Оқушылардың отбасына бару | Скачать Материал
Мазмұны
КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … .3
І. ОТБАСЫ МЕН СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ БІРЛЕСКЕН
ЖҰМЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Отбасының бала тәрбиесінде алатын
орны … … … … … … … … … … … …5
1.2. Сынып жетекшісінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының міндеттері мен
мазмұны … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … .8
ІІ. СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ
АТА-АНАЛАРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖОЛДАРЫ
2.1. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының формалары мен
әдістері … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … …13
2.2. Сынып жетекшісінің ата-аналармен бала тәрбиесіндегі бірлескен тәжірибе
жұмысы … … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … …22
ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … , … … … … .. … … … … … … 28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ … … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … ..29
Тақырыбы: Cынып жетекшісінің бала тәрбиесінде ата-аналармен ынтымақтастық
жолдары
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі арқа сүйер
ұрпағын даярлауда бастауыш сынып мұғалімі мен ата-аналар баланың негізгі
тәрбиешілері болып табылады. Сондықтан да педагог жүргізетін тәрбие
жұмысының нәтижелілігі оның ата-аналармен жұмыс істей білуіне, олармен
ортақ тіл тауып, олардың көмегімен қолдауына сүйене білуіне байланысты.
Мұғалімнің ата-аналармен жұмысының түрлері мен әдістері әр түрлі. Оған
ата-аналардың жиналысын өткізуде, оларды балалармен жұмысқа тікелей
қатыстыру да, ата-аналармен топтап, жеке-жеке өткізілетін әңгімелер де,
олардың арасында педагогикалық білімдерді тарату да жатады. Бірақ бұл
түрлер мен әдістердің барлығы жұмыстың табысты болуын қамтамасыз ете
бермейді. Мұны мұғалім жақсы түсінуі тиіс. Тәрбие қажетінің мазмұнымен және
әдістерімен бірге мұғалім мен оқушылар ата-аналардың арасында қалыптастаны
қарым-қатынас стилі де шешуші рөлге ие болады [1].
Мұғалім мен ата-ананың қарым-қатынасында бастауыш рөлді педагог
атқарады, өйткені тәрбие жұмысы – оның негізгі мамандығы. Оның арнаулы
дайындығы бар. Әр түрлі педагогикалық ситуацияларда іскерлікпен қолданатын
тәрбие құралдарының бай арналарына ие.
Мұғалім ата-аналармен жұмыс істей жүріп балаға оның қылықтарын, оқудағы
табыстары мен ұтылыстарына, өз міндеттеріне, көзқарасына тағы басқаларға
баға беріп отырады [2].
Мұғалімнің ата-аналармен өзара түсінісуі жайы оның дұрыс және бұрыс
бағаларды беру дәрежесіне байланысты. Бұл жерде педагог үнемі мына жайды
есте ұстауға тиіс:
➢ әр жолы баланың жеке басына емес, оның нақты қылығына баға
беруі керек, міндетті түрде ата-аналармен бірлесе отырып әрбір
жағдайдан шығудың, оны түзеудің жолдарын табуы қажет
➢ мұғалім балаға теріс баға беру арқылы еріксізден-еріксіз ата-
анаға да баға береді, ата-анаға әрі әке-шеше, әрі тәрбиеші
ретінде баға беріледі.
Мұғалімнің балаға және ата-аналардың тәрбиелік ықпалына дұрыс талап
қойып, дұрыс баға беруі педагогикалық тұрғыдан мақсатты, әділетті түрде
болуға тиіс.
Зерттеудің мақсаты: Сынып жетекшісінің бала тәрбиесінде ата-аналармен
ынтымақтастық жолдарын қарастыру,
Зерттеудің міндеттері:
— Сынып жетекшісінің бала тәрбиесінде ата-аналармен ынтымақтастық
жолдарын қарастыруда — әдістемелік, педагогикалық — психологиялық
әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашу.
— Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі
қызметтерін сараптау.
— Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмысының формалары
мен әдістері жіктеп ашу, талдап көрсету.
Зерттеу нысанасы: Отбасы және мектеп арасындағы сынып жетекшімен ата-
аналардың арасындағы ынтымақтастық.
Зерттеу базасы: №47 мектебі
Зерттеу пәні: Оқу үрдісінде қарастыру
Зерттеу болжамы: Егер, сынып жетекші мен ата-ана бірлесе отырып,
ынтымақтастықта жұмыс жасайтын болса, онда бала жан-жақты тұлға болып
қалыптасады.Ата-ана баланың рухани жағынан да, материалдық жағынанда
қамқоршысы ал, сынып жетекші қарым-қатынас орнатушы.
Зерттеу әдістері: теориялық, ғылыми — әдістемелік әдебиеттер мен
жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми
еңбектерді жинақтау, сұрыптау, тест әдісін қолдану және т.б.
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
Бірінші кезеңде отбасының бала тәрбиесінде алатын орны
және сынып жетекшісінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының
міндеттері мен мазмұны, отбасы- оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің
одақтасы, қазіргі кезде отбасының сынып жетекшісінің ата–аналармен жұмыс
істеу қажеттілігі туралы айтылған.
Екінші кезеңде сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының
формаларымен әдістері және сынып жетекшісінің ата-аналармен бала
тәрбиесіндегі бірлескен тәжірибе жұмысы қарастырылады.Тәжірибеде
жинақталған жұмыстар ұсынылады, талқыланады.
Зерттеудің теориялық маңызы: Отбасы мен сынып жетекшісінің балаларды
тәрбиелеудегі бірлескен жұмысының теориялық негіздері -отбасының бала
тәрбиесінде алатын орны
және сынып жетекшісінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының
міндеттері мен мазмұны қарастырылып, айқындалады.
Зерттеудің практикалық маңызы: Зерттеу нәтижелері мен тұжырымдарын
жалпы, орта, бастауыш мектептің сынып жетекшілері мен сынып оқушыларының
ата-аналары , болашақ мұғалімдер бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
мамандығында оқитын пайдалана алады.
1 ОТБАСЫ МЕН СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Отбасының бала тәрбиесінде алатын орны
Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27-бап, 2-тармағында «Балаларына
қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата — ананың табиғи құқығы, әрi
парызы» делiнсе, «Қазақстан –2030″ бағдарламасында » Әкелер мен аналардың,
аталар мен әжелердiң өз балалары мен немерелерi алдындағы жауапкершiлiгiн
күнделiктi есте ұстауға тиiспiз.Бiз өз балаларымыз бен немерелерiмiздi
сонау алыс болашақта, олар бiздiң жасымызға жеткен кезде қандай күйде
көргiмiз келедi…» делiнiп, ұрпақ тағдыры айтылады [3].
Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып
келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы.
Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді.
Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.
Отбасы- оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала
тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді.
Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай
ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы
ата- аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың
қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің,
жас натуралистер станцияларының, ғылыми- техникалық және көркемдік
шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға
ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс
үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық
шаруашылығына қатысуын үйлестіру [4].
Отбасында басты мәселелердің бірі- баланың тіршілік әрекетін
ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның
үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін
шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе
жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім
және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.
Балалардың отбасынбағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік
институт ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара
қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың
жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір.
Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің
ешкандай да түрі алмастыра алмайды. Отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену
жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық
қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет
ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір
сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси
құндылықтар беріледі.
Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда
артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік,
экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір
қиыншылықтар туғызады.
Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын
алады. Мысалы:ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың балалары
мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала
тәрбиесі көбінесе білімі төмен ата мен әжелерге жүктеледі.
Қоғамда жүріп жатқан тұрғындардың материалдық жағдайға байланысты
жіктелуі отбасы тәрбиесіне материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың қарым-
қатынасына әсер етеді.Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-
50%жұмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда педагогикалық көзсоқырлық,
тойынғандық жағдайға алып барады. Тойынғандық дегеніміз- өмірге,өмірдегі
мкатериалдық және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, келекетті
қатынас [5].
Жастайынан осындай ортада өскен балалардың арасына торығушылар,
қаңғыбастар ,”қызықты”әсерді іздеушілер өсіп шығады.
Қазіргі кезде отбасының “уақталу”процесі жүруде. Ол дегеніміз- жас ата-
аналардан тұратын әжесіз, атасыз отбасылар. Бұл отбасының беріктігін
нығайтып, дербес ұжымды қатынастырады. Қиындықтар достық пен
ынтымақтастықты нығайтып, қуаныш пен қайғыны бөлісуге тәрбиелейді.
Дегениен, жас отбасында алғашқы кезде тұрмыстың түзелмеуі,бала тәрбиесі
сияқты қиындықтар кездескенімен, олард ышешу қоғамның құзырында.
Отбасы мүшелерінің келуі, туылған бала санының азаюы да отбасы дамуының
ерекшелігін құрайды. Қалалық отбасында бір-екі бала ғана тәрбиеленеді. Бала
туудың азаюының себептері сан алуан және өте күрделі; олар ата-аналардың
жұмысбастылығын; мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілмеуі;бала
тәрбиесіне шығынның көп жұмсалуы; әйел ананың шамадан тыс жұмысбастылығы;
отбасының қолайсыз тұрғын үйі; тұрмыстық жағдайы; ата-аналардың “өзі үшін
өмір сүруге”ұмтылған тоғышарлық ұмтылысы және т.б.Бала туудың азаюы- шағын
отбасындағы тәрбие әдістерін жасау деген және педагогикалық проблеманы
алуға тосады.
Қазіргі отбасы ажырасу санының едәуір артуымен сипатталады. Ажырасудың
90% тұрмыс қолайсыздығы мен дайындықсыздың салдары. Дегенмен барлық
ажырасуларға жағымсыз баға беруге болмайды, өйткені кей жағдайда ажырасу
баланың психикасына теріс әсер ететін ұрыс- жанжал, отбасылық кикілжіңді
алдын алады.
Бір балалы отбасы көпшілікпен араласу, ұжымдық қызмет тәжірибесін игеру
жағынан баланы қиын жағдайға қалдырады.Бұндай отбасыларда аға,әпке сияқты
тәлімгер іні, қарындас сияқты қамқорлығына алатын бауырдың болмауы ұжымдық
туыстық қатынастар аясын мүлдем тарылта түседі. Осындай жағдайда баланың
қызығушылығы мен қажеттілігін қамтамасыз етуде ата-аналардың педагогикалық
нормаларды сақтамауынан бастауыш сынып кезінен оның бойында тоғышарлық,
ұжымды жатырқаушылық қасиеттердің қалыптасқандығын аңғарамыз [6].
Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде отбасында айтарлықтай
адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылық
бағыттарын қалыптастырып, отбасы өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата-ана
мен мұғалімдердің міндеті – қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып
отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану. Мектеп пен отбасы
балаларды тауар мен ақша қатынастарының мәдениетіне үйрету жұмыстарын
ойластыру қажет, сондай-ақ алып-сату пайда табу немесе пайдақорлық емес, ол
жалпы игілік үшін және өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құқықтық екі
жақты қызмет көрсету екенін түсіндіру. Ата-ананың маңызды міндеті
балаларымен біріккен коммерциялық қызмет-әрекетке қатысып, оны бақылау,
оларды баланың адалдығын, адамгершілігін, ұқыптылығын дамытатын қызмет
көрсетудің әртүрін орындауға үйрету. Нарық отбасы мүшелерінің алатын орнына
жанама әсер етеді, олардың өміріне жаңа әлеуметтік бағдарлар еенгізеді.
Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие беделінің төмендеуі отбасы өмірінің
тәрбиесіне өзінше қиындық әкеледі. Бала тәрбиесiнде отбасының орны
ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды.
Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени — әлеуметтiк
ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-
кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына
пайдалы етiп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi беделi, ақыл-
кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi –
үлкен тәрбие мектебi. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың
ықпалында болып, өмiрге бағыт берушi тәрбие мектебiнен нәр алады.
«Қатты тәртiп көрсе бала күнiнде,
Өнерiмен қуантады түбiнде.
Бала ненi бiлсе жастан, ұядан–
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер — бiлiм берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан,
Ата — анадан өсiп ұрпақ тараған,
Жақсы-жаман болса, бала – соларда»,1 деп, ХI ғасырда Жүсiп Баласағұн
айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшелiктерiн жас күннен танып,
соған қарай бағыт — бағдар, тәрбие берудiң маңызы ерекше. Ата-ана
балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық,
түсiнiстiк, үлкен жауапкершiлiк сезiмдерi бар отбасы – бақытты отбасы.
Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың балаларының өзара қатынасы
мазмұнды, берiлген тәрбие сiңiмдi және негiздi.
Ата-ана бала тәрбиесiне ерекше мән беруi қажет. Ана– бала
тәрбиесiндегi ерекше тұлға.
1.2. Сынып жетекшісінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының міндеттері
мен мазмұны
В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің
мазмұнына ерекше назар аударып: Тек ата – аналармен бірге жалпы күш
жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты
беруі мүмкін, — дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік
ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда
педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне
қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің
құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарасатары
олардың өзара қарым–қатынасы сабақтың ұйымдастыру формаларымен өткізу
технологиясы көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас сонымен қатар
сыныптан тыс тәрбие жұмысын мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық
бағытты ұстануда яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш – мұғалім — оқушы –
ата – анаға қатысты жағдайда жаңа демократиялық қарым – қатынасқа ие болды.
Олай болса осы қарым – қатынасты реттеп отыратын әкімшілік басқару жүйеде
ендігі жерде келмеске кетті [7].
Бүгінде мектептің ата – аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері
өзінің маңызын жоюда: ата – аналар жиналысы, ата – аналар лекториясы мен
университеттері, ата – аналардың ашық күні, ата – аналардың жұмыс
орындарымен байланыс, баланың отбасына бару т.с.с.
Түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар ата –
аналармен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр. Әсіресе, мұндай
жағдай мұғалімдердің ата–аналармен ынтымақтастық қарым – қатынасына кері
әсерін тигізуде.
Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір – біріне айтар ақыл кеңесі ауадай
қажет болып отыр.
Сондықтан да ата – аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеп пен қарым
– қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс,
өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп
ұжымдарының оқу – тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу –
тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы
мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді [8].
Мектептің ата – аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі
жақтың байланысымен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл
тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен
отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады.
Мектептің баланы тәрбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның
жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда отбасының негізгі тапсырыс беруші және
баланы тәрбиелеуде мектеп пен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан да
сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысын негізінен мектеп пен ата – аналар
және балалардың өзара қарым қатынасымен әрекетінде бірлікке,
ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл күй мен
жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының
негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін
өзара сенім мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір – біріне шыдамдылық
көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс.
Дегенмен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді
қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны
оқушылардың ата – аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа
сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де ата – аналармен қоян – қолтық
жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол
үшін, жанұяны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан
– жақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді [9].
