Өрнектің мәнін тап, Математикалық жатжазу 4 сынып

0
0

4 – сынып
№ 1 тапсырма

Өрнектің мәнін тап.
1. 8 бірл. ІІІ кл, 204 бірл. ІІ кл, 7 бірл. І кл тұратын санды жаз.
2. 7 бірл. 6 – шы разрядта, 3 бірл. 5 – ші разрядта, 2 бірл. 3 – ші разрядта және 9 бірл. 1 – ші разрядта тұратын санды жаз.
3. Қосындысы 1000 – ға тең үшінші қосылғышты тап. Мұнда бірінші қосылғыш – 450, екіншісі – 380.
4. 480 саны ойлаған саннан 30 есе артық. Ойдағы санды тап.
5. 5 – тің кубын тап.
6. Сегізден бір бөлігі 15 – ке тең болатын толық санды тап.
7. Бөлінді 11 – ге тең. Егер бөлгіш те 11 – ге тең болса, бөлінгіш нешеге тең болмақ?
8. Қандай санды бөліндіде 12 шығу үшін 40 – қа бөлу керек?
9. 87323 санында неше жүздік бар?
10. Мыңдықтар класында 346 бірлігі бар санды жаз.

Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 16 мен 14 сандарының қосындысын 13 – ке кеміт.
2) 42 мен 20 сандарының айырмасын 4 есе арттыр.
3) 6 мен 6 сандарының көбейтіндісін 7 мен 8 сандарының көбейтіндісіне арттыр.
4) 350 мен 7 сандарының бөліндісін 21 мен 29 сандарының қосындысына кеміт.
5) 6 санын 40 пен 30 сандарының қосындысына көбейт.
6) 920 мен 870 сандарының айырмасын және 360 пен 190 сандарының қосындысын қос.

№ 2 тапсырма

Өрнектің мәнін тап.
1. 64 бірлік ІІІ кл, 23 бірлік ІІ кл, 5 бірлік І кл. тұрған санды тауып жаз.
2. 8 бірлік 7 – ші разрядта, 2 бірлік 6 – шы разрядта, 6 бірлік 4 разрядта, 8 бірлік 2 – ші разрядта тұрған санды тауып жаз.
3. Қандай ең үлкен үш таңбалы санды 20 – ға бөлгенде 3 қалдық қалатынын тап.
4. 9 санының квадратын тап.
5. 780 – нің үштен бір бөлігін тап.
6. 750 ондықтың 25 бірліктен неше есе көп екенін анықта.
7. Бөлінгіш – 96 болған жағдайда, бөлінді – 16 болған жағдайда бөлгіш қанша болады?
8. Азайғышы – 300, айырмасы – 175. Азайтқышты тап.
9. Миллиондар класындағы 725 бірлікті сан ретінде жазып көрсет.
10. 4568 санын разрядты қосылғыштардың қосындысы ретінде жазып көрсет.

Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 680 мен 320 сандарының қосындысын 12 мен 3 сандарының көбейтіндісіне арттыр.
2) 9 жүздік пен 35 ондықтың айырмасын 24 ондық пен 28 ондықтың қосындысына кеміт.
3) 3 пен 26 сандарының көбейтіндісін 22 – ге арттыр.
4) 800 бен 5 сандарының бөліндісін 8 есе кеміт.
5) 72 ондықты 43 пен 47 сандарының қосындысына бөл.
6) 600 бен 5 сандарының бөліндісінен 15 пен 6 сандарының көбейтіндісін азайт.

№ 3 тапсырма

Өрнектің мәнін тап.
1. 398999 санынан 1 саны артық санды тауып жаз.
2. 789000234 санында неше мыңдық бар?
3. ІІІ кл. 7 бірлік, І кл. 36 бірлік болатын санды жаз.
4. 6 – шы разрядта 3 бірлік, 5 – ші разрядта 8 бірлік, 4 – ші разрядта 2 бірлік және 1 – ші разрядта 7 бірлік болатын санды жаз.
5. 487 санын 1000 есе арттыр.
6. Ең кіші бес таңбалы санды жаз.
7. Бөлгіші – 60, бөліндісі – 12 болғанда бөлінгіш қанша болады?
8. Азайғышы – 2000, айырмасы – 690 болғанда азайтқышы қанша болады?
9. 3000 саны ойланған саннан 170 – ке артық. Ойланған сан қанша?
10. 6709 санын разрядты қосылғыштар түрінде көрсет.

Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 5 жүздік пен 4 ондықтың қосындысын 14 пен 5 – тің көбейтіндісіне кеміт.
2) 360 пен 90 сандарының айырмасын 920 мен 170 сандарының айырмасына арттыр.
3) 4 саны мен 9 бен 8 – дің қосындысын көбейт.
4) 126 мен 30 сандарының айырмасының және 16 санының бөліндісін тап.
5) 37 мен 20 сандарының көбейтіндісін және 270 пен 3 – тің бөліндісін қос.
6) 280 мен 460 сандарының қосындысынан 340 пен 390 – ның қосындысын кеміт.

№ 4 тапсырма

Өрнектің мәнін тап.
1. ІІІ кл. 201 бірлік, ІІ кл. 705 бірлік болатын санды жаз.
2. 7 – ші разрядта 6 бірл, 5 – ші разрядта 2 бірл, 4 – ші разрядта 9 бірл, 2 – ші разрядта 1 бірл. болатын санды жаз.
3. 230454 санында неше жүздік бар екенін тап.
4. 10040 санынан 1000 – ға кіші санды тауып жаз.
5. 201099 санынан бұрын айтылатын санды жаз.
6. 7 санының квадратын тап.
7. 5 санының кубын тап.
8. 3600 саны ойлаған саннан 6 есе артық. Ойлаған санды тап.
9. 1 грамм 1 килограмның нешінші бөлігін құрайды?
10. 1 сағаттың төрттен бір бөлігін тап.

Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1. 90 мен 6 сандарының көбейтіндісін 360 пен 4 – тің бөліндісіне арттыр.
2. 840 пен 7 сандарының бөліндісін 480 мен 4 – тің бөліндісіне кеміт.
3. 30 бен 17 сандарының айырмасы мен 7 санының көбейтіндісін тап.
4. 85 ондықтың және 37 мен 13 сандарының қосындысының бөліндісін тап.
5. 400 бен 8 сандарының бөліндісін 720 мен 9 сандарының бөліндісіне қос.
6. 78 бен 3 сандарының бөліндісін 51 мен 3 сандарының бөліндісіне кеміт.

№ 5 тапсырма

Өрнектің мәнін тап.
1. 75 санына 100 болу үшін қанша қосу қажет?
2. 26 ондық 45 бірліктен қаншаға көп?
3. Азайтқышы – 570, айырмасы – 30 болатын өрнектің азайғышын тап.
4. Бөлінгіші – 64, бөліндісі – 4 болатын өрнектің бөлгішін тап.
5. Қандай санды 4 есе кеміткенде 13 саны шығады?
6. 630 санының жетіден бір бөлігін тап.
7. ІІІ кл. 308 бірл, ІІ кл. 7 бірл, І кл. 3 бірл. болатын санды жаз.
8. 6 – шы разрядта 7 бірл, 5 – ші разрядта 4 бірл, 3 – ші разрядта 9 бірл, 1 – ші разрядта 8 бірл. болатын санды жаз.
9. 620 саны ойланған саннан 180 – ге көп. Ойланған санды тап.
10. Қосындысы 110 болғандағы үшінші қосылғышты табу керек. Ал бірінші қосылғыш – 18, екінші қосылғыш – 32 – ге тең.

Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 36 мен 39 сандарының қосындысын 50 мен 2 сандарының бөліндісіне арттыр.
2) 72 мен 36 сандарының айырмасын 42 мен 24 сандарының айырмасына кеміт.
3) 4 саны мен 54 және 36 сандарының айырмасын көбейт.
4) 25 ондық пен 29 ондықтың қосындысын 60 санына бөл.
5) 21 мен 3 сандарының көбейтіндісін және 19 бен 3 сандарының көбейтіндісін қос.
6) 70 пен 4 сандарының көбейтіндісін және 360 пен 2 сандарының бөліндісін азайт.

№ 6 тапсырма

Өрнектің мәнін тап.
1. 42 саны шығу үшін 21 – ді неше есе арттыру керек?
2. 36 саны шығу үшін 34 – ті қандай саннан азайту керек?
3. Қандай саннан 700 – ді азайтқанда 18 ондық шығады?
4. Бірінші көбейткіш – 11, көбейтінді – 33 болғанда екінші көбейткіш қанша болады?
5. 96 саны шығу үшін қандай санды 6 есе арттыру қажет?
6. Бөлгіші – 60, бөліндісі – 9. Бөлінгіш қанша?
7. Бестен бір бөлігі 14 – ке тең болатын санды тап.
8. 37856 санында неше жүздік бар?
9. 230 саны ойлаған саннан 270 – ке кем. Ойлаған санды тап.
10. Мыңдықтар класындағы 878 бірліктен құралған санды жаз.

Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 16 мен 6 сандарының көбейтіндісін 75 пен 3 сандарының бөліндісіне кеміт.
2) 490 мен 7 сандарының бөліндісін 180 мен 270 сандарының қосындысына арттыр.
3) 70 пен 50 сандарының қосындысын 5 санына көбейт.
4) 64 ондықты 16 мен 5 – тің көбейтіндісіне бөл.
5) 61 мен 28 сандарының айырмасы мен 43 пен 14 сандарының айырмасын қос.
6) 16 мен 4 сандарының көбейтіндісінен 12 мен 3 сандарының көбейтіндісін кеміт.

№ 7 тапсырма

Өрнектің мәнін тап.
1. 48 ондық пен 900 бірліктің қайсысы кіші және қаншаға кіші?
2. Азайғышы – 310, айырмасы – 70 болатын өрнектің азайтқышын тап.
3. 90 мен 4 сандарының көбейтіндісін тап.
4. 3 санын 54 болу үшін қандай санға көбейту керек?
5. 35 санын 2 ондық шығу үшін қандай санға кеміту керек?
6. 1 сағаттың үштен екі бөлігін тап.
7. ІІІ кл. 56 бірл, ІІ кл. 70 бірл, І кл. 3 бірл. болатын санды жаз.
8. 5 – ші разрядта 4 бірл, 4 – ші разрядта 2 бірл, 3 – ші разрядта 7 бірл, 1 – ші разрядта 9 бірл. болатын санды жаз.
9. 45 саны ойлаған саннан 15 есе артық. Ойлаған сан нешеге тең болады?
10. Қандай ең үлкен үш таңбалы санды 30 – ға бөлгенде 6 қалдық қалады?

Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 4 жүздік пен 7 ондықтың қосындысын 840 пен 2 – нің бөліндісіне кеміт.
2) 630 бен 350 сандарының айырмасын 140 пен 160 сандарының қосындысына арттыр.
3) 7 санын 41 мен 27 сандарының айырмасына көбейт.
4) 450 мен 30 сандарының бөліндісін 5 санына көбейт.
5) 1000 санын 75 пен 5 – тің бөліндісіне бөл.
6) 800 бен 440 сандарының айырмасынан 95 пен 65 – тің қосындысын кеміт.

№ 8 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. Бірінші қосылғышы – 470, қосындысы – 800, екінші қосылғышты табу керек.
2. Қандай сан 900 – ден 17 ондыққа кем?
3. 42 саны шығу үшін 14 – ті неше есе арттыру қажет?
4. 770 пен 11 – дің бөліндісін тап.
5. 75 санын 25 болу үшін қандай санға бөлу қажет?
6. 1 метр 1 километрдің нешінші бөлігі?
7. 467302 – нің ішінде неше жүздік бар?
8. 9218670 – тің ішінде неше мыңдық бар?
9. 1010000 санынан кейінгі санды жаз.
10. 13 саны ойланған саннан 6 есе кем. Ойланған сан нешеге тең?

Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 12 мен 20 сандарының көбейтіндісін 4 жүздік пен 14 ондықтың айырмасына арттыр.
2) 840 пен 7 сандарының бөліндісін 2 жүздік пен 9 ондықтың айырмасына кеміт.
3) 56 санын 73 пен 29 сандарының айырмасына арттыр.
4) 90 санын 14 пен 5 – тің көбейтіндісіне көбейт.
5) 16 мен 5 сандарының көбейтіндісін 8 санына бөл.
6) 175 пен 35 сандарының айырмасынан 380 мен 24 сандарының айырмасын кеміт.

№ 9 тапсырма

Өрнектің мәнін тап.
1. 85 – тің 47 санынан нешеуі артық?
2. 24 – ке 50 шығу үшін нешеу қосу қажет?
3. 48 ондықты 3 есе кеміт.
4. 8 санының квадратын тап.
5. ІІІ кл. 105 бірл, ІІ кл. 76 бірл, І кл. 35 бірл. бар санды жаз.
6. 5 – ші разрядта 6 бірл, 3 – ші разрядта 4 бірл, 2 – ші разрядта 7 бірл, 1 – ші разрядта 3 бірл. бар санды жаз.
7. 350 саны ойлаған саннан 260 – қа артық. Ойлаған сан неше?
8. Қосындысы 250 – ге тең үш қосылғыштың біріншісі – 70, екіншісі – 90 болса, үшінші қосылғыш нешеге тең болады?
9. 450 санын қандай санға бөлгенде 15 шығады?
10. 72 санынан 36 саны шығу үшін қаншасын алып тастау қажет?

Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 23 ондық пен 77 ондықтың қосындысын 100 бен 35 – тің айырмасына арттыр.
2) 900 бен 130 сандарының айырмасын 560 пен 8 сандарының бөліндісіне кеміт.
3) Екі мыңды 76 мен 66 сандарының қосындысына арттыр.
4) 40 пен 8 сандарының көбейтіндісі мен 30 санын көбейт.
5) 700 санын 40 пен 26 – ның айырмасына бөл.
6) 13 жүздік пен 17 жүздіктің қосындысын 185 пен 95 сандарының айырмасына қос.

№ 10 тапсырма

Өрнектің мәнін тап.
1. 18 санын 30 – ға жеткізу үшін қаншаға арттыру қажет?
2. Қандай саннан 5 ондықты азайтқанда 440 саны шығады?
3. 60 – тан қандай санды алғанда 28 шығады?
4. 17 санын 3 есе арттыр.
5. Қандай санды 80 – ге бөлгенде 20 шығады?
6. 118573 санында неше жүздік бар?
7. 2380004 санында неше мыңдық бар?
8. 480 саны ойлаған саннан 170 – ке кем. Ойлаған сан неше?
9. Мыңдықтар класындағы 581 бірлікті жаз.
10. Ең кіші алты таңбалы санды жаз.

Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 300 бен 15 сандарының көбейтіндісін мың мен 65 ондықтың айырмасына кеміт.
2) 2 мың мен 4 ондықтың бөліндісін 80 мен 60 сандарының көбейтіндісіне арттыр.
3) 3200 санын 700 бен 500 сандарының қосындысына кеміт.
4) 40 санын 480 мен 80 сандарының бөліндісіне көбейт.
5) 630 бен 7 сандарының бөліндісін 15 – ке бөл.
6) 394 пен 106 сандарының қосындысын 870 пен 630 сандарының қосындысына қос.

№ 11 тапсырма

Өрнектің мәнін тап.
1. 270 санының 540 санынан қаншасы кем?
2. 940 санын 5 жүздікке кеміт.
3. Теңдікте 54 саны шығу үшін 3 – ке қандай санды көбейту керек?
4. 14 санын 4 есе арттыр.
5. 13 пен 17 сандарының қосындысының бестен төрт бөлігі нешеге тең?
6. ІІІ кл. 244 бірл, ІІ кл. 67 бірл, І кл. 3 бірл. бар санды жаз.
7. 7 – ші разрядта 2 бірл, 5 – ші разрядта 6 бірл, 3 – ші разрядта 4 бірл, 1 – ші разрядта 8 бірл. бар санды жаз.
8. 51 саны ойлаған саннан 17 есе кем. Ойлаған санды тап.
9. Қандай ең үлкен үш таңбалы санды 19 – ға бөлгенде 4 қалдық қалу керек?
10. 490835 санын разрядты бірліктер түрінде жазып көрсет.

Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 27 жүздікті 240 пен 150 сандарының айырмасына бөл.
2) 1000 мен 999 сандарының айырмасын 60 пен 70 сандарының қосындысына көбейт.
3) 60 пен 90 сандарының көбейтіндісін 60 пен 30 сандарының көбейтіндісіне бөл.
4) 5200 саны мен 270 пен 530 сандарының қосындысын қос.
5) 4500 бен 700 сандарының айырмасынан 900 санын кеміт.
6) 30 бен 80 сандарының көбейтіндісінің төрттен үш бөлігін тап.

№ 12 тапсырма

Өрнектің мәнін тап.
1. 740 санын 7 ондыққа арттыр.
2. Қандай саннан 12 – ні азайтқанда 40 қалады?
3. Қандай санға 57 – ні бөлгенде 19 болады?
4. Қандай сан 72 – ден 6 есе кіші?
5. 30 бен 14 сандарының айырмасының сегізден бір бөлігін тап.
6. 17 саны ойлаған саннан 5 есе кіші. Ойлаған санды тап.
7. Қандай ең кіші үш таңбалы санды 7 – ге бөлгенде 6 қалдық қалады?
8. 650 санын 1000 болу үшін қаншаға арттыру керек?
9. 35 ондық 70 бірліктен қаншаға көп?
10. Миллиондар класындағы 309 бірліктен құралған санды жаз.

Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 3200 бен 80 сандарының бөліндісін 240 пен 60 сандарының бөліндісіне көбейт.
2) 75 жүздік пен 33 жүздіктің айырмасы және 5 мындық пен 8 жүздіктің айырмасының бөліндісін тап.
3) 1600 бен 900 сандарының айырмасын 700 санына қос.
4) 160 санынан 90 мен 6 – ның бөліндісін азайт.
5) 9 мыңдықты 350 мен 190 сандарының айырмасына кеміт.
6) 240 пен 460 сандарының қосындысының жетіден бес бөлігін тап.

№ 13 тапсырма

Өрнектің мәнін тап.
1. Қандай санға 13 – ті қосқанда 40 саны шығады?
2. 36 ондық 20 бірліктен неше есе артық?
3. 480 санын 3 есе кеміт.
4. Бөлінгіші – 65, бөліндісі – 13, бөлгішін тап.
5. 14 пен 5 – тің көбейтіндісінің жетіден үш бөлігін тап.
6. 23679 санының алдында тұратын санды жаз.
7. Үш қосылғыштан құралған өрнектің мәні 630 – ға тең. Бірінші қосылғыш – 105, екінші қосылғыш – 325, ал үшінші қосылғыш нешеге тең?
8. Азайтқышы – 49, айырмасы – 51 болғанда азайғыш нешеге тең болатынын тап.
9. ІV кл. 102 бірл, ІІІ кл. 75 бірл, І кл. 27 бірл. бар санды жаз.
10. 6 – шы разрядта 1 бірл, 5 – ші разрядта 9 бірл, 3 – ші разрядта 4 бірл, 1 – ші разрядта 8 бірл. бар санды жаз.

Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 113 пен 202 сандарының қосындысын 17 мен 5 сандарының көбейтіндісіне арттыр.
2) 3600 бен 60 сандарының бөліндісін 12 – ге бөл.
3) 83 пен 54 сандарының айырмасын 1000 мен 997 сандарының айырмасына көбейт.
4) 980 мен 7 сандарының бөліндісін 14 пен 5 сандарының көбейтіндісіне бөл.
5) 3036 санының 16 мен 4 сандарының көбейтіндісіне қосындысын анықта.
6) 782 мен 218 сандарының қосындысынан 540 санын азайту керек. Айырма нешеге тең?

№ 14 тапсырма

Өрнектің мәнін тап.
1. 1000 саны 780 – нен қаншаға кем?
2. 71 санын 48 – ге кеміт.
3. 9 жүздіктен қандай санды алғанда 8 ондық қалады?
4. Бірінші көбейткіш – 12, көбейтінді 60 болған өрнектегі екінші көбейткішті тап.
5. 360 саны 120 – дан неше есе артық?
6. 420 – ны қандай санға бөлгенде 60 болады?
7. 478005 санында неше жүздік бар?
8. 840 саны ойлаған саннан 470 – ке артық. Ойлаған санды тап.
9. Миллиондар класындағы 298 бірлікті жаз.
10. 648998 санынан кейінгі санды жаз.

Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 72 мен 12 сандарының бөліндісін 6 мен 15 сандарының көбейтіндісіне көбейт.
2) 70 пен 60 сандарының көбейтіндісін 40 – қа бөл.
3) 69 бен 16 сандарының қосындысын 2 – ге көбейт.
4) 390 мен 150 сандарының қосындысын 95 пен 85 сандарының қосындысына бөл.
5) 390 мен 3 сандарының бөліндісін 870 – ке қос.
6) 7 жүздіктен 14 ондық пен 28 ондықтың қосындысын азайт.

№ 15 тапсырма

Өрнектің мәнін тап.
1. Азайғышы – 84, айырмасы – 55 болған өрнектің азайтқышын тап.
2. 12 санын 5 есе арттыр.
3. 9 ондық 630 санынан неше есе кем?
4. 15 пен 5 – ті бөлгенде қандай сан шығады?
5. 6 санының квадратын тап.
6. ІV кл. 8 бірл, ІІІ кл. 65 бірл, І кл. 211 бірл. бар санды жаз.
7. 5 – ші разрядта 9 бірл, 4 – ші разрядта 7 бірл, 3 – ші разрядта 1 бірл, 1 – ші разрядта 4 бірл. бар санды жаз.
8. 610 саны ойлаған саннан 390 – ға кем. Ойлаған санды тап.
9. Қандай ең көп үш таңбалы санды 18 – ге бөлгенде 9 қалдық шығады?
10. Ең көп төрт таңбалы санды жаз.

Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) Мың саны мен 16 ондықтың айырмасын 12 – ге бөл.
2) 390 мен 3 сандарының бөліндісін 5 – ке көбейт.
3) 12 мен 5 сандарының көбейтіндісін 4 пен 40 – тың көбейтіндісіне көбейт.
4) 140 пен 3 сандарының көбейтіндісін 840 пен 20 сандарының бөліндісіне бөл.
5) 630 санын 840 пен 12 сандарының бөліндісіне қос.
6) 50 мен 90 сандарының көбейтіндісін 450 санына кеміт.

№ 16 тапсырма

Өрнектің мәнін тап.
1. Бірінші қосылғышы – 52, қосындысы – 91 болғанда екінші қосылғыш қандай сан болады?
2. 100 ондық 90 бірліктен қаншаға көп?
3. Қандай саннан 4 ондықты азайтқанда 81 саны шығады?
4. 26 саны 78 – ден неше есе кем?
5. Қандай санды 6 – ға бөлгенде 12 болады?
6. Төрттен бір бөлігі 17 болатын санды тап.
7. 6 санының кубын тап.
8. Ең кіші жеті таңбалы санды жаз.
9. 480 саны ойланған саннан 16 есе көп. Ойланған санды тап.
10. Қандай ең кіші үш таңбалы санды 6 – ға бөлгенде 4 қалдық қалады?

Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 37 ондық пен 26 ондықтың қосындысын 9 – ға бөл.
2) 8 ондық пен 5 ондықтың көбейтіндісін 3 – ке көбейт.
3) 13 пен 6 сандарының көбейтіндісін 1300 бен 650 сандарының бөліндісіне көбейт.
4) 2100 бен 30 сандарының бөліндісін 42 мен 3 сандарының бөліндісіне бөл.
5) 12 мен 4 сандарының көбейтіндісін 960 санына қос.
6) 2 мың санынан 830 бен 70 – тің айырмасын азайт.

Ақмола облысы, Зеренді ауданы,
Қонысбай селосы, Абай орта мектебі
Сейтмағанбетова Жұпар Баймұқашқызы

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз