«Отбасындағы татулық» тәрбие сағаты

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




«Отбасындағы татулық» тәрбие сағаты

Автор: Болжырова Гулжан Сарсембековна

Бағыты: Басқа Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 8 сынып

Жарияланған уақыты: 2018-12-31


Материал туралы қысқаша түсінік

мұғалімдерге оқушыларға тәрбиешілер өз сабақтарында пайдаланады.




Тәрбие сағатының тақырыбы: Отбасындағы татулықСабақтың мақсаты:1.Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.2.Оқушылардың  естес ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы  құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.Әдісі:әңгімелеу, топтастыру, сұрақ-жауап.Көрнекі құралдар: отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақылсөздер, суреттер.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал туғыз.Қане, қане, тұрайық,Үлкен шеңбер құрайық.Тұрсақ үлкен шеңберге, Алақанға ұрайық.Психологиялық сәт.«Еркелету» жылулық шеңбері.(Ата-аналарыңның өздерін еркелеткен сөздерін айту.)ІІ. Негізгі бөлім.Жұмбақ жасыру.Маған да, саған да,Жақын, туыс адамдар.Бәрі де өз жұртың,Айтыңдар, олар, кім ? (Отбасы)— Ия балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен. — Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?— Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір — біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.Отбасы туралы әңгімелеу.-Оқушылар жалпы отбасы деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер?-Отбасы деген не?-Отбасы құрамы деген кімдер?-Отбасының адам өміріндегі маңызы қандай?Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Отбасы — адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің  тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады.Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке — тірек, ана – жүрек, бала – тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы шағының үш тағаны іспеттес.Ендеше 3 топқа бөлінейік.

>







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.