Олай болса сынып жетекшісінің ата–аналармен жұмыс істеу қажеттілігі
неде:
• — баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелелерді
шешуде ортақ көзқарастың болуында баланың отбасы мен мектеп
жағдайындағы дамуын және әлеументтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында
тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қоюда;
• баланың әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық даму жағдайын
ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттері дұрыс анықтау, оларды
жүзеге асырудың болуында;
• баланың жан – жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді
және нәтижелі ұйымдастыруда;
• балаға мектеп пен мектептен тыс тәрбие мекемелерінің, ата – аналармен
жұртшылықтың педагогикалық қолдануын ұйымдастыруда;
• баланы әртүрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан – жақты жақсы танып білуі
үшін;
• балаға ықпал етудің жалпы тәсілімен техникасын ойластыруда, әртүрлі
өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш жігерді біріктіру үшін;
• сынып жетекшісі, оқушылар және ата – аналардың жағымды көңіл күйін
өзара жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым – қатынасын
орнықтыруда.
Осыдан барып мектеп пен отбасы тәрбиесінің жағымды факторларға
негізделген өзара қызметінің маңыздылығы түсінікті.
Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі
міндеттері:
1. Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат: отбасының, оның
мүшелерінің өзара қарым–қатынасы мәдениет деңгейі, отбасының жеке басқа
ықпалы ата–ананың педагогика білім дәрежесінің жай – күйін анықтап, кеңес
беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.
2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз
ету. Ондағы мақсат өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі бір мінез құлық
нормалары балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз
етеді. Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата – аналармен ортақ іске
ұйымдастыру.
3. Ата–аналар ұжымын құру. Бұл күрделі әрі жауапкершілігі мол маңызды
міндет. Бұл бағытта ата–аналар комитетін құру, оның жұмыс жоспарын жасау,
оларды мектептегі қоғамдық жұмыстарға қатыстыру, атқарылатын істерге талдау
жасап отыру т.б. жұмыстарды міндеттейді.
4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі
арттырып отыру. Ол үшін ата–аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын
ұйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы,
пеадагогикалық білімдер жетілдіру универсистеттерінде лекторияларды,
семинарларға, ғылыми практикалық конференцияларда, ата–аналар
жиналыстарында педагогикалық білімдерін насихаттау [10] .
Ата–аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі сынып
жетекшісі жоғарыда аталған міндетіне сай 5 қызметті атқаруы тиіс.
1. Ата–аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және
әдістемесімен таныстыру. Сынып жетекшісі ата – аналар жиналысының бірінші
отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық
қөзқарасын баяндайды. Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай әрекет ету
бағдарламасы және тәсілімен тәрбие жоспарымен таныстырады. Ата–аналармен
бірлесіп оны жүзеге асыру жолдары қарастырады. Осындай отырысқа сол сыныпта
сабақ беретін пән мұғалімдерін және мектеп әкімшілігінде шақыру
мүмкіншілігі қарастырылады. Мұғалімдер өздері жүргізетін пәндердің
ерекшеліктері, мазмұнымен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын
орындау жұмыстарынан қатысты мәселелерімен ата–аналарды таныстырады.
2. Ата–аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын
ұйымдастыру. Сынып жетекшісі бұл бағытты ата–аналардың педагогикалық және
психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балалар әлеументтік ортадағы
мінез – құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет жүктейді.
Қазіргі мектеп жағдайында ата – аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда
бұл олардың педагогикалық көзқарастарында қателіктің болмауынан сенімін
орнықтырады. Дегенменде педагогикалық және психологиялық зерттеу нәтижесі
ата – аналардың психологиялық педагогикалық мәдени деңгейлерінің
төмендігіне үнемі назар аударады. Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата-
аналардың оған деген сұранысы күннен-күнге артуда.
Осы орайда, әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет ата-аналар
және мектеп жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын таңдау.
Сондықтан, мұнда мектеп тәжірибесінде ата-аналармен педагогикалық және
психологиялық ағарту жұмыстарына қатысты өзін-өзі ақтаған кейбір дәстүрлі
формаларды атаймыз [11].
3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру.
Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін
арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында
мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын жақсарутды
көздейді.
Мектеп тәжірибесінде ата-аналарды балалармен бірге әрекетке
қатыстырудың әр түрлі формаларын қолданады:
• сабақтан тыс әр түрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жорық,
саяхат, кеш, спорттық жарыстар, т.с.с.;
• жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру
(мектеп бітірушілермен кездесу, соңғы қоңырау, жаңа жыл шыршасы,
халықаралық әйелдер мейрамы, наурыз, оқушылардың жазғы демалысы өткізу
т.б.);
• балалардың сабақтарына, олимпиада, кештерге, апталықтарға, ата-
аналардың ашық есік күніне т.б.;
• мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен
кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау
жұмыстары);
• өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын
ұйымдастыру;
• балалардың аула клубтарын құруға;
• мектептің немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыру
қатысу, кітапхана қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруға;
• мектептің немесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру және оларды
өткізуге өндіріс және фирмалар арқылы материалдық көмек сұрау т.б.
4. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық
кеңес беру. Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап
отырған мәселеге байланысты көмек көрсету, ақыл-кеңес беру.
5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық
ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі. Сынып жетекшісінің бұл
бағыттағы жұмыстары ата-аналардың комитетін құрып, оның мүшелеріне белгілі
бір бағытта тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын ұйымдастыруға кеңес беру,
қолқабыс көрсетуден басталады.
Кейбір ата-ана өз балаларының сыныпта атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына
барынша қолдау көрсетеді. Мысалы,баласы спорттық шараға, мәдени жорыққа
жауапкер болса, оның ата-анасы да өз мүмкіндігінше баласына қолдау
көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға көмектесіп отырады. Мұндай ата-
аналарды сынып өміріне араластырып отыру да сынып жетекшісінің осы
бағыттағы жұмысына жатады [12].
Сонымен бірге сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың жалпы мектеп
көлеміндегі және аумағындағы қоғамдық ұйымдарымен де мектепке қатысты жалпы
мәселелерді ортақтаса шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді (ата-аналар комитеті,
кеңесі, құқық қорғау мекемелері т.б.).
2 СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ АТА-АНАЛАРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖОЛДАРЫ
2.1. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының формаларымен
әдістері
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен
байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Кейбір сынып жетекшілері
тоқсанның аяғында үлгерім қорытындылары туралы ата-аналар жиналыстарын
өткізумен және оқуға үлгермеуші немесе тәртіпсіз балалардың ата-аналарын
мектепке шақырумен шектеледі. Бұл жағдайларда сынып жетекшілері өз
оқушыларының үйдегі жағдайларын нашар білуі, әрі ата-аналармен барлық
уақытта бірдей келісіп әрекет жасамауы мүмкін.
Дана халқымыз: Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі,- дейді ғой.
Сондықтан да әрбір ата-ана өзінің үй ішілік іс-әрекетіне , сөзіне,
басқалармен қарым-қатынасына ерекше көңіл бөліп, сын көзбен қарап,
жағымсыз мінездерінен шеттеуге тырыса жүруі қажет. Бала тәрбиесіне үстірт
қарау ата-ананың бала алдындағы абыройының жоғалуына әкеп соғады. Бұған
әке-шешенің перзенттерін шектен тыс өбектеп еркелетуі де себеп
болады,олайша өскен баланың құрбыластарымен де тіл табыса алмай, шеттеп
қалатын кездері көп [13].
Отбасында тыныштық, бірліктің болмауы, ерлі-зайыптылар арасындағы ұрыс-
керіс, жанжал, бірінің сөзіне бірі құлақ аспаушылық бала тәрбиесін одан
әрі қиындатады. Өз міндетін тек балаларының қарнын тойдарып, киімін бүтін
қылу деп қана түсінетін ата-аналар да кездесіп жатады. Ал баланың жалпы өсу
деңгейін мектепте алған бағасына қарап қана жорамалдайды. Екі алса
-жаман, бес алса-жақсы. Солайша отбасындағы тәрбие жұмысы өз жайына
қалып жатады.
Отбасы алдындағы өте үлкен педагогикалық міндеттердің бірі-жас
ұрпақты жарқын сезімдерге , нұрлы мақсат-мұраттарға ынталандыру.
Жауапкершілік, достық, ар-намыс сезімдері отбасындағы тәрбиеден
қалыптасады.Балаға ата-ананың құр сөзі емес, өздерінің өнегелі іс-
әрекеттері үлкен әсер етпек. Отбасындағы бала тәрбиесіне кері әсерін
тигізетін теріс әрекеттің бірі- ата-аналардың ішімдікке жақындығы.Тағы
бір салғырттықтың бірі- сенбі, жексенбі күндерін қонақ күтуге арнап,
балалардың демалысын қызғылықты ұйымдастыруға көңіл бөлуден қалғандық та
болып табылады [14].
Отбасында бос уақытты дұрыс пайдаланудың пайдасы үлкен. Кей балалар
таза ауада аз уақыт өткізеді. Есесіне көгілдір экран алдында, компьютер
алдында сағаттап отырады. Баланың үйде көзалдында отырғанын қанағат тұтып,
оның немен айналысып жатқанана көңіл бөлмеу де дұрыс емес.
Ата-аналардың өзара және баламен қарым-қатынасы, жалпы отбасы
ішіндегі жағдай бала үшін бір мектеп іспетті. Олар отбасында алған
тәрбиесін достары арасында, мектепте көрсетіп жатады.Сол үшін де
отбасындағы ішкі қарым-қатынастың маңызы зор. Ата-ананың жұмыс орнындағы
абыройы,еңбекке саналы көзқарасы бала тәрбиесіне ерекше әсер етеді.
Сондықтан да сөз бен іс-әрекет қисындылығы зор тәрбие құралы екенін
ұмытпауымыз қажет-ақ. Еңбек адамының уақыты есептеулі, егер дұрыс
пайдалана алмаса , бала тәрбиесіне жетпейді деген сылтауды ата-аналар
көбірек айтады.Бала тәрбиесі – игілікті істердің ең бағалы, жауапты кезеңі.
Сондықтан оған қалғануақытын арнау әбестік болады. Бала тәрбиесіне
бала бақша, мектеп жауап береді деп, өзінен жауапкершілікті қашықтататын
ата-ана қателеседі.Тәрбие – қоғамдық, әлеуметтік процесс. Ол отбасында бала
бақшада , мектепте жүзеге асырылады [15].
Жеке адам –ең алдымен өзіне-өзі тәрбиеші.Ал ата-аналардың тәрбиешілік
рөлі барлығынан да асып түседі. Балаға әсіресе , ана етене
жақын.Отбасының тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Бұл екі
тәрбиеші өзінің қоғам алдындағы , отбасындағы тәрбиешілік ауқымдарын
кеңейтіп,нағыз ұстаздық дәрежеде тәжірибелерін кемелдендіре бермесе , ата-
ана беделінің асқар биігіне шыға алмай қалады.
Егер оқытушы маманданған ұстаз десек , ата-ана –өздерінің өмірлік іс-
тәжірибесі арқылы тәрбиелік іс-әрекеттерін қалыптастырған ұстаз. Ал,
ұстаз өз ісінің шебері, білгір адам болуы қажет.
Отбасылық өмірдің алуан қырлы құбылыстарында ата-аналар сан рет
жаңылыс басып , іс-әрекетін қайта түзеумен қажырлана береді.Кейде тез
байқап,дер кезінде түземесе, кездейсоқ кемшілік отбасын үлкен қасіретке
ұшыратуы мүмкін.
Бала психологиясын терең біліп, педагогтік тәсілдерді игере білмеген
ата-ана жаңылысып, опық жейді.Ата-ана тәрбиелеу әдістерін жан-жақты
жақсы білу керек.Өйткені ата-ана да ұстаз (сурет-1).
Cурет-1. Ата – аналар қажеттілігі
Отбасы-адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.Отбасы белгілі
дәстүрлердің, жағымды өнегелердің,мұралар мен салт-дәстүрлердің
сақтаушысы.Отбасында бала алғаш рет өмір мен танысып,мінез-құлық нормаларын
игереді.Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Ата-
аналармен жүргізілетін жұмыстың ұжымдық және жекелік түрлерін ұштастырып
отырған жөн. Ата-аналар жиналыстарында болған түсіндірме жұмыстарын ата-
аналармен үйде және мектепте жеке кездескенде жалғастырып отыру керек.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен және жұртшылықпен тығыз ынтымақтасуы
оқушыларға ұйымдасқан түрде тәрбиелік әсер етудің өрісін әлде қайда
кеңейтіп, оларға тәрбие беру міндетін табысты шешуге көмектеседі [16].
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың түрлері:
1. Оқушының жанұясына барып тұру
2. Ата-аналармен хат алмасу
3. Ата-аналар жиналысы
4. Ата-аналарға арналған лекциялар
5. Ата-аналарға арналған конференциялар
6. Сұрақ-жауап кештері
7. Ата-аналарға арналған тесттер алу
8. Мектепте бала мен ата-аналарын араластыра отырып ертеңгілік, кештер,
тренинг, жарыстар өткізу
9. Ашық есік күнін өткізу
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың бір түрі-оқушының жанұясына
барып тұру
Сынып жетекшінің ата-аналармен жұмысының табысты немесе табыссыз болуы
оның таңдаған ұстанымына,қарым-қатынас стиліне,педагогикалық шеберлілігімен
кәсіби құзырлылығына байланысты болатынын ұмытпау керек. Сынып жетекшінің
отбасын аралауы бүгінгі күнге дейін ата-аналармен жұмыстың жағымды
формаларының бірі болып келсе,қазіргі кезде кейбір педагог-ғалымдардың
пікірінше бұл талас екі жақты мәселе.Өйткені,жұмыстың осы формасы туралы
бұл отбасының жеке өміріне қол сұғу болмай ма деген де пікірлер
кездеседі.Сондықтан жұмыстың бұл формасын сынып жетекшісі нақты
жағдайға,сол отбасының ерекшелігін жақсылап біліп,ойланып барып жасағаны
жөн.Немесе келесі шарттарды сақтағаны жөн:
• Отбасына ескертпей келмеу
• Отбасында 5-10 минуттан артық болмау
• Отбасына келгенде әңгімені табалдырықта тұрып немесе сырт
киіммен тұрып бастамау,егер ата-аналар қобалжып өздері
айтпаса,әдеппен ғана өзіңіз ұсыныңыз
• Әңгімені әкімшілік-әміршілдік сыңаймен жүргізуге болмайды.
• Ата-ананы үйретпеңіз,тек кеңес беріңіз.
Негізінде әңгімені баланың көзінше оған да,ата-анаға да,өзіңізге де
қолайсыз болмайтындай стильді таңдап алып жүргізгеніңіз тиімді болмақ.
Сонымен қатар ата-аналарға тәрбие мәселесін талқылауға шақырған қағазбен
бірге сол мәселеге қатысты жадынама жазып жіберу тиімді болмақ [17].
Сынып жетекшісі отбасы-салыстырмалы түрде тәрбиенің тұйық институты,ал
ата-аналардың тәрбиелік күш-қуатымен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде
болатынын ескеруі тиіс.Сондықтан ата-аналармен жұмыста да түрлі амалдар мен
формаларды саралап қолдануы керек деп ойлаймын.
Сынып жетекші оқушының отбасына барғанда баланың сабақ оқитын орнына көп
мән беру керек.Ата-ана баласының сабақ дайындау барысында қиын мәселелерді
шеше алмай жалғыз қалуына жол бермеуі керек.Ата-ана баланың үйде жасайтын
өзіндік … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz