Пайдалы кеңестер Киімді дұрыс тазалау жолдары
✅ 1. Жиырылып қалған трикотаждан жасалған киімді дымқыл матамен сулап, үтіктеу керек.
✅ 2. Ақ түсті жүннен жасалған киімдерді ағарту үшін арнайы дайындалған ерітіндімен жуу керек. Ерітіндіні дайындау үшін 10 литр суға 2 ас қасық сабын салып, араластырыңыз. Киімді 2 сағаттай ерітіндіде ұстап, уақыт өткен соң, жуу керек. Жүннен жасалған киімді ыстық немесе салқын суда жууға болмайтынын ескеріңіз. Сондықтан суыңыз жылы болсын.
✅ 3. Киім ұйысып қалса, жуардан 1 сағат бұрын арнайы дайындалған ерітіндіге салып алу керек. Оны дайындау үшін 10 литр суға 3 ас қасық мүсәтір спиртін, 1 ас қасық скипидар, 1 ас қасық иіссу қосып, араластырамыз. Киімді ерітіндіге 1 сағатқа салып алу керек.
✅ 4. Түрлі түсті киімнің түсін ашығырақ еткіңіз кесе, жуатын кезде 2-3 ас қасық тұз салыңыз.
✅ 5. Ыстық үтіктің ізін жою үшін сарғайып қалған жерді салқын сумен сулап, 1 стақан суға 1 шай қасық хлорлы әк қосылған ерітіндімен сүртіңіз.
✅ 6. Жібек не жүннен жасалған киімдерді майлы дақтардан тазарту үшін қыша тұнбасына салып, жуу керек. Ол үшін 1 стақан құрғақ қышаны суға араластырып, сұйық ботқа күйіне айналдырыңыз. Оны дәкеге құйып, 10 литр жылы суға салып, 2-3 сағатқа тұндырып қоямыз. Киімді жуып болған соң, мүсәтір спирті қосылған сумен (10 литр суға 1 шай қасық) шайыңыз.
✅ 7. Трикотажды киім жұмсақ болып қалсын десеңіз, жуып болған соң, глицерин ерітіндісіне шайып алу керек. Ол үшін 2 литр суға 1 шай қасық глицерин құйыңыз. Бұдан кейін, тура сол шамадағы мүсәтір спирті қосылған ерітіндімен (салқын сумен) шаю керек.
✅ 8. Жүннен жасалған киімді жұмсарту үшін жуатын суға 1 шай қасық глицерин қосу керек.
✅ 9. Кір жуғыш машинада түрлі түсті киім жуатын болсаңыз, суға 2-3 ас қасық тұз қосуға болады. Сонда киімнің түтігі шықпай, түстері ашыла түседі.
✅ 10. Синтетикалық матадан жасалған киімдер үнемі арнайы күтімді талап ететіні мәлім. Табиғи матадан тігілген киімге қарағанда оларды жиірек тазалап тұру керек.
✅ 11. Көйлекті 5-6 реттен артық киген болсаңыз, жуып, тазалау керек. Киімнің электрленуі шаң-тозаңды жинайды. Ал синтетикалық киімнің бір қасиеті – дененің тершеңдігін бірден өзіне сіңіріп алып, тез кірленуі.
✅ 12. Жүн трикотажынан жасалған киімді тазалау кезінде суға 1 ас қасық сода қосып, жууға болады. Ол түсті ашығырақ етіп, тердің иісін жояды. Содан соң киімдерді жақсылап шаю керек.
✅ 13. Ақ шұлық, гольфтерді тазарту үшін жуу алдында 1-2 сағатқа 2 ас қасық бор қышқылы қосылған суға салып қойыңыз.
✅ 14. Түкті сүлгі мен халаттар мамық қалпында қалуы үшін жуып болған соң, тұзды суға шайып алу керек. Шайғаннан кейін үтіктеуге болмайтынын ұмытпаңыз.
✅ 15. Тюль пердесін жуу кезінде кірге арналған нілге кішкене сүт қосып, жууға болады. Сонда пердеңіз ұзақ уақыт су жаңа қалпында болады.
✅ 16. Киімді ағарту кезінде суды қайнату барысында 10 л суға 1 ас қасық мүсәтір спиртін қосып, жуу керек.