Пайдалы қазбалар
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Пайдалы қазбалар
Автор: Кожахметова Дидар Ошановна
Бағыты: Жаратылыстану Бөлімі: Баяндамалар, реферат Сыныбы: Барлық сыныптар
Жарияланған уақыты: 2018-12-31
Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға керек ақпарат
- Қатты (әр түрлі рудалар, көмір, мәрмәр, гранит, тұз);
- Сұйық (мұнай,минералдысулар);
- Газ күйідегі (жанғыш табиғи газдар, гелий, метан).
Оларды қолдану саласы бойынша 5 топқа бөледі:
- I топ – отын-энергетикалық минералды заттар (көмір, мұнай, табиғи газ, , тақтатас, );
- II топ – металдар кендері: қара () , түсті (, , , , сирек және асыл , және т.б.);
- III топ – химиялық шикізат: , калий тұздары, апатиттер, фосфориттер және т.б;
- IV топ – құрылыс материалдары, жасанды және бағалы тастар (, , , , және т.б.);
- V топ – гидроминералды пайдалы қазбалар (жерасты тұщы сулары және ).
Кен орнының маңызыКен орнының өнеркәсіптік құны минералдың өңделу күрделілігіне және бөгде заттардың сипатына тәуелді. Геологиялық және географиялық жағдайларға байланысты анықталатын кен орындарының қолайлы орналасуының үлкен мағызы бар. Кен орнының маңызды сипаттамаларының бірі «шөгу тереңдігі» болып табылады. Беттік және онша терең емес кен орындары салыстырмалы түрде арзан ашық карьерлі жолмен өңделеді. Тереңде орналасқан кен орындарын игеру үшін қымбат шахта қондырғылары қажет. Кен орнының экономикалық құндылығы климат жағдайына, жол торабының болуына және тұтынушыдан қашықтығына байланысты. Өнеркәсіптік өнімдердің өндірісіне қолданылатын табиғи материалдар «шикізат» деп аталады. Әр түрлі кен орындарындағы шикізаттардың табиғи сапасы бірдей емес, сондықтан бөлінетін пайдалы компоненттердің бағасы да әр түрлі. Көптеген өндірістерде шикізат ретінде басқа өндірістердің қалдықарын немесе өнімдерін қолданады. Пайдалы қазбалардың түрлеріЖасалыну эволюциясына байланысты барлық пайдалы қазба магмалық, жауындық және метаморфтық болып бөлінеді. Олардың Жер бетінде орналасуында да белгілі бір заңдылық бар. Бір мекенде жинақы күйде табылатын пайдалы қазбалар магмалық болып есептелінеді. Бұл руданың магмадан және одан бөлінетін ыстық су қоспасынан қалыптасатынын білдіреді. Магма Жер қыртысына дейін көтеріліп, қатты күйге өзгеріп отырады. Магманың қозғалысқа енуі, яғни жер бетіне көтерілуі тектоникалық қозғалыстың әсерінен болады. Нақтырақ айтар болсақ, Жер қыртысының әр қабатынан біркелкі көтеріле, Жер бетіне жақындайды. Пайдалы қазбаларды өндіру жолдарыПайдалы қазбаларды өндіріп алудың бірнеше жолы бар. Бірінші, ашық түрде руда табылған мекенді алқапқа айналдырып, қазып алу. Бұл экономикалық тұрғыдан өте үнемді тәсіл болып келеді. Себебі бұл жолмен қазуға салыстырмалы тұрғыдан көп техникалық жабдықтар қажет болмайды. Көмір қазып алудағы шахта тәсілі біршама көп қаржыны талап етеді. Сондықтан көмірдің бағасы қымбаттау болып келеді. Ал мұнайды алу тәсілі де өте тиімді ойластырылған. Оны мамандар труба арқылы сорып Жер бетіне шығарады. Одан бөлек, сораппен (насос) шығару жолы да кең қолданысқа енген. Айта кетсек, пайдалы қазбаларды өндіруде қолданылатын ерекше әдіс-тәсілдер де бар. Олардың бірі геотехнологиялық әдіс деп аталады. Аталған әдіс көбіне руданы өндіруде қолданылады. Пайдалы қазбаларға деген сұраныс күн өткен сайын артып келеді. Сонымен қатар, минералды шикізаттар да күнделікті өнеркәсіпте тиімді пайдаланылып жатыр. Дегенмен, пайдалы қазбалар қайта қалпына келмейтін шикізат болғандықтан, олардың тек қажет кезінде ғана өндіріп алған дұрыс болады. Ол үшін:
- Қазып алу кезінде қазбалардың шығынын азайту;
- Барлық компонентті қамтитын рудаларды ғана қазуға рұқсат ету;
- Пайдалы қазбалардың жан-жақты қолданысқа енуіне жол беру;
- Бір жерден қазып ала бермей, өзге кен орындарын табуға тырысу.
Осы жолдармен, пайдалы қазбалардың өндірілу көлемін алдағы уақытта артуына емес, тиімді қолдануына мән беру керек. Себебі шамадан тыс пайдалы қазбалардың өндірілуі Жердің тартылу күшіне де өз әсерін бермей қоймайды. Айта кетсек, Жер бетіндегі үлкен болған кен орындар негізінен солтүстік жартышарда орын тепкен. Демек, көп өтпей екі полюстің тепе-теңдігін сақтап тұрған Жердің салмағы өзгеруі мүмкін. Ал Жердің салмағы өзгетерін болса, гравитацияның ауытқып кетуі де ықтимал.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.