өлең, тақпақ 1 наурыз алғыс айту күнінен арналған

0

1 — наурыз – алғыс айту күні. Бұл атаулы күннің түп — тамыры қазақ халқының тарихымен тікелей байланысты. Ұлт пен тарих сабақтастығы арқылы, бүгінгі таңда осы айтулы күнді ерекше атап өткеніміз жөн. Марғау тарих куәгер болғандай, біздің арғы ата — бабамыз жер аударылған панасыз, киімсіз аш халықтарға қамқор болып, үйіне кіргізіп, барымен бөлісті. Көңіліне медет, келешегіне демеу, өзіне үміт сыйлады. Қазақ халқының бұл кеңпейілділігі – барша әлем жұртшылығына үлгі боларлық іс.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады — барлық ұлттың бір — біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді», — дейді Қазақстан Президенті.

Алғыс айту күні
Тарихымның сан тарау парақтарын,
Асықпай ой көзіммен парақтадым.
Елімнің кешіп қиын қыстау кезеңін,
Басымнан өткердім мұң, азап таңын.

Соңғы нанын үзіп берген халқым менің,
Ұлттардың алғысымен аян даңқың сенің.
Тар жол, тас қияда тартылса да өзегің,
Өгейсінбей бауырыңа бастың ұлын өзгенің.

Мейірбан жүрегіңмен құшақ жайып,
Көп халықты жаттың қарсы алып.
Ізгілікпен бауырыңды шақырып,
Дархан дастарханнан дәм алып.

Бір — біріне алғыс айтып адамзат,
Адамдықтың төріне шыға берсін қадамдап.
Тарихыңнан бастау алған ғұрпыңды,
Болашаққа міндет ет, даралап!
Тамбай Жайнагүл

Алғыс айту күніне арналған сабақтар:

Алғыс айту күні

1 наурыз алғыс айту күніне арналған өлең, тақпақтар

Өмірге риза болып, алғыс айт!