Пандемия барлық мемлекеттердің дамуына қауіп төндірді – Қ

0

Пандемия барлық мемлекеттердің дамуына қауіп төндірді – Қ — Ж. Тоқаев

Қазақстан Президенті дамушы елдердің өсіп келе жатқан сыртқы қарыздарының проблемаларын шешудегі халықаралық күш — жігерді біріктіруге шақырды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым — Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антони Гутерриш, Канада мен Ямайка премьер — министрлері Джастин Трюдо және Эндрю Холнесстің бастамасымен ұйымдастырылған «Ковид — 19 дәуіріндегі және одан кейінгі кезеңдегі дамуды қаржыландыру» жоғары деңгейлі шараға қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Іс — шара онлайн режимінде өтті және коронавирустық пандемия зардаптарын азайту және дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш — жігерді біріктіруге арналды.
Форумға Германия, Франция, Оңтүстік Африка Республикасы, Жапония, Италия, Ұлыбритания, Пәкістан, Қырғызстан, Беларусь, Сауд Арабиясы және басқа мемлекеттердің басшылары, ХВҚ, Дүниежүзілік банктің, сондай — ақ бірқатар халықаралық қаржы институттарының басшылары қатысты.
Қасым — Жомарт Тоқаев теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ дамушы елдер тобының төрағасы ретінде қатысты (РСНВМ).
«Пандемия барлық мемлекеттердің дамуына қауіп төндірді, ал сыртқы қаржыландырудың, сауда мен инвестицияның қысқаруы ең алдымен, АҚТ — ға әсер етті», — деді Қазақстан Президенті өз сөзінде.
Қазақстан басшысы дамушы елдердің өсіп келе жатқан сыртқы қарыздарының проблемаларын, «таза сандық теңсіздік», таза ауыз суға, жасыл және заманауи агроөнеркәсіптік технологияларға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін халықаралық күш — жігерді біріктіруге шақырды.
Ұлттық деңгейде Қасым — Жомарт Тоқаев Қазақстанның БҰҰ — ның гуманитарлық әрекет ету бойынша жаһандық жоспарын іске асыруға қосқан үлесін және бірқатар шет елдерге коронавируспен күрестегі көмегін атап өтті.
Мемлекет басшысы біздің еліміздің ғаламдық азық — түлік қауіпсіздігін нығайту, халықаралық қақтығыстарды және бейбітшілікті қалпына келтіру жөніндегі күш — жігерді қолдайтындығын тағы да растады.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ — Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты