Өлеңдер жинағы Өлең: 1 Желтоқсан — Тұңғыш президент күні (Елімнің бағы — Елбасым)

0

Өлеңдер жинағы
Өлең: 1 Желтоқсан — Тұңғыш президент күні (Елімнің бағы — Елбасым)

 

Жұмыстың аталуы: «Елімнің бағы — Елбасым»
Жұмыстың түрі: Арнау өлең
Автор аты-жөні: Амангелдина Ардақ
Сыныбы: IX «В» Жасы: 15
Білім беру ұйымы: Қ.Сәтбаев атындағы №216 мектеп
E-mail: Kuralaj.asaubaeva@mail.ru
Облысы: Қызылорда, Ауданы: Қазалы

 

Халқы сенер,ақылын елеп ұлдың,
Еліне де қашанда сенер ұлың.
Елбасысы болды да қазағының,
Еңкейтпеді жалауын өр елінің.

Білді бөбек есімін бесіктен де,
Шаттық күйін келеді кешіп кеуде.
Қазақстан деп білер бүкіл әлем,
Назарбаев есімін есіткенде.

23 жыл өтіпті сыннан дара,
Сыннан өтер сыр бермес тұлғаң ғана.
Нұрсұлтан деп тауың да асқақтады,
Нұрсұлтан деп күй төкті туған Дала.

Жеткізді ұлы өр елін бүгінгіге,
Дос қуанып,күншілдер түңілді де.
Бағыт алды «Мәңгі Елге» Қазақстан,
Сол жайлы ұрпақ айтар жырын,міне.

Тәуелсіз боп ел тұрса аспан асты,
Бақытты онда қарты да,жас баласы.
Елбасының салынған қалауымен,
Жарқырайды бұл күнде Астанасы.

Өнеге боп білімі бүгінгіге,
Ұл-қыз өсіп келеді бүгін,міне.
Соның бәрі Елбасы қамқорлығы,
Ұрпақ үшін айналған жыр-үлгіге.

Өткенін де өр елдің өрен білді,
Келешекке керекті өнерді ілді.
Желбірейді байрағым аспанымда,
Назарбаев есімін әлем білді.

550-тарих бұл,ұғады ұлт та,
Бүгінгі елім ұқсайды бір алыпқа.
Халқын сүйген бар жерде көшбасшысы,
Болашағым,күле кел мына жұртқа!

Жарар