Несие беру кезеңі | Скачать Курстық жұмыс

0

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2014ж.

Мазмұны

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … … …3

1 Банктік несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етудің формалары және оның
маңызы
1.1 Несиелеу принциптері және олардың орындалуының
негіздері … … … … … ..5
1.2 Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету формалары және оларға
сипаттама … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … ..14

2. Банктік несиенің қайтарылуын қамтамасыз етудің формаларына талдау және
олардың несиелік тәуекелдерді азайтудағы маңызы
2.1 Банктік несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етудің бірінші реттегі
қаржы
көздері … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … .27
2.2 Кепілдік және кепіл
болушылық … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… .29

3 Банктік несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етуді жетілдіру жолдары
3.1 Банктік несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етудің шетелдік
тәжірибелері … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … 33
3.2 Альянс Банк-нің несие портфелінің сапасын жақсарту бағытындағы
жұмысы … … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … ..36

Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … …40

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … .4
2

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін
олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын
болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен
айналысатын субъект сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен
материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен
айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші,
яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті
өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында
жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлеріне олардың істеген еңбектері үшін,
сондай-ақ бюджетке түрлі салықтары үшін қарыз немесе оның алдында
міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен
банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің
жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп
алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып
жатқан субъектілер көптеп кездеседі.
Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржы көздердің ең
негізгілерінің бірі – несие болып саналады. Несие дегеніміз – бір тұлға
басқа тұлғаға құнды натуралды немесе ақшалай формамен қайтару талабымен
және әдетте % төлеумен уақытша пайдалануға табыстаған кезде қалыптасатын
экономикалық қатынастардың сомасын білдіреді. Нарық экономикасы жағдайында
коммерциялық және банк несиелері деп бөледі.
Шаруашылық субъектісі банк мекемесінен несие сұрамастан бұрын несие
алудың қажеттілігін, оны уақытында қайтару мүмкіншілігін, әрбір
коммерциялық банктердің несие беру, өтеу, несие проценті ставкаларымен және
басқадай талаптарымен танысып алдын ала танысу қажет. Банк мекемелері
әдетте несие сұраушы субъектінің өтем қабілеттілігімен өтемпаздығын мұқият
тексереді.
Нарықтық экономикада несие банк жүйесінде маңызды рөл атқарады.
Несиенің экономикадағы алатын орны елеулі екендігіне ешбір күмән жоқ. Олай
болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты
банктік несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету, яғни қарызға берілген банктік
несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету формаларын және несие беруші мен қарыз
алушының арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және
заңды тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз
капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.
Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдану аясы елдің экономикалық
жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы
орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге
байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік,
трастылық қаржылық банктік операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен
бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі, несие ставкасы де өзгереді.
Курстық жұмыстың мақсаты – банктік несиелердің қайтарымдылығын
қамтамасыз етудің негізгі формаларын ашып көрсету және несиелік тәуеклдерді
азайтудағы маңызы.
Курстық жұмыстың алға қойылған мақсатына жету үшін келесідей
міндеттерді шешу көзделеді:
— банктік несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз кту формаларын
қарастыру;
— несиелеу принципін теориялық жағынан зерттеу;
— несиелік тәуекелді азайту туралы мәселелерді қарастыру;
— несиелеу кезінде туындайтын несиелік тәуекелдерді басқарудың
ерекшеліктерін қарастыра отырып, алдын ала жолдарын табу;
— қазақстандағы банктің неселік портфелінің сапасын жақсартудың
жолдарын көрсету.
Зерттеу пәні Банктік несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етудің
формалары және оның маңызы мен басқару әдістері және оларды жүзеге асыру
формалары.
Зерттеу объектісі банктік ссудалардың қайтарымдылығын қамтамасыз ету
формалары.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 3 негізгі
бөлімнен, қорытынды, қолданған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Банктік несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етудің формалары және оның
маңызы

1.1 Несиелеу принциптері және олардың орындалуының негіздері

Несие — нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде экономикалық дамудың
ажырамас элементiн бiлдiредi. Оны барлық шаруашылық субъектiлерiмен қатар,
мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Құнның қозғалысы — бұл несиенiң қозғалысының жүзін сипапайды. Несиелiк
қатынастардың пайда болатын экономикалық негiзiне капитал айналымын
жатқызуға болады.
Көбiне несиенi ақша ретiнде түсiнедi. Бiр жағынан қарағанда бұган негiз
де бар сияқты. Себебi, қазiргi шаруашылықта қарыз көбiне ақшалай түрде
берiлуде. Бiрақ бұл жерде ақша мен несиенiң әр түрлi ұғымды бiлдiрiп, әр
түрлi қатынастарды түсiндiретiнін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бiр санайтындар да аз
емес, несие — бұл ақшалай қаражаттың екi жақты қозғалысын, яғни қаражаттың
уақытша берiлуiн және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы — сол
қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейдi, яғни қаржы: дотация, субвенция,
субсидия түрiнде берiлсе, олар кайтарымсыз сипатқа ие.
Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға
(қарызға) берiлетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие — бұл
банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды
ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың
жұмсалымдарының формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда — бұл
ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды
ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.
Қарыз берушi — қарызды беретiн несиелiк қатынасының бір жағы. Қарыз
берушi — бұл уақытша пайдалануға қарыз берушi субъектiлер болып табылады.
Қарыз берушiлерге: банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық
субъектiлерi және халық жатады.
Қарыз алушы — бұл несиенi алушы және оны қайтаруга міндеттi, несиелiк
қатынастың екiнші жағы. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiмен жақын сөздер
болғанымен де, олардың түсiнiктерi әр түрлі. Мысалға, кәсiпорын немесе жеке
азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдерi
кешігуi мүмкiн, бiрақ бұл жерде ешқандай да несиелiк қатынас туындамайды.
Борыш бұл тек қана экономи калық қатынасты емес, сондай-ақ ада адамзаттық
қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш — бұл өте ауқымды ұгым. Ал қарыз
алушы — бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлга.
Қарыз берушi және қарыз алушымен қатар несиенiң құрылымының элементiне
берiлетiн объекті де жатады. Беру объектiсi — бұл құнның ерекше бөлiгi,
яғни қарызға берiлген құнды бiлдiреді.
Несие — ақша сияқты тарихи экономикалық категория болып абылады.
Кредит деген сөз, қарызға, несие деген kredo- сенемiн деген магына
беретiн латынша kreditum деген сөзден шығады. Ол экономикалық категория
ретiнде әр турлi экономикалық қоғамдарда қызмет етедi. Ол тауар өндiрiсiнiң
пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей
қоғамдарда көрiнедi. Несие қатынастарын ақша қатынастары сияқты үнемi даму
үстiнде болады. Алғашқы несие табиғи түрде қоғамның дәулеттi топтарынан
мүлiксiз шаруалар мен кәсiпкерлерге тұтыну муктаждығы мен қарыздарды өтеу
үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамымен несие ақша түрiнде
беріле бастады.
Құндық қатынасты ерекше формасы сияқты несиенiң пайда болуы шаруашылық
жүргiзуi бiр субъектiден босаған құн шаруашытлық мәмiледе қолданысқа
түсетiн, бiрақ бiр уақыттарда жаңа қайта өндiру цикiліне ене алмайтын кезде
ғана жүзеге асады. Несиеге байланысты бұл құн қосымша қаражатқа уақытша
қажеттiлiгi туып отырган басқа субъектiге өтедi және қайта өндiру
процесiніц шеңберiнде қызметiн жалгастыра береді. Бiрақ, несиелiк
қатынастардың пайда болуың экономикалық байланысқа түсуге дайын меншiк
иелерi сияқты бiр-бiрiне қарсы тұралатын тауар иеленушiлер арасындагы
айырбас ауқымынан iздеген жөн. Тауарларды Қолдан-қолға өткiзу сияқты тауар
айырбастау және қызмет көрсетумен ауысу несиелiк қатынастардан туындаған
экономикалық жемiс.
Несиелiк қатынастар пайда болатын және дамығын нақты экономикалық
негiзде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелiк қатынастың
материалдық негiзi боп құн козғалысы саналатын болады.
Қарызға алуына несиенi кедей болғаны үшiн алмайды, ол өзнiң меншiктi
қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының объективтi күшне толық
шамада жетпей тұрғандықтан өз iсiн алға бастыру үшiн алады.
Несие объективтi қажеттiлiктен туындаған және ол когамдық өндіріс
процесiнде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдың қарызга
трансформациясын қамтамасыз етедi және несие берушiлер мен қарызга
алушылардың арасындагы қарым-қатынасты бiлдіредi.
Оның көмегімен мемлекеттiң, халыктың, ұйымдардың және кәсiпорындардың
табыстары мен бос (еркiн) ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша
пайдаланудың төлемiне аударылатын несие капиталына айналады.
Несие – ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. Кредит
деген сөз, қарыз, несие деген kredo — сенемін деген мағына беретін
латынша kreditum деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр
түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда
болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда
көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде
болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және т.б)
қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну
мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған.
Несие – нарықтық экономика жағдайында қарыз капиталының қозғалысының
теориясы, яғни қарызға берілетін ақша капиталы болып табылады. Несие ақша
капиталын қарыз капиталына айналдыруды қамтамасыз етеді де, қарыз беруші
мен қарыз алушының арасында қатынастарды көрсетеді. Несие құндық
экономикалық категория, тауар-ақша қатынастарының элементі. Іс жүзінде
несие ақшаны немесе тауарларды пайызбен қарызға беру. Ал ссуда – тек қана
ақшалай күйде қарызға беріледі. Несиелік қарым-қатынастар экономикадан
белгілі бір әдістемелік негізге сүйенеді. Солардың бірі ссудалық капитал
нарығындағы кез келген операцияны практикалық ұйымдастыруда қатаң
сақталады.
Несие теориясы және оның дамуы. Несиені зерттеу барысында таным әдісі
ретінде теорияның рөлі ерекше. Несие туралы ғылым ежелден келе жатқан
ғылым. Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды. Несиенің ұдайы
өндіріс процесімен, құндылықтың қайта айналымының және айналысының Маркстік
тұрғыдан талдануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдағы
несиелік қатынастардың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнінің айрықша
экономикалық категория екендігін түсінудің қуат көзі болып табылады.
Ғалымдар бүгінгі таңда экномика ғылымының алдында бір жағынан теориялық
талдау қорытындыларын белсендірек жүргізіп, екінші жағынан банк ісін
дамытып, жетілдірудің керек екенін айтуда[4].
Теорияны тәжірибеден оқшау қарыстырмау керек екені түсінікті. Барлық
теориялық проблеммалардың соңы тек тәжірибелік әдістермен шешілетіні
кездейсоқтық емес. Теория мен тәжірибе арасында диалектикалық бірлік бар.
Экономикалық әдебиеттерде несиенің мәніне, қызметтері мен заңына
қатысты саясат орын алуда. Несиенің мәнін зерттеуде натуралистік және
капиталдық жасампаздық теориясы қатаң қадағаланатындығы байқалады.
Натуралистік несие теориясы ХҮІІІ ғасырдың екіші жартысында пайда болды.
Бұл теорияның негізін А. Смит пен Д. Рекардо салды. Одан әрі оны француз
экномистері Ж. Сэй, Ф. Бастия және американдық Д. Мак – Куллах дамытты. Бұл
теорияның негізгі идеялары несие мәнінің натуралистік түсінігіне үйлесті
яғни несие заттай игіліктердің қозғалысын көрсетті. Сондықтан, бұл тек
аталмыш қоғамда бар материалдық құндылықтарды бөлу әдісі ғана. Бұл жағдайда
несие объектісі заттай емес игіліктер болып табылады. Несие капиталы
өндірістік капиталға тең. Бұл жерде натуралистер несиені несие капиталының
қозғалысын емес, табиғи түрде материялдық құндылықтарды қайта бөлудің әдісі
сияқты қарастырады. Несиенің мәні мен рөлі жөнінде мұндай қате түсінік
өнеркәсіп капиталының тауарлы, өндірістік және ақшалай түрдегі ауыспалы
айналымын жете түсінбеуден шығып отыр. Несие капиталының мәні өнеркәсіп
капиталының ақша түріндегі ерекше бөлігі деуге болады[5].
Бұған қарамастан натуралистік теорияның маңызын несиенің қазіргі
заманғы теориясының қалыптасуы мен дамуына байланысты еш кемітуге болмайды.
Натуралистер өндіріс процесінде қалыптасатын несие нақты капиталды
құрамайды, деп дұрыс есептеді. Олар несиенің рөлін өсірмей, несие пайызының
түсетін табыстың көлемімен өзгерістеріне тәуелді екенін дәлелді екенін
дәлелдеді.
Несиенің капиталдық жасампаздық теориясы натуралистік қарама қарсы
идеяны ұстанады. Оның тұжырымдамасы бойынша несиеге экономиканың дамуында
шешуші рөл беріліп, оны ұдайы өндіру процестерінен алыстатады. Несие
ақшамен және байланыспен теңестіріледі. Бұл теорияның негізін салушы,
ағылшын экономисі Дж. Лонның ойынша несие елдің барлық пайдаланылмаған
мүмкіндіктерін қозғалысқа келтіріп, байлық пен капиталдың жиналуына себеп
болады. Ол банктерді делдалдар ретінде емес, капитал жасаушылар деп
қарастырады.
Бұл теорияның қолданушылары а ғылшын экономистері Г. Макмед, Дж. Кейнс,
Ф. Хоутри, И. Шумперет(Австрия), А. Ган (Германия) болды. Олар ақша мен
несиені сатып алу күшіне сай байлық деп есептеді. Несие пайда әкеледі,
сондықтан ол “өндіргіш капитал” болып табылады, ал, банктер “несие
фабрикасы”. Бұл екеуі де несиені, яғни капитал жасайды. Олар банктер
барлығын, депозиттерді, яғни капитал жасайды деп пайымдайды. Сондай – ақ
олар банктер шексіз депозиттерді, соған сәйкес несие мен капитал жасайды
деп есептейді. Міне, осындай несие ауқымының шексіз кеңеюі қайта өндірудің,
экономикалық дамудың қозғаушы күші екенін ұйғарып, экономиканың тұрақты
дамуына әсер етеді. Сондықтан олардың теориялары “өтемпаздық теориясы”
деген атауға ие болды.Олар несиеің шегін, несие ауқымының шексіз кеңеюі
инфляция мен оның зардаптарына әкелетінін ұмытып кетті.
1929 – 1933 жж. әлемдік дағдарыс несиенің капиталдық жасампаздық
теорияның абыройын жоққа шығарды. Алайда, оның оңтайлы нәтижелері болмай
қалған жоқ. Оны Дж. Кейнс пен оның ізбасарлары оларды дағдарыстарстың және
екінші дүниежүзілік соғыстың зардаптарын жою үшін пайдаланды. Олар
экономиканы несиемен реттеудің принциптерін негіздеді: экономикаға несие
салымдарының инвестициясын кеңейту жолымен несие пайызын төмендетуге
болады. Дж. Кенстың тұжырымдамасы бойынша айналымдағы ақша жиынтығы
пайызға, пайыз – инвестицияға, инвестиция — өндіріске, өндіріс – табысқа,
табыс – бағаға әсер етеді. Сондай – ақ ол ақшаның белгілі бір деңгейге
дейін пайызға әсер етпейтінін, ал инвестицияның пайызға үнемі әсер
етпейтінін мойындады[5].
Батыс және Еуропамен 24 – тен астам дамыған елдердің қамтитын Еуропа Одағы
АҚШ – тан капитал қорланымының кіші көлемімен және несие нарығының жеке
сараланым (сегмент) операцияларының жеткілікті дамымауымен ерекшеленеді.
Мұндай тенденциялар Жапонияның несие капиталы нарығына да тән.
Егер Қазақстанның несие нарығына тоқталатын болсақ, онда оның
сараланымдары әр түрлі деңгейде екенін, сондай – ақ ол енді енді қалыптасып
келе жатқанын атауға болады. Мысалы, Қазақстан ақша және капитал нарығының
сараланымы елдегі өндірістік және жеке қорланымның және банк жүйесінің
жақсы дамымағанына байланысты едәуір жетілді.
Ипотека нарығы алғашқы даму сатысында, оның инфрақұрылымы мен заңдық базасы
жасалуда.Бірақ,бұл нарықты әзірге даму сатысында деп айтуға болмайды,ол
ипотекалық несиелеудің Батыс үлгісінен алшақ жатыр.
Қор нарығы кенжелеп қалған. Оның заңдық базалары мен инфрақұрылымы
әлдеқашан әзірленіп, биліктің ынтасы болса да, ол әлі даму тұрғысынан енді
– енді оянып келе жатыр. Егер мемлекеттік бағалы қағаздар қалыпты дамыса,
ал корпарациялық бағалы қағаздар түрлі объективті себептерге байланысты
мүлде дамымаған.
Капиталдық жасампаздық теорияны ары қарай монетаристер дамытуда.
Оқулықтың алдыңғы бөлімінде атап өткеніміздей, М. Фридмен экономиканы
реттеудің негізгі құралдары – несиенің пайыздық мөлшерлемелері мен
айналымдағы ақша жиынының өзгерісі болып табылады деп есептейді. Шын
мәнісінде пайыздық мөлшерлемелерді реттей отырып, экономикаға салынатын
несие салымдарының ауқымын кеңейтуге немесе аясын тарылтуға болады. Сондай-
ақ, айналымдағы ақша жиынтығын реттеуге, ең соңында өндіріске және баға мен
инфляцияның деңгейіне де әсер етуге болады.
Монетаризм теориясы дамыған елдердің экономикалық саясатында кеңінен
қолданылуда. Бүгінгі таңда оның маңызы несиенің пайыздық мөлшерлемесін
өзгерте отырып, ақша жиыны мен инфляцияның өсуін тежеуге қол жеткізуге
болып отыр.
Қазақстан да несие теориясының жемістерін тәжірибеде кеңінен пайдаланып
отыр. ҚР Ұлттық банкі мен үкіметі ақша несие реттеуінің монетаристік
теориясын қолдана отырып, 1994 – 1997 ж ж. өршіген инфляцияны басты және
елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді. Несиелеу принциптері
негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы
және қайтарылуы жүзеге асырылады.
Несиенің мақсаты – бұл принцип несиелік оерациялардың басым бөлігіне
таратылады, несие берушіден алынған қаражаттардың мақсатты қолданылуының
қажеттілігін көрсетеді. Тәжірибеде несие шартының бір бөлігінде беріліп
отырған несиенің нақты мақсаты және банк қарыз алушының осы шартты сақтауын
қадағалайды. Бұл міндеттемені бұзу несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап
ету немесе айыппұлдық, ссудалық пайыз енгізуге болады.
Несиенің дифференциялық сипаты – қазіргі несиенің дифференциялдық
принциптерінің мазмұны өзгерген десе де болады. Біріншіден, ол мерзімділік
қағидаттарымен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық
органдарына беріледі. Сондықтан данесиелеудің дифференциациялануы тек
несиелік қабілетті сипаттайтын көрсеткіштер негзінде ғана жүзеге асырылады.
Екіншіден, бұл принцип несиелік келісім жасалғанаға дейін және банктер
нсиелік ресурстарға деген сұраныстарын оқып-үйрену барысында потенциалды
қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған ссуданың
қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ
қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені
орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне
байланысты несиелеудің диффренциациялануы,оның өткен жүйедегі нұсқасымен
салыстырғанда қаталдау болып табылады. Бұл принцип несие ұйымдарының
әртүрлі категориялы потенциалды қарыз алушыларға диференциалды тұрғыда
қарауын анықтайды.
Несиенің төлемділігі – бұл принцип қарыз алушының банктен алған несие
ресурстарын тікелей қайтарып қана қоймай, оларды қолдану құқығына ақы
төлеуді көрсетеді. Несиеге ақы төлеудің экономикалық мәні қарыз алушының
несиеге қолданудан алған қосымша пайдасын несие берушімен бөлісуін
білдіреді. Бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару
барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылытындығын білдіреді. Іс жүзінде
ақылылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (пайыз) түрінде
беріледі.
Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды.
Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшрлемесі несиеге
деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады[3].
Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде
ескерілетін басты факторларына мыналар жатады:
— орталық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудалары
бойынша белгіленетін сыйақысының базалық мөлшерлемесі;
— банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі;
— өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа
сыйақы мөлшері;
— банктің несиелік ресурстарының құрылымы тартылған (қаражаттар
үлесі қаншалықты жоғары болса, несие бағасы соғұрлым қымбат
болуға тиіс);
— несиеге деген сұраныс (сұраныс аз болса, несие бағасы да арзан
болады);
— несиенің сүралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ, банк үшін
оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;
— еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы (инфляция қарқыны
қаншалықты жоғары болса, соған сәйкес несие үшін төленетін
сыйақыда жоғары болуға тиіс, себебі, инфляция жағдайындағы
ақшаның құнсыздануынан банктің ресурсын жоғалту тәуекелі
артады).
Сонымен қатар, пайыз мөлшерлемесіне объективтік және экономикалық, сол
сияқты субъективтік факторлар да әсер етеді. Шын мәнісінде, заңды және жеке
тұлғалардан тартатын несиелік ресурстар қаншалықты қымбатқа түссе, соғұрлым
несиенің бағасы жоғары келеді.
Банктік тәжірибеде ссуда бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу
формулалары қолданылады.
Жай сыйақыны есептеу формуласы келесідей түрді беріледі:
I=i*P*n360*100;
(1)
Мұндағы:
i – сыйақы мөлшерлемесі;
P – қарыз қалдығы;
n – сыйақы есептелетін кезеңдегі күндер саны;
I – ссуданың барлық мерзіміне есептелетін жай сыйақы сомасы.
Несие бойынша есептелетін күрделі сыйақыны есептеу формуласы
төмендегідей:
I=P*[(1+in1200-1)]
(2)
Мұндағы:
i – сыйақы мөлшерлемесі;
P – несиенің бастапқы сомасы;
I – несиенің барлық мерзіміне есептелетін сыйақы сомасы;
n – аймен берілген несиенің ұзақтығы.
Несиенің қамтамасыз етілуі – бұл принцип қарыз алушының мүліктік
мүддесін қарыз алушы өзіне алған міндеттемелерін бұзу мүмкіндігінен
қорғауды қамтамасыз етуді көрсетеді. Бұл принциптің пайда болуы негізінен
несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді. Бірақ та,
уақыт өте келе, бұл принциптің мазмұны толығымен өзгерген.
Ал, бүгінгі несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепіл хат,
кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері қолданылуда[9].
Кепілге берілетін ссуда – бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз
етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып,
оның пайдалануында болады.
Экономикасы жақсы дамыған елдердегі қарыз алушының жағдайы жақсы болып
келген жағдайларда несие қамтамасыз етілмеуі де мүмкін.
Несие берушінің кейбір активтерді анықтаудағы нақты мәселелері
кездеседі. Сондықтан кепілге берілетін кейбір активтердің төмендегідей
сипатта болуын білу шарт:
Біріншіден, кепілге несие берілуі туралы шешім қабылдағанға дейін жеңіл
бағаланатын болуға тиіс.
Екіншіден, кепілге алынатын мүліктің нарықтағы қозғалыс мүмкіндігін
үнемі тексеріп отыру қажет.
Үшіншіден, кеілдің өтімділік дәежесін есепке алу өте маңызды, басқаша
айтсақ, кепілге алынатын зат көп уақыт өтпей нақты ақшаға айналуға тиісті.
Төртіншіден, кеіл туралы келісім жасасқанда, кепілдің амортизациясын
немесе моральдық тозу жақтарын ескеру қажет. өйткені, кейбір активтер
басқаларына қарағанда өзінің бастапқы құнын тез жоғалтады.
Кепіл хат – қарыз алушы төлеуден бас тартқан жағдайда, үшінші бір
жақтың қарызды өтеймін деген жазбаша міндеттемесін береді. Бұл жағдайда
кепіл хаттың заңдылығы туралы несие берушіге қарыз алушыдан төлеуді
кепілдеуге, кепіл берушінің құқығы туралы сұрақтың маңыздылығын ескеру
қажет. Кепіл хаттың ссуданың қамтамасыз ету құралы ретінде пайдалану, кепіл
хатты берушінің тұрақтылығын алдын ала бағалап білуды талап етеді.
Кепіл хат – күрделі экономикалық құрал ретінде мынандай түрлерге
бөлінеді.
