Пән: ДүниетануҰзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-тарау. «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»
Мерзімі: 4—тоқсан Сынып: 3
|
Мектеп: №116
Мұғалім:Аязбекова А.Д.
Қатысқандар:Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы |
Өз шығындарыңды қалай жоспарлаған жөн? |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.1.1.4 Өз шығындарын жоспарлау және дәлелдеу3.1.1.5 Өз шығындарын тиімді етудің жолдарын ұсыну |
Сабақ мақсаттары |
Оқушылар
«отбасылық бюджет» және «жеке шығындар» дегенді білу;
өз шығындарын жоспарлау және негіздеу;
өз шығындарының «төлқұжатын» құру.
|
Бағалау критерийлері |
«Кірістер мен шығыстарға» мысалдар келтіреді;
Отбасының кірісі мен шығыстарын есептейді;
Бір аптаға жеке шығын төлқұжатын жасайды;
Отбасылық бюджетті үнемдеу жолдарын ұсынады ;
Жеке шығындарын жоспарлайды және негіздейді.
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар:
тиісті сөздік қорды пайдалана отырып, отбасылық бюджет туралы әңгімелейді.
Терминология:
отбасылық бюджет
кіріс, шығыс
бюджетті жоспарлау
Талқылауға арналған сұрақтар:
Отбасылық бюджет неден тұрады?
Бюджетті жоспарлау деген не?
Жазуға берілетін тапсырма:
Жеке шығындардың төлқұжатын жасау.
|
Құндылықтарды дарыту |
Отбасылық құндылықтардың негізі — өзара көмек көрсету, сыйластық, түсіну және қолдау.Азаматтық жауапкершілік өз шығындарын жоспарлай алу, отбасылық бюджетті үнемдей алу арқылы дамиды. |
Пәнаралық байланыстар |
Қазақ тілі: «бюджет», «шығыс-кіріс», «жеке шығындар» ұғымдары.Математика: отбасының шығыстары мен кірістерін есептеу. |
Алдыңғы меңгерілген білім |
Оқушылардың отбасы, отбасы құндылықтары туралы білім негіздері бар. Өзінің отбасындағы тұтыну заттарына деген қажеттіліктердің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтай алады. «Отбасылық бюджет» дегеннің не екенін біледі (3 сынып, 1 бөлім) |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
Сабақтың басы 0-4
5-6
|
«Сөзді тап» тапсырмасы (ұжымда)
Оқушылар сөзді табу керек. «Ол мемлекеттік, отбасылық, жеке болуы мүмкін. Не жайлы айтып отырмыз?» Оқушылар өз болжамдарын айтады, дәлелдейді.Жауабы:БЮДЖЕТ Талқылауға арналған сұрақтар:— Бюджет туралы не айта аласыңдар? — Отбасы табысы неден құралады?— Отбасы ақшаны қайда жұмсайды?— Бүгінгі сабақ тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?Мұғалім сабақ мақсаттарына жетелейді.
Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады
Сабақ мақсаты ұсынылады:
«отбасылық бюджет» және «жеке шығындар» дегенді білу;
өз шығындарын жоспарлау және негіздеу;
өз шығындарының «төлқұжатын» (паспортын) құру.
|
(дидактикалық материалға қараңыз)Слайд№2
Слайд №3
|
Сабақ ортасы 7-14
15—24
25-30
31-36
|
«Кіріс-шығыс» тапсырмасы (жұпта)
«Ақша шығындары» мәтінін мұқият оқып шығуды ұсыныңыз (дидактикалық материалды қараңыз). Бір оқушы «кірістер», екіншісі – «шығыстар» санатын таңдайды.Осы сөздерді пайдаланып, әр санатқа көбірек мысалдар келтірулері керек. Тепе-теңдікті ұстап тұру үшін бюджетті қалай тұрақтандыруға болатыны жайында талдау жүргізіледі. Бағалау критерийлері:
«Кірістер мен шығыстарға» мысалдар келтіреді.
Рөлдік ойын «Кірістер мен шығыстарды санаймыз» (топта)
Оқушыларды 4-5 топқа бөліп алыңыз. Әрбір топ-бұл отбасы. Рөлдерді өзара бөліп алады: ата-аналар және балалар. Ойдан құрастырып бір отбасының тегін таңдайды.
Оқушыларға отбасы табыстары мен шығыстары кестесінің үлгісін таратыңыз. Оқушылар отбасының табыстары мен шығындарын есептеп, кестені толтыруы керек.
Әр отбасы өз жұмыстарын таныстырады.
Талқылауға арналған сұрақтар:—Айдың соңында сендердің отбасыларыңда ақша қалады ма?— Оны қайда жұмсайсыңдар?
Бағалау критерийлері:
Отбасының кірісі мен шығыстарын есептейді.
Практикалық жұмыс «Өз шығыстарыңның «төлқұжатын» құр» (жеке)
Оқушыларға жеке шығыстар паспортының үлгісін таратыңыз. Оқушыларға оны келесі аптаға арнап толтыруды ұсыныңыз. Қандай шығындарды жоспарлайсың? Оларды қалай қысқартуға болады?Төлқұжат «Сұрағым келеді...» әдісімен бағаланады.Бағалау критерийлері:
Бір аптаға жеке шығын төлқұжатын жасайды;
Отбасылық бюджетті үнемдеу жолдарын ұсынады ;
«Ертегілер елінде қонақта» тапсырмасы (ұжымда)
Оқушыларға қандай кейіпкерде күтпеген жерден 5 алтын теңге пайда болғанын еске түсіруді ұсыныңыз.Жауабы: БуратиноТалқылауға арналған сұрақтар:Буратино ақшасын қайда жұмсамақ болды?Сен қайда жұмсар едің? Тапсырмаға қорытынды жасаңыз.
Бағалау критерийлері:
Жеке шығындарын жоспарлайды және негіздейді.
|
Таратпа мәтін
«Кіріс», «Шығыс» сөздері жазылған карточкалар.
Әдістемелік нұсқаулыққақараңыз
Кірістер мен шығыстар кестесіАқшаның суреттері (дидактикалық материалға қараңыз)
Төлқұжат үлгісі
(дидактикалық материалға қараңыз)
Әдістемелік нұсқаулыққақараңыз
Буратино мен 5 алтын теңге суреттері(дидактикалық материалға қараңыз)
|
Сабақтың соңы37-40 |
Рефлексия (жеке): Бүгінгі сабақта мен ………….. білдім.Бүгінгі сабақта мен ………….. үйрендім.Алдағы уақытта………………қолданамын. Бірнеше жауаптарды талдауға болады. |
Таратпа парақ Әдістемелік нұсқаулыққақараңыз |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Қабілетті жоғары оқушыларға эссе тақырыбы ұсынылады: «Мен және менің шығындарым». Осы тапсырманы оқушылар үйде жоспарға сәйкес орындай алады: 1. Ата-аналарың саған ақшаны сеніп тапсыра ма?2.Ақшаны ұстай аласың ба? 3. Сенде ақша жинағыш бар ма?4.Ақша жинағыш не үшін қажет? Оқуда кедергілері бар оқушыларды өз шығындарын есептеу кезінде қолдау қажет. |
Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. «Кірістер мен шығыстарды санаймыз» тапсырмасында әрбір топ өз жұмысын қорғайды, кері байланыс беріледі. Топтық жұмыс «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы бойынша бағаланады. |
Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |