Өлең-жыр байқауын жариялаймыз — Қызықты деректер / Пайдалы мәліметтер — Bilim

0

Көпшіліктің сұранысы бойынша 2018 жылдың 05 қыркүйегі мен 2019 жылдың 25 қаңтары аралығында өтетін өлең-жыр байқауына шығармалар қабылдаймыз.

Өлең-жыр байқауы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, халық арасынан шыққан ерекше таланттарды таныту және ынталандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Үміткерлердің туындыларын арнайы қазылар алқасы анықтап, жүлдегерлерді белгілейді. Ұйымдастыру комитеті сайысқа қатысушылардың өлеңдерін үстіміздегі жылдың 25 қаңтарына дейін қабылдайды. Қабылданған шығармалар 1 айдың (25 қаңтар — 25 ақпан) көлемінде іріктеуден өтіп, жеңімпаздар анықталады.

13 жасқа дейін:

І орын – біреу – смартфон + диплом.

ІІ орын – екеу – диплом.

ІІІ орын – үшеу – диплом.

14 — 17 жас аралығы:

І орын – біреу – смартфон + диплом.

ІІ орын – екеу – диплом.

ІІІ орын – үшеу – диплом.

18 жастан жоғары:

І орын – біреу – смартфон + диплом.

ІІ орын – екеу – диплом.

ІІІ орын – үшеу – диплом.

Қазылар алқасы қосымша жүлделер тағайындауға құқылы.

Шарттар:

— Өлең-жыр байқауының тақырыбы: «Оян». Жарияланған өлең-жырларыңыздың тақырыбы әртүрлі болуы мүкін, бірақ мағыналары өз-өзін дамытуға (еңбек, білім, ғылым, кәсіп, жетістік, бизнес, адамгершілік, денсаулық, жақсы мінез, мәдениет т.б) ынталандыру, рухани жігерлендіру, өркендеу, жаманнан арылу, жақсы жаққа өзгеру т.б — ның төңірегінде болу керек.

— Ақындар порталға тіркеліп, өлең-жырларын енгізулері керек (алдын тіркелгендердің қайта тіркелуі қажет емес, сол аккаунтары жарайды);

— Өлең-жыр енгізгенде ілмектердің арасына:

13 жасқа дейінгілерoyan14

14 — 17 жас аралығыoyan17

18 жастан жоғарғыларoyan18

деген ілмектерді міндетті түрде қосу керек (сайысқа қатысқанын және жас аралығын осы ілмектер арқылы анықтаймыз);

 

Нұсқаулықтар:

— Қалай тіркелемін?

— Құпиясөзді (парольді) ұмытқан жағдайда

— Өлең қосу (сұрақтар туындамас үшін мұқият қарап шығыңыз)

— Ілмек бойынша іздеу деген не және оны қалай қолданамыз?

— Басқа да сұрақтар

 

Барлық өлең-жырлар: Өлеңдер бөлімінде.

 

Сұрақтар үшін:

E-mail: bilimall.kz@gmail.com

WhatsApp: +7 701 754 04 73

Міндетті түрде жауап береміз!

Демеушілерге де ашықпыз. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: