Орта қашықтыққа жүгірудің техникасы мен мектептегі кросс дайындығы  

0

1 бет

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІСЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы: Орта қашықтыққа жүгірудің техникасы мен мектептегі кросс дайындығы  
Орындаған: Тогызбаева Мариям
СӨЖ

2 бет

Жоспар:
Сөреден жүгіріп шығуОрта және ұзақ қашықтыққа жүгіру техникасы.Дистанция бойымен жүгіруБұрылыс тармен жүгіру.МәреКросстың схемасыКроссДала жарысының ережелеріЕскертулерПайданылған әдебиеттер

3 бет

Сөреден жүгіріп шығу
Жоғары сөре – орташа және ұзақ қашықтыққа жүгіру үшін қолданылады. Жоғары сөреге бір адым алда, итерілетін аяқты артқа қойып сәл алдыға еңкейіп тұрады. Бұл жерде мынадай сұрақ туындайды –қай аяқты алдыға, қай аяқты артқа қою керек. Адамның табиғи жағдайда бір аяғы сілтейтін де, екінші аяғы итерілетін болып қалыптасады. Бұл жағдай тек сөреде тұрғанда емес, секіргенде, лақтырғанда, демек жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларын дерлік орындағанда қолданылады.

4 бет

Орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру техникасы. Жүгіруші вертикаль кезінде байқалып тұр . итеретін аяқ тізе мен табан буыны арасы бүгіліп серпілуге дайын. Осы кезде сермейтін аяқ сирақ буыннан бүгіліп тез алға қозғалып итеретін аяқтын зор күшпен жазылуына ісерін тигізеді. Итеретін аяқ жерден серпілгеннен кейін сермейтін аяқтың тізе буыны бір денгейге дейін көтеріліп бел сол иіліп, жамбас алға жиылып, дене керекті бағытқа бағытталып тік, бос ұсталады, көз қиығы алға бағытталған. Итеру кезеңі аяқталғанан кейін ұшу кезеңі басталады. Жерден көтеріліп серпілген аяқ, сирақ буынынан бүгіліп төмендеп келе жатқан сермейтін аяққа қарай ұмтылады. Сермейтін аяқ түзу сызық бойымен табанның бас жағына ешқандай бұрылусыз қойылады. Сермейтін аяқтың тез төмендеп жерге қойылуы, тізе буынының толық жазылуына соқпауы қажет. Сонда ол дененің ортақ нүктесіне қойылады, сонымен қатар қозғалыс кезіндегі кедергіні азайтады, аяқ тез серпілуге дайын болады.

5 бет

6 бет

Қолдың қозғалысы

7 бет

орта және ұзақ қашықтықта жүгіргенде аяқты дұрыс орнату

8 бет

Дистанция бойымен жүгіру. Орта және ұзын қашықтыққа жүгірген де, дене қалпы тік, сермеу адымымен басталып, тұрақты адым ұзындығына және жедел адымға көшеді. Адым ұзындығы және жылдамдығы жүгірушінің жекелеген қасиеттеріне бойына, аяқ ұзындығына, жылдамдығына, тыныс алуына жалпы шеберлігіне байланысты.

9 бет

Бұрылыс тармен жүгіру. Бұрылыспен жүгірген жүгіруші денені сәл солға бұрады, сол қол жедел қозғалып, ал оң қол созғалысы баялау болады

10 бет

Мәре. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіру әр кезде мәрелік ұмтылумен аяқталады. Ұзындығы әр түрлі. Орта есеппен 1,50-2,00 метр.

11 бет

Кросстың схемасы

12 бет

Кросс
Дала жарысы-кедергілері көп, яғни, ойлы-қырлы жерлерде өткізіледі. Онда жарысқа қатысушы ағып жатқан бұлақтан секіріп, өтеді. Секіре алмаса, айналып өтудің жолын іздейді. Өрге шығады, еңіске құлдилайды,аспалы көпірден өтеді және т.б. Негізгі мақсат кездесетін кедергілерден дұрыс өте білу.

13 бет

Дала жарысының ережелері мынадай:

Жүгіруді бірден жоғары қарқынмен бастауға болмайды. Себебі, бірден қатты жүгірген адам тез шаршайды да, межелі жерге жете алмай қалуы мүмкін;Алыс қашықтыққа жүгіруді баяу бастап, жылдамдықты біртіндеп үдете беру қажет;Дала жарысына киімді ауа райының ыңғайына қарай кию керек.Жүгірген кезде қолды шынтақ буынынан бүгіп ұстап, бүйірге онша тақамай, аяқтың жүгіру ырғағымен еркін сілтеп отырған жөн.

14 бет

Ескертулер
Ауа райына байланысты қолғап, бас киім жылы киім киюМұрынмен дем ал, ауыздан дем шығар

15 бет

Пайданылған әдебиеттер:
1.Төтенай Базарбек. Дене тәрбиесі: Оқулық. 2-басылым. – Астана: Фолиант, 2012. – 160 б. 2. Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент– 2003 ж