Оқыту түрлері. Балдық рейтингтік жүйе. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру. Зерттеу жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру

0

Оқыту түрлері. Балдық рейтингтік жүйе. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру. Зерттеу жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру.
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Оқыту түрлері
Балдық рейтингтік жүйе
Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастыру формалары
Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиет тізімі

Кіріспе
Қазіргі Қазақстандық білім беру жүйесі Білім туралы Заң (1999 жыл), Білім мемлекеттік бағдарламасы (2000 жыл), 2010 жылға дейінгі білімді дамыту стратегиясы (2001 жыл), 2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (2004 жыл) сияқты стратегиялық нысандағы құжаттармен бекітілген.
Көптеген жоғары білім беру мекемелері Қазақстан Республикасының жоғары білім жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану міндетінен білім берудің Болондық үлгісін жүзеге асыруда, ол төмендегідей деңгейлерден тұрады:
жоғары базалық білім жоғары арнайы білім: бакалавриат — бакалавр дәрежесін беретін жоғары білім беру бағдарламасы;
жоғары ғылыми-педагогикалық білім: магистратура — магистр академиялық дәрежесін беретін жоғары ғылыми-педагогикалық бағдарлама;
докторантура PhD — бұрынғы ғылыми-зерттеу кадрларын даярлау жүйесінің орнын басатын бағдарлама.
Толыққанды дәрігер мамандығын игеру үшін бакалавриат жеткіліксіз, болашақ маман 2-5 жылдық резидентураны бітіріп ғана жұмысқа кірісе алады. Cонымен қатар, жоғары медициналық білім беру ұйымдарының өз клиникалық базалары болады. Мыналар клиникалық базалардың негізгі міндеттері болып табылады:
1) халыққа мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
2) медициналық ғылым мен тәжірибенің жаңа түрлері мен әдістерін, жетістіктерін қолдана отырып, медицина және фармацевтика кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша оқу-педагогикалық процесті ұйымдастыру және өткізу үшін жағдай жасау;
3) ғылыми-зерттеу қызметін іске асыру, қазіргі заманғы тиімділігі жоғары медициналық технологияларды әзірлеу және енгізу үшін жағдайлармен қамтамасыз ету;
4) мамандарды оқытудың түрлері мен әдістерін үнемі жетілдіру.
Бұл жұмыс жоғары білім алу түрлерін, олардың бағалану критериялары мен оқыту формаларын қарастырады.
ІІ. Негізгі бөлім
Оқыту түрлері
Қазақстанда жоғары білім орта білім негізінде алынады. Жоғары оқу орындарының бірнеше түрі бар: университет, академия, институт және оларға теңестірілген оқу орындары (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище).
Жоғары оқу орнына түсу үшін мектеп түлектері қорытынды емтихан және ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) түрінде түсу емтиханын тапсырады.
Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бакалавр (4 жыл), маман (5 жыл) немесе магистр (6 жыл) дәрежесі беріледі. Екінші жоғары білім алу Қазақстанда жеделдетілген оқу мерзімімен тек қана ақылы негізде жүргізіледі (2-3 жыл).
Қазақстанның жоғары оқу орындарында 4 оқу түрі қарастырылған:
күндізгі;
кешкі;
сырттай;
дистанциялық.
Күндізгі оқу бөлімі (дипломда күндізгі оқу бөлімі көрсетіледі) — сабақтар аптасына алты рет өткізіледі. Сессия жылына екі рет: жазғы, қысқы. Демалыс шілде, тамыз айлары. Студенттерге оқу мерзімінде әскер қатарынан босатылады.
Кешкі оқу бөлімі немесе ұзартылған күн тобы (дипломда кешкі оқу бөлімі көрсетіледі) — сабақтар жексенбі күндері өткізіледі. Аралық аттестация — сынақ және емтихан түрінде. Ұзартылған күн тобы дегеніміз оқуды жұмыстан босатылмай жалғастыру және оқу бағдарламалары мен Сіз таңдап алған оқудан тыс шаралардың барынша ыңғайлы үйлесімділігі.
Сырттай оқу бөлімі (дипломда сырттай оқу бөлімі көрсетіледі). Сырттай оқу бөлімінде оқу өз бетінше оқуды және институтқа жаңа білім алу және зачет пен емтихандарды тапсыру үшін жылына тек 2 рет ұзақтығы 20-30 күнтізбелік күн баруды білдіреді.
Дистанциялық технологияларды қолдана отырып сырттай оқу бөлімі (дипломда сырттай оқу бөлімі көрсетіледі) — бұл Интернет арқылы дистанциялық білім алу. Дистанциялық кәсіптік білім жеке график бойынша жүргізіліп, жылына 365 күн, тәулігіне 24 сағат қол жетімді болады.
Білім алу мәселесіне қатысты тағы бір маңызды сұрақ — ол оқуды қаржыландыру. Бұл ретте бірнеше қаржы көздерін атап көрсетуге болады:
мемлекет есебінен — мемлекеттік білім гранты және мемлекеттік білім несиесі, жоғары оқу орнының өз гранты, орталық және жергілікті атқарушы органдардың гранттары мен стипендиялары және т.б.;
мемлекеттік емес қаржы көздері — атаулы стипендяилар, халықаралық ұйымдардың гранттары, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың жеке гранттары, түрлі қорлардың демеушілік көмегі және т.б.;
жеке қаржы есебінен — өз қаржысы, банк несиесі.
Тестілеу қорытындысы бойынша конкурстық негізде жоғары оқу орнына түсуші үздік талапкерлерге мемлекеттік білім гранты беріледі. Ол дегеніміз мемлекет есебінен тегін оқу және стипендия. Мемлекеттік грантты алуға Алтын белгі иегерлері, халықаралық және республикалық пән олимпиадалары мен конкурстардың жүлдегерлері басым құқыққа ие. Қандай да болмасын мамандық бойынша мемлекеттік гранттардың саны мемлекеттік тапсырыспен белгіленеді. Гранттарды Білім және ғылым министрлігінің Конкурстық комиссиясы тағайындайды.
Балдық рейтингтік жүйе
Бағалау ұғымына Ұлттық энциклопедияда оқыту нəтижесін анықтау үшін қолданылатын тəсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нəтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау, көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ мектеп тəжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тəсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар, оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Жоғарғы оқу орындарында бағалау рейтингтік əдіс арқылы жүргізіледі деген анықтама берілген. Студенттер білімін бағалауда, алдымен, олардың объектілердің белгілерін бөліп көрсете алуы мен баяндап бере алуы тексеріледі.
Рейтинг ұғымы болса нақты объектінің немесе құбылыстың мəні мен маңыздылығын көрсететін сандық немесе реттік индикатор деп түсіндіріледі.
Қазіргі таңда білімді тексеру мен бағалаудың рейтингтік жүйесі кең көлемде қолданыста, өйткені жүйе жоғарғы оқу орындарында меңгерілетін білімді жеке-даралық тексеру құрылымының негізін қалайды. Студенттердің білімін бақылаудың психологиялық жəне педагогикалық мəні студенттерге дер кезінде көмек көрсету, олардың шығармашылық ізденісіне, қабілетіне сенім білдіру, сонымен қатар бағдарламалық талаптарды нəтижелі етіп орындауға ынталандыру, сапалы еңбекке баулу болып табылады. Білімді бақылаудың рейтингтік жүйесіне Н.А. Васильева, В. Наделяев, Т.С. Куликова, Н.Ю. Коробова, С. Ершиков, В.Е. Сосенко, Г.Н. Юшко, Л.Г. Устинованың ізденістері арналған. Мұндай түбегейлі зерттеулерден қазақстандық əдіскер-ғалымдар да тыс қалған жоқ. Олар оқытудың нəтижелерін тексеруде əрбір студентке жекелеген тапсырмалар берудің барынша тиімді екенін өз еңбектерінде дəлелдеп отыр. Математиканы оқытуда білімді тексеру мен бағалауды тиімді ұйымдастыруды А.Е. Əбілқасымова, А.К. Көбесов, Д.Р. Рахымбек, И.Б. Бекбоев, Л.Т. Искакова,Е.Ж. Смағұлов, М. Есмұхан, Б.Б. Баймұханов, Е. Медеуов, Ə.К. Қағазбаева, Н.К. Ахметов, Ə.С. Кенеш, Ə.П. Мұстафаев, В.П. Добрица, Б.К. Өтеджанова, Е.А. Тұяқовтың кандидаттық зерттеу жұмыстары баяндаған. Онда білімді тексеру мен бағалаудың нақты тəсілдерін қарастырып қана қоймай, студенттердің педагогикалық ой-өрісін кеңейту, оқу қызметін ұйымдастыру түрлері мен əдістерінің жалпы қағидалары айқындалып көрсетілген.
Білімнің тереңдігі студенттердің оқу объектісін тұтастай бейнелеуімен, білімдерін басқа білімдермен мəнді байланыстыра білуімен белгілі болады. Байланыстардың анықталуы белгілі бір уақытты қажет етеді, тіптен кейде оқу курсын оқытудағы барлық уақытты қамтуы мүмкін. Білім бағалануының көрсеткіші 50-74 балл аралығында болатын студенттер, əдетте, білімдер арасындағы байланыстарды бірден байқай бермейтіні себепті болады, өйткені олар, біріншіден, параллель немесе тізбекті орналасқан байланыстарды түсіне алмай қалып жатады, екіншіден, ол байланыстарды түсіну үшін жаңа аралық байланыстың болуы қажет етілетіні себеп болады.
Сонымен қатар студенттердің білімін бағалау үшін білімінің тереңдігі, дағды жəне икемділік ұғымдарының да алатын орны ерекше жəне дағды ұғымы мен икемділік ұғымдарын ажырата білу маңызды. Білімінің тереңдігі студенттердің білімді, интеллектуалдық дəрежеде меңгерулеріне, практикада қолдана алу дағдылары мен икемділігіне қатысты сипатталады. Икемділік — белгілі бір дағдылар мен білім қорын практикада қолдана алудың көрінісі, білімнің амалға айналуы жəне амалды жүзеге асырудың де тəсілі. Білімнің икемділігі студенттердің тапсырмаларды орындаудың тиімді нұсқасын табудың жылдамдылығымен жəне де студенттердің бір тапсырманы бірнеше нұсқамен орындау қабілеттілігіне де қатысты анықталады.
Білімді жалпылауда нақтылы көріністерді ашу мен жалпылама білімдерді нақтылау қабілеттілігі арқылы білімнің нақтылығы мен жалпыламалылығы сипатталады. Білімді жалпылау білімді нақтылау арқылы қарастырылады. Екеуін студенттер бір мезетте қолданған жағдайда нақтылы фактілерді жалпылау дағдысының қалыптасуына, жекеден жалпыға біртіндеп өтуге игі əсерін тигізеді.
Білімнің жалпыланған болуымен қатар жинақталған болуы да маңызды. Студенттерге кей жағдайда білімнің жинақталған түрін қолдану үшін жалпыланған білімді негізге алатын нақты білімдер қажет. Жалпыланған білімдерді нақтылап, оны негіздегеннен кейін студенттердің білімді тереңдете түсуі жеткілікті, ал ол білімді меңгеруді тексергеннен кейін нəтижелі болады.
Білімді тексеру — кең ауқымды ұғым. Оған білімді тексеру жүйесі тексерудің əдіс-тəсілдері, оған қойылатын талаптарды анықтау, ұйымдастыру мен мазмұндық құрылымы сияқты мəселелер қамтылады. Психологиялық-педагогикалық, əдістемелік əдебиеттерде жоғарғы оқу орындары студенттерінің білімдерін тексеру мен бағалаудың практикалық жағдайына талдау жасау білім сапасын бағалауды ұйымдастырудың инновациялық формасы теориялық тұрғыда жеткілікті баяндалғанымен, оны білімді үздіксіз бақылау жүйесінде қолдану деңгейінің практикалық қолданылуы айқындала түсуді қажет ететіні ақиқат.
Студенттерге білімді жүйелі меңгертуде оқытушыдан білімдерді меңгерту арасындағы байланыстарды біртіндеп жалпылау талап етіледі. Жалпыланған идеялар білімдерді меңгерту аймағында жинақталып жүйеленеді. Əрбір оқыту курсы үшін жүйелеу əр түрлі болады. Білімнің берілуі келесі тізбек бойынша: негізгі ұғым, негізгі ереже, салдар, қосымша анықтамалар берілсе, онда білімнің берілуі жүйеленген деп саналады.
Білімнің берілуінің жүйелілігіне келесі белгілер енеді: бір білімнен кейінгі жаңа білімнің туындауы, бірінің келесі білім үшін негіз болуы. Дегенмен, білім кей жағдайда жүйелі берілгенімен де, бір жүйеге келмеуі мүмкін. Білімнің берілу жүйелілігін анықтауда информатика курсын оқыту объектісі мазмұнының сипаты мен тəсілін, оны студенттердің меңгеру деңгейін ескеру қажет.
Білімнің сапалылығы білімдер арасындағы байланыстарды түсінуімен, елеулі жəне елеусіз байланыстарды ажырата білу біліктілігімен, осы байланыстардың байқалуы мен жүзеге асырылу механизмін түсінумен, білімдерді меңгеруде қолданатын тəсілі мен оны қолдану үшін негізге алатын принциптерді ұғыну аймағын анықтаумен сипатталады, осы білімнің сапалылығы белгілерін қалыптастыру біртіндеп жүзеге асады. Студенттердің информатикадан білімін бағалауда білімнің сапалылық белгілерінің көрсеткіштерін анықтай білу керек. Білімнің сапалылығының негізгі көрсеткіші критерийіне студенттердің берілген сұраққа оқулықтағы, оқу-əдістемелік кешендегі келтірілген дайын жауап бергені емес, сұраққа жауапты өздігінше тұжырымдап, ой қорытып беруі үшін білімдерді топтау мен жүйелей алуы енеді. Білімнің жүйелілігі мен тереңдігі білімдердің арасындағы байланысқа қатысты болғандықтан, сапалылықтың артуына əсерін тигізеді. Біртұтас теорияда жүйелілік білімнің орнықтылығын анықтайды.
Студенттердің білімді меңгеру орнықтылығы деп ойында ұмытпай сақтау ұзақтығы мен есінде сақтап алуы, білімді толық жүйелілігімен қайталай алуын айтамыз. Білімнің меңгеру орнықтылығы елеулі білімдер жүйесін есте сақтау мен оны қолдану тəсілдерін білуден тұрады. Ұзақ уақыт бойы жоғарғы оқу орындарының оқыту тарихында студенттерге білімді меңгерту орнықтылығы білімді бір немесе бірнеше формада бір мазмұнды қайталап айтқызу арқылы қамтамасыз етіліп келді.
Зерттеу жұмыстарынан қайталап айтқызу білімнің сапалы меңгерілуін барлық уақытта қамтамасыз ете бермейтіндігін, керісінше, білімді жүйелі ұғынып меңгерту, оны талдауға үйрену білімді орнықты меңгеруге септігін тигізетіні белгілі болды жəне білімнің орнықты меңгерілуін іске асыру арқылы оқытудың тиімділігін арттыруға болады.
Дəстүрлі педагогикада студенттер практикалық сабақтарда оқулықтар немесе оқу құралдарда берілген жатығулар арқылы білім алушылардың жаңа ақпаратты қалай меңгергенін анықтау мақсатында жеке студенттермен тақтада алған білімді пысықтау мен бекіту түріндегі жұмыстар жүргізілетін де, меңгерілген тақырыптың мазмұнына үңілдіртіп, тереңірек ойлануды оқытушыдан да, студенттерден де талап етілмейтін. Осының салдары студенттердің өз ісіне сын көзбен қарап, өздеріне талап қою, өз ісіне баға бере алу сияқты қабілеттерінің төмендеуіне əкелді.
Əлемдік білім кеңістігіне ену міндеттеріне қарай болашақ педагогтардың мəдениеттілік құндылықтарын арттырып, өздігінше əрекет ету қабілеттіліктерінің мүмкіндіктерін мейлінше кеңейту қажеттілігін бүгінгі күннің талабымен сəйкестендіру мəселесін шешу тəсілдерін анықтау үшін ол білім, білік, дағды қалыптастыру парадигмасының орнына білім арқылы тұлғаны дамыту парадигмасын таңдауға əкеледі. Олай болса, жаңа қоғамдық қатынаста құзыреттілігі жоғары, сын тұрғысынан ойлайтын, өзін-өзі жетілдіруге қабілетті, кəсіби біліктілігі жетілген педагог дайындау қажеттігілігінен білім беру тұжырымдамасын түбегейлі өзгерту талап етеді.
Осы уақытқа дейін оқу бағдарламасына сəйкес нақты оқулықтар, тапсырмалар жинағы, əдістемелік құралдар қарастырылғанмен де, студенттердің информатика курсынан білім алу қабілеті- не қарай баллдық бағалау бойынша нені меңгеру қажеттілігі, білімі мен икемділігіне қойылатын талаптарды анықтау əлі де жетілдіре түсуді талап етеді.
Осы мəселелердің ерекшеліктері тапсырмалардың қиындығына байланысты студенттердің қабілетіне қарай жіктеп ұсыну критерийлерін анықтау болып табылады. Тапсырмалардың қиындығына байланысты студенттердің қабілетіне қарай жіктеп ұсыну нəтижесін объективті тексеру мен бағалау тек талап етілетін білім сапасы мен оны меңгерудің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Объективті түрде студенттер білімін тексеру мен бағалағанда білім сапасы мен оны меңгерудің деңгейі дəл анықталады.
Оқытуды студенттер білімін бағалау үшін оларға берілетін тапсырма рейтинг балл көрсеткішіне сəйкес топтастырылады:
:: міндетті тапсырма (50 — 74 балл);
:: шығармашылық зерттеу жұмыстарына дайындық деңгейіндегі тапсырма, бағдарламадағы міндетті білімді толық меңгертетін, жоғары деңгейге жетуге жағдай туғызатын тапсырма (75 — 89 балл);
:: шығармашылық зерттеу жұмыстары тапсырмасы, студенттердің қызығушылық пен танымдық қажеттілігіне, қабілетіне байланысты білімін тереңдететін, оперативтік өзіндік ойлау іс- əрекетін орындауды талап ететін тапсырма (90 — 100 балл).
Тапсырмалардың қиындығына байланысты студенттердің қабілетіне қарай жіктеп ұсыну нəтижесінің жеке студент үшін жетістіктері:
:: ақпаратты терең игереді, өйткені оны ой елегінен өткізеді;
:: тыңдау дағдысын қалыптастырып, өзгені тыңдай алады;
:: ойлауды белсендіреді;
:: əлеуметтік қарым-қатынас тəжірибесін қалыптастырады;
:: өз іс-əрекетін талдайды;
:: ынтымақтастықпен əрекет етуге үйренеді.
Ескеретін ерекшелік: жеке бастық Мендерінің қақтығысу қауіпі.
Оқытушы үшін жетістік: студенттердің санының көп болғанында да тиімді болады.
Қиындықтары:
:: əрбір жеке студент үшін тапсырма дайындау … жалғасы