Біріншіден, ол қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген болып
келеді.
Екіншіден, ол шектеулі немесе шектеусіз болады. Шектеусіз кепіл хат
бойынша, оны бруші бір қарыз алушының барлық қарызын несие берушіге төлей
алмайтындығы жағдайында төлеуге кепіл береді. Мұндағы кепіл хат қамтамасыз
етілмеген болып келеді. Шектеулі кепілдеме – бұл нақты бір қарыз алушының
ссудаға байланысты болатын қарызын төлеуге кепілдік береді. Кепіл хаттың
бұл түрлері біздің елімізде дами алған жоқ.
Үшіншіден, жеке немесе корпоративтік кепіл хаттар. Жеке кепіл хат жеке
тұлғаларды, серіктестіктерді несиелеу барысында қолданылады.
Корпорациялардың кепіл хаттары басқа бір корпорациялардың алған ссудаларын
қамтамасыз етуде жиі пайдаланылады. Бұл аталған кепіл хаттар дамыған елдер
тәжірибесінде кең қолданылғанымен де, біздегі корпорациялардың беретін
кепіл хаттарына банктер әлі де болса, олардың түбінде өтей алатындығына
сенімсіздік танытуда[25].
Несиелерді қамтамасыз етудің келесі бір жолы – несиелерді сақтандыру.
Бұл енді біздің тәжірибемізде кезінде қолданылғанымен де, оның айналысында
көптеген мәселелер орын алуда.
Несиенің негізгі принциптері: ақылы, мерзімділік, қайтарымдылық.
Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ
несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық
заңдардың талаптарын бейнелейді.
Несиелеу процесін ұйымдастыру.
Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
— несиеге деген өтінішті қарау;
— несиелік қабілетін талдау;
— несиелік клісімшарт жасасу;
— несие беру;
— несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.
І кезең. Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау.
Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда
қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты,
мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі.
Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік
операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттердің әр түрлі
топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысал ретінде
құжаттар пакетінің құрамына жататындар:
-құрылтайшылық құжаттардың, жарғының, жалға алу шарттарының, тіркелген
куәліктерінің немесе патенттерінің; нотариалды түрде куәландырылған жерді
пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар; азаматтардың төл құжаттары және
клиенттің несие алуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері;
— соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы және оған қосымша беттер;
— несиеленетін шаралардың рентабельдік деңгейін және оның қайтарылу
мерзімін сипаттайтын техникалық-экономикалық есебі;
— несиеленетін мәмілелерді растайтын келісімшарттар көшірмелері
(материалдық құндылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған шарттар,
тауарлы-материалдық құндылықтар шотының көшірмелері және т.с.с);
— басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер ( шоттар бойынша
көшірме);
— қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының
меншік құқығын растайтын құжаттар;
— несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар;
— қызметін жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да
құжаттары жоқ кәсіпорынның бизнес жоспары.
Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз
ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар,
банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір
құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш
жасаған уақытта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау үшін
есеп карточкасын толтыруы мүмкін. Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз
алушының аты-жөні; қызметі және меншік түрі; клиенттің заңды мекен-жайы;
ағымдық және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттері; негізгі
құрылтайшылары; ол сұрайтын несиенің мақсаты, срмасы және мерзімі; соңғы
есептік күнге берілген баланс құрылымы және басқа да көрсеткіштер[18].
Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының
алған ссудасын қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы
бар. Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде жасалады.
ІІ кезең. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі.
Қарыз алушының несиелік қабілеті – қарыз алушының алған ссудасы
бойынша қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен
сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен
болуы мүмкін, сондықтан да , банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан
бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне
ықпал етеді.
Қарыз алуышының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынандай
факторлар есепке алынады:
-ссудаға қатысты қабілеттігі. Қарыз алушыға ссуданы бере отырып, қарыз
алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және
нұсқауымен танысуға тиіс;
-қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп
қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ
келісім-шартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі;
-табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының ссуданы қайтаруға жеткілікті
қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.
Қарыз алушының табыс алу қабілетін анықтау барысында сату көлеміне,
баға шығындарына, шығыстарына әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл
факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары мен
қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады.
Несиелеудегі шетелдік тәжірибеде бұл факторларға қоса жарнамалау
тиімділігі, бәсеке сияқты факторлар ескеріледі.
ІІ кезең. Несиелік және кепіл туралы келісімшарт жасасу. Қазіргі
несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін
тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен
қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз
алушы келісімшарт негізінді шешіледі.
Несиелік келісімшарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және
жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:
-несиелеу мақсаты және объектісі;
-несиенің мөлшері;
-ссуданы беру мерзімі және қайтару шарттары;
-несиені қамтамасыз ету формасы;
-несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;
-несиенің қозғаласын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін
қарыз алушының беретін құжаттарның тізімі;
-несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі.
Несиелік келісімшарттың мазмұнын келісуші жақтардың өздері
анықтайды[19].

1.2 Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету формалары және оларға сипаттама

Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы
келісімшарттың орны ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты
ажыратылады.
Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктік құқықтар
жатады.
Материалдық-заттық мазмұнына қарай кепіл заттары мынадай топтарға
бөлінеді:
1.Клиенттің мүліктерінің кепілі:
-тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі:
А) шикізат, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;
ә) тауарлар мен дайын өнімдер кепілі;
б) валюталық бағалылар (нақты валюталар), алтыннан жасалған бұйымдар
кепілі;
в) басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі.
-бағлы қағаздар (вексельдер) кепілі;
-сол банктегі депозиттер кепілі;
-жылжымайтын мүлік кепілі(ипотека).
2. Мүліктік құқықтар кепілі:
-жалгерлік құқық кепілі;
-авторлық құқық кепілі;
-жерге құқық кепілі.
Кепіл туралы келісімшартта мынандай мәселелер қарастырылады:
-келісімшарт жасасушы тараптар туралы мәліметтер;
-келісімшарт заты;
-кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері;
-кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері;
-талап ету құқықтары;
-кепілге қойылған мүлікті қайта рәсімдеу, басқа мүлік есебінен;
-кепілге қойған мүліктің бұзылуына байланысты тәуекел жағдайлары мен
кепіл затын ауыстыру;
-тараптардың жауапкершіліктері;
-ерекше шарттар;
-дауларды шешу;
-басқа шарттар;
-кепіл туралы келісімшарт жасасушылардың заңды мекен-жайы мен өзге де
мәліметтері.
IV кезең. Несие беру кезеңі. Бұл кезең ағымдық шот ашу, ссуданы беруді
құжаттау тәртібін (қосымша құжаттар толықтырылуы мүмкін), ссуданы беру
тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын
қамтиды.
Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілі болады. Біріншісі –
несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайларда
жұмсалынады. Екіншісі – несие алуға құқығы қосымша қаражаттарға деген
қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшіншісі – блгілі
бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады
(мысалға, артық сыйақы төлегісі келмейді).
Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес
анықталады.
V кезең. Несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау –
несиелік операцияның маңызды кезеңі. Ссудалар бойынша қарызды қайтару
тәсілі банк қаражаттарының пайдалану ұзақтығына және олардың төлем
айналымын құраудағы роліне байланысты.
Несиенің берілуі сияқты несиені қайтарудың бірегей жасалған үлгісі жоқ.

Іс жүзінде ссуданы қайтарудың төмендегідей көптеген варианттары болады:
-мерзімді міндеттемелер негізінде эпизодтық қайтару;
-меншікті қаражаттардың жинақталуының жіне несиеге деген есеп айырысу
шотына қажеттіліктің азаю шамасына қарай қайтару,
-алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтару;
-түскен түсімді бірден ссудалық қарызды жабуға есептеу;
-несиенің қайтарылу мерзімін созу;
-мерзімі өткен қарызды Мерзімі өткен несиелер шотына аудару;
-банк резерві есебінен мерзімі өткен ссудаларды шегеру.
Ссудалық қарызды қайтару туралы қарастырылған варианттар бұл процесті
мынандай белгілеріне байланысты жіктейді:
Қайтарылуына қарай:
-несиені толық қайтару;
-жартылай қайтару.
Қайтару жиілігіне қарай:
-несиені бірден қайтару;
-бөліп-бөліп қайтару.
Қайтарудың жүзеге асырылу уақытына қарай:
-несиені жүйелі түрде қайтару;
-эпизодтық қайтару.
Қайтару мерзімдеріне қарай:
-несиені мерзімді қайтару;
-уақытын созып қайтару;
-мерзімін өткізіп барып қайтару;
-мерзімінен бұрын қайтару.
Қайтару көздеріне қарай:
-клиенттің меншікті қаражаттары;
-жаңа несиені пайдалану;
-кепіл берушінің шотынан шегеру;
-басқа кәсіпорын шотынан түскен қаражаттар;
-бюджеттік түсім және т.б.
Несиенің қайтарылуын арнайы құжат арқылы жасауға да, жасамауға да
болады. Несиенің қайтарылуын негіздейтін құжаттарға: клиенттің жазбаша
үкімі, банктің өзінің үкімі, соттың бұйрықтары жатады. Клиенттің өзінің
шотынан ақшалай қаражаттарды шегеру туралы берген үкімі жазбаша да және
ауызша да болады. Несиенің қайтарылуы қағазсыз, яғни байланыс каналдары
арқылы да жүзеге асырылады[19].
Қазақстан Республикасының банк туралы заңдарында қамтамасыз етудің әр
түрлі формаларымен коммерциялық банктерге несие беру қарастырылған.
Шетелдік іс-тәжірибеде кеңінен таралған әрі еліміздегі коммерциялық банктер
қолданып жүрген несиелік қамтамсыз етудің маңыщды түріне кепілзат,
кепілдеме, кепілгерлік, несие қатерін сақтандыру жатады.
Қарыз алушы несиелік қамтамасыз етудің бір немесе бір мезгілде бірнеше
формасын пайдалана алады. Оның өзі таңдап алған, яғни пайдаланатын формасы
несие келісімшартынада бекітілетін болады. Несиені қайтарудың қамтамасыз
етілген міндеттемесі несие келісімшартымен бірге рәсімделеді және оған
міндетті түрде қоса тіркелегн қосымша болып табылады.
Кепілзат келісімшарты. Мүлік кепілзаты (жылжитын және жылжымайтын) оны
ұстаушы – несие берушінің осы мүлікті, егер қамтамасыз етілген кепілзат
міндеттемесі орындалмаса, өткізуге құқығы бар екендігін білдіреді. Мұнда
несие беруші кепілзат шарты бойынша өзге несие берушілерге қарағаyда
кепілге салынған мүліктің құнынан қаражаттың орнын толтыруда артықшылықты
құқыққа ие болады. Кепілзат ссуданың қайтарылуын ғана қамтамасыз етіп
қоймай, сонымен бірге, тиісті проценттердің төленуін және келісімшартта
қарастырылған шарттар орындалмағанда тұрақсыздық айыбының (төлемінің)
төленуін қамтамасыз етуі қажет. Оның үстіне, мынаны ескеру қажет: кепілге
салынған мүліктің нарықтық құны кеміп кетуі мүмкін. Осыған орай,
кепілзаттың құны барлық жағдайда сұралатын ссуданың мөлшерінен жоғары болуы
керек.
Кепілзатпен заңды тұлғаның да, жеке тұлғаның да міндеттемесі қамтамасыз
етілуі мүмкін. Кепілзат келісімшарттың немесе заңның күшіне қарай пайда
болады. Келісімшарт күшіндегі кепілзат кеңінен тараған. Онда борышқор несие
берушімен келісімшарт бекітіліп, мүлкін кепілзатқа өз еркімен береді.
Кепілзатпен тек нақты талап қамтамасыз етілуі мүмкін. Бұл кепілзат туралы
келісімшарттың дербес сипаты болатындығын білдіреді, яғни оны өзге
келісімшарттармен өзарар байланыстыырмай тұрып бекітуге болмайды.
Өйткені, олардың орындалуын өзі қамтамасыз етеді.
Кепілзат беруші мынандай болуы мүмкін: кепілзат меншік құқығы бойынша
тиесілі болады немесе толық шаруашылық жүогізуге беріледі. Мүлікпен толық
шаруашылық жүргізу құқығы шаруашылық жүргізуші субъектіге, егер заң немесе
меншік иесі құрылтайшылық құжатта басқаша қарастырмайтын болса, меншік
иесіндегі секілді ауқымда иеленіуне, пайдалануына және иелік етуіне
мүмкіндік береді.
Мүлікті шеттетуге қойылатын шектеу мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты
болады, өйткені, олар үй-ғимаратты және құрылғыны кепілзатқа беруі үшін
мүлікті басқару жөніндегі тиісті комитеттен рұқсат алуы керек.
Тұтас кәсіпорын (немесе кешен), негізгі құрал-жабдық (үй –ғимарат,
құрылғы, құрал-сайман), тауарлы-материалдық құндылықтар, тауарлы-көлік
құжаттары (теміржол жүкқұжаты, варрант, коносамент, қойма куәлігі, котракті
және т.б) нақты кепілзат бола алады.
Кепілзаттың екі түрі бөліп көрсетіледі:
1) мұнда кепілдікке салынған мүлік кепілзатты берушінің өзінде қалуы
мүмкін;
2) мұнда кепілдікке салынған мүлік кепілзатты ұстаушының меншігіне,
иелігіне беріледі.
Осының ішінде кепілзаттың бірінші түрі кеңінен тараған.
Мүлікті өз иесіне (кепілзатты берушінің өзінде) қалдырумен берілетін
кепілдікті ұстаушының мыналарға құқығы болады:
— кепілге салынған мүлікті оның тағайыедауына қарай иеленуге және
пайдалануға;
— кепілге салынғанмүліктің кепілзатпен қамтамасыз етілген
міндеттеме бойынша борышты алушыға аударумен шеттету арқылы оны
иеленуге.
Сонымен қатар, кепілзат беруші өз есебінен кепілге салынған мүлікті
толық құнында сақтандыруға, оны сақтау бойынша шаралар қабылдауға һ,
кепілзатты ұстаушыға кепілге салынған мүлікті жалға бергенін хабарлауға
міндетті.
Мүлікті өз иесінде (кепілзатты берушінің өзінде)қалдырумен берілетін
кепілзат бірнеше формада бола алады. Оның негізгі формаларына мыналар
жатады:
— кепілге салынған айналымдағы тауарлар;
— кепілге салынған қайта өңдеудегі тауарлар;
— кепілге салынған жылжымайтын мүлік.
Айналымдағы тауар кепілзаты (немесе құрамы өзгермелі кепілзат) қарыз
алушының бір мезгілде белгілі бір берешек бөлігін өтеу шартымен немесе
жарамсыз болып қалған тауарларды тең немесе үлкен сомадағы құндылықтармен
несиелеу арқылы басқа тиісті түрімен ауыстыру шартымен кепілге салынған
құндылықты өткізуге құқығы барын білдіреді. Қарыз алушы кепілге салынған
құндылықтардың тиісті есебін жүргізуге және сақтауға міндетті әрі осы үшін
жауап береді.
Қайта өңдеудегі тауар кепілзаты қарыз алушының кепілге салынған
шикізатты, материалды, жартылай дайындалған өнімді қайта өңдеуге құқығы
барын білдіреді, алайда мұндағы кепілзат құқығы өңделген жартылай дайын
өнімге де, аяқталмаған өндіріске де, дайын өнім мен жөнелтілген тауарға да
қолданылады.
Айналымдағы тауардың кепілзатымен сауда және жеткізу-өткізу ұйымдарын
несиелеуге болады. Қайта өңдеудегі тауардың кепілзатымен мемлекеттік
өнеркәсіп, құрылыс, көлік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары несиеленеді.
Үй-ғимараттың, құрал-жабдықтың және өзге де жылжымайтын мүліктің
кепілзатымен несие беретін банк олардың тек өтеу деңгейіне (сатылуына) ғана
емес, сонымен бірге,кепілге салынған мүлікті сатудың әуресінен құтылу үшін
несиенің орнын толтыра алатындай қарызгердің пайда лау қабілетіне де
мүдделілік танытады[28].
Банк кепілзатты ұстаушы ретінде кепілге салынған мүлікті өз иесінде
қалдыру барысында құжат бойынша оның нақты болуын, мөлшерін, жағдайын және
кепілге салынған мүліктің сақталу шартын тексеруге құқылы болады. Егер
кепілге салынған мүлік жоғалатын болса және оны кепілзат беруші қайта
орнына қоймаса (қалпына келтірмесе) немесе оны кепілзатты ұстаушының
келісімімен оның құнына тең өзге мүлікпен ауыстырмаса, онда кепілзатты
ұстаушы банк кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттеменің мерзімінен бұрын
өтелуін талап етуге құқылы.
Кепілзаттың екінші түрі – кепілге салынған мүліктің кепілзат ұстаушыда
қалдырылатын түрі – кепілзаттың банк қызметіндегі артықшылықты түрі болып
табылады. Бұл кепілзат түрінің артықшылыққа ие болуын былайша түсіндіруге
болады: мүлік кепілзат ұстаушының (банктің) иелігінде қалатын болса, банк
осы мүліктің жағдайына толық бақылау жүргізе алады, оның үстіне, банк қарыз
алушыға берген несиесінің орныны толтырудың біршама үлкен мүмкіндігіне ие
болады.
Кепілзаттың бұл түрі екі негізгі формада көрінуі мүкін:
— тұрлаулы кепілзат;
— құқық кепілзаты.
Тұрлаулы кепілзат тауарлардың және басқа мүліктердің банкке берілуін
әрі несие мекемелерінің қоймасында немесе банктің күзетімен қарыз алушының
қоймасында оның сақталуын классикалық түрде қарастырады. Кепілге салынған
құндылық мынадай талаптарға жауап беруі керек: кепілге салынған мүлік оңай
(еш қиындықсыз) сатылатындай болуы керек және сақтандыру мүмкіндігіне ие
болуы қажет әрі ұзақ сақтауға жарамды болуы тиіс, сондай-ақ, кепілге
салынған мүлікке банк бақылау жүргізуі қажет. Кепілге салынған мүлік банкке
біршама қиындықтар тудырады әрі белгілі бір шығынды қажет етеді, өйткені
тауарлы-материалдық құндылықтарды сақтау секілді функция банктің ісіне тән
емес. Батыс елдерінде мұндай функцияны банк үшін арнаулы ұйымдар – қойма
компаниялары орындайды. Олар қоймалық квинтацияны жазып бреді, бұл
квитанция ссуданы қамтамасыз етуші ретінде қызмет етеді.
Банктер өздеріне жазылатын мұндай квитанцияның құқықсыз берілуін артық
көреді, өйткені, құқысыз берілген квитанция оларға несиені қамтамасыз ету
үшін сенімді бақылау жүргізуге, сондай-ақ, несие қайтарылмай қалған
жағдайда құндылықты қоймадан өндіріп алуына мүмкіндік береді[15].
Банк үшін тұрлаулы кепілзаттың ең қолайлы объектісіне тауарлық және
тауарлы көлік құжаттары, сондай-ақ, құнды қағаздар жатады. Біріншіден,
оларды кепілзат беруші ссуданы банктің (кепілзат ұстаушы) өзі тікелей
қамтамасыз етуі үшін береді, әрі-беріден соң оларды сақтауға аса көп шығын
кетпейді. Екіншіден, олардың өтімділігі жоғары, борышқор өзінің ссуда
бойынша міндеттемесін орындамаған жағдайда олардың өтімділігі банк үшін
маңызы жоғары болады. Соңғы жылдары кепілзаттың бұл түрі тиісінше дамып
келеді.
Құқық кепілзаты – Қазақстанда мүлікті кепілге салудың жаңа формасы және
бұл заң тұрғысынан әлі толық зерделенбеген (қарастырылмаған)форма. Мүлікті
иелену және пайдалану құқығын, интеллектуалдық меншік объектілеріне
(өнеркәсіп жобаларындағы, тауарлық белгідегі, ноу-хаудағы, патенттегі
авторлық құқық) құқықты ссуданы қамтамасыз етуші ретінде банкке берілгенін
растайтын құжаттар кепілге салынған мүлік ретінде жүре алады.
Кепілге салынған мүлікті сол қалпында сақтаудан басқа кепілзатты
ұстаушыға (банкке) өзге де қосымша міндеттер жүктеледі. Мәселен, кепілзат
ұстаушы, егер бұл келісімшартта қарастырылған болса, кепілзат берушінің
мүддесі үшін кепілге салынған мүлікті пайдаланғаны жөнінде оған (кепілзат
берушіге) есеп береді, кепілзат берушіге өзінің кепілзатпен қамтамасыз
етілген міндеттемесін орындағаннан кейін мүлікті дереу қайтаруы тиіс.
Кепілге салынған мүлік қай тарапта қалса да, оны кепілзат беруші немесе
кепілзат ұстаушы өрттен, селден және өзге де стихиялық апаттардан, сондай-
ақ, кеілзат берушінің шаруашылық қызметін тоқтатуға актілерді жасауға,
шешім шығаруға құзіретті мемлекеттік органдардың әрекетінен әрі талан-
тараждан толық құнында сақтандыруға міндетті. Ал, мұндай оқиғалар орын
алған жағдайда банк (кепілзат ұстаушы) сақтандырылған сомадан өзінің
талаптарын қанағаттандыруға құқылы болады. Кез келген жағдайда кепілге
салынған мүлік (кепілзат түріне қарамастан) кепілзат берушінің есебінен
сақтандырылады[17].
Қарызгер (борышкер) бір ғана мүлікті бір мезгілде бірнеше несие беруші
үшін кепілге сала алады. Бұл арада заң мынаған сүйенеді: біріншіден,
кепілге салынған мүліктің құны кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттеме
сомасынан көп жоғары болуы мүмкін; екіншіден, әр түрлі несие берушілердің
алдында орындалуы тиіс міндеттеменің мерзімдері бірдей бола бермейді, сол
себепті де, міндеттемені тізбектілікпен біртіндеп орындауға болады. Банк
несие беруші ретінде мүлікті кепілге ала отырып, оның (мүліктің) кепілге
салынған немесе салынбағанын анықтап алуы керек. Бұл банк талабын
қанағаттандырудың кезегін белгілеуге және осыған орай клиентті несиелеу
жөніндегі мәселені шешуге мүмкіндік береді. Кепілзат ұстаушы кепілзат
кітабын міндетті тәртіпте жүргізуі тиіс. Бұл кітапқа кепілзаттың формасы
мен түрі, кепілге салынған мүлік, оның құны және кепілзатпен қамтамасыз
етілген міндеттеменің көлемі туралы мәліметтер жазылады.
Кепілзат туралы келісімшарт заңды құжат болып табылады. Ол кепілзатпен
қамтамасыз етілетін міндеттемеден бөлек жасалады.
Кепілзат туралы келісімшарт жазбаша формада жасалуы керек. Онда
кепілзаттың формасы мен түрін, кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттеменің
мәнін, оның мөлшері мен орындалу мерзімін, кепілге салынған мүліктің құрамы
мен құнын, кепілзат ұстаушы мен кепілзат берушінің құқықтары мен
міндеттерін, кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттеме орындалмаған
жағдайда борышқордың мүлкінен өндіріп алудың тәртібін, сондай-ақ, кепілзат
құқығын тоқтатуды, дау-таласты шешудің тәртібін қарастыратын шарттар
көрініс табуы қажет.
Кепілзат туралы келісімшартта, сонымен бірге, екі тараптың атауы мен
орналасқан орындары, кепілге салынған мүліктің тізімдемесі мен орналасқан
орны көрсетілуі керек.
Кепілзат туралы келісімшарт, егер осы аталған шарттар орындалмайтын
болса, жарамсыз деп саналады.
Кейбір келісімшарт түрлері міндетті түрде нотариалдық тұрғыдан расталуы
керек. Бұл жағдайда кепілзат туралы келісімшартта нотариалдық тұрғыдан
расталуы керек. Алайда, тараптардың келісімі бойынша өздері бекіткен кез
келген келісімшарт нотариалдық тұрғыдан расталуы мүмкін, осыған орай,
негізгі … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz