Өндіріс шығындары туралы | Скачать Материал

0

ЖОСПАР
Кіріспе
Өндіріс шығындары туралы
Негізгі
Шығындарды басқарудың шетелдік тәжірибесі
Шаруашылық субъектісінің қызметі барысында қалыптасатын жағдайды және шығындарын талдау
Бобровка + ЖШС-ның қаржылық шаруашылық қызметін талдау
Бобровка + ЖШС-ның шығындарын басқару жүйесін жетілдіру
Бобровка + ЖШС-нда шығындарды есептеу әдістерін жетілдірудің негізгі бағыттары
Қорытынды

Өндіріс шығындары — бұл өнімді өндіруге кететін шығындар. Экономист пен бухгалтер оларды әртүрлі есептейді. Бухгалтер — шығындарды фирманың өндіріс факторларын сатып алуға кететін нақты шығындары ретінде анықтайды. Олар бухгалтерлік құжаттарда көрсетіліп айқын түрге ие болады. Айқын шығындар (бухгалтерлік немесе сыртқы) — бұл сырттан алынған ресурстар үшін төленетін ақшалай төлемдер. Бұған кіретіндер: жалдамалы жұмысшыларға төленетін еңбекақы, шикізаттар мен материалдарды төлеу, көліктік, қаржылық және заң қызметтері үшін төлемдер.
Экономист өндіріс шығындарының құрамын ресурстарды сатып алуға кеткен айқын шығындарды ғана қосып қоймайды, сонымен қатар, фирманың өз меншігіндегі ресурстарын пайдаланумен байланысты ішкі шығындарды, яғни айқын емес шығындарды қосады. Бұлардың айқын шығындардан өзгешелігі — бұл шығындар төленбейді және бухгалтерлік есеп беруде көрсетілмейді. Айқын емес шығындар шамасы берілген ресурстарды балама нұсқада тиімдірек қолданғанда олардың әкелетін түсімімен анықталады. Бұған жататындар: кәсіпкердің меншігіндегі капиталға түсетін пайыз, жалгерлік төлемдер, кәсіпкердің өзінің менеджерлік жұмысының төлемақысы. Сонымен:
Сэк. = Сбухг. + Сайқын емес.
Экономикалық тұрғы — фирманың шығындаған өндіріс факторларын балама нұсқаларда қолданған кезде ең жоғарғы деңгейдегі түсімділікті қандай шамада алуға болатынын анықтауға негізделген.
Пайда — фирманың тауарлар мен қызметтерді сатудан түсетін жалпы түсімдері мен оның жалпы шығындарының арасындағы айырма:
PI = TR — TC.
Бухгалтерлік пайда — жалпы түсім мен фирманың айқын шығындарының арасындағы айырма түрінде анықталады:
PIбух. = TR — TCбух.
Экономикалық пайда — бұл жалпы түсім мен фирманың барлық шығындарының арасындағы айырма түрінде анықталады:
PIэк. = TR — TCэк.
Қалыпты (қарапайым немесе нөлдік) пайда — бұл өзінің жеке меншік кәсібін жүргізуге ынтасы болу үшін кәсіпкерге қажет ең төменгі деңгейдегі түсім. Егер PIэк. = 0 болса, онда бұл кәсіпкердің өзінің іс-әрекетінің аумағында ұстанып қалуына септігін тигізетін, тек қана қалыпты пайда алатынын көрсетеді.
Шығындар шамасы мен шығарылатын өнім көлемі арасындағы өзара байланысты зерттеп талдағанда фирманың қысқа мерзімдегі өндіріс шығындарын мынадай түрлерге бөліп көрсетуге болады:
Тұрақты шығындар (FC) — өнім шығару көлеміне байланысты емес тәуелсіз шығындар.
Өзгермелі шығындар (VC) — өнім көлемі өзгергенде өзгеріп отыратын шығындар.
Жалпы шығындар (TC) — фирманың өнімді өндіруге және оны сатуға жұмсайтын барлық шығындарының жиынтығы: TC = FC + VC. Осындай шығындардың динамикасы мен өзара байланыстарын мына төмендегі суреттен көруге болады (сурет 5.1).
Өндірушілер көбінесе орташа шығындар (АС — өнімнің 1 бірлігіне шаққандағы шығындар) шамасына көп көңіл бөледі. Оның үш түрі болады:
1) орташа тұрақты шығындар: AFC = FC Q;
2) орташа өзгермелі шығындар: AVC = VC Q;
3)орташа жалпы шығындар: AТC = AFC + AVC.
Өнімнің қосымша 1 бірлігін өндіргенде жұмсалатын қосымша шығындарды шекті шығындар деп атайды: МС = ∆TC ∆Q = ∆VC ∆Q, яғни ∆TC = FC + ∆VC, ал FC — const.
шекті шығындар (МС) орташа өзгермелі шығындар (AVC) мен орташа жалпы шығындардан (ATC) төмен болған уақытта, AVC пен AТC азаяды;
егер MC AVC және MC ATC болса, онда орташа шығындар өседі;
орташа жалпы және орташа өзгермелі шығындардың ең төменгі (минимум) нүктелерінде MC = ATC = AVC болады.
Фирма ұзақ мерзімді кезеңде өзінің барлық ресурстарын өзгерте алады, олай болса өндіріс факторларының барлығы да өзгермелі болып табылады. Әрбір фирманың мақсаты — орташа шығындарды (АТС) азайта отырып, өнім шығару көлемін (Q) арттыру болады.
Ұзақ уақыт мерзіміндегі және қысқа уақыт мерзіміндегі шығындар арасындағы өзара байланыстар төмендегі суретте берілген.
Ұзақ уақыт мерзімінде орташа шығындар қисығы (LRAC) өндірістің қысқа уақыт мерзіміндегі шығындар қисығын жанап өтеді және ол масштаб тиімділігін (өндіріс ауқымын) көрсетеді.
масштабтың оң тиімділігі LRAC қисығының теріс көлбеулі кесіндісінде орын алады;
масштабтың тұрақты тиімділігі LRAC қисығының көлденең бөлігіне сәйкес келеді;
масштабтың әсері теріс болған жағдайда өндіріс шығындары жоғарылайды және LRAC қисығы жоғары қарай өседі.
Шекті шығындардың ұзақ мерзімдегі қисығы (LRMC) қысқа уақыт мерзіміндегі шекті шығындар қисықтарын жанап өтпейді. LRMC — бұл өндірушінің кәсіпорын ауқымының шамасын өзгерту мүмкіндігі болған жағдайдайындағы өндіріс шығындарын арттыруы:
егер LRMC LRAC болса, онда LRAC азаяды;
егер LRMC LRAC болса, онда LRAC көбейеді;
егер LRMC = LRAC болса, онда LRAC = min. болады.
Шығындар деңгейі туралы ақпараттар изокосталарды (тең шығындар сызықтарын) тұрғызуға мүмкіндік береді.
Изокоста (тең шығындар сызығы) — бұл барлық нүктелерінде жалпы шығындары тең болатын өндіріс факторларының тіркестерін көрсететін сызық. Изокостаның график түріндегі көрінісі: PL — еңбектің бағасы; PK — капиталдың бағасы (сурет 5.5).
Изокостаның бұрыштық коэффициенті өндіріс факторлары бағаларының қатынасына тең болады (-PL PK). Бұл изокоста теңдеуінен туындайды:
TC = PL [. ]L + PK [. ]K; K = TC PK — (PL PK) [.] L.

Сурет 5.6 Өндірушінің тепе — теңдігі
Жоғарыдағы 5.6 суретінен көріп отырғанымыздай, өндірушінің тепе-теңдігі изокоста мен изоквантаның жанасу нүктесінде (Е) орын алады, ал осы нүктеде изокванта мен изокостаның көлбеу бұрыштары тең болады, яғни MRTSLK = -PL PK немесе ∆K ∆L = PL PK. ∆K ∆L = MPK MPL болғандықтан оны былай жазуға да болады: MPL MPK = PL PK немесе MPL PL = MPK PK.
Бұл теңдестік — өндіріс факторларының 1 теңгеге шаққандағы шекті шығындары Е нүктесінде тең болуы керек екендігін білдіреді.
1 Шығын түрлері мен құрамы, түсінігі, өндірістің өзгермелі және тұрақты шығындары. Өнімнің өзіндік құнының құрылымы
Өндіру және өткізу қызметі үшін пайдаланылатын, өндірістік факторлар шығындары өндіріс шығындары деп аталады.
Бухгалтерлік және экономикалық шығындарды ажыратады. Бухгалтерлік шығындар оларды сатып алудың іс жүзіндегі бағасымен өлшенген, жұмсал-ған ресурстардың құнын білдіреді.
Экономикалық шығындар — бұл жіберіп алған мүмкіндіктер шығындары (балама шығындар). Олар жұмсалған ресурстарды пайдаланудың барлық балама тәсілдерінен аса пайдалысы кезінде алуға болатын табыстардың сомасына тең. Экономикалық және бухгалтерлік шығындар (анық) арасын-дағы айырым анық емес шығындарды білдіреді.
Фирма өнім өндіруге банктен алған жалдау капиталын салады деп болжайық, онда шығындарға банк процентін өтеуге жұмсалған қаражаттар қосылушы еді. Осыдан, сырттан тартылған капитал салынған шартта, фирманың табысынан банк проценті мөлшеріндегі анық емес шығындарды шығарып тастау қажет.
Шаруашылық практикасында өндіру шығындарының шамасын анықтау үшін өзіндік құн категориясы пайдаланылады.
Өзіндік құн қарастырылған бухгалтерлік шығындарға сәйкес келеді. Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнына қосылатын, өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өндіру және өткізу бойынша шығындар құрамы туралы ережеде және атап айтқанда, № 7 бухгалтерлік есеп стандартында», өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны табиғи ресурстардың, шикізаттың, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі қорлардың, еңбек ресурстарының өнімін (жұмыстарын, қызметтерін) өндіру процесінде пайдаланылатын құндық бағаны, сондай-ақ оны өндіру мен өткізуге жұмсалатын шығындарды білдіреді деген анықтама берілген.
Өзіндік құнның басқа элементтері шығындары мыналар болып табылады:
— өндірісті дайындау мен меңгеруге;
— өнім өндірумен тікелей баланысқан, өндіру технологиясымен және оны ұйымдастырумен;
— өндірістік процеске қызмет көрсетумен байланысты;
— өндірісті басқарумен байланысты;
— қалыпты еңбек шарттарын және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету бойынша;
— жұмыс істелмеген уақыт үшін еңбек туралы заңмен көзделген төлемдер, белгілі демалыстарды төлеу, мемлекеттік міндеттерді орындағаны үшін жұмыс уақытын төлеу;
— өнімнің өзіндік құнына, сондай-ақ жұмыспен қамту қорына енгізілетін, еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығындардан мемлекеттік әлеуметтік сақтан-дыруға және зейнетақы қорына аударымдар;
— амортизациялық аударымдар түрінде өнімнің өзіндік құнына қосылатын, МЗҚ ұдайы өндіру;
— материалдық емес активтер бойынша тозу.
Өнімнің өзіндік құнына пайдалар мен залалдар есебіне жатқызылатын, шығындар мен ысыраптар қосылмайды. Жойылған өндірістік тапсырыстар бойынша және уақытша тоқтатылған өндірістік қуаттарды ұстауға шығын-дар, сот шығындары, төрелік алымдар, айыппұлдар, төлемақы өсімдері, тұрақсыздық айыптары және шаруашылық келісімдер шарттарын бұзғаны үшін санкциялардың басқа түрлері, сенімсіз қарыздарды шығынға жазудан болатын залалдар және т.б.
Өндірістік қызметпен байланысты шығындардың бір бөлігі кәсіпорынның билігінде қалатын пайда есебінен артады: ғылыми-зерттеу, жобалық және технологиялық жұмыстаржы қаржыландыруға арналған шығындар, банк ссудалары бойынша проценттер, құнды қағаздарды (акциялар мен облигация-лар) шығарумен және өткізумен байланысты шығындар.
Өнімнің өзіндік құны — бұл синтетикалық көрсеткіш, онда ғылыми-техникалық прогресс, еңбек өнімділігінің өсуі және өндіріс ішіндегі резервтерді пайдалану көрініс табады.
Бірқатар белгілер бойынша көмірдің өзіндік құнының келесі түрлерін ажыратады:
— өнім өндіруге жұмсалған шығындар көлемі бойынша:
— учаскелік (цехтық);
— өндірістік;
— толық (коммерциялық).
Өндірістік өзіндік құнға өнім өндірісіне жұмсалған барлық шығындар, яғни жеке учаскелер (цехтар) бойынша шығындар және жалпы өндірістік шығындар.
Толық өзіндік құн өндірістік өзіндік құнға қосылған шығындардан және өндірістен тыс шығындардан тұрады. Өндірістен тыс шығындардың құрамы-на дайын өнімді өткізу және жеткізу бойынша шығындар және өткізу шығындары қосылады.
Өнімнің көлемін қабылданған өлшеуіш бойынша (натурал немесе құндық):
— өнімнің жеке түрінің өзіндік құны;
— жалпы көлемді өнімнің өзіндік құны;
— тауар өнімінің өзіндік құны.
Жалпы көлемді өнімнің өзіндік құны өндірістік сипаттағы өнімді, қызметтерді және жұмысты өндіруге жұмсалған шығындардан, сондай-ақ өндірістік-техникалық қажеттіліктерге жұмсалатын, меншікті өндірім өнімі-не шығындардан тұрады. Тауар өнімінің өзіндік құнына өндірістік-техникалық қажеттіліктерге жұмсалатын, меншікті өндірім өніміне шығын-дарды шегергенде тауар өніміне шығындардан тұрады.
Есептік кезең бойынша:
— тәуліктік;
— апталық;
— айлық;
— тоқсандық;
— жылдық.
Тәуліктік және апталық өзіндік құн шығындардың шектелген шеңбері бойынша анықталады (жұмысшылардың тікелей жұмысақысы, маңызды материадар). Ол өзіндік құнға әсер ететін, маңызды шығындардың жұмса-луын жедел бақылау үшін тағайындалады. Айлық, тоқсандық және жылдық өзіндік құн тек кезеңнің ұзақтығымен ғана ерекшеленетін шығындардың бірдей шеңберін есепке алады.
Құрастыру уақыты және мақсатты тағайындалуы бойынша:
— жоспарлық;
— есептік (іс жүзіндегі).
Жоспарлық өзіндік құн жұмыстардың жоспарлық көлемдерінің, материалдық құндылықтардың жұмсалу нормаларының және шығындары-ның, сондай-ақ жоспарлық бағалардың негізінде жоспарланатын кезеңнің басталуына дейін құрастырылады.
Есептік өзіндік құн есептік кезеңде өнім өндіруге жұмсалған іс жүзіндегі шығындарды көрсетеді. Оған сондай-ақ осы кезеңде іс жүзінде орын алған, өндірістік емес шығындар (брактан болатын шығындар, материалдардың бүлінуі) қосылады. Есептік өзіндік құн бухгалтерлік есеп материалдары бойынша құрастырылады.
Есептік өзіндік құнды жоспарлықпен салыстыру өндірістік бірліктің өндірістік-шаруашылық қызметінің тиімділігін бағалау мүмкіндігін береді.

2 Кәсіпорын шығынының пайда болу шығындарын топтастыру. Шығын кезеңінде баптар бойынша өнімнің өзіндік құнымен қосылатын кәсіпорын шығындары
Өнімнің өзіндік құны өзінің құрамы және экономикалық тағайындалуы бойынша әр текті шығындардан, өнімді жасау мен өткізудегі ролінен қалыптасады. Бұл жіктеу қажеттілігін тудырады.
Шығындарды жіктеу шығындарды дұрыс жоспарлауды, есептеу мен талдауды ұйымдастыруға және осының негізінде өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерін айқындауға мүмкіндік береді.
Шығындарды негізгі топтастыру экономикалық элементтер және шығындар баптары бойынша топтастыру болып табылады. Осы топтас-тыру негізінде маңызды құжаттар әзірленеді: өндіруге жұмсалған шығындар сметасы және өнімнің жеке түрлері бойынша өзіндік құнды калькуляциялау.
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар, олардың экономикалық мазмұнына сәйкес (өзіндік құнға не және қандай көлемде кірді) келесі экономикалық элементтері бойынша топталады:
а) материалдық шығындар (қайтарылатын қалдықтардың құнын шегер-генде — ), онда мыналардың құны көрсетіледі:
— оның негізін құрап, басқа жақтан сатып алынатын өндірілетін немесе өнімді жасау кезінде қажетті компонент болып табылатын, өнім шикізатының;
— қалыпты технологиялық процесті қамтамасыз ету үшін және өнімді орау үшін пайдаланылатын немесе басқа өндірістік және шаруашылық қажеттеліктеріне жұмсалатын, сатып алу материалдарының, сондай-ақ жабдықтарды жөндеу үшін қосалқы бөлшектердің, құрал-саймандардың, керек-жарақтың, аспаптар мен басқа еңбек құралдарының тозуының, арнайы киімнің және құндылығы аз басқа заттардың тозуының;
— берілген кәсіпорында әрі қарай жинақтауға немесе қосымша өңдеуге ұшырайтын, сатып алынатын жинақтаушы бұйымдар мен жартылай өнімдердің;
— жақтас кәсіпорындармен және кәсіпорынның негізгі қызмет түріне жатпайтын өндірістерімен және шаруашылықтарымен орындалатын, өндіріс-тік сипатты жұмыстар мен қызметтердің. Өндірістік сипатты жұмыстар мен қызметтерге мыналар жатады: өнімді жасау, шикізат пен материалдарды өңдеу бойынша жеке операцияларды орындау, тұтынылатын шикізат пен материалдардың сапасын анықтау, белгіленген технологиялық процестердің сақталуын бақылау, негізгі өндірістік қорларды жөндеу және т.б. үшін сынаулар жүргізу.
Кәсіпорынның ішінде жүктерді тасымалдау бойынша жақтас ұйымдар-дың тасымалдау қызметтері (шикізатты, материалдарды, құрал-сайманды, тетіктерді, дайындамаларды және т.б. тасымалдау) және дайын өнімді сақтау қоймаларына жеткізу де өндірістік сипатты қызметтерге жатады;
— геологиялық-барлау жұмыстарына және жерді құнарландыруға геологиялық-іздеу жұмыстарына аударымдар бөлігінде табиғи шикізатты пайдаланумен байланысты шығындар, тамырымен жіберілетін ағаш үшін төлемдер, кәсіпорындар белгіленген лимиттер шегінде су шаруашылығы жүйелерінен жинайтын су үшін төлемдер;
— барлық түрлер жағынан сатып алынатын, технологиялық мақсаттарға жұмсалатын, энергияның барлық түрлерін (электрлік, жылулық, қысылған ауа, суық және басқа түрлерінің) өндіруге, ғимараттарды жылытуға жұмсалған шығындар, кәсіпорын көлігімен орындалатын өндіріске қызмет көрсету бойынша тасымалдау жұмыстары;
— табиғи кему нормалары шегінде материалдық құндылықтардың жетіспеуінен және бүлінуінен болатын ысыраптар.
Өндірістің қайтарылатын шығындары деп шикізаттың, материалдардың. жартылай өнімдердің, жылу тасығыштардың және өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өндіру процесінде пайда болған, бастапқы ресурстың тұтыну-шылық қасиеттерін (химиялық және физикалық қасиеттерін) толығымен және жартылай жоғалтқан және осының күшінде жоғары шығындармен (өнім шығарылуының төмендеуімен) немесе тікелей тағайындалуы бойынша мүлде пайдаланылмайтын, материалдық ресурстардың басқа түрлерін түсінуге болады.
Қалдықтарға белгіленген технологияға сәйкес басқа цехтарға, бөлімше-лерге өнімнің басқа түрлерін өндіру үшін толық материал ретінде берілетін, материалдық ресурстардың қалдықтары жатпайды.
б) еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығындар, онда жұмысшылар мен қызметкерлерге өндірістік көрсеткіштері үшін сыйақыларды, ынталанды-рушы және өтеуші төлемдерді қосқанда, кәсіпорынның өндірістік персоналы-на еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығындар, сондай-ақ кәсіпорынның штатында болмайтын, негізгі қызметке жататын жұмыскерлерге еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығындар көрсетіледі.
Еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығындардың құрамына мыналар кіреді:
— кәсіпорында қабылданған еңбекақы төлеу түрлері мен жүйелеріне сәйкес кесімді бағалар, тарифтік мөлшерлемелер және лауазымдық айлық-тардан алғанда есептелген, орындалатын жұмыс үшін жұмысақы төлемдері;
— жұмыскерлерге натурал төлеу тәртібінде берілетін өнімнің құны;
— жүйелі ережелер бойынша ынталандырушы сипатты төлемдер, соның ішінде: өндіріс нәтижелері үшін сыйақылар (натурал сыйақылар құнын қосқанда), кәсіптік шеберлігі үшін тарифтік мөлшерлемелер мен айлықтарға үстеме ақылар және т.б.;
— жұмыс режимімен және еңбек шарттарымен байланысты, өтеуші сипатты төлемдер, соның ішінде түнгі уақыттағы жұмыс, мерзімнен тыс жұмыс, көптеген режимдегі жұмыс, демалыс және мереке (жұмыс күні емес) күндеріндегі жұмыс үшін, бірнеше мамандықтың жұмысын қоса атқарғаны, қызмет көрсету аймақтарының кеңейгені, ауыр, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін тарифтік мөлшерлемелерге және айлықтарға үстеме ақылар;
— заңға сәйкес жеке салалардың жұмыскерлеріне ақықыз көрсетілетін коммуналдық қызметтердің, тамақтанудың, азық-түліктің және т.б. құны;
— қолданылып жүрген заңға сәйкес жеке тұрақты пайдалануында қалатын, ақысыз берілетін заттардың (фирмалық киімді, керек-жарақты қосқанда) құны (немесе олардың төмен бағамен сатылуына байланысты жеңілдіктер сомасы);
— кезекті (жыл сайынғы) және қосымша демалыстарды төлеу;
— кәсіпорындар мен ұйымдарды қайта ұйымдастырумен, заңмен анықтал-ған жағдайларда жұмыскерлер мен … жалғасы