Өлең, тақпақ, жыр, өлең шумақтары, Биғали Шоман

0

Шаңыраққа шашып тұрған шуағын,
Ақ әжешім деп әмәнда ұғамын!
Кимешекпен жүргенінде ортада,
Төрден көрем ұлағаттың бұлағын.

Қысы-жазы «бір-ақ көлік» мінері-
Қара кәлөш көрмеген бір көнеріп.
Қарды басып, суды кешіп өтеді,
Жазғұтыры жатқанда да тоң еріп.

Қара кәлөш-ақ әжемнің қос көзі,
Бастайтұғын біздің үйде көшті өзі.
Ақ әжем мен кәлөші оның тұрғанда,
Өмірімнің үйімде жоқ өшпегі!

Биғали Шоман

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз