Несеп-жыныс мүшелерінің аурулары | Скачать Реферат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКАРІМ АТЫНДАҒЫ
МЕМІЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Несеп-жыныс мүшелерінің аурулары.
Орындаған : Куатбек М.М.
Тобы: ВМ-503 Тексерген: Оразалиева С.Б
Семей — 2018 жыл
Жоспар
1.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Бүйрек пен қуық аурулары
А) бүйрек, нефроздар, гломерулонефроздар,амилоидтық нефроз,тубулонефроздар, нәруыздық нефроздар, липоидтық нефроз, нефрит, іріңсіз гломерулонефрит
Б) бүйректің қан араласа қабынуы
В) қуықтың қабынуы- уроцистит
2.2. Жыныс мүшелерінің аурулары
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бүйректер (ren) — сыртқа шығару жүйесiнiң басты жұп ағзасы, олардың негiзгi қызметi-организмнiң iшкi орта тұрақтылығын (гомеостаз) сақтау. Ол үшiн заттек алмасудағы ақырғы өнiмдердi (зәр), бөгде заттарды (несепнәр, зәр қышқылы, аммиак, креатин, креатинин, бояулар, дәрiлер) организмнен шығарады; су-тұз алмасуын, қышқыл-негiздiк тепе-теңдiктi, қызыл тамыр қысымын; эритроциттер түзiлуiн және жетiлуiн реттейдi.
Жануарларда бүйректердiң анатомиялық құрылысы, әрі пiшiнi әртүрлi болады. Көптеген сүтқоректiлердің бүйректерi бөлiктенген. Олар дербес бөлiктерден (наhан) немесе әртүрлi деңгейде қосылған бөлiктерден (сиыр, жылқы, қой және басқа) тұруы мүмкiн.
Бүйректің сырты тығыз дәнекер ұлпа қабықшасымен жабылған, одан өте жұқа қабаттар ағза iшiне тамырлар бағытымен өтедi. Бұл құрылым бүйректің стромасын құрады. Бүйректің үлпершегiн эпителий түзедi, оның құрылымы қан жүйесiмен тiкелей байланыста ғана өз қызметiн атқара алады. Бүйрек шеткi-қыртысты және iшкi-милық заттардан тұрады.
Негізгі бөлім
Бүйрек — қос мүше. Ол үздіксіз қызмет етіп, несеп шығару арқылы зат алмасу қалдықтарын организмнен аластайды, қан мен басқа өрмелер арасындағы су-тұз алмасу процесін реттейді, артериялық қысымды және қанның қышқылдық-негіздік тепе-теңдігін реттеуге қатысады, эндокриндік қызмет атқарады.
Бүйректің сыртқы және ішкі қабаттарының паренхимасы мен мүшенің құрылымдық функциялық бірлігі болып табылатын нефондарың әрбіреуі бірнеше бөлімдерден тұрады: бүйрек денешігінен, ирелең және тікпроксимальдік түтікшелерден, нефрондар ілмегінен, ирелең дистальдік түтікшеден, жинаушы түтікшеден.
Бүйрек денешігін құрайтын қылтамырдар будашағының бөлікшелері мезангийлік торшалармен және матрикспен қоршалған. Денешіктің сыртында екі парақшалы боумендік қапшық, ал парақшалар арасында боумендік қуыс бар. Қапшықтың сыртқы парақшасы эпителийлік жайпақ торшалардан құралған, ал ішкі парақшасын құрайтын жоғарғы маманданған эпителийлік торшалардың — подоциттердің көптеген ұзын өсінділері қылтамырлар ілмектерін орап, екінші кезекті қысқа өсінділермен қылтамырлар будашықтарының табан жарғақтарына еніп, бір-бірімен шырмалып, сүзілу тесіктерін құрады.
Шумақтар қылтамырлары эндотелиоциттерінде саңылаулар бар. Мезангийлік торшалар қылтамырлардан несептің сүзілу процесін реттеуге қатысады, фагоцитозға қабілетті. Олар бүлінгенде бөлінетін белсенді заттар шумақтағы өсіп- өну мен қалпына келу процестерінің деңгейін анықтайды. Бүйрек шумағына қанды алып келуші артериолла боумендік қабықты тесіп өтіп бірнеше ондаған қалтамырлық ілмектерге тармақталып барып, қайтадан қанды алып шығушы артериолла түрінде жиналады.
Шумақтар қылтамырларының қабырғалары арқылы қан плазмасынан боумендік қуысқа сүзіліп шығып, одан әрі ирелең түтікшенің проксимальдік бөлігіне өткен алғашқы несеп реабсорбцияға ұшырайды.
Бүйректен несеп шығарылуының бұзылуы бірнеше атау сөздермен аталады. Анурия — қуыққа несептің келмеуі, гиперурекимия — несепте несеп қышқылдарының молаюя, олигурия — шығарылатын несеп мөлшерінің азаюы, полиурия — шығарылатын несеп мөлшерінің артуы, протеинурия — несепте нәруыздың пайда болуы, уремия — бүйрек жұмысының жеткіліксіздігіне байланысты қанда азоттық қалдықтардың жиналуымен, ацидозбен, электролиттік, су және осмостық тепе-теңдіктің бұзылуымен сипатталатын жай-күй.
Бүйрек аурулары өте күрделі. Әдетте өзгерістер мүшенің белгілі бір құрылымында басымырақ болады. Көбінесе гломерулалық аурулар иммундық ауытқуларға байланысты, түтіктер мен интерстицийдің зақымдануы улы заттар әсерінен немесе инфекциялық агенттер әрекетінен болады. Мүше қан тамырларының бүлінуі мүшенің барлық құрылымдардың зақымдануына, ал түтікшелердің күйреуі шумақтардағы қан қысымының артуына, сөйтіп олардың атрофияға ұшырауына әкеледі.
Гломерулалық сырқаттар бірінші кезекті де, басқа бір негізгі ауруға ілесе екінші кезекті де туындайды.Олардағы қабыну процестрінің түрлері төрт негізгі өрмелік реакцияның бірімен сипатталады: шумақтардағы торшалар санының артуы, табандық жарғақтың қалыңдауы, гиалиноз және склероз. Шумақтардағы торшалар саны мезангийлік торшалардың, эндотелиоциттердің, кейде париетальдік эпителиоциттердің де көбеюіне байланысты және лейкоциттер топырлары есебінен артады. Табандық жарғақтың қалыңдауы ШИҚ реакциясымен боялған препараттар қылтамырлар қабырғаларының жуандауы түрінде байқалады. Шумақтардың гиалинозы преципитацияға ұшыраған плазма нәруыздарының торшалар арасында біркелкі эозинофильді зат түрінде шөгуінен болады.
Бүйрек шумақтарында фибрин мен аномальдық нәруыз шөгінділері де, ұйыстар да пайда болуы мүмкін.
Жануарлар бүйрегі шумақтарының әдетте тек белгілі бір топтарын ғана қамтитын сырқаттық процесс шумақты тұтас не жарым-жартылай зақымдайды.
Жіті қабынған шумақта лейкоциттер топырлары, эндотелиоциттер мен мезангийлік торшалар санының артқаны, домбығу сұйығы, кариорексис пен кариопикноз, фибриноидтық некроз құбылыстары байқалады. Олардың туындау медиаторлар әсерлерінен болады. Сонымен қатар иммундықкешендер және синсибилизацияға ұшыраған Т- лимфойиттер әрекеттерінен туындаған зақымдануларда байқалады.
Бүйректің несеп шығару қызметін бұзатын морфологиялық процесстердің негізгі екі тобы бар: нефроздар мен нефриттер.
Нефроздар. Бүйрек қызметінің бұзылуына әкелетін деңгейдегі қылтамырлық шумақтар мен түтіктердегі дистрофиялық өзгерістерді нефроздар дейді.
Нефроздар көбінесе улы әсерлерге байланысты туындайды да, гломерулонефроздар және тубулонефроздар түрлерінде байқалады.
Гломерулонефроздар негізгі өзгерістердің бүйрек шумақтарында туындаумен сипатталады. Олардың бірі- шумақ тамырларының гиалинозы. Альбуминдер мен глобулиндер есебінен қабырғасы қалыңдаған, қуысы тарылған шумақ қылтамырлары эозинмен солғын қызыл боялады, жарық микроскопыымен тартпалар мен сақиналар түрлерінде көрінеді. Көлемі әжептеуір гиалин цилиндірлер пайда болады.Жай көзбен бүйректің қуқылданғаны, зақымданған шумақтар ақшыл жылтыр немесе көмескі нүктелер түрінде байқалады. Процесс ұзағыра өткен жағдайда мүше бүрісіп, беті аздап бұдырмақтану мүмкін консистенциясы нығызданады.
Амилоидтық нефроз. Бүйрек шумақтарында күрделі зат — амилоидтың шөгіп, қылтамырлар қабырғаларының қалыңдауы. Зақымдану деңгеці тым зілді болған жағдайда тамырлар ілмектері сүртіліп ктееді..
Сырқатқа көбінесе құрамында нәруызы мол біріңғай жем-шөппен азықтандырылған тауықтар мен үйректер, сүтті сиырлар шалдығады. Созылмалы өтіп, өрмелерді кең көлемді іріңдеуге іріңдеуге не өліге ұшырататын инфекциялық ауруларды асқындыра екінші кезекті де туындайды сырқат.
Тубулонефроздар- бүйрек түтікшелерінің өте зілді дистрофиялық өзгерістерге ұшырауы. Нефрон ұзына бойына, яғни жайылмалы түрде, немесе оның тек проксимальді не дистальді бөлегі зақымданады. Нәруыздық, липоидтық және некроздық нефроздар түрлерінде байқалады, жіті және созылмалы өтеді.
Нефриттер — бүйректің қабынуы- мүшенің қан тамырларының зақымдануына және мезенхималық торшаларының өсіп-өнуіне байланысты туындайтын өзгерістер кешенімен сипатталатын сырқаттық процестер.
Этиологиясы. Жануарларда бүйректің қабынуыкөбінесе инфекциялық токсикалық процестерге байланысты екінші кезекті туындайды. Шошқа тілмеге, обаға, сальмонеллезге, ірі қара мал қатерді қызбаға, тейлориозға, жылқы инфекциялық анемияға және пироплазмидоздарға шалдыққанда әрдайым бүйректе қабыну процестері өршиді.
Дерттенуіне қарай нефриттерді гематогендік және уриногендік деп екі топқа бөледі.Қабындырушы агенттердің бүйрккке қан арқылы енуінің нәтижесінде туындаған гематогендік нефриттер морфологиялық нышандарына қарай өз кезегінде іріңсіз және іріңді гломерурлонефриттер, іріңсіз және іріңді интер — стицийлік нефриттер болып бөлінеді.
Қыртысты затқа (cortex renalis) тән құрылым-бүйректің денешiктерi (corpusculum renale). Олар қылтамырлар шоғырынан (glomerulus), қабықша шумақтарынан (capsula glomeruli) және ирек өзекшелерден (tubulus contortus) тұрады.
Милық заттың (medulla renalis) құрамына тiк өзекшелер кiредi. Бүйрек бөлiктерi нақты шекаралары көрiнбейтiн бөлшектерден тұрады. Бөлшектер деп, бiр жинағыш түтiкшелерге түсетiн нефрон тобын есептейдi. Жинағыш түтiкше бөлшектің ортасынан өтiп, милық затқа баратындықтан — милық сәулесi деп аталады. Милық сәулесiнде нефронның тiк өзекшелерi болады. Қыртысты және милық заттардың шекаралары тегiс болмайды. Қыртысты зат … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz