Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс

0
296

Жоспар

Кіріспе
І тарау. Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекетінің психологиялық –
             педагогикалық негіздері.
1. Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекет, белсендіру ұғымдары.
2. Танымдық іс-әрекет құрылымы.
ІІ тарау. Оқыту процесіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін
                   белсендіру жолдары.
2.1. Мектепте білім мазмұнын гуманитарландыру арқылы оқыту
         процесіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту.
2.2.   Оқу процесінде пайдаланылатын озық технологиялардың
         тиімділігі.
2.3.   Эксперименталдық оқыту жүйесінде қолданған сенсорлық
         технологиялық нәтижесі.
ІІІ. Қорытынды.

І тарау. Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекетінің психологиялық –
педагогикалық негіздері.
1. Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекет, белсендіру ұғымдары.
Оқыту – таным процесі. Танымдық іс-әрекеттің ерекшелігі оқушыда
білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі. Оқыту процесіндегі
танымдық іс-әрекет арқылы оқушылар өздерінің білімін жетілдіреді.
Білім – адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды,
табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда
белгілі болған, зерттеп дәлелденген жаңалықтарды, заңдалықтарды,
тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.
«Таным» – философиялық ұғым: «Айналадағы материалдықтың адам санасында
бейнеленуі».
Аристотель «Сыртқы дүние заттары алғашқы, ал ол туралы білім соңғы» –
деп тынымның сыртқы дүние туғызатын түсініктен басталып, оның негізгі
сезімдік қабылдау арқылы қалыптасатының түсіндіреді.
Танымдық іс-әрекет оқушының мектептегі оқуы мен оның өздігінен оқуына
тығыз байланысты.
Б. Душков танымдық іс-әрекетті: «Саналы мақсатты басқарылатын,
қоғамдық мәнді сипаты бар адамның ішкі және сыртқы белсенділігі» – деп
сипаттайды.
Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекет оқушыларды өз бетімен ізденуге,
зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету.
Н.К.Крупская оқу процесіндегі теорияның практикамен тығыз байланыстығы
оқушылардың оқу материалын терең және тиянақты түрде меңгеруінің де ең
тиімді жолы –деген тұжырымның маңызы ерекше.
Оқушылардың білімді саналы түрде меңгеруі таным әрекетінің
белсенділігі мен оқуға ынталануына мұғалім қолданатын әдістерге тәуелді,
ғылыми білімдерді меңгеруді саналылық, әрі белсенділік танытқан оқушылар
ғана оны терең және ойларына берік тоқулары сөзсіз. Оқыту оқушы мен
мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс.
Өйткені, оқыту-мұғалімнің білім берудегі негізгі іс – әрекеті болса, оқу-
баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Оқушының танымдық әрекеті
мұғалімнің басшылығы арқасында ғана жүзеге асады. Оқыту процесіндегі
оқушының танымдық іс-әрекетін белсендіру үшін, мұғалім баламен үнемі рухани
қарым – қатынасты ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді.
Танымал – қабілетін дамыту туралы Ресей ғалымдардың Н.Дари, Т.И.
Махмутов, Л.В.Занков, М.Н.Скаткин, И.А. Лернер, А.Н. Пискунов т.б тұжырұмды
ұсынұстары мен пікірлері бар. Олардың идеяларының мәні мына төмендегі
саяды:
1. Танымал қабілетінің дамуы- бұл барлық мұғалімдердің барлық пәндер
бойынша оқыту процесіндегі мақсаттылық іс- әрекеті.
2.Оқушыларға білім беру және объективтік шындықты тану
мәселелері жайындағы оқулықтың ролі.

3.Оқытудың әдістері мен формаларын жетілдіру.
4. Мұғалімнің теориядық дайындығы, педагогикалық шеберлігі,
білімдарлығы оқушылардың таным іс-әрекетін дамытудың шешуші құралдарының
бірі.
Оқу – оқыту процесіндегі оқушылардың іс-әрекеті. Танымдық іс-
әрекеттердің өзіне тән кезендері бар:
– таным міндеттеріне жете түсіну:
– жаңа материялды қабылдау:
– ұғыну –жаңа оқу материалдарын түсініп жинақтау процесі;
– білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту және жетілдіру;
– білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдана білу;
– оқушылардың жетістіктерін талдау,білімін, іскерлігін және дағдысын
тексеру, бағалау.
Таным міндеті түсінікті болса, оны оқушылар өз бетімен ізденіп шешуге
тырысады.
Қабылдау- адамға тікелей әсер ететін заттардың я құблыстардың адам
санасында бейнелену процесі. Сабақ үстінде оқушылардың жаңа материалмен
танысуы түйсіктен және қабылдаудан басталады.Ал түйсік сананың сыртқы
әлеммен байланысы. Сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнелеуін
түйсік деп атайды. Оқушыларды жаңа материалмен таныстыру, бақылау,
эксперимент, практикалық жұмыстар процесінде тікелей қабылдау немесе жанама
түрде мұғалімнің сөзі, эвристикалық әңгіме, оқулық арқылы іске асырылады.

Ұғыну – бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу, фактілерді
жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқылатын материал
терең ойластырылады, дәлелденеді және бекітілді. Ұғым, қарапайым және
ғылыми ұғым болып екіге бөлінеді. Қарапайым ұғым дегеніміз баланың оқудан
емес, өмірден көріп – білгендерінен туатын әртүрлі құбылыстар жөніндегі
түсінігі. Ғылыми ұғымдар тек оқыту процесінде жинақталатын мәліметтер,
қағидалар мен құбылыстар туралы білім түсінік.
Бекіту – бұл оқушылардың білімді берік ұғынудың тиімді тәсілі.
Сабақта жаңа материалды алғашқы бекіту қолданылады. Өткен оқу материалын
еске түсіру үшін мұғалім күнделікті қайталауды жүргізіп отырады.
Білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдану оқушылардың
өзіндік қасиетін дамытады.
Іскерлік – алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекеті іске
асырылады. Білімсіз қандай болса да іскерлік мүмкін емес. Мысалы: сауатты
жазу үшін грамматикалық ережелерді білу керек. Өлшеу сызғышын, секіндомерді
пайдалану үшін физика бөліміне сүйену қажет.
Дағды – бұл қайта – қайта орындалатын практикалық әрекетке
машықтандыру. Мысалы, тез оқу дағдысы – жүйелі түрде жаттығу нәтижесі.
Оқу процесінде білімнің, іскерліктің, дағдының өзара байланысы,
бірлігі оқушылардың таным қабілетінің дамуына мүмкіндік туғызады.
Таным міндеті білімдерді игеру жөніндегі оқушылардың белсенді іс –
әрекетімен көтермеленеді. Таным міндеттерін оқушылар алдына тиянақты әрі
түсінік және қызықты етіп қоюымыз қажет. Сол кезде оқушылар әр нәрсені
танып білуге талап қояды.
Танымдық іс-әрекет құрлымы.
1. Танымдық белсенділік – оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және
оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге оқушының
істейтін саналы әрекеті.
Бүгінгі таңда оқушылардың үзіліссіз білім алу міндеттерін жетілдіруге
сай мектеп мұғалімдерінен олардың ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру,
танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар өзіндік
жұмыстарына қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеу талап етілуде. Ол
үшін өзіндік жұмыс оқушылардың тек үй жұмысын орындау барысында ғана емес,
оқыту процесінің өн бойында өз орнын табуы тиіс. Оқушылардың әртүрлі
өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың нәтижесін және таным қабілеттерінің
белсенділігін арттыруға болады.
Оқыту процесіндегі танымдық белсенділік негізінен екі түрлі сипатта
болады: сыртқы және ішкі белсенділік.
Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы әрекетінің сыртқы көріністері,
белсенді қимыл қозғалыстары, тәжірибелік әрекеттері, мұғалімге зейін қойып
қарауы т.б. бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.
Оқушының ішкі белсенділігіне – оның белсенді түрде ойлау әрекеті
жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл
қасиетсіз адамның қандайда болмасын жұмысы нәтижелі болуы да ой
дербестігіне сүйенеді. Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін
арттыру принципін жүзеге асыруды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық
кезеңінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады. Оқушыда танымдық
белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым – еліктеушілікке, жай
қайталауға, біреудің айтқанын бұлжытпай орындауға негізделген белсенділік
және күрделі творчестволық т.б. белсенділік түрлері болады.
Соңғысы оқушының жоғары саналылығы мен дербестігін керек етеді.
Оқушылардың жас ерекшелігіне және психикалық даму дәрежесіне қарай
белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл және сөйлеу, ойын және
оқу, өзін-өзі тәрбиелеу т.б. белсенділіктер.
Оқушылардың таным белсенділігі міндетті түрде мұғалімнің басшылығын,
сонымен қатар оқушылардың дербестігін, олардың қызығып өз ықыласымен
жасайтын әрекетін де керек етеді. Таным белсенділігі бұл оқушылардың
өзіндік жұмыстарға, мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін жұмыстарға
қатысып, ат салысуы. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар
оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшелігі- олардың ықыласы және өз
еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.
Озық педагогикалық тәжірибелерді, ғылыми жетістіктерді практикаға
енгізу арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекет белсенділігін арттыру жолдарын
қарастыру.
2. Танымдық шығармашылық.
Танымдық шығармашылықты дамыту бұл әртүрлі типтегі жұмыстарды
оқушылардың дербес орындау іс-әрекеттерінде көрінеді. Атап айтсақ; болжау,
топшылау, түрлі құбылыстарды салыстыра білу қабілетіне сүйене отырып, ой
қорытындысын жасап жаңа шешімдерді табу, өзіндік жаңалық ашу. Шығармашылық
– бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық.
Танымдық шығармашылықты іске асыру мақсатында оқушыларға түрлі
баяндамалар, реферат, шығармалар, пікір жазуы, конструкциялық т.б.
жұмыстарды жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Әр түрлі тығырықтан жол таба
білу арқылы танымдық шығармашылық дами түседі.
Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар Р.Г. Лемберг, М.Н.
Скаткин, В.А. Занков т.б. оқушылардың танымдық шығармашылығының ерекшелігі
– олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.
3. Танымдық өзіндік әрекет.
Өздігінен білім алудың қайнар бұлағы – біріншіден кітап болса,
екіншіден мерзімді баспасөз. Соған орай газет, журналдармен жұмыс істей
білуі – газет, журнал беттерінен керек материалдарды таба білу деген сөз.
Оқушылардың танымдық өздік әрекетін арттыру мақсатында қазіргі озат
мектептер арнайы жұмыстар жүгізуде. Жоғарғы сынып оқушыларына арналған
еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру, кітапхана сабақтары, библиографиялық
конкурстар, саяси тақырыптарға арналған факультативтер, саяси клубтар,
оқушылардың қызығулары бойынша ұйымдастырылған үйірмелер, консультациялық
бюролар, т.б. жұмыстар. Мұндағы көздеген мақсат – оқушылардың танымдық
өздік әрекет жасау арқылы білімге қызықтыру және бұл жұмысқа қажетті нақты
қарапайым дағдыларды қалыптастырып, дербес білім алу мәдениетін
қалыптастыру.
Егер оқушыда өздік әрекет қалыптаспаса, онда оқушы өздігінен жұмыс
істеуге үйренбейді, оның оқуы жемісті болмайды, ол жиі сәтсіздікке
ұшырайды. Мұндай жағдайда оқушының оқуға деген ынтасы төмендейді, соның
салдарынан үлгермеушілер қатарына қосылады. Өздігінен танымдық әрекетін
жетілдіруде, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға ие болуы қажет.
Кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану. Танымдық
өздік әрекет кезінде оқушы істейтін жұмысын белгілі жоспармен, жүйемен
жасауы керек. Алғашқы кездерде тәжірибелі адамдардан, кітапханашылардан
кеңес, консультациялар алудың пайдасы зор.
Профессор Р.Г. Лембергтің пікірінше оқушылардың өзіндік танымдық
әрекеттерін ұйымдастыру мына шарттарға байланысты болмақ;
– оқушының істейтін жұмыстың мақсатына айқын түсінуі;
– жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;
– жұмысты оқушылардың өз еркімен, қалауымен орындауы.
Танымдық өздік әрекеттерді орындау арқасында оқу жұмысына шығармашылық
тұрғысынан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға, алған
білімдерін іс жүзінде қолдана білуге, нақты фактілер мен құбылыстарды
талдап түсінуге, күнделікті өмірден алынған фактілерді, хабарларды
енгізуге, оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білуге, дербес
жұмыс істеуге үйренеді. Оқушының өздігінен танымын қалыптастырудың қайнар
көзі кітап оқу.
ІІ-тарау. Оқыту процесіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін
белсендіру жолдары.
Білім, іскерлік және дағдыны практикада қолдану оқушылардың танымдық
іс-әрекетін белсендіреді және өзіндік қасиетін дамытады. Оқушылардың
танымдық іс-әрекетін белсендіруге лабораториялық, практикалық және семинар
жұмыстару, үйрету машиналары, ауызша және жазбаша жаттығулар жұмыстары
мүмкіндік береді.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіруді іске асыруда оқушы
тарабынан да қолдау тауып, олардың іс-әрекетінде мотив болуы қажет. Егер
олардың іс-әрекетінде мотив болмаса, онда ол бейтарап процеске айналуы
мүмкін. Мотив – адамның объективті мұқтаждығы мен ынтасын бейнелейтін
әрекетіне ішкі талаптануы. Мұқтаждық пен ынта мотивация негізі болады.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіруде тікелей талаптандыру
мотивтері – бұл оқушылардың ұстазын ұнатуы, оған сүйіспеншілігі басты роль
атқарады. Өйткені мұғалім оларға қызықты, тартымды сабақ береді, түрлі
көрнекі және техникалық құралдарды, үйрету машиналарын шеберлікпен
қолданады, лингафон, компьютер кабинеттерінде қызықты сабақтар өткізеді.
Осылардың бәрі оқушыларды терең білім алуға қызықтырады, талпындырады.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін белсендіру жоғары ұйымдасқан оқыту
барысында ғана мүмкін болады.
Түрлі проблемаларды зерттеу танымдық ынта ықпалымен мектеп баласының
оқуы жеңілірек, еркінірек, тезірек әрі зор нәтижелі болып өтетінін
көрсетеді.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін белсендірудің тағы бір жолы
оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын
тексері, бағалау. Таным іс-әрекетінің бұл кезінде оқушылардың сабақ үстінде
тек қана білгілі сұрақ бойынша білім тексеріп бағалаумен шектелуге
болмайды. Сондықтан оқушылардың барлық жетістіктерін – білім сапасын,
байымдау сауаттылығын, жалпы ой-өрісінің даму дәрежесін ескеріп, талдау
жасап отырған жөн. Оның негізінде білім мазмұны анықталады, әділ баға
беріледі.
Түрлі психологиялық –педагогикалық зерттеу деректеріне сүйеніп
мотивтерді екі топқа ажыратуға болады:
1.Танымдық мотивтер:
а) оқушыларды жаңа білімді игеруге және ұғу тәсілдеріне бағыттау
мотивтері.
ә) өз бетімен білім алу, оны іс-әрекетінде қолдана білу мотивтері.
2. Әлеуметтік мотивтер:
а) кең мағнадағы әлеуметтік мотивтер (оқуда белсенділік, ынталылық,
жауапкершілік және борышын сезіну).
ә) тар мағнадағы әлеуметтік мотивтер. (үйелмен, ұжым және
жолдастарының, құрбы –құрдастарының алдандағы бедел т.б.).
б) ынтымақтастық әлеуметтік мотивтері оқу тәрбие жұмысында өзара
әрекеттесуге ұмтылу және үнемі жетілдіру.
Оқу жұмысының әлеуметтік мәнін көтеру мақсатында мұғалім оқушыларға
сынып және мектеп бойынша істеген еңбектерінің нәтижелерін, келешек
мамандықты игерудің, еңбек іс-әрекетіндегі белсенділікті қажеттілігін жете
түсіндіре білуі керек.
Оқыту процесіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру бұл
сабақты қызықты әрі түсінікті етіп өткізу, проблемалық ситуацияларды алдына
қойып, сол ситуациялардан шығу жолдарын оқушылардың табуы. Шығармашылық іс-
әрекеттерін қолдану, істің кенеттен шешілу жолдарын табу.
Мысалы, 3-сынып оқушыларына өзеннің бір жағасында тұрып екінші
жағасына қалай қоюға болады. Осы ситуацияны шешуге оқушылар өз пікірлерін
айтып, талдау жасайды.
Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттердің бірнеше түрі бар. Оларға
ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық іс-әрекеттер т.б. жатады. Осы
іс-әрекеттер нәтижесінде баланың ақыл-ойы, дүниеге көзқарасы дамиды,
эстетикалық қасиеттері қалыптасады, еңбек етуге жауапкершілік сезімі
артады. Оқушылардың әр түрлі сайыстарға, олимпиадаларға қатысуы, сонымен
қатар әр түрлі үйірмелерге қатысуы оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін
дамытады.
Танымдық іс-әрекеттерді белсендіруде оқудан тыс жұмыстар жүргізу,
балаларды театр, цирк, 300 бақтарға апару, мұражайларға апарып тұру осының
бәрі оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіреді. Жас ұрпақтың танымдық
іс-әрекеттерін белсендіруде ата-ананың да алатын орны ерекше. Баланы
жастайынан кәсіптік еңбекке үйрету, оқыту қадағалау жүргізу, үйдегі жұмысын
ұйымдастыру, бос уақытын дұрыс және қажеттілікке жұмсауын қадағалау … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz