Өлім, өлімнің бейнесі, өлімнен кейінгі көріністер
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы
Патологиялық анатомия және гистология кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Өлім, өлімнің бейнесі, өлімнен кейінгі көріністер
Орындаған:Аралбай А.Ә
Тобы: 310 А ЖМ
Қабылдаған: Байназаров Д.А
Шымкент 2018
oo Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
oo 1)Өлім және оның түрлері
oo 2) Өлім кезеңдері
oo 3)Өлім белгілері мен өлімнен кейінгі өзгерістер
III.Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
I.Кіріспе
Табиғаттағы тірі жан-жануарлардың бəрі де өз тіршілігін өліммен аяқтайды, яғни мəйітке айналады. Өмір сүру-өлу деген сөз деп Ф.Энгельс бекерге айтпаған.
Өлу заңдылықтарын, оның себептерін жəне өлімнен кейінгі өзгерістерді зерттейтін ілімді танатология деп атайды. Адам өлімін бүкіл организмнің өлімі деп қару керек. Бірақ әртүрлі зерттеулер арқылы кейбір ағзалардың, тіндердің өз тіршілігін организм өлгеннен кейн де сақтай алатындығы айтылған. Осыған айланысты өлген адам ағзаларын, тіндерін трансплантация үшін пайдалану мүмкіншілігі туды. Өлім белгілерін білу, өлім себептерін анықтау барлық дəрігерлер үшін, əсіресе, патологанатомдар үшін аса қажет. Патологанатом тек аурухана жағдайында қайтыс болған науқасты ашып көріп, өзінің қорытынды сөзін өлімнің қай ауру салдарынан болғанын, оның пайда болу механизмдерін ашып береді.
Танатологияның негізін қалаушылар — Биш, К. Бернар, Р.Вирхов, Нотнагель жəне И.И.Мечников. Танатология терминін ұсынған И.И.Мечников. Танатология адам организмінің өлу процесін жəне өлгеннен кейінгі мəйіттік құбылыстардың пайда болуын зерттейтін ғылым. Танатология жалпы жəне жеке танатология болып екіге бөлінеді. Жалпы танатология өлімнің статикалық жəне динамикалық сұрақтарын, өлім белгілерін мəйіттің сыртқы орта факторларымен (взаимодействие) əсерін, способы погребения, өлім себебін анықтау үшін мəйіттерді зерттеу ерекшеліктерін оқытады. Жеке танатология əртүрлі өлім түрлерін зерттейді.
Өлу — бұл динамикалық процесс. 1972 жылы А.Н.Радищев өзінің Адам, оның өлуі жəне өлмеу туралы философиялық еңбегінде өмір өлімге бір сəтте емес біртіндеп ауысатынын жазған. Ол Өмір мен өлім қарама қарсы ұғымдар, ал өлу орталық немесе осы жағдай арқылы өмір аяқталып өлім басталатын жағдай деп түсіндіреді. Осы, өмір мен өлімнің арасындағы аралық кезеңнің болуы терминалды жағдайлар туралы ұғымды дамытуға жол ашты. Терминалды жағдайлар ұғымына шоктың ең ауыр формалары (шоктың торпидтік фазасының III, IV дəрежелері, коллапс), агония алды жағдай, терминалды үзіліс, агония жəне клиникалық өлім ұғымдары кіреді.
2.Өлім дегеніміз не?
Организмнің өлуі дегеніміз — Жер бетіндегі барлық тіршілік иесінің табиғи жойылуы. Өлім ұғымы өмір ұғымымен тікелей байланысты. Өлім өмірдің логикалық тоқтауы (бітуі). Өмір — зат алмасы процесінің тұрақты түрде жүруі, ал өлім өмірге қарама-қарсы жағдай, сондықтан да оның негізінде зат алмасу процесінің тоқтауы жатады. Организмнің өлуі организмің тұтастығын жəне оның сыртқы орта факторларымен байланысын қамтамасыз етіп отыратын жүйке жүйесі қызметінің тоқтауының нəтижесінде пайда болады. Өлім биологиялық түсінік, сонымен қатар адами қоғамдағы əлеуметтік құқықтық көрініс болып табылады.
Өлу процесінің сатылары:
1. Агония алды жағдай, ткандік гипоксия мен ацидоз дамуына əкелетін қан айналысының жəне тыныс алудың айқын бұзылыстарымен сипаталатын жағдай. Бұл кезде адамда есінен тану, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап беру реакциясы əлсіз, рефлекстері əлсіреген, тыныс алуы жəне жүрек соғысы əлсіз, жиі жəне беткей, артериалық қан қысымы төмендеген.
2. Терминалды үзіліс сатысы — кенеттен тыныстың тоқтауы жəне жүрек қызметінің тежелуімен сипаталатын бірнеше секундтан 3-4 минутқа созылатын жағдай. Адам толықтай есінен танады, рефлекстер жойылады. Бұл кезеңнің ерекшелігі ми қыртысының терең тежелуіне қарамастан, ондағы бульварлы орталықтар қызметінің сақталған, соның нəтижесінде организм дезорганизациялық сипатта болады.
3. Агония (күресу) — организмнің өмір үшін күресуі. Агония қысқа уақытқа тыныстың тоқтауымен сипатталады, кейін жүрек қызметі баяулап, əртүрлі мүшелердің функциялық бұзылыстары пайда болады. Бұл кезде өлу клиникасы зат аалмасудың терең бұзылыстары мен ткандік гипоксияның дамуымен сипатталады. Қан айналсының жəне тыныстың төмендеуінің нəтижесінде дамыған гипоксия, орталық нерв жүйесінің қызметінің бұзылуына əкеледі, адам есінен танады. Тоникалық құрысулар пайда болады. Сфинктерлер босап, рефлекстер жойылып, кқз қарашықтары ұлғайып, тыныс алу жəне жүрек қызметтері баяулайды. Артериялық қан қысымы төмендеп, толы,ымен жойылады. Жүрек қызметтері баяулауы өкпенің ісінуіне əкеледі. Өлім пайда болу кезінде алдымен тыныс, кейін қанайналу тоқтайды да адамның сыртқы келбеті өзгереді, яғни тері жамылғысының түсі бозарып, көз алмасы түседі, төменгі жақ (отвисает).
Агонияның ұзақтығы өлімнің түрі мен механизміне байланысты əртүрлі болады. Ұзақтығына байланысты агонияны төртке бөледі:
а) дене тұтастығының тез бұзылуына байланысты агонияның болмауы;
б) əртүрлі сипаттағы жедел өлім кезіндегі 4-5 минуттық өте қысқа агония;
в) бірнеше сағатқа немесе күнге созылатын агония;
г) реанимациямен ұзартылған агония.
3.Өлімнің жіктелуі. Өлімнің биологиялық тұрғыдан жіктелуі табиғи немесе физиологиялық жəне де табиғи емес немесе уақытынан бұрын өлу деп бөлінеді. Физиологиялық өлім организмнің қартаюымен немесе жаңа туған нəрестелердің физикалық жəне физиологиялық дамуы əлсіздігімен сипатталады, ал уақытынан бұрын өлу аурулардың, əртүрлі сыртқы əсерлердің, денсаулық жағдайына дəрігерлік жəне дəрігерлік емес əсерлердің, физикалық күйреудің, ашығудың сонымен қатар организмнің механикалық əсерлерден болған оттегіне ашығуынан болады. Əлеуметтік құқықтық жіктелуі өлімді категориясына, туыстығына жəне түріне бөлуді қарастырады. Категориясына байланысты өлім зорлық жəне зорлық емес өлім, яғни əртүрлі аурулар нəтижесінде пайда болған өлім болып бөлінеді. Зорлықтық өлімнің себептері — қастықпен немесе жазатайым өлтіру, өзін — өзі өлтіру, түрлі жарақаттар жəне жазатайым жағдайлар. Өлімнің бұл түрі əлеуметтік-құқықтық категория болңандықтан, оны сот медицина жəне əділеттік органдар зерттейді. Аурулық өлім организмдегі патологиялық үдерістер тіршілікке мүмкіндік қалдырмағанда дамиды. Аурулық өлім, əдетте тіршілік əрекеттері біртіндеп бəсеңдеп барып, баяу дамиды. Кейде дені сау сияқты адам, кенеттен қайтыс болады. Кенет өлім айқын білінбеген жасырын немесе жеткілікті дəрежеде компенсациялы ауру күрт дамыған үдерістермен асқынғанда байқалады (мысалы, қолқа жыртылып тым көп қан кету, артерияның тромбымен бітелуі, миокардта жедел ишемия дамуы, гипертониямен сырқаттың миына қан құйылу, т.б ).
Түріне байланысты зорлық жəне зорлық емес өлімдер бірнеше топқа бөлінеді:
Зорлық өлім -Аурулардан болған зорлық емес өлім
Механикалық жарақаттар -Жүрек қан тамыр жүйесінің
Механикалық асфиксия -Тыныс алу жүйесінің
Уланулар -Орталық жүйке жүйесінің
Əртүрлі температуралар əсерінен- Асқорыту жүйесінің
Электрлік токтық əсерінен -Қатерлі ісіктерден
Баротравма -Жұқпалы аурулардан
Сəулелік энергияның əсерінен болған өлімдер -Жүктілік жəне босану кезінде болған Басқа жүйелердің ауруларынан болған өлімдер.
Организмдегі өзгерістердің қайтымды жəне қайтымсыздығына байланысты өлімді клиникалық жəне биологиялық өлім деп ажыратамыз. Клиникалық өлімде тыныс алу жəне қанайналымдық процесстер тоқтайды. Бірақ олар бірнеше минут бойы (мидың қыртыстық қабатының тіршілігі тоқтағанша) қайтымды. Клиникалық өлімнің мəні-ерекше гипоксиялық ахуал қалыптасып, қанайналымы мен оны реттейтін орталықтың əрекеті тоқтайды. Клиникалық өлім жағдайында түрлі реанимациялық шаралар қолданып, науқасты тірілтіп алуға болады.
Клиникалық өлім — қан айналысының тоқтауынан басталады. Бұл электр тогы соққан, суға батқан бірқатар басқа жағдайларда тыныс алу жолдары жаншылған немесе бітелген кезде болуы мүмкін.Қан айналысы тоқтауының алғашқы 10-15 сек ішінде пайда болатын алғашқы белгілері: ұйқы артериясында пульстің жоғалуы, естен тану, қалшылдау.
Қан айналысы тоқтауының алғашқы 20-60 сек ішінде пайда болатын кейінгі белгілері: зардап шегушілердің жарықты бағдарлай алмауы, көзінде қарашықтардың кеңеюі, тыныс алудың жоғалуы немесе қалшылдай тыныс алу (минутына 2-6 рет дем алу мен дем шығару), теріде сүр реңктің (бірінші кезекте — мұрын-ерін ұшбүрышында) пайда болуы.
Бұл жай-күй қайтарымды, егер ми жасушаларында қайтарымсыз өзгерістер бастала қоймаса, онда ағзаның барлық қызметтерін толықтай қалпына келтіруге болады. Науқастың ағзасы 4-6 мин бойы өмірге қабілетті болады. Өз уақытында қабылданған жан сақтау шаралары науқасты мұндай жай-күйден құтқаруы немесе оны болғызбауы мүмкін.
Клиникалық өлім белгілері пайда болғаннан кейін зардап шегушіні бірден арқасынан аударып, жүрек тұсына соққы жасау қажет. Мұндай соққының мақсаты — кеуде қуысын мүмкіндігінше қаттырақ сілку, Бұл тоқтап қалған жүректің қайта соғуына түрткі қызметін атқаруы тиіс.
Соққыны жұмылған жұдырықтың қырымен қабырғалар түйісетін, кеуде сүйегі аяқталатын өскіннен 2-3 см биігірек нүктеге жасайды. Мұны қысқа, жылдам қозғалыспен орындайды. Бұл ретте соққы жасайтын қолдың шынтағы зардап шегуші денесіне тік бағытталуы тиіс.
Дұрыс және дер кезінде жасалған соққы санаулы секундтан кейін адамды өмірге қайтаруы мүмкін: оның жүрек соғысы қалпына келеді, ақыл-есі кіре бастайды. Алайда бұл әрекет іске аспаса, онда жүрекке тікелей емес массаж бен жасанды тыныс алдыру жасауға кіріседі, олар зардап шегушінің жандану белгілері пайда болғанға дейін жүргізіледі: ұйқы артериясында тамыр соғуының жақсаруы сезіледі, қарашықтар біртіндеп тарылады, жоғарғы еріннің терісі алқызылданады.
Ал, биологиялық өлім — организмнің əрекеті қайтымсыз өзгеріп, аутолиздік үрдістер басталатын кез. Дегенмен, биологиялық өлім кезінде жасушалар мен тіндер бір мезгілде өлмейді. Ең алдымен ОЖЖ-ң тіндері өледі; тыныс алу мен қанайналымы тоқтағаннан кейін алғашқы бес алты минутта ми мен жұлынның паренхималық жасушаларының ультрақұрылымдары жойылады. Басқа мүшелер мен тіндерде бұл үрдіс бірнеше сағатқа тіпті бірнеше тəулікке созылады.
4.Өлім белгілері мен өлімнен кейінгі өзгерістер.
Өлім белгілерін, күмəнді жəне нақты өлім белгілері деп бөлеміз. Өлімнің күмəнді белгілері өлім пайда болған бойда анықталатын белгілер жəне оған жатады:
а)пассивті, … жалғасы