«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІНІҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК МӘНІ

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІНІҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК МӘНІ

Автор: Баймбетова Айгерим Акылбековна

Бағыты: Өзін-өзі тану Бөлімі: Мақала Сыныбы: Басқа

Жарияланған уақыты: 2019-01-06


Материал туралы қысқаша түсінік

өзін-өзі тану мұғалімдерге




«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІНІҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК МӘНІ«Достық» жалпы орта мектебінің өзін-өзі тану пән мұғалімі Баймбетова Айгерим Акылбековна.

Қазіргі уақытта тәуелсіз Қазақстан үшін жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы рухани бай тұлғаны қалыптастыру мәселесі өзектілік танытып отыр. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік-рухани қайнарын сіңіріп, олардың жағымды мінез-құлқын тәрбиелеу үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды, әділдік пен өзара көмекті өмірлік мұрат ету қажет. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті С.А. Назарбаеваның жетекшілігімен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Еліміздің туын асқақтатар, білім, білікті, жан-жақты дамыған, адамгершілігі мол, тәрбиелі, әділ, инабатты, өнегелі ұрпақ тәрбилеу біздің алдымызда тұрған ең басты міндет. Осы мақсатта өркениетке ұмтылып отырған мемлекетіміздің даму болашағының негізі ретінде қажеттілігін айқындай түсетін, жеке тұлғаның үйлесімді дамуына мүмкіндік беретін білім ордасының жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы, рухани-адамгершілік тәрбие берудің ошағы «Өзін-өзі тану» пәні .«Өзін-өзі тану» пәнінің ерекшелігі – әр баланың өзін-өзі танып, ішкі дүниесін, өзгені танып, білуі болып табылады. Аталмыш пән оқушыны сүйіспеншілікке , шығармашылыққа, адамгершілікке баулиды.Адамгершілік адам өмірінің рухани негіздерін құрайды десек, адамгершілік мәселелеріне ойшылдар ерте кезден-ақ назар аударған. Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари, Асан Қайғылар бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қайталанбас мол мұра қалдырды. Аталған пәннің руханилық сипаты Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы адам болу идеясымен сабақтасады.Қазіргі таңда оқу, білім алу адамзатқа осы өмірде барлық жауапкершілікті сезінуге септігін тигізіп отыр. Қоғам қарқынды дамыған сайын адам баласына деген тәрбиенің мақсаты мен міндеті жаңаратыны мәлім. Ғылым мен білімнің жаңалығын игертумен қатар бала бойына рухани – адамгершілік құндылықтарды: мейірімділікті, қайырымдылықты, адалдықты, әділдікті, бақытты бағалай білуді сіңіріп, тәрбиелеуді талап ету – қазіргі өмірде басты мақсаттардың бірі. Осыған орай 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Респубикасының білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде,яғни мектепке дейінгі білім беруден бастап,сондай-ақ педагогикалық мамандарды дайындайтын жоғары оқу орындарының үш сатысында баклавр, магистратура, докторантурада «Өзін-өзі тану арнайы курс ретінде енгізілген. «Өзін-өзі тану» – жаңа интегративті пән, оның мақсаты – жалпыадамзаттық құндылықтар мен адамгершілік мұраттарына сүйене отырып оқушылардың тұлғалық дамуын қамтамасыз ету. Бұл пән әрбір жас жеткіншекке өз өмірінің мәнін түсінуге және осы өмірдегі мақсаты мен мұраттарын анықтауға, шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін ашуға, қоғамдағы өз орнын табуға, өзі мен өзгелерді, сонымен қатар, өзін қоршаған әлемді бағалай білуге үйретуді көздейді. Сол себепті Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде оқытылатын «Өзін-өзі тану» пәні жеке тұлғаның азаматтық белсенділігін арттыруға, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды мақсат тұтады. Рухани-адамгершілік тәрбие баланы мейірімділікке, әдептілікке, отаншылдыққа, өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, табиғатты сүюге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге үйретеді.Қазіргі кезде қоғамда жоғалып бара жатқан адамдар арасындағы сыйластық, мейірімділік, сүйіспеншілік, татулық, бірлік, бірін-бірі кешіре білу, төзімділік сынды құнды қасиеттерімізді жоғалтып алмас үшін және келешегімізді ойлайтын болсақ, жас ұрпаққа жақсы істер атқарып, үлгі көрсете білуіміз керек. Осыған түрткі болатын «Өзін-өзі тану» пәнінің сабақтарында қолданылатын тәсілдер: әңгімелесу, тыныштық сәті, өзіммен-өзім, мәтінмен жұмыс, сабақтың дәйексөзі, жаңа ақпарат, түйіндеме, жағдаяттарды талдау,ойтолғау, шығармашылық жұмыс, сахналау, сергіту сәті, ойындар, тренингтер, бейнефильмдерден үзінді көрсету, жүректен жүрекке т.б оқушының өзін, өзгені, айналасын тануына, өз бойына жан-жақты тұлғалық қасиеттерді дамытуға ықпал етеді. Әсіресе, оқушылар сабақ барысында еркін отырып, бір-бірімен еркін пікір алмасып, өз ойларын білдіріп, жағдаяттарды шеше білуге, бірін-бірі тыңдауға үйренеді.Оқу мәтіні ретінде ұсынылатын аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, ұлылардың ұлағатты сөздері,ақын-жазушылардың еңбектері «Өзін-өзі тану» пәннің өзегі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда баланың мінез-құлқын қалыптастырып, жеке тұлға ретінде терең тәрбие береді, жас ұрпаққа- адамгершілік жолды үйретеді, өзіне-өзі деген сенімділігін қалыптастырады, шығармашылыққа, өзіндік пікірінің, ойының болуына көмектеседі, өз ісіне баға бере алуға үйретеді, ең бастысы адамгершілігі мол, өз шешімін қабылдауға, өмірдің мәнін түсінуге көмектеседі. Жас ұрпақтың ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруде өзіне жағымды қарым-қатынасының қалыптасуы, өзін-өзі дамытуды жузеге асыруы, сондай-ақ әлеуметтік жэне тұлғалық мәнге ие іс-әрекеттерде өзін-өзі жетілдіруге, басқаруға ішкі сұранысының болуы олардың өзіндік санасының жоғары болуымен ерекшеленеді. Қорыта айтқанда, баланың қазіргі қоғамда өмір сүруі үшін адамгершілік қасиеттерді игеруді, оның бойына осы қасиеттерді дарытуы нысана тұтатын «Өзін-өзі тану» пәнінің рухани –адамгершілік тұрғыдағы маңызы аса зор деп білеміз.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.