ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА МОРАТОРИЙ | Скачать Курстық жұмыс

0
441

Мазмұны

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … . 3

І. Өлім
жазасы … … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … .. 5
1.1 Қазақстандағы өлім жазасын жою: қазіргі жағдайы және
болашағы … … … … … … … … … … … … … … … … … .
… … … … … … … … … 5
1.2 Шетелдегі өлім
жазасы … … … … … … … … … … … … … … … … … …
… . 17

ІІ. ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА
МОРАТОРИЙ … … … … … … … … … … … … … … . 21
2.1. Адам – мемлекеттің ең қымбат
қазынасы … … … … … … … … … … … 21
2.2. Халықаралық ұйымдардың өлім жазасына мораторийге
көзқарасы … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … . 23

Қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … 25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ … … … … … … … … … … … … .. 26

Кіріспе

1990-жылдары Қазақстан Республикасы егемендікке қол жеткізген кезде
президенттік басқару жолы елімізді экономикалық және саяси күрделі жағдайда
дағдарыстан абыроймен шығарды. Сол кезде халықтың болашағы мен
қауіпсіздігіне кепіл беретін сауатты көшбасшыға мемлекет мұқтаж болды. Даму
нәтижесінде біз саясатымыздың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, бүкіл әлемге
Президент басқарып отырған республикамыздың жан-жақты дамығанын көрсете
білдік.
Қазір Елбасымыз жүргізіп отырған саясатының арқасында тәуелсіз
Қазақстанды жер жүзі танып, мойындады. Мемлекетіміздің алдында дүние жүзі
бойынша бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына ену міндеті тұр.
Ол үшін қазақстандық даму моделін халықаралық стандарттарға жеткізу қажет.
Демократиялық реформалар бағдарламасын жүзеге асыру барысында бүгінгі таңда
Ата Заңымызға өзгерістер енгізу қажеттілігі қайта туындады.
Әртүрлі қоғамдық ұйымдардан Ата Заңымызға енгізу үшін көптеген
ұсыныстар түсті. Өзгерістер енгізу барысында көптеген мәселелер ашық
талқыланды, ой-пікірлер айтылды. Олардың ішінде елімізде мемлекеттік
басқару жүйесін бекіту, орталық атқарушы органдардың жетекшілерін, ұлттық
компаниялар басшыларын тағайындау және қызметтерінен босату рәсіміне
өзгерістер енгізу, Парламент Мәжілісінде халық өкілдерінің санын арттыру
үшін және Астана қоғамдық бірлестіктердің ұсынуымен депутаттардың санын
көбейту, саяси партиялардың маңыздылығын арттыру және т.т.
Сот жүйесінде де өзгерістер орын алды: өлім жазасы адамдардың қаза
болуымен байланысты террористік қылмыстар және соғыс уақытында ерекше ауыр
қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді. Сондай-ақ,
Жоғары Сот Кеңесі әділет біліктілік алқасының аудандық және оларға
теңестірілген соттар төрағалары мен судьяларының лауазымына үміткер
адамдарды конкурстық іріктеу және аталған мемлекеттік лауазымдарға
тағайындау үшін ұсыным беру жөніндегі өкілеттіктерін алатын болды.
Депутаттардың саны көбейеді. Парламент алдында Үкіметтің есеп беру міндеті
бекітілді. Мәжіліс депутаттарының өкілеттіктері кеңейеді: Конституциялық
кеңес, Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесін қызметіне тағайындау үшін
депутаттар кандидатураларды ұсынатын болды. Ал Конституциялық Кеңестің
құзырына Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың
Конституцияға сәйкестігін қарастыру рәсімі берілді. Облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалардың және Астана әкімдерін қызметке
Президент тиісті мәслихаттардың келісімі бойынша тағайындайтын болды.
Бұл өзгерістер қоғамымызды өркендетіп, экономикамызды арттыруға көп
септігін тигізеді. Әрине, мемлекетті басқарудағы шынайы демократиялық
қағидаттарды қолдауымыз керек. Өкілетті органдар арқылы барлық деңгейдегі
басқару үдерісіне азаматтарды қатыстыру қажет. Бұл сыбайлас жемқорлықпен,
басқа да жағымсыз құбылыстармен күресудің нақты механизмі болады.
Өлiм жазасы-ату жазасы адамның өмiрiне қол сұғатын ерекше ауыр
қылмыстар үшiн, сондай-ақ соғыс кезiнде немесе ұрыс жағдайында мемлекеттiк
сатқындық, бейбiтшiлiкке және адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыс және
ерекше ауыр әскери қылмыстар жасағаны үшiн ғана ең ауыр жаза ретiнде
қолданылуы мүмкiн. Өлім жазасы үстіміздегі жылдың мамыр айында
Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты кісі
өліміне соқтырған лаңкестік және соғыс уақытында жасалған ауыр қылмыстар
үшін ғана белгіленетін болды. Сонымен қатар, бұл үкімге кесілген жандарға
рақымшылық сұрау құқығы да беріліп отыр. Аталған түзетулерді жүзеге асыру
үшін заң жобасы дайындалды. Бұл жайында Әділет министрлігі дайындаған заң
жобасында Қылмыстық кодекстегі кейбір баптарға және Қылмыстық-процессуалдық
кодекстегі қылмыстық заңмен өлім жазасы көзделетін қылмыстарды облыстық
немесе оған теңестірілген соттардың аталған істердің сотқа жататындығын
қайта қарау бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Сөйтіп,
террорлық қылмыс аталған заң жобасы бойынша Қылмыстық кодекстің бірнеше
бабында қарастырылып отыр. Өлім жазасы да осындағы бірқатар баптарда
көрсетілген. Бұларға өзгерістер енгізілмейді. Сондықтан жиналған комиссия
мүшелеріне өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқық
жөніндегі халықаралық пактіге қосымша Екінші факультативті қаулы мен
еліміздің Конституция нормаларын басшылыққа ала отырып көрсетілген
баптардағы өлім жазасын алып тастау немесе қалдыру қажеттігі талқыға түсті.
Бірақ қазіргі уақытта өлім жазасына мораторий енгізілген. Қазақстан
Республикасының Президенті өлім жазасын орындауға мораторий енгізген кезде,
өлім жазасы туралы үкімді орындау мораторий қолданылған уақытта тоқтатыла
тұрады. Бұл – демократиялық мемлекет қалыптасуына игі ықпал ететін үдеріс.
Елдің дамуы мен демократия бір-бірімен тығыз байланысты екені бәрімізге
мәлім. Осындай конституциялық реформалар елімізді демократияландыруға оң
әсерін тигізетініне күмәнім жоқ.

1. Өлім жазасы

1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨЛІМ ЖАЗАСЫН ЖОЮ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

Өлім жазасы тақырыбы жүздеген жылдар бойы бүкіл әлем халқын
толғандырып келуде. Бұл адамзат баласын бітіспес екі лагерге: өлім
жазасының жақтастары мен қарсыластарына бөліп тастаған, ғасырлар бойы оның
ой-санасын сергелдеңге салып келе жатқан мәселе. Олардың алғашқылары елде
өлім жазасының жоқтығы – оның өркениеттілігінің көрсеткіші деп бізді
сендіріп бағады. Ал екіншілері болса, қоғам өркениеттілігін онда өлім
жазасының мүлде болмауы емес, қайта керісінше өлім жазасы тағайындалатын
рақымсыз да қатыгез қылмыстардың болмауы ғана айқындайды деп есептейді.
Қанға-қан, жанға-жан деген қанды кек қағидасы бойынша жазалау,
қорқыту – бүгінгі таңда өлім жазасына кесу туралы үкімдердің пайдасына
айтылып келе жатқан дәлел болып тұр. Енді сол үкімдердің қаншалықты тиімді
екенін және алдын-алу шарасы ретінде өзін-өзі қаншалықты ақтайтынын
қарастырайық.
Бәрінен бұрын, кінәсіз адамды өлім жазасына кесу қаупі әр кезде де
болғанын есте сақтаған жөн. Әлемде қылмыстық сот ісін жүргізудің әбден
жетілдірілген жүйесі жоқ және олардың ешбірі де, заңдарда қарастырылған
процедуралық кепілдіктердің санына қарамастан, білместікпен немесе әдейі
жасалған қателерден сақтандырылмаған. Қателік жасау, соның ішінде орны
толмас қателік жасап, кінәсіз адамды өлім жазасына кесу – бүгінгі күннің
ащы шындығына айналып отыр.
Адам құқы жөніндегі халықаралық Хельсинк федерациясы 2005 жылы
желтоқсаннан бастап Орта Азия елдерінде өлім жазасын алып тастау жөніндегі
екі жылдық жобаны орындауға кірісті. Оның негізгі мақсаты – халықты
ақпараттандыру және өлім жазасын қолдану мәселесін талқылауды құқық қорғау
проблемасы ретінде қарастыру. Жобаны орталық-азиялық аймақтың төрт
мемлекетінде – Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда
жүзеге асыру көзделген.
Қазіргі уақытта Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда өлім жазасын
қолдануға мораторий жарияланған. Ал Өзбекстанда президент жарлығына сәйкес,
өлім жазасы 2008 жылдың 1 қаңтарынан кейін ғана алынып тасталмақ, қазіргі
кезеңде елде өлім жазасы қолданылып отыр. Ал Түркіменстанда өлім жазасы
1999 жылы алынып тасталған.
Қазақстанда мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, 2003 жылдың
желтоқсан айынан бастап өлім жазасының орындалуына мораторий жарияланғаны
белгілі. Ал 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикада жазалаудың ең
жоғары шарасы ретінде өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген.
2007 жылғы 2 қаңтарда Италия Республикасы БҰҰ-ның Қауіпсіздік
Кеңесінің қарауына өлім жазасына жалпыға бірдей мораторий енгізу туралы
ұсыныс жасады. Қазіргі уақытта Италия Республикасының Сыртқы істер
министрлігі мораторийді бекіту туралы қарар жобасын БҰҰ Бас Ассамблеясының
күн тәртібіне енгізу үшін халықаралық консультациялар жүргізуде. Осы
бастамашылықты 85 мемлекет қолдады.
Бүгінде әлемдегі 120 мемлекет заңнамалық тәртіппен өлім жазасының
күшін жойды немесе оны іс жүзінде қолданбайды. Бұл мәселе бойынша
әдеттегідей еуропалық өңірдің ұстанымы мейілінше жоғары: Еуропа Кеңесіне
мүше елдерде соңғы 10 жыл ішінде бірде-бір өлім жазасы орындалмаған.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес, адам және
адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы
болып табылады. Өмір сүруге құқық адам құқықтарының бірінші және олардың
ішіндегі ең маңыздысы ретінде қарастырылады. Осы құқықты қамтамасыз етуді
Ата Заңымыз мемлекеттік саясаттың басты қағидаты ретінде белгілейді.
Жазалауды қолдануды ізгілендіру саласындағы әлеуметтік-экономикалық
реформалар мен өзгерістер осы қағидаттың мемлекет қызметіндегі
маңыздылығының және адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды
ұстанатынымыздың дәлелі. Сондықтан жүргізілген либералды реформалардың
қорытындыларына негізделе отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі Италия
Республикасының ұсынысын қолдауға және одан басқа Азаматтық және саяси
құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына
қосылу арқылы өлім жазасының күшін жою жөніндегі әрекеттерін жалғастыруға
дайындығын білдіруге тиіс деп ойлаймын.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардың өзінде-ақ, елде құқықтық реформа
басталуымен бір мезгілде өлім жазасын кезең-кезеңмен жоюға бағыт алынды,
Қазақстан оны қатаң ұстанып келеді.
Әуелі ұрлық, жалған ақша жасағаны, валюталық операциялар туралы
ережені бұзғаны үшін тағайындалатын өлім жазасы заңнама арқылы жойылды.
Кейінірек қарақшылық жасағандарға, түзеу мекемелбрінде жаппай тәртіпсіздік
ұйымдастырғандарға, кісі зорлаґандарға және пара алғандарға қолданыл0тын
өлім жазасынан бас тартылды. Өлім жазасын қолданудың аясын шектеу үрдісі
1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Қылмыстық кодексте
де жалғасын тауып, ол осы жаза тағайындалуы мүмкін әрекеттердің санын екі
есеге қысқартты. Нәтижесінде өлім жазасын соттар ауырлататын мән-жайларда
қасақана кісі өлтіргені үшін ғана тағайындайтын болды. Кодекс өмір бойы бас
бостандығынан айыруды өлім жазасының баламасы ретінде белгілеп, сондай-ақ
өлім жазасын қолданудағы жаңа шектеулерді және осы жазаға кесілген тұлғалар
құқықтарының қосымша кепілдіктерін бекітті. Өлім жазасын әйелдерге, сондай-
ақ 18 жасқа толғанға дейін қылмыс жасаған тұлғаларға, және үкім шығарылатын
кезде 65 жасқа толған ер кісілерге тағайындауға тыйым салынды. Кінәліге
өлім жазасы барлық судьялардың бірауыздан қабылданған шешімі бойынша
тағайындалатыны, ал үкім оның қолданысқа енгізілгенінен кейін кемінде бір
жыл өткен соң орындалатыны туралы ереже заңнама арқылы бекітілді. Адам
құқықтары мен демократияны алға бастыру дүниежүзілік таңғажайып құбылысы
болып табылады. Сонымен бірге, бүкіл дүние жүзінде демократия мен
демократиялық билікпен қорғалатын жалпыға бірдей құндылықтар жайлы
пікірталас қызуда. Демократиялық билікке сұраныстың өсуі адам құқықтарының
ең сенімді кепілі болып табылатын өкілеттілік, үкіметтің жауапты
институттары, заң алдында бәрінің теңдігі, мықты азаматтық қоғам, саяси
плюрализм мен тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары демократияның ырғақты
дамуын мойындаудың белгісі.Құрама Штаттары мен басқа да азат елдерінің адам
құқықтарын қорғап, демократияның жақсы жақтарын көбейтуге көмек көрсету
міндеті бар. Біз елдерге ұзақ уақыттан бері қадірленіп келген адам
құқықтарын қамтамасыз ететін демократиялық институттарды дамытуға
көмектесуге тиіспіз. Біз әлсіз демократияларға өз азаматтарына жақсы өмір
құруға көмектесуге міндеттіміз. Біз елдерді өздерінің адам құқықтарын
сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерін бұзғанда, жауап беруге
шақыруға міндеттіміз.
Өлім жазасын жақтаушылардың басты уәжі – ол қылмыс жасаудан
қорқытудың, соны тежеудің факторы болып табылады. Алайда көптеген
зерттеулер өлім жазасы қылмыс деңгейіне қалай әсер ететінін, ол жойылған
жағдайда салдары қандай болатынын әлі күнге дейін ғылыми түрде дәлелдеп
бере алмады. Қылмыс жасауды ойластыра отырып, қылмыскер әдетте
тағайындалатын жазаның қатаңдығын емес, жауаптылықтан құтылу жолдарын ғана
іздестіреді. Егер ол қылмысы ашылмауына сенімді болса, онда оны ең қатаң
жаза да тоқтата алмайды. Осыдан туындайтын қорытынды: егер біз ықтимал
қылмыскерді қорқыту факторы туралы айтар болсақ, онда бұл фактор ретінде
жазаның қатаңдығы емес, оның бұлтартпастығы болуы керек. Қылмыстың уақтылы
ашылатынына, ал айыптылардың сотқа тартылатынына қоғамның сенімі қылмысты
тежеудің шешуші факторы болып табылады. Өйтпеген жағдайда өлім жазасы
қылмыс деңгейінің төмендеуіне әсер ету құралына айналмай, құқық қорғау
жүйесінің тиімсіздігін көлегейлейтін қатал бет перде болып қала береді.
Өлім жазасының тежеуші ролі туралы аңыз қоғамның санасына да тікелей
әсер етеді. Әр елде жүргізілген әлеуметтанушылық сұраулар көрсеткеніндей,
халықтың көпшілігі бұл жаза түрін қолдайды. Өлім жазасын жақтайтындар
сондықтан оны өздерінің басты уәжі ретінде кеңінен қолданады. Бұл тұрғыда
Қазақстан да шетте қалған жоқ, бізде сұралғандардың 70 пайызға жуығы өлім
жазасын қалдыруды жақтап отыр. Сұрау салу қорытындылары біршама қызық
жәйттердің бетін ашты. Өлім жазасына қарсы шығушылардың көпшілігі жазаның
осы түрінен бас тарту қажеттілігін дәлелдей алатын сауатты адамдар екен.
Соның негізінде, халықтың пікірін тыңдап қана қоймай, өлім жазасынан бас
тарту тиімділігінің аргументтері, адамның түбегейлі құқықтары және
аболиционисттік қозғалыстың мақсаты туралы толық ақпарат беру қажет деген
ұйғарым жасалды. Тағы бір айта кететін ерекшелігі, өлім жазасынан бас тарту
мүмкіншілігі туралы мәселені қарастыруды парламентшілер емес, Республика
Президенті ұсынды. Бұл ретте өлім жазасын қолдануды шектеу алда тұрған
мақсат емес, қылмыстық құқық саласын ізгілендіруге бағытталған ауқымды
бағдарлама элементтерінің бірі ғана еді, оны жүзеге асыру мемлекетке
жазалау құралдарын үнемдеп, қылмыскерді жазалаудың басқа тәсілдерін кеңінен
қолдануға мүмкіншілік беретін, қылмыстық санкциялардың саралаулы және
икемді жүйесін құруға әкеп соқтырды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардың
өзінде-ақ, елде құқықтық реформа басталуымен бір мезгілде өлім жазасын
кезең-кезеңмен жоюға бағыт алынды, Қазақстан оны қатаң ұстанып келеді. Бұл
еліміздің халықаралық ұйымдарға кіруі үшін өлім жазасынан бас тартуы
міндетті шарт ретінде қарастырылатын халықаралық-құқықтық міндеттемелеріне
немесе оларға мүшелігіне байланысты емес еді. Әуелі ұрлық, жалған ақша
жасағаны, валюталық операциялар туралы ережені бұзғаны үшін тағайындалатын
өлім жазасы заңнама арқылы жойылды. Кейінірек қарақшылық жасағандарға,
түзеу мекемелерінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғандарға, кісі
зорлағандарға және пара алғандарға қолданылатын өлім жазасынан бас
тартылды. Өлім жазасын қолданудың аясын шектеу үрдісі 1998 жылғы 1
қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Қылмыстық кодексте де жалғасын
тауып, ол осы жаза тағайындалуы мүмкін әрекеттердің санын екі есеге
қысқартты. Нәтижесінде өлім жазасын соттар ауырлататын мән-жайларда
қасақана кісі өлтіргені үшін ғана тағайындайтын болды. Кодекс өмір бойы бас
бостандығынан айыруды өлім жазасының баламасы ретінде белгілеп, сондай-ақ
өлім жазасын қолданудағы жаңа шектеулерді және осы жазаға кесілген тұлғалар
құқықтарының қосымша кепілдіктерін бекітті. Өлім жазасын әйелдерге, сондай-
ақ 18 жасқа толғанға дейін қылмыс жасаған тұлғаларға, және үкім шығарылатын
кезде 65 жасқа толған ер кісілерге тағайындауға тыйым салынды. Кінәліге
өлім жазасы барлық судьялардың бірауыздан қабылданған шешімі бойынша
тағайындалатыны, ал үкім оның қолданысқа енгізілгенінен кейін кемінде бір
жыл өткен соң орындалатыны туралы ереже заңнама арқылы бекітілді. Осылайша,
біз БҰҰ-ның Қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылармен қарым-қатынаста
болу жөніндегі жетінші конгресі бекіткен Өлім жазасына кесілгендердің
құқықтары қорғалуына кепілдік беретін шараларды ескеріп қана қоймай,
жекелеген позициялар бойынша, мәселен өлім жазасын әйелдерге қолдануды
толығымен жою бөлігінде алға шығып кеттік. Өлім жазасының қолданылу аясын
одан әрі тарылтуда жасалатын келесі маңызды қадам – ол өмір бойы бас
бостандығынан айыруды практика жүзінде енгізу болатын. Тек осы жаза ғана
өлім жазасының шын мәніндегі баламасы бола алатын еді. Бұл сенімділік сот
практикасының материалдарына негізделген еді. Жаңа Қылмыстық кодексте
қасақана адам өлтіргені үшін берЖлетін ең ұзақ жаза – өмір бойы бас
бостандығынан айыру 15 дылдан 20 жылға дейін, ал үкімдер жиынтығы бойынша –
30 жылға ддйін көбейтілгЕннен бері, өлім жазасы шығарылған өнімдердің саны
екі кезеңге азайды. Судьялар бас бостандығынан айырудыУ жаңа, одан да ұзақ
мерзімдеріне көңіл аудара бастады. Осыдан келіп, өмір бойы қамауда ұстау
институтының пайда болуы өкім жазасына кескен үкімдер шығарылАтын
жағдайларды мейлінше азайтады, ал бұл болса өлім жазасынан толықтай бас
тартудың алғышартын жасайды деп пайымдауға мүмкіндік береді. Өлім жазасының
баламасы ретінде өмір бойы қамауда ұстауды енгізу туралы мәселені талқылай
отырып, сотталғандар үшін, жағдайы нашар түрмеде ұзақ уақыт қамауда
жатқаннан гөрі, өлім жазасы артығырақ деген екіұдай пікірлерді де еңсеруге
тура келді. Мұндай пікірлер өлім жазасы секілді өмір бойы тұтқындау да
мейлінше үрейлендіретінін дәлелдейді. Егер тұтқындалғандар өздері ұсталатын
жағдайдан гөрі өлім жазасын артығырақ деп тапса, онда бұл ешкімді қинауға
немесе адамгершілікке жатпайтын және абыройын түсіретін қарым-қатынас
жасауға немесе жазалауға болмайды делінетін халықаралық міндеттемелер мен
ұлттық заңнаға нормалары сақталмауынан айғақ береді. Өлім жазасын
жақтайтындардың көп тараған тағы бір уәжі – экономикалық уәж. Олардың
пікірінше, өлім жазасын өмір бойы бас бостандығынан айырумен алмастыру
мемлекет бюджетіне қымбатқа соғады. Шынында да, Халықаралық түрме
реформасының (PRI) есебі бойынша түзету мекемесінде тұтқындалғанның
халықаралық стандарттарға толық жауап беретін бір орнының құны жылына 20
мың АҚШ долларын құрайды. Сонда, адамды қамауда ұстағаннан гөрі өлім
жазасына тарту арзанырақ болғаны ма? Бірақ бұлай деп ойлау, сыпайы
айтқанда, имандылыққа жатпас еді, ал екінші жағынан алғанда, бұл проблеманы
толығымен ысырып тастай салу да қателік болар еді, бірақ бұдан шығар жол
бар. Ол – жеңіл және орташа қылмыстар жасайтын тұлғаларға қатысты қылмыстық-
құқықтық саясатты өзгерту. Жазалау мерзімін азайту есебінен
тұтқындалғандардың жалпы санын қысқарту, шартты түрде мерзімінен бұрын
босату институтын тиімді қолдану, бас бостандығынан айыруға байланысы жоқ
жазаларды кең көлемде пайдалану, қамауға алуға балама болатын бұлтартпау
шараларын енгізу – міне бюджет қаржысын үнемдеудің нақты көзі осылар. Баста
айтып кеткенімдей, Қазақстанда қылмыстық саясатты ізгілендіру бағдарламасын
іске асыру барысында бұл мақсатқа қол жеткізілді. Нәтижесінде елімізде
тұтқындалғандардың саны екі есе азайып, Халықаралық түрме зерттеулері
орталығының мәліметі бойынша, Қазақстан 100 мың тұрғынға шаққанда
тұтқындалғандардың саны бойынша әлемдегі 3-ші орыннан 24-орынға жылжыды.
Ел Президентінің өлім жазасын қолдануға мерзімсіз мораторий жариялау
туралы 2003 жылғы 17 желтоқсанда Жарлық қабылдауы жүргізілген реформаның
шарықтау шегі және заңды түрдегі нәтижесі болды, сол арқылы жазаның бұл
түрінің іс жүзінде күші жойылды. Жарлықта соттардың өлім жазасына кесу
туралы шығарған үкімдерінің орындалуын тоқтату, сондай-ақ Жарлықты жүзеге
асыруға және өлім жазасының баламасы болып табылатын жазаның жаң түрін –
өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын енгізуге бағытталған заң жобасын
Парламентке енгізу туралы Үкіметке жүктелген тапсырмалар көзделген болатын.
Бұл заң қабылданды. Заңнамалық актілерге осы заң енгізетін түзетулер
мораторийдің күші қолданылатын сотталғандардың құқықтық мәртебесін және
құқықтарына, соның ішінде, сотталғанның бұдан бұрын өтініш бергеніне
қарамастан, өлім жазасына кесу туралы үкімді қайта қарау және рақымшылық
жасау туралы өтініш беру құқығына берілетін кепілдіктерді бекітті. Сонымен
қатар Үкіметке және басқа да мемлекеттік органдарға еліміздің криминогендік
жағдайына үнемі мониторинг жүргізу және қоғам пікірін зерделеп отыру
тапсырылды.
Содан бері үш жылдан астам уақыт өтті. Бүгіндері біз өлім жазасынан
бас тарту да, тұтас алғанда қылмыстық саясатты ізгілендіру процесі де
қылмыстың өршіп, криминогендік жағдайдың нашарлауына әкеп соқтырмады деп
айта аламыз. Елде мораторийды тоқтатып, өлім жазасын қайта жалғастыруды
талап етіп жатқан қандай да бір қозғалыстар пайда болған жоқ. Оның үстіне,
жұртшылық пікірін бағамдау өлім жазасына мораторий енгізілгеннен кейін өлім
жазасына қарсылық білдірушілер санының артқанын көрсетті. Осыны ескере
отырып, Үкіметте өлім жазасын заңнамР арқылы толығымей жоюға байланысты
мәселелерді қарайтын ведомствоаралық комиссия құрылды. Баяндамамды аяқтай
отырып, Қазақстанның және өЫім жазасынан бас тартқан өзге де елдердің
тәжірибесі көрсеткеніндей, мұндай қадам жасау үшін алдын-ала үлкен дайындық
жұмыстарын жүргізу қажет екенін атап өткім келеді. Ол нормативтік құқықтық
база құрумен және тиісті ұйымдастырушылық-техникалық тұрғыдан жағдай
жасаумен ғана шектелмей, кем көлемді ағартушылық және түсіндіру жұмыстарын
қажет етеді. Әрине, өлім жазасынан бас тарту туралы мәселені арифметикалық
тұрғыдан, халықтың көпшілік дауысымен шешуге болмайды, дегенімен қоғам
пікірін осындай қадамның қажет екеніне дайындай беру керек.

6 БӨЛIМ. ӨЛIМ ЖАЗАСЫ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ
         21-тарау. ӨЛIМ ЖАЗАСЫ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУДЫҢ ТӘРТIБI МЕН
ЖАҒДАЙЛАРЫ
165-бап. Жалпы ережелер
1. Өлiм жазасына сотталған адамды ұстаудың жағдайы оны күшейтiлген күзетпен
және жалғыз адамдық камерада оқшаулаумен қамтамасыз етiлуге тиiс. 
2. Сотталушы кешiрiм жасау туралы өтiнiш берген жағдайда үкiмнiң орындалуы
Қазақстан Республикасының Президентi шешiм қабылдағанға дейiн тоқтатыла
тұрады. 
3. Сотталушы кешiрiм жасау туралы өтiнiш беруден бас тартқан жағдайда
тергеушiлiк оқшаулау орнының әкiмшiлiгi прокурордың қатысуымен тиiстi акт
жасайды.
4. Сот үкiмiнiң заңды күшiне енуi, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
қадағалау тәртiбiмен соттың үкiмiне қарсылық жасау үшiн негiздердiң жоқтығы
туралы және iстi қадағалау тәртiбiмен қарау үшiн негiздердiң жоқтығы туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының қорытындылары, сондай-ақ
кешiрiм жасау туралы өтiнiштiң қабылданбағаны туралы хабарлама немесе
сотталушының кешiрiм жасау туралы өтiнiш беруден бас тартқаны туралы акт
өлiм жазасы түрiндегi жазаны орындау үшiн негiз болып табылады. 
5. Өлiм жазасы туралы үкiм ол күшiне енген кезден бастап ерте дегенде бiр
жыл өткеннен кейiн, сондай-ақ өлiм жазасын орындауға мораторийдiң күшi
жойылғаннан соң ерте дегенде бiр жыл өткеннен кейiн орындалады.
166-бап. Өлiм жазасына сотталған адамның құқықтық
жағдайы
1. Үкiм заңды күшiне енгеннен кейiн сотталушының заңда белгiленген
тәртiппен кешiрiм жасау туралы өтiнiш беруге құқығы бар. Қазақстан
Республикасының Президентi өлiм жазасын орындауға мораторий енгiзген
жағдайда, сотталғанның мораторий енгiзiлгенге дейiн не ол қолданылған
уақытта өтiнiш бергенiне немесе бермегенiне қарамастан, мораторийдiң күшi
жойылғаннан кейiн де бiр жыл iшiнде кешiрiм жасау туралы өтiнiшпен жүгiнуге
құқығы бар.
2. Ол:
– заңда көзделген тәртiппен қажеттi азаматтық-құқықтық және неке-отбасылық
қатынастарды ресiмдеуге;
– заң көмегiн алуға және ұзақтығы мен санына шек қойылмай адвокатпен
кездесуге;
– қажеттi медициналық көмек алуға;
– хаттарды шек қойылмай алуға және жiберуге;
– зайыбымен, жақын туыстарымен ай сайын бiр қысқа мерзiмдi кездесуге;
– дiн қызметшiсiмен кездесуге;
– күн сайын ұзақтығы отыз минут болатын сейiлдеудi пайдалануға;
– тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға қатаң
режимдегi түзеу колониясында ұсталатын сотталғандар үшiн көзделген мөлшерде
ақша жұмсауға құқылы. 
3. Өздерi жөнiндегi сот үкiмi заңды күшiне енген, бiрақ кешiрiм жасау
мәселесi шешiлмеген не кешiрiм жасау туралы өтiнiшi қанағаттандырылған өлiм
жазасына сотталғандар жазасын одан әрi өтеу үшiн түзеу мекемесiне
жiберiлгенге дейiн осы Кодекстiң 123-бабында көзделген жағдайларда
ұсталады. 
4. Өздерi жөнiндегi кешiрiм жасау туралы өтiнiш қабылданбаған өлiм жазасына
сотталғандар үкiмдi орындау үшiн тиiстi мекемелерге жiберiлгенге дейiн осы
Кодекстiң 127-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда ұсталады.

167-бап. Өлiм жазасын орындау тәртiбi
1. Өлiм жазасы жария етпей ату жолымен орындалады. Бiрнеше адамға қатысты
өлiм жазасын орындау әрбiреуiне қатысты жеке және өзгелерi жоқта
орындалады. 
2. Өлiм жазасын орындау кезiнде прокурор, өлiм жазасы атқарылатын мекеменiң
өкiлi және дәрiгер болады. 
3. Сотталушының өлгенiн дәрiгер куәландырады. Сот үкiмiнiң орындалғаны
туралы хаттама жасалады, оған осы баптың 2-тармағында аталған адамдар қол
қояды.
4. Жазаны атқарған органның әкiмшiлiгi үкiм шығарған сотқа, сондай-ақ
сотталушының жақын туыстарының бiрiне өлiм жазасының атқарылғаны туралы
хабарлауға мiндеттi. Өлiктiң жерленген жерi туралы туыстарына жерленген
кезден екi жыл өткен соң хабарланады.
5. Азаматтық хал актiлерiн жазу органына әкiмшiлiк белгiлеген үлгiде
хабарлама жiбередi және туыстарына олардың өлуi туралы куәлiктi қайдан
алуына болатын орынды хабарлайды.

ПРЕЗИДЕНТ ЖАНЫНДАҒЫ АЗАМАТТАРҒА РАХЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯСЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кешірім жасау мәселелері
жөніндегі комиссия 
Кешірім жасау туралы материалдарды алдын-ала қарау үшін Мемлекет
басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-
кеңесші орган болып табылатын Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия
құрады.
Комиссия құрамына: төраға, оның орынбасары, Бас прокурор, Әділет
министрі, Парламенттің екі депутаты, сондай-ақ түрлі мемлекеттік органдар
мен басқа да ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссия құрамы (барлығы 11 адам)
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі. 
Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы – Қазақстан
Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының
профессоры З.Л. Федотова болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтарға кешірім жасауды жүзеге
асыру тәртібі туралы ережені бекіту туралы 1996 ж. 7 мамырдағы №2975
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

(ҚР Президентінің 18.02.98 ж. № 3841; 13.02.01 ж. № 557; 04.02.04 ж. №
1288; 2005.16.05. № 1573 Жарлықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 15)-тармақшасында
көзделген Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін іске асыру
тәртібін анықтау мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтарға кешірім жасауды жүзеге
асыру тәртібі туралы ережелер (қоса беріліп отыр) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы осы Жарлық
күшіне енген күннен бастап екі апта мерзім ішінде Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның
дербес құрамы туралы Мемлекет басшысының қарауына ұсыныстар енгізсін.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің мына қаулыларының күші жойылған деп
танылсын:
1) «Қазақстан Республикасында кешірім жасауды жүзеге асыру тәртібі туралы»
1992 жылғы 25 қаңтардағы N 586 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында кешірім
жасауды жүзеге асыру тәртібі туралы» 1992 жылғы 25 қаңтардағы қаулысына
толықтырулар енгізу туралы» 1993 жылғы 7 қаңтардағы N 1052 қаулысы.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Президентінің
1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығымен бекітілген ҚР Президентінің
2005.16.05. № 1573 Жарлығымен ереженің мәтіні өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтарға
кешірім жасауды жүзеге асыру тәртібі туралы
ЕРЕЖЕЛЕР
Осы Ережелер Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 15)-
тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтарға
кешірім жасау тәртібін белгілейді.
ҚР Президентінің 18.02.98 ж. N 3841 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді;
1-тармақтың 1) тармақшасындағы өлім жазасын өмір бойына бас бостандығынан
айырумен алмастыру бөлігі ҚР Президентінің 04.02.04 ж. N 1288Жарлығымен
күшіне енгізілді 1.Сотталған адамдарға кешірім жасау: 1) өлім жазасын
баЁ бостандығынан айырумен НемесЕ жаЧасын ерекше режимДі түзеу колониясында
өтей отырып, 6иырма бес жылға бас бОстанФығынан айырумен алмастыру; Жазасын
өтеген адамнан кешірім жасау актісімен соттылығы алынып тасталады;
2) негізгі жазаны, сол сияқты қосымЈа жазанЋ өтеуден толық немесе ішінара
Сосату;
3) бас бостандығынай айыру жазасының өтелмеген бөлЖгєн Неғұрлым жеңіл
жазамен алмастыру түрінде жүзбге асырылады. ВР Президентінцң 04.02.04 ж. N
1288 Жарлығымен 2-тармақ толықтырылды; ҚР Президентінің 2005.16.05. № 1573
Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді
2. Кешірім жасау туралы мәселені Республика соттары соттаған немесе
Республика соты шығарған соңғы үкім бойынша жазасын өтеп жатқан адамдардың
өтініштері негізінде Республиканың Президенті жүзеге асырады.
Халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда, Республика Президенті басқа
мемлекеттердің соттары соттаған адамдарға кешірім жасау мәселелерін қарауға
хақылы.
3. Кешірім жасау туралы материалдарды алдын ала қарауды Республика
Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан
былай – Комиссия) жүзеге асырады.
Комиссия Республика Президентінің жанындағы консультативтік кеңесші орган
болып табылады, оның құрамын Президент бекітеді.
ҚР Президентінің 18.02.98 ж. N 3841 Жарлығымен 4-тармақ өзгертілді; ҚР
Президентінің 13.02.01 ж. N 557 Жарлығымен 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Комиссияны Мемлекет басшысы тағайындайтын төраға басқарады. Комиссияның
құрамына лауазымы бойынша Бас Прокурор және Әділет министрі (олар болмаған
жағдайда – аталған лауазымды тұлғалардың орынбасарлары) кіреді. Комиссияның
құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, қоғамдық
бірлестіктердің өкілдері және өзге де адамдар кіруі мүмкін. ҚР
Президентінің 18.02.98 ж. N 3841; 2005.16.05. № 1573 Жарлықтарымен 5-тармақ
өзгертілді
5. Комиссияның отырыстарын Комиссияның төрағасы немесе ол болмаған кезде
төрағаның орынбасары өткізеді. Комиссияның отырысы оның мүшелерінің үштен
екісі қатысқан ретте құқылы болып саналады. Комиссияның отырыстарына
Республика Жоғарғы Сотының төрағасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
төрағасы, Ішкі істер министрі немесе олардың орынбасарлары қатысып,
талқыланған мәселелер бойынша сөз сөйлей алады. … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz