісі халықтың салт-дәстүрін
білу, өзін және Отанын қорғауға қажетті іскерлік пен дағдыны меңгеруі,
басқаларға өте ыңғайлы да жағымды жағдайларды жасау сияқты қабілеттерді
тексеруге арналған жарыстар жүргізілді. Сол сияқты Ежелгі Спарта, Рим,
Афина тарихында да кәсіби жарамдылықты зерттеуге, білімдарлықты бағалауға
арналған көптеген инициациялар түрлері, емтихандар мен семинарлар,
философтар мектептері дәстүрлері кеңінен тарады.
Спартада жауынгерлерді тәрбиелеу жүйесі ерекше дамыған болды. Бұл қала-
мемлекеттерде балалармен қатар әскери-дене тәрбиесін барлық қыздар да
өтетін болды. Өйткені жауынгерлер соғысқа аттанып кеткен кезде әйелдер
көптеген құлдарды игеріп отыруға шамасы келетін жауынгерлік қасиеттер
көрсетуі керек болды. Сондықтан адамның дене тәрбиесіне, денсаулығын
нығайтуға, қара күші мен қайратын көбейтуге ерекше көңіл бөлінді.
Римде тәлім-тәрбие жұмысында гладиаторлар даярлау ерекше мәртебеге ие
болды. Жақсы тәрбиеленген гладиаторлар ақсүйектер мен мемлекет басшыларының
көңілін көтеруге, ер азаматтардың айбаттылығын, шыдамдылағын, жауға деген
қатыгездігін тәрбиелеуге қосатын үлесі өте үлкен болып келді. Сонымен қатар
білімдар адамдарды, өнер салаларындағы мамандарды, көптеген жеңіл
кәсіптерді үйрететін мектептер ашыла бастады. Ежелгі Римде сауаттылық кең
тараған. Сондықтан плебейлерге арнаған жарлықтар жазба түрде шығарылып,
балалардың сауатын ашатын әліппе ретінде осы жарлықтарды үйреткен.
Баласының сауатын ашып, оған мамандық білім бермеген ата-анаға балалары
қамқорлық көрсетуіне мемлекет тарапынан тыйым салынған.
Афина басқа колонияларға қарағанда адамның интеллектуалдық қасиеттерін
жоғары бағалап, оны дамытуға өте үлкен орын берген.
Үндістанда б.д.д. 900-600 жылдардан бастап зергерлік, ұсталық,
тоқымашылық, арқаншы, тігінші, бояушы, балташы, ағаш ұсталары, құмырашы, үй
қызметкерлерінің әртүрлі категориялары, кәсіби акробаттар, көріпкелділер,
сырнайшы, жылан арбаушы, биші, саудагерлер т.б. мамандықтар кеңінен тарады.
Әр маман өз кәсібін өзінің балаларына, үрім-бұтағына үйретіп шығарған [3].
Орта ғасырларда адамзаттың орындайтын іс-әрекетінің түрлері көбеюімен
байланысты көптеген кәсіптер пайда болып, шеберханалардағы мамандықтардың
түрі, теңізшілер, кеншілер тағы басқа көптеген мамандықтар пайда болды. Осы
еңбек түрлеріне даярлықтан өткізетін көптеген кәсіптік мектептер және жұмыс
орнында үйрету кең тарайды. Сонымен қатар жоғары квалификациялық мамандар
даярлайтын гимназиялар мен университеттер ашылды.
Кәсіби бағдарлау қоғамдық процеске айналып, ХІХ ғасырдан бастап кәсіби
диагностика, кәсіпке жарамдылықты анықтау аяқ ала бастады. Сонымен қатар
кәсіби ағарту, кәсіби кеңес беру, әлеуметтік кәсіби адаптация және кәсіби
тәрбиелеу ғылыми жағынан байыпталып зерттеліне бастады.
Бұл жұмыс әр адамның жекелік психикалық ерекшеліктерін анықтап, әр
адамның тіршілік түрлеріне икемділігін анықтау мен ұштастыру мәселелері
қарастырылады. Ағылшын ғалымы Ф.Гальтон жеке тұлғаның психикалық
ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда анықтаудың іргетасын құрушылардың бірі болды.
Осы айырмашылықтарды зерттеу мақсатымен Ф.Гальтон Лондонда 1888 жылы
халықаралық медициналық және денсаулық сақтау әдістерін қолдану көрмесін
ашты. Көрмеге келушілерге өздерінің тән қабілетімен қатар психикалық
ерекшеліктерін 17 көрсеткіштер бойынша анықтап алуға мүмкіндіктер жасалды.
1908 жылдың қаңтар айында Бостон қаласында жастарды кәсіби бағдарлау
жұмысының алғашқы бюросы ашылып, мұнда талапкерлердің өмірлік еңбек жолын
анықтауға көмек беретін әдістемелер қолданыла бастады. Бұл бюроның іс-
әрекеттерін ғылыми тұрғыда негізделген кәсіби бағдарлаудың бастамасы деп
айтуға болады. Көп ұзамай осыған ұқсаған бюролар Нью-Йоркте ашылды. Оның
міндеті әртүрлі мамандықтардың адамға қоятын талаптарын зерттеп, мектеп
оқушыларының қабілетін анықтау болды. Бұл бюроның негізін құрушылардың бірі
Ф.Парсонс табысты мамандық таңдаудың үш негізгі факторларын бөліп көрсетті:
• әр адамның өзін-өзі дұрыс бағалауы, өзінің іс-әрекет түрлеріне
бейімділігін, қабілетін, қызығушылығын, ұмтылысын, мүмкіндіктерін
және шектеуліктерін дұрыс анықтауы;
• әрбір таңдаған мамандық бойынша қызмет атқарғанда табысты жұмыс
істеу үшін ненің қажет екенін білуі;
• мамандықтың талабы мен байланысты білімді, өзін-өзі бағалаудың
нәтижесін үйлестіре алуы.
Осы және көптеген әлеуметтік психологиялық зерттеулердің нәтижесінде
1911 жылы Англияда 17 жастан төмен оқушыларға мамандық таңдауға міндетті
түрде көмек көрсету туралы Заң қабылданды [4].
АҚШ-та мамандарды кәсіби жарамдылығы бойынша таңдаудан өткізуге ерекше
көңіл бөлінді. Гарвард университетінің психологиялық зертханасының
директоры Г.Мюнстерберг психотехникалық зерттеулердің негізін құрушылардың
бірі. Ол кәсіби таңдау жүргізу технологиясын анықтап, өз зертханасында
көптеген әдістемелер жасауға үлесін қосты.
Біріші дүниежүзілік соғыс барысында әскери техниканы басқарушылардың
кәсіби жарамдылығын анықтап іріктеп алу қажет екені дәлелденді. Осы
қызметті жолға қою үшін көптеген арнайы зерттеулер жүргізілді. Германияда
1922 жылы кәсіби бағдарлау және кеңес беру жүйесін құру жайлы Заң
қабылданды. Кәсіби кеңес беру бюросының ұстанымдары бойынша еңбек
биржасында мынадай ережелер құрылды:
• жеткіншектерді мамандық таңдауға жоспарлы түрде даярлау;
• бюро жұмысын мектептермен тығыз байланыста ұйымдастырып, мектеп
бітірушілермен арнайы жұмыстарды келесі бағыттарда жүргізу;
• мамандықтар туралы мағлұматтар беру;
• мектеп бітірушілердің жекелік қасиеттерін анықтау үшін
психологиялық зерттеулер жүргізу;
• жұмысқа немесе кәсіби мектептерге ұсыныс хат толтыру [5].
Кәсіби бағдарлаудың ғылыми педагогикалық негізін қалауға халыққа білім
беру жүйесін бұрынғы Кеңес жерінде құруға тырысқан А.В.Луначарский,
П.П.Блонский өз үлестерін қосты. 1927 жылы Санкт-Петербургте кәсіби кеңес
беру бюросы ашылды. Бұл жерде мамандыққа баулу тәжірибесімен қатар ғылыми
зерттеу жұмыстары жүргізілді. 1928 жылы П.П.Блонскийдің Педалогия
негіздері деп аталатын еңбегі жарық көрді. Тәжірибелік психологиялық
білімді ол кезде педалогия деп атады. Осы еңбекте жеке адамның тұлғалық
қасиеттерін жан-жақты зерттеу, және ағзаның физиологиялық ерекшеліктерін
анықтау әдістемелері жүйеге келтіріліп берілді.
Дегенмен бұл зерттеулерді тәжірибеде қолдану көптеген қиындыққа
жолықты. 1936 жылы О педалогических извращениях в системе наркомпроса» деп
аталатын ВКП(б) ОК қаулысы бойынша сол кезде көптеген ірі қалаларда ашылған
әлеуметтік психологиялық зертханалар мен бюролар жабылып, педалогиялық
зерттеулерге толық тыйым салынды. Содан 20 ғасырдың 60-шы жылдарына дейін
тәжірибелік психологиялық зерттеулер біздің елде жүргізілмей қалды.
Шет елдерде бұл тәжірибе өте кең тарап, Еуропалық ғалымдар К.Айзенк,
Кеттел, Бине, Симон т.б. көптеген ғалымдар адамдардың жекелік қасиеттерін,
интеллектуалдық іс-әрекеттерге икемділігін, жан мен тәннің бір-біріне
тәуелділігін т.б. көптеген проблемаларды зерттеу жолдарын анықтап, оларды
психологиялық кеңес беруде қолдану жолдарын зерттеді.
1984 жылы қабылданған Кеңес мектептерінде жүргізілген реформаның
материалдарында мектептерде психологиялық қызметтерді ұйымдастырып,
психологиялық зерттеулерді кеңінен қолдану қажеттілігі көрсетілген. Сонымен
қатар психологиялық кеңес беру орталықтарын ашу туралы көптеген ұсыныстар
жасалған. Осы кезден бастап көптеген Ресей мектептерінде, Балтық
жағалауындағы мемлекеттерде мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру
орталықтары ашыла бастады. КСРО ғылым академиясы жанынан мамандық бағдар
беру ғылыми зерттеу институты ашылып, онда осы бағытта көптеген зерттеулер
жүргізілді.
Қазақстанда кәсіби бағдар беру проблемаларын педагогика ғылымдарының
докторлары, профессор А.П.Сейтешов, Г.А.Уманов, Л.К.Керимов, және олардың
шәкірттері жан-жақты зерттеді. Олардың айтуы бойынша кәсіби бағдар беру-
психологиялық, педагогикалық және медициналық іс-шаралар жиынтығы болып
келеді. А.П.Сейтешов мамандыққа баулу және кәсіби бағдарлау баланың дүниеге
көзқарасының қалыптасуына негіз болады деп дәлелдеген. Бұл жұмыс жастардың
тілегі, ықыласы мен олардың мүмкіндіктерін бір-бірімен үйлестіруге
бағытталған. Сонымен қатар халықтың тұрмыс шаруашылығы мен жалпы қоғамда
мамандарға деген қажеттілікті ескере отырып, еңбекке жарамдылық процесін
оңтайландыруға бағытталған.
1.2 Еліміздегі кәсіптік-техникалық білім беру орындарының құрылу
кезеңдері
Республикамызда кәсіби-техникалық білім жүйесінің даму кезеңдерін,
кәсіптің адам және қоғам өміріндегі орнын, ондағы сапалық өзгерістерді,
оларға әсер еткен нақты тарихи жағдайды тұжырымдауға тікелей жағдай жасады.
Ғылыми танымның тарихилық принципін басшылыққа ала отырып, біз өз
зерттеуімізде кәсіптік-техникалық білім жүйесінің қалыптасуының бірнеше
кезеңдерін анықтадық. Халыққа білім беру жүйесі сияқты кәсіби-техникалық
білім саласы да белгілі қалыптасу кезеңдерін басынан өткізді. Зерттеудің
тарихи принципін анықтағанда кәсіптік-техникалық жүйенің тарихын зерттеген
Ф.К. Михайловтың, Т. Қожамқұловтың, М.Х.Асылбековтың, С.Б. Нұрмұхамедовтың,
Н.Г. Панның, С.М. Сүлейменовтың, Н.А. Гуляевтың, А.Г. Сармурзиннің, Н.Р.
Күнхожаевтың басқа да осы саланы зерттеген белгілі ғалымдардың, кеңестік
кезеңде жазылған қаламынан туған дүниелерді басшылыққа алдым.
Адам баласы қоғам дамуының әр кезеңінде халыққа кәсіби білім беру ісіне
назар аударған болатын-ды. Орта ғасырлық Шығыстың атақты ойшылдары Ибн
Сина, Аль-Бруни, Ибн-Хальдун тағы басқалардың еңбектерінде балаларды
еңбекке тәрбиелеу мәселелеріне айтарлықтай назар аударылған. Кемеңгер
Ыбырай Алтынсарин тек адал еңбек қана адамзат бақытының негізі деп
есептеген. Ал ұлы Абай еңбек ету керек, кәсіптің иесі болу адам өмірінің
бір саласы деді. Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Алдау
қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерші қазақтың төресі сол, — деген Абай.
Ғылыми теория мен методологияның тарихи және жүйелілік тәсілі
Қазақстанда білім беру процесі ұзақ жылдарда кеңестік үлгі (модель) білім
жүйесі негізінде тарихи дамығандығын көрсетті. Оның жағымды жағы халық
бұқарасының білім алуына жол ашықтығы болды, кәсіби-техникалық оқу орындары
әрбір ауданда, қалаларда, облыстарда болды, училищелер мен техникумдарға
оқушы қабылдау кең түрде іске асырылды, әрбір кәсіби білім алам деуші
жастарға толық мүмкіндік жасалды, тіректік мекемелер институты өмір сүрді.
Сонымен қатар бұл теориялық-методологиялық қатынас кәсіби-техникалық
жүйенің төмендегідей кемшіліктерінің бетін ашуға да мүмкіндік берді. Кәсіби-
техникалық оқу орындарының әлемдік білім процесімен байланысы болмады.
Еліміз әлемдік қауымдастыққа енуіне байланысты бұл кемшілікті жоюдың
мақсатында біз қашық және жақын шетелдер кәсіби-техникалық білім жүйесін
қорыттық.
Қазақстанның тәуелсіздігін жариялап, нарықтық экономикаға көшіп,
қоғамның даму бағыты қүрт жаңаша арнаға ауысқан жағдайда техникалық және
кәсіптік білім беру жүйесі де қайта құрылудың бұрынғы өзгерістерден мүлдем
тың да жаңа кезеңіне енді. Бұл тұста Қазақстан Республикасының жаңа
Конституциясы және Білім туралы Заңы да қабылданып, бұрыңғы кәсіби-
техникалық мектеп лицейге, ал техникумдар колледждерге айналды. 1991-1999
жылдар аралығында экономикалық, одан туындаған әлеуметтік және еңбек
нарығындағы дағдарыстарға байланысты кәсіби-техникалық училищелер және оған
қабылданатын оқушылар саны айтарлықтай қысқарды. Осы жылдарда кәсіби-
техникалық оқу орындарының саны 471-ден 1998 жылы 302-ге дейін қысқарды,
оның ішінде 97-і селолық училищелер еді.
Кейбір жекелеген облыстарда да осы жылдарда кәсітпік-техникалық оқу
орындарын тым көп қысқартылды. Мәселен, Қарағанды облысы бойынша – 16,
Жамбыл облысы бойынша – 9, Қостанай облысы бойынша – 10, Солтүстік
Қазақстан облысы бойынша – 5, басқа облыстарда осы тәріздес оқу орындары
қысқаруға түскен. Сонымен қатар оқушылар саны 225 мыңнан 94,9 дейін, яғни
2,5 есеге кеміді. Дайындалған жұмысшылардың саны 146 мыңнан 50,6 мыңға
кеміген. Міне, осындай жағдайда кәсіптік-техникалық лицейлер дағдарысқа
ұшырады. Бұл оқу орындары өздерінің пайда болып, өмірге келген кездерінен
бастап-ақ дағдарысқа ұшырауының терең негізі қаланған. Оларды
бітіргендердің кәсіби мамандығы төмен болды, олар мектептерде үлгірімі
нашар, тәртіп бұзған оқушылар есебінен толықтырылды. Кеңестік кезеңде
оларды бітіргендер жұмысқа жолдамамен іске асырылды, жұмыс беруші оның
шеберлігі, икемділігі жоқ болса да қабылдады.
Кәсіби-техникалық оқу орындарын бітіргендер жұмыс таба алмай жатқанымен
жаңа меншік иелері өз шаруашылықтарын жүргізу үшін маман жұмысшыларды күн
сайын қажет ете бастады.
1988 жылы республика кәсіби-техникалық комитеті және оның жергілікті
ұйымдары таратылды да, бұл жүйе Халық ағарту министрлігіне және әр түрлі
салалық министрліктерге бөлініп берілді. Халық ағарту министрлігінде кәсіби-
техникалық білім бас басқармасы құрылды, ал облыстарда да осындай
өзгерістер болды. Халық ағарту министрлігі және оның жергілікті ұйымдары
кәсіби-техникалық оқу орындарын осындай ауыр жағдайда басқаруға дәрменсіз
болды, тәжірибелері жетіспеді. Міне, осындай еріктен тыс пайда болған
экономикалық дағдарыс жылдарында халық шаруашылығының сан қырлы салаларын
маман жұмысшылармен қамтамасыз ету күн тәртібіндегі негізгі мәселенің
біріне айналды, қол қусырып қарап отыру мүмкін еместігін өмір талабы
көрсетті.
Халық ағарту министрлігінің 1996 жылдың 27 мамыр күнгі № 152 бұйрығы
бойынша Қазақстан Республикасы кәсіби-техникалық оқу орындары оқу-
әдістемелік басқармасы құрылымы мен облыстық кәсіби-техникалық білім беру
оқу әдістемелік кабинеттері туралы Ереже бекітілді.
Түрлі мамандықтарға даярлауда аймақтық және территориялық
ерекшеліктерге сәйкес оқу жоспарлары мен бағдарламасын жасап пайдаланудың
және оқу мерзімінің көп қырлы болуы мақсатында Халық ағарту министрлігі
Қазақстан Республикасы кәсіби-техникалық мектептеріне арналған оқу
жоспарының жаңа үлгілері құжатын жасап, бекітті. Бұл оқу жоспарларында
жекеленген кәсіп түрлері бойынша өндірістік оқу мен практика үлесі 30–40
пайызды құрайтын болды.
Экономикалық дағдарыстан шығудың сан-салалы тәсілдері іздестірілді.
Соның ішінде нарықтық экономиканың талабына бейімделу процесі жүргізілді.
Біріншіден, оқу-материалдық базасы нашар оқу орындары базасы жақсы оқу
орындарымен қосылды, яғни оқу орындарының санының кемуі сапалық
өзгерістерге жеткізді. Республика бойынша 126 селолық лицейлер қалды.
Бірігу нәтижесінде ірі оқу орындары пайда болды. Екіншіден, кәсіби лицей
ұжымдары еңбек нарығына қажетті мамандарды зерттеді, оларды анықтады,
сапалы түрде дайындауға кірісті. Қысқа мерзімде 70 жаңа кәсіп мамандық
түрлері пайда болды. Үшіншіден, дағдарыс кезінде қаржының жетіспегендігінен
шығу үшін оқу шеберханаларында түрлі бұйымдарды шығарып және селолық
лицейлердің оқу шаруашылығынан шығарылған өнімдерді сату арқылы қаржы
табуға мәжбүр болды, ал қаржы жалақыға, түрлі саймандар алуға жұмсалды.
Осы ұйымдық жұмыстардың нәтижесінде кәсіби лицейлер дағдарыстан шығып
сапалы маман жұмысшылар дайындау ісінде бірсыпыра табыстарға жетті, өз
болашақтарының негізін қалады.
Еңбек нарығының талаптарына орай мамандық түрлері де қайта қаралып
бекітілді. Оның талабына жауап бере алатын жаңадан өмірге келген кәсіптер:
жеке автосервистің ұйымдастырушысы, шағын кәсіп иелері, ауыл шаруашылығы
өндірісінің фермер-жалгері, бау-бақша қожайыны, аспаз, наубайшы, кондитер,
даяшы, слесарь-жөндеуші, өнеркәсіп жабдықтарын реттеуші, тоңазытқыш
қондырғыларының машинисі, электр жабдықтары мен тұрмыстық техниканы жөндеу
және қызмет көрсету шебері, бармен (шет тілі қоса оқытылады), гувернант
(гувернер), конфетші, бисквитші, метродель, тігінші, тігін шеберханасының
иесі, шаштараз, макияж жасаушы т.б.
Батыс Қазақстан, Алматы, Талдықорған, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік
Қазақстан басқа да облыстардың Алматы қаласының кәсіби лицейлері нарықтық
экономиканың талабына тез қарқынмен бейімделе алды.
Республика бойынша 1996 жылдың 9 айы ішінде оқу шеберханалары мен оқу
шаруашылықтары шығарған өнімнің көлемі 171,5 млн теңгені құрады, бұл 1995
жылғы көрсеткішке қарағанда 120 млн теңгеге артық еді. Демек, 1996 жылы
әрбір оқу орны орта есеппен 507,4 мың теңгенің өнімін өндірген. Алматы
облысының кәсіби лицейлерінің 1998 жылдың 9 айында оқу шеберханалары және
оқу шаруашылықтары 23 млн теңгенің өнімін, 714 мың теңгенің халық тұтыну
тауарларын, 2 млн 210 мың теңгенің ауылшаруашылық өнімдерін шығарған,
коммерциялық іс әрекеттен 1 млн 135 мың теңге табыс тапқан. Облыстың № 5,
2, 4, 6, 13, 8 кәсіби лицейлері белгілі табыстарға қол жеткізді [16].
Мұндай нәтиже жағынан Шығыс Қазақстан облысының оқу орындары – 19,7,
Жезқазған – 11,2, Маңғыстау – 8,2, Павлодар – 18,3, Солтүстік Қазақстан –
16,6, Торғай – 13,4 миллион теңгенің бұйымдарын дайындап, іскерлік
үлгілерін көрсетті.
Ақтөбе облысында 1997-1998 оқу жылында 15 кәсіптік-техникалық лицей
жұмыс істеді, осы мерзімге дейін 9 лицей бірікті. Алға қаласындағы №2 және
№6 кәсіптік лицейлер біріктірілді. Ақтөбедегі №5 кәсіптік лицей, №3, №7
және №8 лицейлер біріктірілді. Олар еңбек нарығы талап ететін жаңа
жұмысшыларды дайындауға кірісті: аспаз-кондитер, сатушы, әйелдердің жеңіл
киімдерін тігетін пішуші – шебер, тігінші, көрме және бөлшек сауда
желісінің коммерсанты, шет тілін білетін аспаз-даяшы, бухгалтерлік есепті
меңгерген коммерсант. Осы облыстың Ойыл ауданындағы №9 және №10 училищелер
бірігіп еңбек нарығының талабына сәйкес фермер-бухгалтер, экономист-
менеджер мамандарын дайындай бастады [17].
Батыс Қазақстан облысында 29 лицейден 21-і қалды, қаладағы №4,6
лицейлер №5 лицеймен бірігуі нәтижесінде оның оқу-материалдық базасы
әлдеқайда нығая түсті. Лицей ұжымы аса зор ыждағаттықпен қандай жаңа маман-
жұмысшылар қажеттігін зерттеуге кірісті. Лицей компьютерде жұмыс істей
алатын секретарь-референт, аспаз, тігінші, шаштараз дайындауға кірісті. 1
жыл 10 ай мерзімде оқитын жеке автосервис, автокөлікті өңдейтін және оған
қызмет ететін механик дайындай бастады. Бұлар 1998-1999 жылдары түгелдей
жұмысқа орналасты. Лицей 2 жыл 10 айда бітіретін банкі ісін білетін ЭВМ-ның
оператор-программистерін дайындауға кірісті. 1 жыл 10 айда бітіретін
радиотелевизиялық аппаратты өңдейтін және қызмет ететін механиктерді
дайындады. Оқытушылар мен оқу шеберлерінің жоғары кәсібі өз істеріне
икемділігі, кабинеттер мен шеберханалардың жақсы жабдықталғандығы, еңбек
нарығына бейімделгендігі өз нәтижесін берді, лицейдің 840 оқушысының 70
пайызы 4 және 5 деген бағаға үлгерді, 2000-2001 оқу жылында облыстық
жарыста лицейдің ағылшын тілі кабинеті бірінші орынды иеленді.
Солтүстік Қазақстан облысында 12 кәсіби лицей бірігіп 16 лицей қалды.
Осы облыстың Есіл ауданындағы 3 лицей бірігіп, №19 лицейге қосылды, сөйтіп,
19 мамандық бойынша жұмысшылар дайындауға кірісті.
1997-2001 жылдары қосымша табыс алған лицейдің оқу шаруашылығы
көпсалалы оқу-өндірістік құрылымға айналған, ол қазіргі заманғы оқу-
материалдық жабдықтармен жасақталған. Лицей бидай, арпа, сұлы, картоп,
тамақтық дақылдар, көкөніс еккен, сүт, ет алады, ауылшаруашылық техникалары
жөнделеді және оларға қызмет көрсетеді. Лицейдің басқалармен қосылу
нәтижесінде 1710 гектар жері, 250 бас шошқа, 28 ірі қарасы, 34 жылқысы
болған.
1991-1999 жылдар аралығында экономикалық дағдарыс орта буын мамандар
дайындайтын колледждерді де қамтыды. Оларда, егер де 1990 – 1991 оқу
жылында 247 мың оқушы болса, 1999-2000 оқу жылында 142 мыңға дейін
кеміген, яғни 100 мыңға, ал оқуды бітірушілер саны осы жылдарда 69,8-ден
52,0 мыңға дейін қысқарды. Еліміз нарықтық қатынасқа көшкен жылдарда оқу
орындарын ұстайтын қаражат кеми бастады, оқуды бітірушілерге де сұраным
азая бастады, олардың кеңестік жылдарда алған мамандықтарының сапасы жұмыс
берушілерді қанағаттандырмады.
50 жылдық тарихы бар Астанадағы Қазақстан тұтыну қоғамының сауда-
экономикалық колледжі осы жылдарда 120 адамнан тұратын бухгалтерлік есеп
және товароведения мамандарын дайындайтын жыл сайын 500 маман дайындайтын
елге танымалы тұтыну кооперациясының 134 арнаулы орта буын мамандарын
дайындайтын оқу орындарының ішінде өзінің қадірлі орнын тапқан оқу орнына
айналса, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі алғашқылардың
бірі болып нарықтық экономикаға тез түрде бейімделіп, жыл сайын орта
есеппен мұнай, газ, басқа да өнеркәсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығына 600-
ден астам кәсіби мамандығы жоғары мамандар дайындап келеді. Мұнда 1993-1996
жылдары 400 – 450 оқушылар оқитын болса, 2006 жылы күндізгі бөлімде –
1790, оның 702-сі бюджет есебінен оқыды, мемлекеттік тапсырыс 275, оның 175-
і мемлекеттік тілде оқыды. Егер колледжде оқу 1992-1993 жылдарда 8 кәсіп
бойынша жүргізілсе, 2006 жылы 31 кәсіп (мамандық) бойынша жүргізілді.
Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжі өнеркәсіп, құрылыс және
автокөлік саласына әр түрлі салалы мамандар дайындап, оның түлектері ірі-
ірі зауыттарды және құрылыс мекемелерін басқарып, өндірістерде еңбек етуде.
Сондай-ақ Щучинскідегі гуманитарлық-техникалық, Қарағанды
политехникалық, Екібастұз политехникалық колледждерінде білікті жұмысшы
мамандарын даярланды және даярланып жатыр.
Колледждер мен лицейлерді бітірушілердің жұмысқа орналасуы да қиындай
бастады. Алматы облысында 12 колледж жұмыс істеп, оларда оқушылар 40 кәсіп
бойынша дайындалған. 1998 жылы бұл оқу орнына 682 оқушы қабылданса, 1999
жылы 255-ақ оқушыны қабылдады. Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Орал облыстарының
оқу орындарын бітіргендер көпшілік жағдайда өздері жұмыссыз қалып, өз
беттерінше жұмыс іздеуге мәжбүр болған [18].
Барлық оқу орындары қаржылық дағдарысты бастарынан бір деңгейде
өткізген жоқ, олардың кейбіреулері ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде
өмір сүрулерін жоғары деңгейде жалғастыра білді, еңбек нарығының талабын
түсіне біліп, оған бейімделудің жолдары үшін күресті.
1997-1999 жылдардағы кемшіліктерден сабақ алудың жаңа лебі пайда болды,
соның нәтижесінде колледждер қолда бар базаны тиімді пайдаланып,
дағдарыстан туындаған кемшіліктерді жеңе білді, өз жұмыстарын ілгері
дамытудың алғы шартын жасады. Республиканың колледждері, олардың ұжымдары
ел экономикасына орта білімді мамандардың қажеттігін, онсыз экономиканы
көтерудің және халыққа қызмет етудің мүмкін еместігін түсінді.
1999-2008 жылдар аралығында Білім туралы Заң қабылдағаннан кейін,
бастауыш және орта кәсіби білім саласына қатысты 100-ге жуық нормативтік
құқықтық актілер жарияланды. Осы заңдардағы талаптарға сәйкес техникалық
және кәсіби білім стандарты жасалынып, оқулық және оқу-әдістемелік кешендер
дайындалды, оларды ақпараттандыру бағдарламасы да жасалынды. Барлық
облыстарда аймақтық Кадр бағдарламасы жасалынып іске асырыла бастады.
Облыс әкімшіліктері Әлеуметтік серіктестік Заңына сәйкес маман
жұмысшылар мәселесін шешу мақсатында облыстық кеңес және әлеуметтік
серіктестікке сәйкес жұмыс берушілер бірлестігімен біріккен келісім-
шарттарға қол қоя бастады. Кәсіби мектептер үшін 128 кәсіп бойынша және 177
колледждерге арналған мемлекеттік стандарт ғылыми сараптамадан өткізілді.
Оқудың сапасын арттыру мақсатында оқу орындары арасында республикалық
конкурс-сайыс өткізіліп тұрды, бұл шара оқушыларды да, оқу шеберлерін де
ынталандырды, бұл сайыстардың өтуіне жұмыс берушілер де ынталы болды.
Республикалық, облыс аралық сайыс-конкурстар кеңестік кеңестік кезеңде
өткізілмеген еді, ал қазір бұл шара осы күнге дейін іске асырылуда және
оқудың, мамандықтың сапасын арттыруға тікелей әсер етуде.
2000-2007 жылдардағы білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде
техникалық және кәсіби білім жүйесінің жағдайы 14 рет қаралған, ал облыстар
мен Алматы және Астана қаласы әкімшіліктерінде жыл сайын қаралған. Осы
жылдарда 12 халықаралық конференция өткізілген [19].
1.3 Кәсіптік бағдар беру жұмысының жүйесі
Кәсіптік бағдар беру дегеніміз — педагогтардың, психологтардың,
дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай
әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік
қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға
көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс.
Мамандық туралы жеткіліксіз білу — мамандық таңдауда кездейсоқтыққа
әкеліп соқтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған
мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:
• Оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру.
• Кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және
дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу.
• Мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу.
• Оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.
Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне (компоненттерге),
кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік
іріктеу (профотбор), кәсіптік бейімдеу жатады. Кәсіптік ақпарат — орта
мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының бірі. Кәсіптік
ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы
түсініктер алады. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен
таныстырылады. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы
түсініктер беріледі. Кәсіптік ақпарат өте қиын, жан-жақты жұмыс. Ол әрбір
экономикалық ауданның мамандарға қажеттілігі мен оның даму келешегі
ескеріле отырып жүргізіледі [7].
Кәсіптік ақпараттың мазмұны, ұйымдастыру мен әдістері әр жас кезеңінде
әр түрлі болады. Сондықтан да мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере
отырып жүргізу керек. Мәселен, бастауыш сыныпта мамандық таңдау емес,
еңбекті сүю, құрметтеу бағытында жүргізілу керек. 5-8 сыныптарда
оқушылардың политехникалық ой-өрісін кеңейту, оларды сол экоиомикалық
ауданға қажетті кең тараған мамандықтың түрлерімен таныстыру керек. Ал 9-11
сыныптарда әрбір мамандықты терең оқытуға көңіл бөлініп, белгілі бір
кәсіпке қызықтыру қабілеттілігін дамыту керек болып табылады. Бұл кездегі
оқушылармен жұмыстың негізгі түрлері-факультативтер, техникалық үйірмелер,
әртүрлі мамандық таңдауға бағытталған клубтар, т.б.
Кәсіптік ақпараттың өте көп тараған түрлерінің бірі — өндіріске саяхат
жасау, әр түрлі мамандық иелерімен кездесу және кештер өткізу, жоғары сынып
оқушылары мен өндіріс ұжымдары және кәсіптік-техникалық мектептердің
оқушыларымен біріккен конференциялар, кәсіптік бағдар беру университеттерін
ұйымдастыру, т.б. болып табылады. Колледждегі кәсіптік бағдар беру
жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес ерекше орын алады. Негізгі мақсаты —
балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік
психологиялық жағдайын талдау негізінде жоғары сынып оқушыларының назарына
кәсіптік топтар мен мамандықтарды ұсыну. Кәсіптік ақыл-кеңес жұмысына ата-
аналар құрамынан, шефтік мекемелер мен өндіріс орындарынан қызметкер
мамандар тартылады. Кей жағдайда кәсіптік ақыл-кеңес жұмысы өндіріс
орындарында, кәсіптік техникалық училищелерде өндірістік оқу цехтарында,
кәсіптік бағдар беру кабинеттерінде жүргізіледі.
Кәсіптік іріктеу (профотбор) — мамандықты меңгеруге жарамдылығын
арнаулы әдістеме арқылы анықтауға бағытталған зерттеу процесі.
Қоғамда кәсіптік іріктеу белгілі бір мамандықтың түріне зорлықпен
жүргізілетін бейімдеушілік түрінде болса, кәсіптік іріктеудің (профотбор)
негізіне оның гуманистік, тәрбиелік мәні, жастардың жаңа жағдайда жұмысқа
үйренуі жатады.
Кәсіптік бейімделу (профадаптация) жұмыс орнында, тәжірибелік еңбек
әрекетінде іске асады.
Кәсіптік бейімделу дегеніміз — мамандыққа жаңа жағдайда бейімделу. Онда
жастардың алғашқы әсерлері, олардың еңбек әрекетінің мақсатын саналы
түсінуі мен сезінуі және мамандыққа қызығуын қанағаттандыруының мәні
ерекше. Кәсіптік бейімделудің тиімділігі тек қана нақтылы еңбек
нәтижелерінен көрінбейді, ол сонымен қатар өндіріс ұжымында, еңбекке жаңл
араласқан жастармен жүргізілетін жүйелі жұмыстың нәтижесінде іске асады.
А.С.Макаренко тәрбиенің осы сияқты кейбір күрделі мәселелерін
педагогикалық теорема деп атады. Мұндай теорияның қатарына үш күш одағы —
мектепті, үйелменді, жұртшылықты жатқызуға болады. Колледж оқушыларға
кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық.
Колледжде кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыратын-мұғалім, топ
жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие
жұмысын ұйымдастырушы, яғни, бүкіл педагогикалық ұжым. Топ жетекшісі барлық
бағдар беру жұмысын басқарады. Оқушыларды белгілі мамандықты тыңдауға
даярлайды. Топ жетекшісі кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрылымына сүйеніп,
оқу-тәрбие жұмысы жоспарында негізгі бағыттарды белгілейді. Мысалы:
кәсіптік ақпаратты ұйымдастыру, кәсіптік ақыл-кеңес беруге көмектесу,
колледж бітірушілерді жұмысқа орналастыру, т.б [8].
Еңбек пәнінің оқытушысы — еңбек тәрбиесі, оқыту және кәсіптік бағдар
беру жұмысының негізгі тұлғасы. Еңбек сабақтарында алған білімдерін
тәжірибеде қолдана білуге, мамандықты таңдауға бағыт береді.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының негізгі қызметі: біріншіден
кәсіптік бағдар беру кабинетінде анықтамалық ақыл-кеңес материалдарын
жинау, екіншіден, әр түрлі сыныптарда кәсіптік бағдар беру әдісі және
студенттерге психологиялық-педагогикалық мінездеме дайындау жөнінде
мұғалімдер және топ жетекшілері үшін ақыл кеңес ұйымдастыру; үшіншіден,
мамандық жайында студенттермен әңгімелесетін кәсіпорын өкілдерімен кездесу
өткізу; төртіншіден, бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау,
қорытынды жасау.
Колледж директоры колледждегі кәсіптік бағдар беру жұмысына көп көңіл
бөледі, оны бақылайды, басқарады.
Кітапханада кітапхана меңгерушісі еңбек тәрбиесі, политехникалық білім
беру және мамандық таңдау мәселелеріне арналған көрнекті педагогтар мен
психологтардың еңбектерін, еңбек жайындағы заңдарды, жастарды жұмысқа
орналастыру жайындағы әдебиеттерді, жоғары және арнайы орта оқу орындарына,
кәсіптік-техникалық мектептерге түсу туралы анықтамалықтарды күні бұрын
іріктеп алуға тиіс. Осылардың бәрі колледжге түсушілер үшін қажетті ғылыми
еңбектер және құжаттар болып есептеледі.
Колледжде кітапхана меңгерушісі жұмысының негізгі бағыттары:
– Мұғалімдерге, топ жетекшілеріне көмек көрсету. Ол үшін кесіптік
бағдар беру мәселелеріне байланысты әдебиеттердің картотекасын
жасау, жаңа әдебиеттер жөнінде педагогикалық кеңесте, студенттер
алдында шолу жасау.
– Мамандық жөніндегі кітаптардың, мақалалардың тақырыптық көрмесін
ұйымдастыру, әдебиеттердің библиографиялық тізімдерін жасау, ілу.
– Әр түрлі мамандықтардың ерекшеліктеріне байланысты студенттер
үшін оқырмандар конференциясын, пікірталастар, тақырыптық кештер
ұйымдастыру, т.б.
Кітапхана жұмысын осы бағытта ұйымдастыру кәсіптік бағдар беру ісін
жетілдіруге мүмкіншілік жасайды.
Әрбір ата-ана кәсіптік бағдар беру жұмысын өздерінің мамандықтарымен
таныстырудан бастауы керек. Оларды өздері жұмыс істейтін кәсіпорындардағы
еңбектің мазмұны мен механизмдерімен, өндірістің принципімен және
технологиялық процестерімен таныстырады. Тәрбие жұмысының мұндай түрлері
ата-аналардың еңбек іс-әрекетіне балалардың ынтасын көтереді. Балалардың
кәсіби ынтасын дамыту үшін ата-аналар әр түрлі мамандықтар жөнінде олармен
әңгіме өткізеді [9].
2. Педагогикалық колледжде студенттердің кәсіби бағыттылығын анықтау-
түзету жолдары
2.1 Студенттерге кәсіптік бағдар беру жұмысының мәні және мазмұны
Мемлекетіміздің білім беруге байланысты құжаттарында оқушыларды
мамандықты саналы түрде таңдап алуға даярлау колледждің басты міндеттері
болып табылатындығы атап көрсетілген. Еліміздің алға даму ісінің табысты
болуы жасөспірімдерді еңбекке, кәсіптік мамандықты саналылықпен таңдап
алуға даярлау ісінің қандай дәрежеде жүргізілуіне көбіне көп байланысты.
Дұрыс таңдап алынбаған мамандықтың зардабын тек қана адамның өзі көрмей,
бүкіл қоғам да көреді екен. Американ ғалымдарының есептеуінше, мамандықты
дұрыс таңдап алу кадрлардың тұрақтанбауын 2-2,5 есе кемітеді, 10-15 % еңбек
өнімділігін арттырады, 1,5-2 есе кадрлардың оқыту құнын кемітеді[10].
Кәсіптік бағыт беру саласы күрделі де алуан түрлі. Ол экономикалық,
әлеуметтік, психолого-педагогикалық т.б. қатынастарды қамтиды. Кәсіптік
бағыт беру ісін жүргізу кадрлар даярлауды жоспарлаумен, білім беру жүйесін
одан әрі жетілдірумен тығыз байланысты. Колледжде кәсіптік бағыт беру оқу-
тәрбие үрдісінің құрамды бөлігі ретінде қаралады.
Кәсіптік бағдар беру проблемасы әдістері жөнінен-педагогикалық, мазмұны
жөнінен-әлеуметтік, қорытындысы жөнінен-экономикалық, масштабы (көлемі)
жөнінен-мемлекеттік болып табылады. Оның мынадай аспектілері бар:
экономикалық, әлеуметтік, медицина-физиологиялық, педагогикалық [11].
Кәсіптік бағдар беру проблемасы көп аспектілі болғанымен, ол ең алдымен
педагогикалық іс. Оның міндеттерін шешудің дәл ортасында педагог, мектеп
және колледждер тұруға тиіс. Әрине, кәсіптік бағдар беру проблемасын талдау
физиология, әлеуметтану, экономика т.б. ғылымдардың мәліметтеріне сүйеніп
жасалады. Кәсіптік бағдар мәселелерін А.Е.Голомшюк, Ж.Р.Баширова,
С.Н.Чистякова т.б. қалай қарастырғандарына тоқталайық. Кәсіптік бағдардың
экономикалық аспектісі мына мәселелерді зерттейді:
1. Қазіргі кез бен болашақ қоғамдық еңбек өрісіндегі (сферасындағы)
еңбек ресурстарының демографиялық құрылымы;
2. Мамандық өзгеруіне қарай кәсіптік бағдар берудің негізгі
тенденциялары (жұмысшы күшіне мұқтаждықпен байланысты);
3. Жергілікті ерекшелікпен, квалификациямен, мамандықпен байланысты
қазіргі және келешектегі жұмысшы күшіне мұқтаждық;
4. Кәсіптік бағдар берудің экономикалық тиімділігі.
Жоғарыда көрсетілген мәселелерді зерттеу кәсіптік бағдар беру
жұмыстарының мазмұны мен бағыттарын ғылыми негізде үшін қажетті.
Мамандық таңдаудың әлеуметтік аспектісі төмендегі мәселелерді зерттеп,
анықтауды қамтиды:
1. Жастардың мамандық бағытын қалыптастыру үрдісіндегі ғылыми-техникалық
және әлеуметтік үрдіс талабы;
2. Әртүрлі мамандықтардың маңызын қалыптастырып, қоғамдық пікірлердің
себебі болып отырған факторлар;
3. Өндрістегі мамандықтардың орнығуына мүмкіндік жасайтын әлеуметтік
және моральдық жағдайлар.
Жастар арасында кездесетін кейбір жағдайлардың себебі мен кәсіптік
бағдар берудің әлеуметтік тамырын бізге әлеуметтік зерттеулер ашып береді
(жұмысшы мамандығын төмен бағалау, өмір жолын таңдауда сән қуулық т.б.).
Кәсіптік бағдардың психологиялық аспектісі мына мәселелерді зерттеуді
қажет деп біледі:
1. Жеке бастың негізін және құрылымын, оның типологиясын, жеке бастың
ерекше кәсіптік бағдарын бағалау мен оны анықтаудың әдістері;
2. Мамандыққа жарамдылығының псиологиялық мәнін және оны қалыптастырудың
мүмкін жолдарын айқындау;
3. Еңбек, кәсіптік мамандық түрлеріне баулу.
Психологиялық зерттеулер адам-мамандық байланысын, екеуінің бір-
біріне үйлесімдігінің мәнін және мамандық бағытының қалыптасуын анықтауға
қызмет етеді.
Медициналық-физиологиялық аспекті мамандыққа жарамдылықтың медициналық-
физиологиялық белгілерін және осы негізде кәсіп таңдаудың әдістемесін
зерттейді. Зерттеулердің бұл бағыттағы қажеттігі жасөспірімдердің едәуір
бөлігінің әртүрлі аурулармен ауыратындығынан, екіншіден, бүгінгі таңдағы
кәсіптің көпшілігі адам ағзасына жоғары талап қоятындығынан.
Кәсіптік бағдар берудің педгогикалық аспектісі жастарды кәсіпке баулу
мен олардың мамандықты саналы таңдауы мақсатындағы оқу-тәрбие ісінің
тиімділігін арттыру жолдарын, оның құрамдарын зерттейді. Бұл жерде колледж
бен отбасының және өндірістің кәсіптік бағдар беру ісіндегі біртұтас жұмыс
жүйесі және оның ғылыми негізделген анықтамасы … жалғасы