Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу

0

Білім мен тәрбие берудегі отбасының рөлі

Жоспар
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … .
… … … … … … … … … … … .3
I Бөлім. Тәртіптің және білімнің ең тамаша мектебі –
отбасы … … … … .8
1.1 Отбасы-шағын
мемлекет … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
..13
1.2 Отбасы –тәрбие
бастауы … … … … … … … … … … … .
… … … … … … .14
II Бөлім. Қазақ отбасындағы этноәлеуметтік қарым-қатынастардың бала
тәрбиесі мен Ұлттық тұтастықты сақтаудағы
маңызы … … … … … … … 1 7
2.1 Отбасы мен мектеп арасындағы
ынтмақтастық … … … … … … … … ..21
2.2 Баланың  жақсы болып өсуі – отбасындағы білім мен тәрбиеден … 25
2.3 Ұрпақ тәрбиесі мен білімі –ұлт
болашағы … … … … … … … … … … .29
Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … .
… … … … … … … … … .32
Пайдалынлғын
әдебиеттер … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… ..34

Кіріспе.

Отбасы, әлеуметтік институт болғандықтан, сөзсіз, қоғамның ықпалында
болады. Отбасының өзгеруінің заңдылығы жалпы қоғамда болып жатқан
өзгерістермен бағыттас. Сондықтан қазіргі кездегі отбасының жағдайын түсіну
үшін және оныңдамуының болашағын бағалау үшін бүкіл 20-шы ғасыр бойы
қоғамдық өмір мен бұқара санасында болған түбегейлі өзгерістерді ескеру
керек.
Зерттеу көкейтестілігі: 20-шы ғасырдың ортасынан бастап отбасы
институты елеулі және қайталанбас өзгерістерге ұшырады. Отбасында болған
өзгерістер барлық авторлармен әдеттегі отбасы тірегінің дағдарысы ретінде
суреттеледі. Ғұмырлық некеге тұрақтылықтан бас тарту, айырылысу мен некенің
бұзылуы, ұрпақты тәрбиелеудегі риясыз қарым-қатынастан бас тарту, толық
емес отбасы мен өгей ата-аналы отбасы санының артуы, баланы алдырып тастау
мен некесіз бала туу үдеп бара жатқаны байқалады. Міне, осындай келеңсіз
мәселерді қарастыру менің курстық жұмысымның мақсаты болып таюбылады.

Зерттеудің мақсаты: Қазіргі кезде отбасы өмірінің барлық кезеңі,
отбасының құрылуынан бастап бүтін отбасы ретінде өмір сүруі аяқталғанға
дейін: некеге дейінгі кезеңі, бүкіл отбасылық өмір кезеңі, отбасының
ажырауы кезеңіөзгеріске ұшырағанын атап өтуге болады.

Отбасы — адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең
қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіпжатады. Бала өмірінің алғашқы
күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын — тәрбие жұмысын
атқаруға кіріседі.

Ата-ана да өздері жанұя құрған кезде бір-біріне шексіз
сүйіспеншілікпен, махабббатық сезімдері табысқан кезде қалыптасады. Әке мен
ананың арсындағы сыйластық, өз ара түсінушілік, олардың бір-бірін
ұғынысуы, сыйласуы,қандай мәселер болсын, материалдық, әлеуметтік,қоғ амдық
және әкономикалық мәселерді шешуде пайымды шешімдер тауып жатса, бұл
отбасының берекесі мен берері де мол болатны мәлім. осы мәселе қазіргі
кезде еуропалық дәстүрге көбірек бой ұрып барады. Яғни қазақ болмыстан
айырылып, бала тәрбиесі, отбасы берекесі келесіз жәйттерге бой ұрыа
бастады. Ата-аналардың татулығы отбасының күре тамыры болып табылады.
Өйткені ол балаға берілетін тәрбие және әлеуметтік мәселелердің тууына әкеп
соқтыратын осыдан туындап жатады. Ал олардың атқаратын міндеттері шексіз де
шетсіз де.

Ата-аналардың балалары алдында олардыңденсаулығының дұрыс жетіліп
өсуін қамтамасыз ету, тәрбиеберу, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел
қатарына қосылыпкетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал
балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді
міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағыотбасы тәрбиесінде қоғам ата-
аналар алдына үлкенжауапкершілікті жүктеп отыр.

Зерттеудің міндеттері: бүгінгі тәрбие берудің негізгіміндеттерінің өзі
ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезіміоянған, рухани ойлау дәрежесі биік,
ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да
ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу деп
көрсетілген ҚазақстанРеспубликасыны ң тәлім-тәрбие тұжырымдамасында.Отбасы
тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік
болып табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны
түсінуге тырысады. Ата-аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін
қадағалап жағдайларын біліп отырады. Отбасының берік негізі міне, осы
рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі
ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір-
біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым-қатынасына
байланысты болады. Адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік
туғызады.

Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан
басталады. Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы мен қальштасуы процесіндегі
ролі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалады, мәдени
орта қальштасады, сезімдік күйлер орнығады.
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың дегендей бала тәрбиесі ол
дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де
күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы,
ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізі
отбасында мектепке дейінгіжаста қал анады.
Зерттеу пәні: — мектепке дейінгі, мектеп жасындағы,жалпы отбасыдағы
бала тәрбиесі, халықтық педагогика саласы бойынша, ұлттық талғамда, салт-
дәстүрлерді қолдана отырып, зерттеу пәнінің негізі ретінде алынды.
Әсіресе, баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен нұрлымұраттарға тәрбиелеу
және адамдар арасында өмір сүре білуге үйретуге көп көңіл бөліну қажет. Бұл
қасиеттердің бәрі негізінен от басы — ошақ қасында қалыптасып нығаяды.Мұнда
әсіресе отбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының өнегесі арқылы
жас балалардың бойында осындай сезімдерді қалыптастырады.
Өз ата-анасын сыйлап, құрметтеп үйренген бала өзге ата-аналарды да
құрметтей біледі, қашан да үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап, құрмет пен
қамқорлық таныта біледі.
Зерттеудің дереккөздері: Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі Чехтың ұлы
педагогы Ян Амос Коменский еңбектерінің төрінен орын алған. Ол тәрбие
негізі ретінде отбасын бөліп қарастырып, оны білім беру жүйесінің алғашқы
сатысы Ана мектебі деп көрсетеді. Өйткені, бала адамгершіліктің негізгі
түсініктерін отбасында альш, алғашқы адамдық қасиеттерін отбасында
қалыптастырады.

Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский баланы дұрыс тәрбиелеу туралы былай
деп жазады: «Адамның жеке қара басы біреудің жеке басының қалыптасуына және
дамуына әсер ете алады, мінезді қалыптастыру үшін де мінезбен әсер ету
керек».
Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес. Ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты
талап етеді. Сондықтан халық өмір есігін енді ғана ашқан бөбек тәрбиесін
бесіктен бастаған.
Қазақтың ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар
тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы тәрбиесін
ұйымдастыруда кеңестер береді. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай өзінің 10-
сөзінде: Әуелібалаңды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны берем деп,
баста балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен
көресің? деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды.

Қазақ ағартушыларынан С. Көбеев те отбасы тәрбиесі мәселелеріне аса
үлкен мән берген. Ол өзінің Баланы семьяда тәрбиелеу деген еңбегінде ата-
аналардың балалары алдындағы беделі отбасындағы тәрбие нәтижесі екендігін
атап көрсетеді.

Зерттеудің объектісі: Ұзақ жылдар бойы отбасы тәрбиесі баланы
тәрбиелеудің бірден-бір формасы болып келді. Қазіргі қоғамдағы отбасы
баланың шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап өмірінің соңына дейін
тәрбиелік ықпал жасайтын негізгі ошақ болып отыр. Адамзат тарихындағы
отбасы тәрбиесінің тәжірибесі көптеген
педагогикалық теориялардың пайда бо луына алып келді.
Зерттеу әдісі: курстық жұмысты жазу барысында негізінен педагогика
саласындағығылыми-пеадгогикалық еңбектерге сүйене оытырп, оларға логикалық
болжамдар жасау,көркем шығармаларда пайдалану, отбасының әлеуметтік
мәселелері жайлы тың еңбектерді зерделей отырып жаздым. Ол әр бөлімде
көрсетілген.
Педагогикадағы отбасы тәрбиесінің дамуына ежелгі Рим философы
Квинтилиан, педагогика ғылымының не гізін салушы Я.А.Коменский, ағылшын
философы Дж.Локк, француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо, Швейцар педагогы
И.Г.Песталоций, орыс педагогы К.Д.Ушинский, ұлы жазушы Л.Н.Толстой, қазақ
ағартушылары Ы.Алтынсарин және Абай Құнанбаев, кеңес педагогтары
Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, қазақ зиялылары М.Жұмабаев,
Ж.Аймауытов және көптеген басқа педагогтар өз үлестерін қосты.
Кеңес өкіметінің таралуына және Қазақстан Республикасындағы
педагогикалық ойлардың дамуының тәуелсіздік алуына байланысты отбасы
тәрбиесін зерттеу үрдісі (әдісі) халық педагогикасы бағытында қолға  алынды.

Менің бұл курсық жұмысты жазудағы болжамым — отбасы тәрбиесі
бойынша әлеуметтік педагогикалық тұрғыда ата-аналардың мақсат міндеттері
туралыбаяндай отырып, отбасында қолданылып жүрген салт-дәстүрлер мен
ырымдарды,ағартушылардың көзқарастары тәрбие туралы, әлеуметтік мәселерді
шешудің қазіргі заманда қалыптасқан тәрбиелік құралдарды қолдана
білу ретінде қолданудың мүмкіндігін көрсету болып табылады.
Барлық зерттеу жұмыстары баланы өмірге дайындауда отбасы тәрбиесіне
үлкен жауапкершіліктің жүктелетінін көрсетеді. Әділдік пен бауырмашылдық,
өзара түсінушілік, ата-анаға және туған туыстарға деген сүйіспеншілік пен
сыйластық, Отанға және айналадағы қоршаған табиғатқа деген махаббат,
адамдарға және еңбекке деген құрмет тағы сол сияқты қасиеттер баланың
кішкентай кезінен отбасында және мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан
отбасындағы, мектептегі және айналадағылармен қарым-қатынас жасаудың
дұрыстығы өте маңызды.

I-Бөлім. Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы

 Мектеппен  бірге отбасы тәрбиесі де өте зор. Отбасы – адамзат бесігін
тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата- ана. Отбасы – таным  бесігі,
өркениет  ошағы, үлгі өнеге бастауы. Ата-ананың күнделікті өмір
тіршілігінде еңбегі, адамдық бейнелері, жақсы мінез-құлқы, дұрыс қатынасы
балаға үлгі. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан да баласының,
әдепті, арлы азамат болып қалыптасуы оларға тікелей байланысты болып
табылады.Соны негізге  ала отырып, осыған орай біз тұратын. Титов 
қыстағында отбасылар жайлы айтып өтсем  мектебімізде жалпы отбасы саны 1322
болса. Оның толық отбасы саны – 622,   толық емес отбасы  саны-411,  ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған оқушы саны-8. Титов  қыстағында тұратын    
жұмыссыз  отбасы -52  пайыз, зиялылар-21  пайыз, қарапайым,  жұмысшылар -23
пайыз құрап отыр.

Бала ең бірінші жылулықты ата-анадан іздейді бірақ ата-аналарымыз 
тұрмыстың қиыншылығы мен экологияның болуы салдарынан балалардың
денсаулығының төмендеуі мен шетінеуі; отбасындағы балалар санының аздығы,
отағасы табысының азаюы, оның асыраушылық, қамқоршылық қадіріне, бала
тәрбиелеу беделіне нұқсан келуі: тұрмыстың қиындығына  байланысты жас
аналардың жұмысқа  шығуына мәжбүр болуы  отау иелерінің халықтың озық салт-
дәстүріне ескіліктің сарқыншағы  деп  мән  бермеуі; бала  тәрбиесіне 
немқұрайлы  қарауы, ата-аналардың  ажырасуы  және т.б. көбеюде.

Ел  болам  десең, бесігіңді  түзе-деген   М.Әуезовтың  аталы  сөзі 
отбасы  тәрбиесінің  маңызын  айқындайды. Өркениетті  даму  жолындағы 
қоғам  алдымен  балалы  отбасына  жан-жақты  қамқорлық  жасап, оның 
мәртебиелік  орнын, жоғары  деңгейге  көтеруге  тырысады. Сондықтан отбасы
тәрбиесінің ролі ерекше. Бала тәрбиелеуде ата-аналар  топтарына тоқталып
өтсем;

Жанұя типтері.   Ата-аналар топтары

1. Балалары үлгілі отбасылар тобы . Бұл отбасы  Балаға тәрбие  берудегі
бағыт- бағдары талапқа сай отбасылар.
2. Балалары нашар оқитын  отбасылар  тобы. Бұл отбасы  бала  тәрбиесіне
көңіл бөлмейтін, селқос қарайтын, ішімдікке әуес отбасылар.
3. Тұрмыс жағдайының қиындығы бала тәрбиесіне әсер ететін отбасылар  тобы.
Бұл отбасы  баланың   тәртібі, талпынысы жақсы, бірақ отбасының
материалдық тапшылығы  бала психологиясына  әсер ететін  отбасылар.
4. Материалдық жағдайы өте жақсы  отбасылар тобы. Бұл отбасы   барлық
мүмкіндігі бар, тек бала тәрбиесіне кері (әр түрлі себептерге сай әсер
ететін отбасылар)

Қазіргі  уақытта  соңғы деректерге қарағанда  шамамен алғанда  1
жылда  5 мыңдай  отбасы  шаңырақ   көтерсе, 2 мың отбасы  түрлі себептермен
ажырасып кетіп отырады. Бұл да  бала тәрбиесіне  әсері мол.

Бала – тәрбиесіне отбасының жағымсыз  әсер ету жақтарын сөз еткенде,
оны үш топқа  бөліп  қарастыруға болады:

1. Баланы қалай тәрбиелеуді біледі және дәл солай тәрбиелейді. Олар көп
емес, алайда,  өздерінің саналы өмірімен және сапалы іс- әрекетімен 
тек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі  қоғамдық
жұмыстарға  қолғабыс  етіп, басқа ата- аналарға үлгі көрсетеді.
2. Өз балаларына өнегелі тәрбие бергісі келеді, бірақ, қалай тәрбиелеу 
керек екенін білмейді. Мұндайлар ата- аналардың басым көпшілігі. Олар 
білмегендіктен балаларына кері әсер етуі мүмкін.
3. Балаларды тәрбиелеудің  жолдарын білмейді, білгісі де келмейді,
мұғалімдерге қарсы тұратын  төменгі әлеуметтік  топ. Бұлар соншалықты
көп болмағанмен, қиын балаларды  беретін отбасылар.

Отбасы адам баласының  дүниеге  келгенінде  есігін  айқара  ашып  енетін 
үйі, өсіп  ер жететін,  тәрбие  алатын  аса  қажетті  әрі  қасиетті  алтын 
бесігі. Адамзат  ұрпағына  отбасының  аса құнды  ықпалы  мен әсерін 
өмірдегі  басқа  еш  нәрсенің  күшімен  салыстыруға  болмайды. Балаға  ата-
ана  тәрбиесінің  орнын еш  нәрсе  толтыра  алмайды. Бала отбасы жағдайында
өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін  қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі:
кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай
қарым- қатынаста  болу  сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді.

Моралдік жағынан азғындаған отбасында, әдетте, балаға жеткілікті көңіл
бөлінбейді. Балалар ата- анасының  қамқорлығы мен сүйіспеншілігін
сезінбегендіктен, олар ертеңгі күннің қуанышын жоғалта бастайды.
Сондықтан олар отбасында өздеріне алмаған жылылық пен қайырымдылықты 
сырттан, көшеден іздейді.

Қазіргі кездегі аса бай отбасылардың пайда болуы оларда бала
тәрбиесінің дұрыс тәжірибесі қалыптасты деген сөз. Міне, осындай
отбасылардың кейбір ата- аналары баланың кез келген сұранысын сол мезетте
қанағаттандыру, аламын деген нәрсесінің бәрін сөзге келмей сатып әперу, үй
тірлігіне қатыстырмауы баласының өзімшіл, тек қана тұтынушы, жалқау,
басқаның есебінен жақсы өмір сүргісі келетін арам тамақ болып қалыптасуына
әкеліп соқтыратынын ескере де бермейді.

Дәл осыған қарама- қарсы әрекет істейтін ата- аналардың да тұсінігі
балаларын тура жолдан шығаруға итермелейді.

Үшінші топқа  жататын ата-аналар өз балаларының не істеп, немен
айналысып жүргендерімен ісі жоқ, оны өзінің міндеті деп санамайтындар.
Олардың балалары қараусыз қалғандай әсер береді. Бұл ең қауіпті әрі сөз
жоқ, девиантты мінезді балалардың басым көпшілігін беретін отбасылар.

Бала  тәрбиесіндегі ананың  орны  ерекше. Ана тілі, ұлттық  ерекшелік,
адамға тән  жақсылық  атаулы  ана сүтімен  сіңеді. Сондықтан  ана 
болмысының  өзгеруінің  әлеуметтік  себептерінің  алдын алып, оны табиғат 
алдындағы  бесігінен  ажырамауына  қамқорлық  жасау. Баланы  кішкене 
кезінен  анасының  сүт  ақысын  өтеуге  баулу, бүкіл  қоғамда  анаға 
ерекше  ілтипат  қалыптастыру;

Бала  тәрбиесіндегі  әкенің  жауапкершілігін, тәрбиешілік
мүмкіндіктерін  арттыру. Әке шаңырақтың  қорғаны, асыраушысы, ақылшысы.
Сондықтан  қазақ  әулетінің  ер азаматты  бағалау, пір  тұту  дәстүрін одан
әрі жалғастыру.

Отбасының  жеміс  берер  гүлі – бала. Ендеше  ұлтымыздың  байлығы-
көп  бала  екендігін  жастар  санасына  сіңіру; ұрпақ  тәрбиесінің 
қазіргі  өмір  талабына  сай  болуын  қадағалау, үйрету.

Жас адамды есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен тәрбие
орындарының бірден – бір парызы. Еліміздің болашағы отбасында басталып, оқу-
тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек. Отбасы 
адамзат  бесігін  тербеткен  ұя  болса, баланың  бас  ұстазы-ата-ана.
Отбасы-таным  бесігі, өркениет  ошағы, үлгі-өнеге  бастауы. Ата-ана 
күнделікті  өмір  тіршілігінде  еңбегі, адамдық  бейнелері,  жақсы  мінез –
құлқы  дұрыс  қатынасы  арқылы  балаға  үлгі. Ата-анаға  баладан  жақын 
ешкім  жоқ. Сондықтан да  баласының, әдепті, арлы азамат  болып 
қалыптасуы  оларға  тікелей  байланысты.

Бүгіндері  қаптап  кеткен  компьютер  ойындары, казинолар, кафе, бар,
би алаңдары  және  газет  бетінде,  түнгі  сауыққойлық  мекемелерде,
үйдегі  көгілдір  теледидардан  балалар  көрмейтін (атыс-тартыс)
көріністер  көрсетіліп, темекі мен арақты  жарнамалау  оқушылардың 
көңілін  алаңдатып  отырғаны  жүрегімізді  ауыртады. Балалар  еліктеп 
соған бет бұра бастады. Түнгі жүрістер көбейіп, ішкілік ішіп, есірткіге
еліктеген  мектеп жасындағы оқушыларды көргенде кеудеңе реніш сезімі
келеді.

Ата-аналар ұйымының рөлін көтеру  мектеп үшін оңай іс емес. Мектеп-
қоғамның, отбасының, өзінің өзара тәрбиелік іс-қимылын үйлестіруші
қоғамдық  институт. Өзара ынтымақтастық  пен  серіктестік жүйесін ата-
аналар үшін мектеп жетілдіруге бағыттап отырса нәтиже жоғары болады.

Ата- аналарымыздың  тәрбиеге немқұрайлы қарауынан  қиын оқушылар 
көбеюде.

Қиын  оқушылар  туралы  тоқталсаққ: Қиын  оқушылар деген кімдер.
Олар – мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге
қарсылық білдіретін, тәртібі нашар, мұғалімдердің талабын орындамайтын,
адамгершілік деңгейі төмен, топтарымен үнемі  тіл табыса алмайтын, ұжым
мәселелері қызықтырмайтын оқушылар.

Қиын оқушыларды 2 топқа бөлуге болады.

Біріншісі – тән құмарлығы және жан жарақаты бар оқушылар.

Екіншісі – отбасында, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері
факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің
күрделілігін мінезі дұрыс қалыптаспай қалған оқушылар.

Жүргізген зерттеулеріміздің нәтижесі бойынша, қылмыс жасауға 
итермелейтін тағы бір әсер отбасындағы жетіспеушілік, таршылық.

Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі
өнегесінен. Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап
тәрбиелеу қажет-деп М.Әуезов айтпақшы, жас ұрпаққа сапалы білім мен 
саналы тәрбие беруде мектептің ерекше орын алатынын білеміз.

Мектеп — өткен мен бүгіннің, бүгін мен ертеңнің арасындағы дария. Ал,
мұғалім сол дариядағы заман талабына сай ағыспен қайық есуші. Оқу-тәрбие
үрдісіндегі жаңа, озық педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану
арқылы мұғалімдік бейнесін анықтап алса,  яғни ескегі мықты болса, қандай
болмасын  толқындарға қарсы тұрып, жағаға жетеді.

Сынып  жетекші  ролі жайына тоқталсақ қазіргі таңда  жалпы 
мектебімізде 55 сынып  жетекші бар. Бастауыш сыныптарда – 24. Соның ішінде
— 2 мектеп алды даярлық, орта буын сыныптарда – 16, жоғары сыныптарда -15.

Тәрбие  жұмыстарын жүргізгенде  сынып жетекшінің  ролі ерекше. Сапалы
білім, саналы тәрбие беруде мұғалім еңбегі ерен. Ерекше тұлға ретінде сынып
жетекші деп атап өткім келеді. Өйткені ол-балалар мен ата-аналардың,
үлкендердің арасындағы сарапшы. Сондай-ақ баланың психологиялық құпияларын
жетік  біле отырып тәрбиелейді, білім береді. Ең жауапты, ең негізгі болып
табылатын сынып жетекшінің еңбегі аса жоғары жауапкершілікпен сипатталады.
Сынып жетекшінің жұмысында  нәтижеге жетудің бір жолы ол- іс-әрекетті дұрыс
жоспарлау. Сынып ұжымын  жоспарлау барысында тәрбие міндеттерін нақты
белгілеп, балалардың жеке жас ерекшеліктерін және олардың тәрбиелік 
деңгейімен өмірдің талабын еске ала отырып атқару қажет. Мектептегі сынып
жетекшісінің тәрбие жұмысындағы  негізгі міндет-оқушылардың  жеке басын
қоғамның    талабына сай тәрбиелеу.

Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға
отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне
қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері
түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісі ата – аналар
педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы
міндеттеледі.

Баланың  жақсы болып өсуі – тәрбиеден. Тәрбиенің дұрыстығы-
тәрбиешіден. Баланың ең алғашқы тәрбиешілері- ата- анасы. Бойына білім
дәнін себетін басты тұлға- ұстаз. Ұстазы білімді болса, шәкірттерінен озық
ойлы азамат шығады. Ана тәрбиесі, әке тәрбиесі, ата- ене тәрбиесі халық
тәрбиесімен сабақтасады. Ғұлама ойшылдарды, ақиық ақындарды, әділ билерді,
шешендерді, ел қорғаған батырларды, халқын біріктірген хандарды да
халқының  тарихын ұрпақтан- ұрпаққа жеткізе жырлаған жырауларды да халық
тәрбиелеген.

Халық тәрбиесі ұрпақты ақыл-кеңес, тамаша ата-баба дәстүрлерімен
тәрбиелеу. Ағашты  шыбық  кезінде дұрыс  күтіп баптаса, өскенде  талда
өскеннен кейін  өз өркенін жайып өсіп   жеміс береді. Сол ағаштың  түзу 
болып  өсіп-өніп  жеміс беруі  күтім, тәрбиеден болып отыр.  Сондықтан ата-
ана баласына  дұрыс тәрбие берсе, ағаш тәріздес түзу  болып өсіп, өркенін 
жаяды.

Кейбір ата-ана ұлы мен қызына  киемін  дегенін кигізіп, жасаймын
дегенін жасатып, баласының рухани мүгедек болуына өздері себепкер болады.
Баласына қастандық жасағанын кеш түсініп бармағын шайнайды. Ата-ана
баласын   дұрыс  тәрбиелемесе  қисық ағаш  болып өседі. Сондықтан   ұстаз-
педагогикалық шеберлігімен үлгілі тұлға бола біледі, үлкен өмір жолына
бағыт береді.

Қорытындылай келе  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Болашақта еңбек етіп,
өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе,
Қазақстан сол деңгейде болады, яғни тәрбиенің түпкі мақсаты- қоғамның
нарықтық қарым- қатынасқа көшу кезінде саяси- экономикалық және рухани
дағдарыстарында жеңіп шыға алатын, ізгілігімен  XXI ғасырды дамытушы,
іскер, өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті дара тұлғаны тәрбиелеп
қалыптастыру деп тұжырым жасады.тәрбиенің алғашқы бастамасын бала жанұядан
алады. Жанұя — әрбір бала үшін алтын бесік. Тәрбие жұмысын жүргізуде ата-
ана мен  мектептің бірлігі қажет.

1. Отбасы шағын мемлекет

Отбасы — шағын мемлекет. Отағасы, отанасы, ата мен ене — осы отбасының
түп-тамыры. Санамызға енген дәстүр ме, әлде жаһанданудың ызғары ма, кім
білсін, соңғы кездері отбасы деген асыл ұғымға атүсті қарайтын болып
жүрміз. Қит етсе, ажырасуға арыз беру, некесіз баланы дүниеге әкелу,
жасанды түсік жасап, шарананы тұншықтыру, түптеп келгенде, ешбір
міндеттемесіз азаматтық некеге тұру сияқты үрдіс қоғамда белең алып келеді.
Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсеңіз, елімізде отбасын оңай құрып,
қиындығын сезінген соң, жеңіл жолмен ажырасып кеткендер санының күрт
көбейгенін аңғарасыз. Мәселен, 2010 жылдың төрт айында 40328 қиылған
некенің 12805-і ажырасып тынған. Ал 2011 жылдың сол уақытында 41021 адам
некеге тұрса, соның 13620-сы ажырасқан. Мамандардың пайымдауынша, 18 бен 35
жас аралығындағы жастар ажырасуға бел буады. Жас отбасылардың некеден оңай
бас тартуына материалдық жетімсіздік, психологиялық үйлесімнің болмауы әсер
етеді екен. Рас, нарықтың қамыты мойнымызға байланған мына заманда отбасы-
ошақ қасын ұстап тұру да қиын. Әйтсе де қазақ елінің басынан өткен түрлі
зұлматты кезеңдерде ер азаматтар мен отбасының тірегі һәм жылу берер
жаршысына айналған әйелдер бірігіп көтерген шаңырақтан бас тартқан емес.
Заманға бейімделеміз деп, еуропаша өмір сүре бастадық. Шаңырақ көтеру
немесе мүлдем некеден бас тарту — бүгінгі таңда қалыпты жағдайға айналды.
Бұған қоса, соңғы кездері бесіктен белі шықпай от басып, опық жеп
бойжеткендер өз өмірлеріне балта шабу үрдісі кең етек жайды. Кей деректерге
жүгінсек, елімізде жыл сайын 300 мың сәби дүние есігін ашпай, ананың
құрсағында тұншығады екен. Көбіне 14-16 жастағы жас жеткіншектер осындай
жантүршігерлік әрекетке барады. Осының бәріне не түрткі? деген ой қылаң
береді санада.
  Отбасының ойрандауы, ақ некенің бұзылуына екі жастан бөлек,
балаға тәлім-тәрбие берген отбасының маңызды рөл атқаратыны айтпаса да
түсінікті. Тәрбиенің тамаша үлгісі отбасынан басталады. Бауыржан Момышұлы:
Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан
қорқамын, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің
көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын
балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі
тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма
деп қорқамын… деген екен.
  Расында, солай. Келін мен балаға, немере мен шөбереге ертегі
айтатын әжелер, ақыл-кеңесін ортаға салатын ақсақалдар азайды. Бүгінде
ақсақалдар емес, бала-шағамен бірігіп отырып, шайтан судан сіміретін шалдар
мен келінімен жағаласып жүріп сәннің соңғы үлгісіне қызығатын апалар һәм
әжелер көбейді. Осының бәрі қоғамның рухани құлдыруына әкеп соғатын
факторлар. Халқымызда Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиеле, өз ұлтының
тәрбиесімен тәрбиеле деген мақал бар. Яки баланы ұлттық құндылықта
тәрбиелейтін ата-әже институты бүгінгі қоғамға ауадай қажет. Халықаралық
Edtech.kz орталығының директоры, ұстаз Ғани Бектайұлы АХАЖ бөлімінің
маңайына жастарға тәлім-тәрбие көрсетіп, дұрыс бағытты нұсқар ата-әже
институтын қалыптастыру керек деген пікірде. Отбасы — ойыншық емес. Бүгін
қосылып, ертең ажырасып жататын жастар көп. Сондықтан әрбір АХАЖ бөлімінің
қасынан отбасы құндылығы, отанасы мен отағасының рөлі, бала тәрбиесі туралы
кеңінен түсінік берер ата-әже институтын қалыптастырсақ, мұндай сорақы
қылықтар орын алмас еді дейді Ғани Бектайұлы.Кеңес Одағының кезінде мектеп
қабырғасында отбасын құру, бала тәрбиесі жайында тәрбие беретін пәндер
енгізіліп, тұрақты жүргізіліп тұрған. Бүгінде Әдеп сияқты пәндерде ғана
отбасының маңыздылығы жайында аз-кем ақпарат беріледі. Алайда түбегейлі
тәрбие берер пән жоқ. Алматы облысының орталық мешітінің наиб-имамы Марат
Ниетуллаевтың айтуынша, бүгінгі таңда жастарға рухани тәрбие керек. Қоғамда
жасанды түсік жасату, жастайынан ойнап жүріп от басу, ақ некеге немқұрайды
қарау рухани тәрбиенің әлсіздігінің салдары. Қазір жоғары оқу орындарында,
мектептерде отбасы құндылықтарын насихаттайтын пәндер жоқтың қасы. Мектеп
былай тұрсын, отбасында ата-ана мен баланың, әже мен немеренің арасында
рухани әңгіме жоқ. Әркім өз басының, күнделікті тіршіліктің қамымен жүріп
әлек. Бұрындары отбасы мүшелерінің арасында әдемі әңгіме өрбіп, үлкендер
кішіге үлгі-өнегесін, ақыл-өсиетін айтып отырушы еді. Қазір мұны таппайсың
дейді ол. Ал еліміздің құрметті доноры, немере тәрбиелеп отырған апамыз
Қалиша Тұрысбекова ата мен әженің тәрбиесіне қоғамымыз зәру-ақ дейді.
Қазақта қашанда баланың тәрбиесіне самайын ақ басқан ата мен әже
ыждаһаттылықпен қараған. Өкінішке қарай, ата мен әжеге балаға тәрбие беру
жолында ата-ананың өзі кедергі болады.
1.2 отбасы-тәрбие бастауы
       
 Тәрбие-мәнгілік және адамзаттық мәселе. Тәрбие-қоғамдық құбылыс.
Білім мен тәрбие егіз. Тәрбие-отбасымен басталады деген сияқты тәрбие
туралы қағидалар күнделікті тұрмыста күн тәртібінен түспейтін өзекті
мәселе. Бұл ерекшеліктер ғұмырдан ғұмырға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып
қалып отырады. Қазіргі даму заманында қазақ жастарының тәрбиесі, ата-ана
және қоғам,ұстаздары қосылатын жоғарғы талап, өйткені талантты талғаммен
жол ұштастыра алатын ұстаз ғана бала жүрегіне жол тауып,шәкірттерді алға
жетелері анық.. Сол ұрпаққа беретін ең жоғары қасиеттердің бірі- рухани
адамгершілік тәрбиесі [1].
         Тәрбие табалдырықтан дегендей бастауыш сыныпта алғаш рет
мектепке келген күннен бастап,білім мен тәрбие қатар беріледі. Баланың өз
ата-анасы на мейірімділігі сияқты, ұстазына деген сүйіспеншілігі мен
баланың махаббаты шексіз болуы тиіс [2].  
          Адамдардың бір-біріне мейірімі мен ұлағатты тәрбиесі,
баланың бір-бірімен достасуы, араласуы, сөйлесуі тіршілікті
сақтайды.  Тәрбиесі түзелмей елдің көсегесі көгермейді, отбасы түзелмей,
болашақ түзелмейді десе, ал  ғылым  Әл-Фарабидің Адамға ең бірінші білім
емес, рухани тәрбие керек,  тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қос жауы.
Ол келешекте адам өміріне апат әкеледі -дегені де мәлім. Жастар – біздің
болашағымыз. Қазіргі мектеп бала-ертеңгі қоғам қайраткері, егеменді
еліміздің, тәуелсіз мемлекетіміздің, болашағын дамытатын еркін елдің еркін
ұланы.
         Демек, білім бере отырып, оқушыларымыздың бойына тұлғаның
дамуының қалыптасуына бағыт –бағдар беретін қазіргі біз ұстаздар қауымы.
Сыр бойында дүлділ батырлар ,жыраулар,сүлейлер және суырлы салма ақындар
өткен. Өзіміздің жерлесіміз Манап Көкенов, Адырбек Сопыбеков, Дүкенбай
Досжанов сияқты ақындарымыздың өлең-жырларын сусындап, тәлім-тәрбие алып
өстік.
          Ұяда не көрсен, ұшқанда соны ілерсің,  Сүттен біткен
мінез сүйекпен деген мақалдарды ескере отырып, жастарды    Үлкенге
құрмет, кішіге ізет көрсетіп, иіліп сәлем беруін әрқашан еске салып
отырғанымыз қажет.
  Жастардың тәрбиелі болу- өз ортасына да байланысты.
Өтіріктің  қадамы-бір тұтам   бастауыш сыныптан бастап шыншылдыққа,
ұйымшылдыққа, мейірім мен және көпшіл болуға тәрбиелеуміз кажет [3]
         ҚР Президент Н.Ә.Назарбаев жолдауында: Жаhандық және
күрделене түскен әлемдік бәсекелестік жағдайында  қазақстандықтар адам
дамуының басты салалары, саналы білім мен сапалы тәрбие  мәселелері
адамзаттық борышымыз екендігін атап көрсеткен.
         Тәрбие — ауқымы өте кең ұғым. Әл-Фараби атамыз
айтқандай,                Адамның басына қонған бақыттың тұрақты
болуы  жақсы мінез-   құлқына байланысты.
          Ақыл- тон андағанға тозбайтұғын,
          Білім — кен қанша болса азбайтұғын.
          Қатарың оза шауып бара жатса,
         Арқаның ауруы не қозбайтұғын — деп Тұрмағанбет Ізтілеуов
айтқандай біліммен жастарымызды қаруландырумыз қажет [4]
     Яғни,  болашақ жастарымыз адамгершіліктен нәр алып, мейірім
шуағына сусындап ата дәстүрімен қуаттанып, мінезге бай, тәлім- тәрбиені,
көрегенді болса, бақытты болармыз хақ.

II Бөлім. Қазақ отбасындағы этноәлеуметтік қарым-қатынастардың бала
тәрбиесі мен Ұлттық тұтастықты сақтаудағы маңызы
 
Қазақ халқының әлеуметтік ұйымының бастапқы ұясы патриархалды
отбасынан бастау алатын ата-бабалары немесе әулеті болса, олардан құралатын
ру-тайпа одан бірнеше есе үлкен болған.

Қазақ қоғамының негізіне айналған ру-тайпа, әулет және олардың барлық
мүшелері бір-бірімен қандас-туыстас болып есептеледі. Қазақ халқының
этникалық ерекшеліктеріне кеңес заманында оң баға берген ғалымның бірі
антрополог О.Ысмағұлов “Антропологиялық зерттеулерге қарағанда, ежелгі және
осы замандағы Қазақстан тұрғындарының генетикалық байланысы ІІІ мың жылға
тарта уақыт бойы үзілмегендігін” жазған еді 1. 

ХҮІІІ ғасырда қазақ халқының арасында рулық салт-сананың сақталып келгенін
олардың әр түрлі туысқандық қарым-қатынастарынан көре аламыз. Ең алдымен,
жеті аталық ұстанымға негізделген бұл жол қазақ халқының этнобиологиялық,
этномәдени, этнопедагогикалық, этноәлеуметтік ұлттық рухани тұтастығын
қамтамасыз етіп отырған.

Сонымен қатар, туысқандық қарым-қатынастар түрлі жағдайда тікелей мұрагері
немесе әмеңгері қалмаса, қандай да бір көмек түрінде байқалады. Мәселен,
қыз ұзату, келін түсіру, кісісі өлгенде аза салу, яки кездейсоқ апатқа
ұшырағанда мал мүліктен айырылғанда ымырашылдық еркін көрініс берген. Жалпы
алғанда, осындай жүйе арқылы ХҮІІІ ғасырда қазақ даласында ата-бабамыздан
келе жатқан халқымыздың этноқауымдық бірлестігі оңайлықпен ыдырамайтындығын
көрсетті. Қазақ қоғамының этноәлеуметтік ағзасының негізі болып табылатын
руларды, оның іргелі бөліктері – ауылдарды жасы үлкен, жоғары мәртебеге ие,
шаруашылық тетігін білетін, тәрбиені жүйелілігіне мән беретін тәжірибелі
ақсақалдар басқарған. Олар жас ерекшеліктеріне орай “абыз”, “ру басы”, “ел
ағасы” деген атаулармен аталған. Отбасы мүшелерінің әлеуметтік рөлдері ел-
жұрттың, ауылдастың, рудың, аталастың, әулеттің және үш жұрттың мүддесін,
яғни, рухани тұтастығын көздеді. Отбасының туысқандық қарым-қатынастары
жөнінде теориялық негіз болатын ойды отбасы туралы алғаш зерттеушілердің
бірі Ф.Энгельс айтқан болатын: “Семья одан әрі дами бергенімен, туысқандық
жүйесі бір орында қатып қалады, бұл жүйе әдетке айналғандықтан өмір сүре
беретін болса, семья оның шегінен шығып кетеді 2. 

Қазақ отбасында өз ұрпағын болашақ отбасылық өмірге даярлаудың басты
ұстанымдары: физиологиялық ұстанымы, әлеуметтік ұстанымы, діни ұстаным,
әлеуметтендіру ұстанымы, сабақтастық ұстанымы:

некеге тұруға рұқсат берілген 18 жас баланың дене бітімі мен ағзасының
дамып жетілуі, өсіп-толысуы толық сипатта кәмелетке толуын білдіреді.
Жасы жеткен перзентін отбасылық өмірге дайындаудың физиологиялық
тұрғыдан қажеттілігі айқын;

ата-ананың ұлғаюы немесе олардың тірек болуының әлсіздігі арқылы
тұрмыс-тіршілігін, отбасының тауқыметін көтеруге жасы жеткен баласын
отбасын құруға бейімдеу, әлеуметтік ұстаным арқылы қажеттілік туғызу;

“Үйленуге мүмкіндігі бола тұрып, үй болып басын құрамағандар менің
үмбетім емес” деген Ислам пайғамбарының қағидасына сай, үй болу,
тұрмыс құру, жұбайлық өмірге дайын болудың бірден бір діни сенім жолы;

отбасында берген тәрбие мен заман талабына сай өмірге бейімдеу арқылы
өз тұрмысын өз қолымен құруға қызығушылықтың тууы әлеуметтендіру
ұстанымы арқылы мүмкіндік табады;

сабақтастық ұстанымы әкенің жолын жалғастыру, ата жолын қуу, әулеттің
атын жалғау, шежіреде ат қалдыру немесе ұлт мүддесін көздеп,
қажеттілігі арқылы болашақ отбасылық өмірге даярлаудың бір жолы.

Осындай ұстанымдарды этноәлеуметтік рөлдерді меңгерту арқылы іске асыру
қолға алынар болса, онда қазақ халқыныңерекшелігі, табиғилығы,
мәдениеті ұлттық тұтастық пен беріктігін сақтаған болар еді.

Этнопедагогиканың атасы саналған Г.Н.Волковтың айтуы бойынша,
этнопедагогикада үш ұстаным бар. Бірінші – табиғилық, екінші – мәденилік,
үшіншісі – халықтық. Табиғилық ұстанымы педагогика ғылымына философия
категориясынан бұрын келіп жетті. Жер жүзі халықтары бұл қағиданы ескермей,
бала тәрбиелеген емес. Осыған орай психологиядағы ғылыми ұстанымдардың
біріне географиялық детерминизм ұстанымы жатады. Бұл ұстанымның мән-
мағынасы адамдардың психикалық ерекшеліктерін зерттеу барысында оның өмір
сүріп отырған белдеуінің тұрмыс-салтын ескеру керектігі жөнінде айтылады
3. 

Жоғары сынып оқушыларын отбасылық өмірге даярлауда этноәлеуметтік рөлдерді
меңгертуге тәрбиелеудің табиғилық ұстанымы — жас ерекшеліктері мен
биологиялық толысу ерекшеліктерін ескеру; генетикалық мүмкіндік пен тұқым
қуалаушылық мүмкіндіктерді ескеру; таза, мықты ұрпақ әкеліп, сабақтастық
жолын сақтау.

^ Мәденилік ұстаным арқылы — отбасылық мүшелері арасындағы қалыптасқан
дәстүрлі қарым-қатынасты сақ
тауда әлеуметтік рөлдерді меңгеруін ескеру; отбасы және әулет, ру және
үш жұрт арасындағы этноәлеуметтік рөлдерді игеру және өмірде атқаруға дайын
болу;

^ Халықтық ұстаным арқылы — этноәлеуметтік рөлдерді меңгерудің қыр-сырын
насихаттау, өмір салтына ендіру.

Осылайша, отбасылық өмірде этноәлеуметтік рөлдерді меңгертуге тәрбиелеу мен
әлеуметтендіру мәселесін ұстанымдар арқылы қарастыруға болады.
Этноәлеуметтік қарым-қатынастарды реттейтін, іске қосып, жүзеге асыратын –
этноәлеуметтік және әлеуметтік рөлдер. Этноәлеуметтік рөлдерді меңгертуге
тәрбиелеу мен әлеуметтендіру отбасы, әулет, аталас, ру, жүз, ел бірлігін,
ұлт тұтастығын сақтау, бауырмалдықты күшейту, сыйластықты арттыру, салт-
дәстүр мен төл мәдениетімізді дәріптеуге қол жеткізеді.

Қазақ халқының сан ғасырлар қалыптасып, тарих талқысынан өткен, салт пен
әдет-ғұрып аясында өрбіп, тәрбие шеңберінде дамитын, заман талабымен
жаңғырғанымен, қалпын сақтайтын тамаша дәстүрлері бар. Солардың негізгісі –
“үш жұрт”. “Үш жұрт” ұғымы – туысқандықты сақтайтын
этноәлеуметтік тұтастық. “Жігіттің үш жұрты” болып патриархалды түсінікке
сай айтылғанымен, мейлі ер, мейлі әйел болсын, отау тігіп отбасын құрғаннан
бастап, туысқандық қарым-қатынасты үш жұрты арқылы өрбітеді. 

Үш жұрттың біріншісі – өз жұрты. Оған әкесінен тараған бірге туған
бауырларымен бірге әкесінен арғы аталарынан қосылатын ағайындарына дейінгі
туысқандары жатады. Оларды жеті атаға дейін санай бастағанда бір қауым ел
болатын ағайын-жұрт. Өз отбасыңдағы әке мен шеше, ата мен әже, аға мен іні,
апа мен қарындас немесе сіңілі, сондай-ақ, өз бауырларыңның жарасты
жұптары: жеңге мен келін, жезде мен күйеу бала, абысындар бір шаңырақ
астында туысқандық қарым-қатынас арқылы өз міндеттерін – әлеуметтік
рөлдерін атқарады.
Екіншісі – нағашы жұрты: туған анасының төркін-жұрты. Яғни, жиеннің
танымы бойынша шешесінің туған әке-шешесі, ата-әжесі, аға-інісі мен апа
сіңлілері және олардың жұптары мен балалары. Осы орайда нағашы ағаның
баласы да нағашы іні болып, туыстық қалпын сақтағанмен, нағашы апаның
баласы “бөле” деп аталады. Өйткені, оның сүйегі басқа жұрттыкі. 

Үшінші – қайын жұрт: жігіт үшін алған әйелінің төркіні немесе әйелдің келін
боп түскен жері. Келген келін үшін: қайын ата мен қайын ене, қайын аға мен
абысын, қайын апа мен жезде, қайын іні мен келін, қайын сіңлі мен күйеу
бала т.б. Ал, жігітке қайын ата мен қайын ене, қайын аға мен жеңге, қайын
апа мен үлкен бажа, балдыз бен келін, балдыз бен кіші бажа сияқты қайын
жұрт деп аталатын туыстар тобы.
Этноәлеуметтік рөлдер “үш жұрт” аясында өз қызметін жан-жақты
өрістетеді. Халқымызда “Ағайын жұрт – күншіл, қайын жұрт – міншіл, нағашы
жұрт — сыншыл” деген сөз бар. Бұл бір жағынан әлеуметтік-
психологиялық сипаттама болғанымен,әлеуметтік-педагогикалық  жағынан үш
жұрттың адамды тәрбиелеудегі ұстанатын қағидасын көрсетеді. Демек, қазақтың
жігіті немесе қызы үш жұртына жағу үшін үш түрлі ұстанымға сай әлеуметтенуі
тиіс. “Күншіл”, “міншіл”, “сыншыл” ұстаным – адамды шыңдайтын аса өткір
талаптар. Өз жұртын күншіл деудің өзі ағайын жұрттың өз адамына деген
талабының жоғарылығы. Қазақ тілінің сөздігінде “күншіл – іші тар,
қызғаншақ” деген түсінікті береді 4. Қазақ өз туысы мен өз ағайынына әр
ісімен есеп беріп отыруы қажет. Жолға шығарда қоштасып, келсе барып сәлем
беріп, іс бастарда ақылдасып, өз тойыңда ағайынға ерік беріп, олардың тойы
мен азасында басқа жұрттан мол үлес қосуы қажет. Бұл … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz