Оңай мен қиын | | Ortalyq.kz
Оқылды:
4
1. Өзгенің қателігін жазғырған — оңай, өз қателігіңді мойындау — қиын.
2. Өзгені сынаған — оңай, өзіңді жақсарту — қиын.
3. Өзгені ренжіткен — оңай, кешірім сұрау — қиын.
4. Ойланбай сөйлеген — оңай, тіліңді тартып қалу — қиын.
5. Әр түні армандаған — оңай, сол арманды жүзеге асыру — қиын.
6. Жеңісті көрсеткен — оңай, жеңілгеніңді абыроймен көтеру — қиын.
7. Сүрініп құлаған — оңай, тұру — қиын.
8. Өмір сүрген — оңай, шынайы мәнін білу — қиын.
9. Қателескен — оңай, қателескеніңді білу — қиын.
10. «Жақсырақ болам» деп ойлаған — оңай, оны іске асыру — қиын.
11. Өзгелерді жамандаған — оңай, оларды ақтап алу — қиын.
12. Үйлену — оңай, үй болу — қиын.
13. Билік айту – оңай, біліп айту – қиын.
14. Әлемді өзгерту — оңай, әлемді өзгерттім деп елді мойындату – қиын
15. Ұнату – оңай, ғашық болу – қиын.