өлең, тақпақ, жыр, тәуелсіздік күні мерекесі

0
Тәуелсіздік оңай бізге келген жоқ,
Ұл-қыздарым оны қолдан берген жоқ.
Отан үшін құрбан болған боздақтар,
Ел есінде қалды мәңгі өлген жоқ.

Әрқашанда тыныш болсын түніміз,
Шуақ шашсын ашық аспан күніміз.
Кеше ғана азаттықты аңсаған,
Бүгін міне, ірі елдердің біріміз.

Жалыным бар ешкім оны сөндірмес,
Бұл әлемде қазақ жерін кім білмес.
Қонақжайлы, азат елді, көп ұлтты,
Қазақстан еліне ешкім тең келмес!

Халқым аман, тыныш өмір кешейік,
Елімізді қорғап мәңгі жүрейік.
Бар адамға бір ғана менің тілегім:
Бейбітшілік қасиетін білейік!