Өлең: Қара Ертістің аруы

0

Өлең: Қара Ертістің аруы казакша Өлең: Қара Ертістің аруы на казахском языке

Жатып едім қара Ертістің бойында
ештеңе жоқ мынау менің ойымда,
жағалаумен жүгіріп өтті бір ару
суды шашып мына менің бойыма.

Ұшып тұрып денем тағы селк етті
қандай жан деп бойларыма ой кетті,
барып едім сол сұлудың артынан
қара Ертіске сүңгіп өзі сап етті.

Қара Ертіске суға түскен кісілер
сол аруды кімге айтсам түсінер,
су ішінен сол аруды таппадым
енді ойласам жүрек шіркін ісінер.

Тағы келдім бір жолдары Ертіске
күн ыстық ет шақырайған сол түсте,
кешке дейін жағалауда жүрдім мен
сол аруды кездесет деп күтуде.

Қара Ертісте көзге түскен аруым
арман болды маған сені табуым,
бір кездессе Ертіс жақтан сол сұлу
кездеспесе тағы келем сені іздеп аруым.

Содан кейін сол аруым келмеді
үмітім де менің тағы сөнбеді,
күнде күттім сол аруды келет деп
жүрек шіркін қймайдығой қайтеді.

Қара Ертістің аруы сол әдемі
махаббаттың құдіретті әлемі,
әйтеуірде кездестің ау күттіріп
сол аруым жағалаумен жүріп маған келеді!!!

Ерік Еренғазыұлы
Семей

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!