Өзін – өзі танудың философиялық аспектілері

0
541

Өзін-өзі танудың философиялық аспектілері.
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Өзін-өзі тану ұғымының философиялық қырлары.
2. Құндылықтарға философиялық тұрғыда сипаттама.
3. Өзіндік таным философиясы.
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе- Өзін-өзі тану пәнінің болмыс ұғымдарына тәрбие, үйрету, оқыту жатады. Ұғымдар – объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Өзін-өзі тану арқылы тұлғаның өзіндік дамуына, білімдік және танымдық әрекеттеріне ықпал ету, өзара адамгершілік құндылықтары мен өзіндік бағдарын таңдауға мүмкіндік жасалу идеялары алынатындығы белгілі болды

Өзіңді өзің таны- бұл жеті дананың әсіресе Хилон мен Фалес аузынан шыққан дана сөз немесе даналық формуласы. Дельфия шіркеуінің маңдайшасына ойып жазылған. Дельфиялық дана сөз Сократқа дейін белгілі болатын кейін ол Сократқа танылды. Бұл кездейсоқтық емес еді, себебі Сократқа дейін антикалық бірде – бір ойшыл адам қызметінің басқару принципінің бірден бір бөлігі өзін-өзі тану екенін Сократтай бағалай алған жоқ. Греция тарихында теориялық ойлаудың жаңа кезеңінде адам проблемасы, философия проблемасын өзін-өзі тану арқылы түсінуге болатындығына көз жеткізді. Ксенофонт Сократты былайша сөйлейді: «Кімде-кім өзін – өзі тани білсе ол өзінің не істей алатынын және не істей алмайтынын түс
нағаттандыра алады білмейтін нәрсесінен аулақ бола өмірде қателікке бой алдырмай бақытсыздықтан айналып өте алады. Осы артықшылығының арқасында біреудің құндылығын көре алады және оны өз қажеттілігіне қолдана алады». Ксенофонт Воспоминания IY.2.26-27. б.э.д. 470-399 ж.ж. аралығында өмір сүрген антикалық ойшыл, бірінші афиналық философ Сократтың ауызша таратқан даналық ойларының туындыларында өзіндік танымның негізін: философия танымының үлкен мақсаты: адамның танымы, оның іс- әрекеті, ой – өрісі, тұрмысы деп білді. Бұл таным, тек өзін-өзі тануда ықтимал екенін айтты «өз-өзіңді тани біл» бұл тұжырымды дәлелдеу үшін Сократ өз өмірін зерттеді.
Мен білем, ештеңе білмейтінімді жақсылық ойлаушы кім екенін де білмеймін… Сонда да мен сіздермен бірігіп не екенін пікірлесіп түсінгім келеді.
Сократ ойынша Адам рухы әулиелік болғанда ғана әулиелік білімге жетеді: айқын нәрсе, әрқашан да айқын. Сонымен қатар рух- білім сақшысы, адам танымы – бұл өткен істердің, бұрынғы білімдер жиынтығының еске түсуі. Даналық- бұл білім, бірақ адам барлығын білуге күші жетпейді.
«Адам дейді Сократ- барлығына дана болуы мүмкін емес тиісінше кім білсе сол дана» Сократ танымында барлығы Құдайдан тарайды, жалғыз ғана шындық адам күш-жігерінің бағыты-білімді танудан бастау алады. Адам білімінің формалары, қоғамдық, саяси өмірі танымның жеке бір бөлшегі ғана. Сократша таным үрдісінде білім, мысалы жарылқаушының әділетті адамның өзі. Сократ мейрімділік жарылқауының үш негізін белгілейді.
1. Деңгейлік «Өз деңгейінен жоғары ештеңе жоқ»
2. Танымдық
3. Әділеттік
Сократ табиғатты зерттеуде мүлдем қарсы болды. Бұл тұрғысында ол адамның іс-әрекеті құдай ісіне қайшы деп есептеді. Сократша әлем-құдайдың сыйы, Сократ мейлінше құдайға құлшылық еткен ол Афин жұртшылығымен бірге құдайға құрбандық шалып барлық діни жоралғыларды мүлтіксіз орындаған. Өзін-өзі тану арқылы Сократ мейірімділікке, әділеттілікке, заңдылыққа жетуге болатындығын айқындайды.
Бірінші кезекте адам рухы, табиғат, білімділік деп есептеген. Оның мына сөзіне қарап: «Мен ештеңені білмеймін. Дегенмен сенімен бірге пікірлесіп, ізденгім келеді»- оның философиялық формуласы, ізденісінің құдіреті екенін танытуға мүмкіндік береді. Ол өзінің білмейтіндігін ең соңында білетіндігіне айналатынын толық сезінген.
«Пікірлесіп ізденгім келеді» қағидасы өзін-өзі тануына итермелейді және сол арқылы өзінің ойын түсіндіргісі келеді. Сократ туралы айтқанда оның философиялық пәл сапасы адамзаттың даму тарихымен бірге біте қайнасып бүгінгі күнге дейін маңыздылығын сақтап келеді.
Ежелгі философтардың ойынша өзін-өзі тану ол адамның жан дүниесімен өзін айқындауының жалпы ізденісі. Сократтың пайымдауынша мейірімділік пен зұлымдылық жолында дұрыс таңдау жасау және әлемдік ортада өзінің орныңды табу мен өзіңді айқындау өзіңді-өзің тани білгенде ғана орындалатын айқын нәрсе.
Қазіргі кезеңде біз адамның рухын соңына дейін өлшедік, негізін орнаттық, адамда табылған мазмұнды бастапқы жүйе, ғылыми жүйе болып қаланды. Философия МЕН деген ұғымды табуға үйретеді. Бастапқыда МЕН арқылы жансыз, түрсіз көпшілікке тәртіп, ой сананың өсуі енеді. Бірлік адам басқару ережелерінен тұрады. Бақылау шекарасына дейін таратады, және ол оны қалай жүргізеді, солай әрі қарай ой өрістің өсуі, тәртіп тарайды. Оның бақылауы көптің әлемде әр адамға өз орнын табуға нұсқау береді, басқаны шығарып жібермес үшін, ол бірлікті шексіз әртүрлілікке енгізеді. Сол әлемдік денелер бір-біріне жақын тұрады, бірқалыпты жүйелі дене болады. сол арқылы жарықтар нұсқаған жолдармен айқындалады. МЕН арқылы үлкен баспалдақ орнатылады, онда-әлемге қажетті күш жинауға, болашақты жалпы айқындауға құқылы. МЕН арқылы адамзаттың мәдениеті артса, әлемнің де мәдиниеті артады.
Ол заттарға керекті тәртіпті орнатып қана қоймай, ол соған қажетін де береді, өзі таңдағандай: ол басқан жерде табиғат оянады, оның көз қарасынан жаңашылдық кереметтер
орын алады. Оның денесі рухты, сені қоршаған бұйымнан пайда болатын, оның тіршілігінде ауа жеңілдей түседі, ауа – райы жұмсақ, табиғат сол арқылы тіршіліктің панасына айналады. Адам шикізатты өз қалауынша пайдаланып, қажетті материал жасайды. Ол үшін бұрынғы өлі салқын болған көрініс нәр беретін дән-дақыл боп, қорек беретін жеміс боп, тіршілік беретін жүзім боп өсіп-өнеді. Оның айналасына жануарлар пайда болады, оның жылы көзқарасынан олар жабайылықтан айрылып, адамның қолынан тамақтанады, оның дегенімен жүреді.
Адамның айналасында жандар топтасады-ол адамдар. Сол адамдарға ол әсерін тигізеді, адамгершіліктің мәнін көрсетеді, оның іс әрекеті адамзатпен бағаланады, әр адал ісіне айналадан адам қасиеті мол үлкен жүректі адамдар пайда бола береді.
Адамдардың қасиеттері күшейіп бірігіп әр денелерде бір рух орнатуға бағышталады, бір ой өріс, бір күш -жігер адамзаттың ұлы бірлігіне жоспарына көмекші болады.
Ұлы адам өз ғасырында бар күшімен адамзаттың ең үлкен баспалдағына шығуды мақсат етеді, кейін қарағанда сол биікке шыққанда таң қалады, артында зындан тұрғандай сезінеді, содан өтіп шыққанына артын қарап сескенеді, содан өтіп шыққан Ұлы адамзаттың шежіресінен үлгергенінше барлық қасиеттісін алады..
Оның жоспарын бұзыңдар, кедергі келтіріңдер! Сіздер оны қалай ұстап тұра аласыңдар, бірақ мың жыл, көп мың жыл деген адамзаттың шежіресіне не жатады?
Бұл тағы бір таңды оятарда көрген түсіңмен бірдей. Ұлы адам тіршілік ете береді, іс-әрекетін жалғастырады, сіздер жоқ болып кеткен, ол үшін танымның кеңейгені, сіздерге ажал-оның жоғары өмірге дамығаны. Оның жоспарының сәні, түрі ол үшін жойылғанымен сол күйінде қала береді. Оның тіршілік еткен әр кезінде ол өзі алып сол шеңберге сыртқы қоршаған ортадан іс-әрекетін жүргізе береді. Осындай адам өз-өзіне былайша айта алады. Мен адаммын. Ол өз-өзінен қорықпай, өзінің ұлылығынан сескенбеу керек? Осылай әр адам, осындай барлығы қайсысы -Мен жетеумін деп айта алады. Сен қай жерде тіршілік етсең де сен адамзаттың кейпін ұстайсың; жануарға жақындасаң да, айдаумен жұмыс істесең де, отты жердің жағасында отқа қыздырынсаң да, сен оны өзің жаққан жоқсың, ол сөніп қалғанша қарап отырып жылайсың, ұзақ жанбағанына, сен ең аянышты немесе қатыгез, жексұрын болсаң да, сен де менсің, сондықтан сенде жетеумін деп айта аласың. Қанша дегенмен сен менің жолдасымсың, бауырымсың, мен де МЕН тұрғанда баспалдақта тұрдым, бұлда адамзаттың баспалдағы. Мүмкін мен өте тез, асығыс көтеріліп кеткен болармын, бірақ мен сонда сен тұрғанда тұрдым. Мүмкін сенде бір күні мен тұрған жерге жетерсің, оған көп миллиарттаған уақыт өтсе де осылай бір-бірімізге әсер етеміз. Сен бір күні менің шеңберіме енесің, ал мен – сенің. Сонда ұлы мен де сені өзімнің жоспар құрудағы пікірлесім деймін. Қалай мен сескенбеймін, адамзат бейнесінің алдында, құдай алдында шіркеуде тұрып адам бейнесін сақтаймын.
Менің жүйемді білмей тұрып, менің ой-пікірімді спинозмге теңеу мүмкін емес. Таза рухтың бірлігі мен үшін жеткізбейтін сана. Соңғы мақсат, ешқашанда іс-жүзінде орындалмайтын құбылыс. Осылай алғашқы кезеңде теологиялық ұғыммен адамның өзін-өзі тануы қалыптасады.
Әрбір тарихи кезең ауыспалы және одан кейін басқа кезең пайда болады. Бұл жерде өткеннен қалатын жалғыз нәрсе, ол әр түрлі тұжырымдамалар мен көзқарастардан тұратын мәдениет. Әрбір кезеңде адамзат тарихы қайта құрылып, ол үшін бәрінен бұрын жаңа кезеңге жаңаша қадам басатын жетілудің жаңа бейнесі қалыптасып отырады. Бұл орайда Гегельдің «рух феномологиясы» еңбегінде таным үрдісін: «Өзін-өзі танудың» субстанциясы тек индивидуальды түйсікте ғана пайда болуы мүмкін деп астын сызып көрсетеді.
Абдо Мухамед 1948 ж Адам баласы өзін-өзі тану үшін алла тағаланың ақиқатын, тануы қажет. Табиғат алланың сыйы. Алланың заңдылығына табиғат заңдылығына адам қоғамының заңдылығы бағынышты болуы тиіс. Осы ұлы заңдылыққа сай адам баласы өзін- өзі және қоршаған … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz