«Өзіңді тану — өмірді тану»

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




«Өзіңді тану — өмірді тану»

Автор: Латыпова Балжан Берікқызы

Бағыты: Өзін-өзі тану Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 9 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-03


Материал туралы қысқаша түсінік

«Өзіңді тану — өмірді тану»




Өзін-өзі тану. 9-сыныпСабақтың тақырыбы: «Өзіңді тануөмірді тану»Мақсаты: Оқушылардың адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі өзін-өзі тану туралы түсініктерін кеңейту.Міндеттері:Оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша алған білімдерін пысықтай отырып,өзін-өзі танудың үздіксіз үдеріс екендігін ұғындыру;Оқушылардың өмірдегі ұстанымын, болашағын анықтауына оқу материалдары арқылы ықпал ете отырып, адамның қайталанбас тұлға екендігі туралы түсініктерін дамыту;әр адамның қайталанбас тұлға екендігін есте тұта отырып, өзін-өзі түсіну, өзін-өзі бағалай білу және өзін-өзі тәрбиелеу туралы халық даналығымен таныстыру;өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде рухани құндылықтардың қайнар көзіхалықтық тағылымдардың тәжірибесінен тәлім ала білуге баулу.Түрі: тренинг-сабақКөрнекіліктер: мультимедия,дәйексөз,шығармашылық жұмысқа қажетті құралдар(түрлі-түсті қағаз, қайшы,желім),жүрекшелер.Шаттық шеңбері:Мұғалім: Қайырлы күн балалар! Әр күніміз қуаныш пен сүйіспеншілікке толы болсын! Бүгін өздеріңмен көріскеніме ризамын!Оқушылар: қайырлы күн, мұғалім!Оқушылар шеңберге жиналып, Ж.Қалжанованың өлеңін хормен орындау.Өз-өзіңмен, балашым,Жаның тапсын жарасым.Теңдесі жоқ ешкімге,Бұл өмірде дарасың.Желден жүйрік көңіл-күй,Есті сөзді ойға түй.Жылуына бөлеген,Жаным, жарық күнді сүй.Тарихты біл, тілді сүй,Төрт түлігіңтөлді сүй.Орманды сүй, белді сүй,Айдын шалқар көлді сүй.Халқыңды сүй, елді сүй,Ел басқарған ерді сүй.Қасиетті мекеніңТуып өскен жерді сүйОй қозғау: Өмірге келген әр балаға деген анасының тілектері: «өз-өзімен жарастықта  болуы», «өмірдегі даралығы», «дана сөздерді ұғына білуі», «өз тарихын, тілін, табиғатын, туған жерін сүйе білуі» сияқты талаптардың маңызы туралы ой қозғау.Оқушыларға сұрақ қою: «Осындай ана тілектеріне сай болу үшін не істеу керекОқушылар пікірін тыңдау.Ойын: «Таныс болайық»Ойынның мақсаты: әр баланың өмірде өз жолы,өз тағдыры, өз таңдауы бар екендігіне көңіл аудару.Шарты:шеңберде тұрған әр бала өз есімін атайды да, оның немен байланысты қойылғаны жөнінде мәлімет береді. Мысалы, Асыл есімі-жаны сұлу,таза,ақылды болсын;Болатержүрек, қайратты, елін қорғайтын азамат болсын т.б.Әңгімелесу:1. Біз «Өзін-өзі тану» пәнінен не үйрендік?2. Өзін-өзі танудың адам өміріндегі маңызы қандай?3. Өзін-өзі тануды «сарқылмас қазына» деуге бола ма?Неліктен?Мәтінмен жұмыс:Оқулықтағы «Таным тағылымы» атты аңыз әңгімені оқушыларға оқытып, талдау.Сұрақтары:Алыстан көруге үйренді дегенді қалай түсінесіңдер?Сендер танымның қай жолын таңдап алар едіңдер?Қай данышпанның тағылымы табандылыққа, болашақты болжауға үйретеді?Неліктен?Оқушылардың ой-пікірін тыңдау, түйіндеу.Оқушыларға ой тастау:Тәрбиеүздіксіз процесс.Адам ғұмыр бойы өзі көріп, естіп-білгендерін ой елегінен өткізіп, жақсысын өз бойына дарытуға тырысады. Кез-келген шығарманы немесе өмірде кездескен жаңалықтарды зерделей отырып, адам өз-өзін салыстырып талдау жасайды. Әсіресе бала кезінде жаңалыққа құмар, әсершіл келеді.Тек жақсы мен жаманды айыра білу керек.Абайдың адамның өзін-өзі тәрбиелеуі туралы үзіндісі:«адам ата-анадан туғанда есті болмайды:естіп, көріп, ұстап, татып білсе, дүниедегі жақсы мен жаманды таниды.Сондықтан білгені, көргені көп адам есті боладыегер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір рет, болмаса жұмасында бір рет, ең болмаса айына бір рет өзіңнен өзің есеп ал!Оқушыларға сұрақ:Абай атамыздың «Өзіңнен өзің әр күн сайын есеп ал» деген сөзін қалай түсінесіңдер?Есті болу үшін адамға қандай қасиеттер керек деп ойлайсыңдар?Оқушылар пікірін тыңдау, ой қорыту: адам өмірде өз сезімдері, эмоциясы және әрекеттерін үнемі қадағалап, кемшін тұстарын жою барысында жұмыс істеу керек.Дәйексөз:«Дүниедегі ең оңай нәрсебіреуге ақыл айту,  ең қиын нәрсеөзіңді-өзің түсіну»ӘлфарабиНақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?Тапсырма:Шығыс философы әл-Машанидың өлеңін оқып, даналыққа қол жеткізудің басты шартыадамның өзін-өзі тануы деген бағытта әңгіме жүргізіледі.Адам ғалам, ғажайып жеке-дара,Жан құмарыізденген мәңгі сана.Өзіңді-өзің танысаңістің басы,Түзеген өз ғаламын болған дана.Әл-МашаниТүйіндеме: Адамның бүкіл ғұмыры бойына жалғасып отырады                                        Өзін-өзі тәрбиелеуге, жетілдіруге мүмкіндік береді.Өзін-өзі тануӨзгелерді түсініп, бағалауға негіз боладыӨмірден өз орнын табуға көмектеседі.Жүректенжүрекке: Балалар шеңберге тұрып бір-біріне тілектерін жазып жүрекшені тарту етеді.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.