Наурызым мемлекеттік табиғи қорығын экологиялық туризм мақсатында қолдану

0

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I БӨЛІМ

1
Өндірістік мекеме орналасқан жерге сипаттама:

1.1
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының даму тарихы

1.2
Наурызым қорығы аумағының физико-географиялық сипаттамасы

1.2.1
Наурызым қорығының климаттық жағдайы

1.3
Наурызым қорығының экологиялық — географиялық жағдайы және биоалуан түрлілігі

1.4
Наурызым қорығының флорасы мен фаунасы

1.5
Наурызым қорығы бойынша Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер мен жануарлар.

II БӨЛІМ

Жеке тапсырма

2
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығын экологиялық туризм мақсатында қолдану.

2.1
Наурызым қорығының экологиялық соқпақтар

2.2
Экологиялық саяхаттар және танымдық туризм

2.3
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары

2.3.1
Экологиялық білім беру қызметі

3
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығында жүргізілетін қорғау шаралары.

3.1
Құқық бұзушылықты профилактикалау (каз табу)

3.2
Өртке қарсы іс-шараларды жүргізу арқылы өрттерден қорық күзет аумағындағы қорғауды нығайту

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ
Мәселенің өзектілігі:Табиғатты қорғау жөніндегі маңызды шаралардың бірі — қорықтар ұймдастыру.Қорықтарда белгілі бір географиялық ауданға тән табиғат учаскелері және шаруашылыққа пайдалы,ғылыми маңызы бар өсімдіктер мен жануарлар сақталады.Мемлекеттік табиғи қорық қоры-қоршаған ортаның табиғи эталондар,реликтілері,ғылыми зерттеулерге,ағарту білім беру ісіне,туризмге және рекрецияға арналған нысандары ретінде экологиялық,ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды,мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы.
Жұмыстың басты мақсаты: Қорықтардың басты мақсаты-табиғи ландшафтылар эталонын,мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау,табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет.Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады.Дегенмен,республика жерінің көлеміне шаққанда қорықтар үлесі жөнінен 13-ші орында.Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорықжұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы- 1 610 973 га.Бұлар,әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз.Адам баласы табиғат қорларын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес.Сондықтан табиғат қорларын ғылыми негізде ,қайта түлете отырып пайдалану және қорғау мақсат етіліп қойылуы тиіс.Табиғат заңдарында көрсетілген ұстанымдар мен ережелерді орындау әрбір азаматтың міндеті.
Қорықтарды-адам қолы тимеген, жабайы табиғат үлгісі-табиғи лаборотория деп те атауға болады.Қорықтар — биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс.Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру

1 БӨЛІМ

Өндірістік мекеме орналасқан жерге сипаттама:
1.1 Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының — даму тарихы
Қазақстандағы ең көне қорықтардың бірі — Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы. Наурызым қорығы РСФКР Халық Комиссарлары кеңесінің 1931 ж №826 Қаулысымен құрылып, Қазақ орталық атқару Комитеті мен Қазақ АКСР халық комиссарлар Кеңесінің 1934ж 9 қыркүйегіндегі алқасында бекітілді. Пәрменді заңнамаларға сәйкес Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы ұлттық және халықаралық маңыздағы жоғары дәрежелі ерекше қорғаудағы аймаққа жатады, жергілікті өсімдіктер дүниесі мен жануарлар дүниесінің генетикалық қорын сақтауға және биологиялық алуантүрліліктің бірыңғай теңдесіз экологиялық жүйесін зерттеуге бағытталған.Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы ММ-ҚР-ң ұлттық мұрасы болып саналатын ерекше экологиялық және ғылыми маңыздылығы бар қоршаған нысандары орналасқан ерекше табиғи аумақ. Қорық табиғи үрдістердің табиғи күйін және дамуын әдеттегі және бірегей экологиялық жүйелерді өсімдіктермен жануарлар әлемінің биологиялық алуантүрлілік және генетикалық қорын сақтау және зерттеу үшін арналған (ЕҚТА туралы заңының 7 тарау 39 бап). Қорық республикалық маңызды табиғатты қорғау мекемесі мәртебесіне ие. МСОП халықаралық санаты бойынша 1 а- қорғау аумағының жоғарғы санатына жатады.
НМТҚ үш участкеден тұрады:
1.Орталық Науырзым- тұщы және ащы өзендерді жағалай дәнді — дақыл шалғындары және галофитті қоғамдастықтар шығанағы, сонымен қатар, Науырзым орманы, (даланың Аққансай өзені, даланың әртүрлі типтері, әртүрлі шөптер құмды-қаулы, бұталы әртүрлі қызыл қаулы, бетегелі қау, кешенді), ойпаттың шығыс беткейінде қайың мен көктерек өскен.
2.Сыпсың жері ұсақ жапырақты тоғай, құрғақ шалғынды, әртүрлі шөп- құмды қау, қошқыл қаулы жазық, кішкене батпақты көлдер және галофитті бірлестік Қарасу өзенінің жағалауы:
3.Тірсек жері біртекті таспалы қарғайлы орман: зональды бетегелі-қаулы даланың еңістік топтары, бұталы түрлі шөпті, қызыл қаулы, бетегелі қаулы далалар және Данабике өзенінің жазықтығындағы галофитті бірлестігі және кешендері.
2007ж Науырзым көлдер құрылымы ақ тырнаның ең сирек кездесетін түрін қорғау жөнінде халықаралық тарапта Бонн конвенциясы секретариатымен сертификатталған.
2008 ж 7 шілдеде Науырзым қорығы ЮНЕСКО халықаралық табиғи мұрасы (Квебек қаласы Канада) тізіміне енді.
Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының экожүйесі қайталанбас өзіндік ерекшелігі жөнінен Еуразия далалық аймақтарында теңдесі жоқ Қазақстандағы жалғыз мекен болып табылады.
2009ж Науырзым қорығы Рамсар тізіміне еңгізілді (халықаралық маңызы бар сулы-батпақты аймақ)
1.2 Наурызым қорығының экологиялық — географиялық жағдайы және биоалуантүрлілігі
Наурызым мемлекеттік қорығы Еуразияның ең көне қорықтарының бірі. Қорық Қостанай облысындағы Наурызым және Семиозер ауданының территориясында 1934 жылы құрылған. Әуелде бұл қорық Қазақстанның жазық даласының ең оңтүстігіндегі Наурызым қарағайлы орманын сақтап қалу мақсатымен құрылған еді. Қазіргі ең басты мақсаты Солтүстік Қазақстан даласының сирек кездесетін,өзгеше табиғи кешендерді,өсімдіктер және жануарлар әлемін сақтап қалу болып табылады. Қорықтың жалпы көлемі 320 мың гектар еді. Міне,осы қорық болып аталған қырық жылдан астам уақыттың ішінде Наурызым көлдері,ормандары талай өзгерістерді бастан кешірді. 1951 жылы ол жабылып,оның базасында орман шаруашылығы құрылды. 1960 жылы қайтадан қорыққа айналды. 1961 жылы өзгеріп,орман-аңшылық шаруашылығы деп аталынды. 1966 жылдың 18 қазан айынан бастап ол қайтадан Нарызым мемлекеттік қорығы ретінде жұмыс істей бастады. 1968 жылы Қазақ ССР Министрлер Советінің жанындағы қорықтар және аң шаруашылығы Бас басқармасының қарамағынан алынып,орман шаруашылығы мемлекеттік Комитетінің қарамағына берілді. Қазір ол облыстық орман шаруашылығы Бас басқармасына бағынады. Әрине,мұндай өзгерістер қорық өмірінде айтарлықтай із қалдырды,қорық едәуір мерзім күтімсіздікке ұшырады. Бірнеше рет өрт болып,Наурызымның сирек кездесетін жасыл қарағайын едәуір азайтып жіберді. Көлдің суы өте төмендеп кетті.2002 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі Наурызым қорығын «Солтүстік Қазақстанның даласы мен өзендері»номенациясы құрамында Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұрасы ЮНЕСКО тізіміне ұсынды. Атап өткендей,ұйымдастырылған кезде қорықтың жалпы көлемі 320 мың гектар болса,қазір 191,4 мың гектар ғана,яғни үш жарым есе кеміген.Наурызым қорығының территориясы бірнеше жеке учаскелерден тұрады. Онда Терсек,Сыпсың және Наурызым орман алқаптары мен Жаркөл,Ақсуат,Сарымойын көлдері бар.Олардың үлесіне бетегелі-жусанды 5мың гектар тың жазық дала кіреді.Осы алшақ орман алқаптары қарағайлы орман шаруашылығына бөлінген. Сыпсың мен Терсек қарағайлары Соснов орман шаруашылығына қараса,Наурызым қарағайының батыс бөлігі Бесағаш және Ақсуат маңындағы қарағайлар Наурызым орман шаруашылығына енеді. Қорықтың осындай шалғай учаскелерінің бір-бірінен ара қашықтығы 20-дан 80 километрге дейін жетеді. Қорық аумағындағы орманды алқаптар-аңдар мен құстар тіршілік ететін,қоныстайтын және паналайтын өте қолайлы мекендер.Қорықта өсімдіктің 961 түрлері,39 түрлі аңдар мен 239 түрлі құстың түрлері кездеседі. Ерекше тіршілік иелерінің қатарына өте сирек кездесетін ақ қарқара жатады.
Негізі қорықтар-шаруашылыққа пайдаланудан алынған,әртүрлі географиялық аймақтарда орналасқан,табиғатқа тұрақты және комплексті зерттеу жүргізетін ғылыми мекемелер. Мұнда табиғи процесстердің даму заңдылығы кеңінен зерттеледі.Жабайы жануарларға санақ жүргізу әдістері,орман және ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресудің биологиялық әдістер,хайуанаттар қорының азайып-көбеюіне әсер ететін факторлар,сирек аңдар мен өсімдіктерді қалпына келтіру мәселесі терең талданып,қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді.Қорық территориясының климаты,топырағы,өсімдіктер дүниесі мен басқа да байлықтары көп жылдар бойы терең ғылыми зерттеуден өтеді,онымен көршілес шаруашылықа пайдаланылған территориялардағы өзгерістерді ескере отырып,табиғат байлықтарын шаруашылыққа пайдаланудың тиімді жолы анықталады.
1.3 Наурызым қорығы аумағының физико-географиялық сипаттамасы
Наурызым қорығы Қостанай облысының Торғай ойпатында орналасқан.Мамандардың,ғалымдардың айтуы бойынща,бұдан 20 мың жылдай бұрын Қостанайдың солтүстігін алып мұз басып жатқан. Мұз ери келе,оның тастай суы «Торғай қақпасымен»жылжып Арал теңізіне құйыла берген.Ғасырлар бойы мұз терістікке шегіне берді,сонымен қоса суыққа төзімді өсімдіктер мен жануарлар да шегінді. Бұл маң құрғап,климаты жылына бастады.Сөйтіп,қазіргі Наурызым ауданы көлемінде жартылай шөлейттік белгілері бар дала пайда болды. Әйтсе де,әлі де болса,мұз су Торғай ойпатымен ағып жатты да,ол сол маңайдағы суыққа төзімді өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің тіршілігіне жағдай туғызды. Ал мұз әбден еріп біткен кезде бұл тіршілік иелері құрғақ климат жағдайына бейімделе бастады.Табиғаттың қайталанбас көрінісі осылайша туды-жартылай шөлейтте Сибирь орманының аралдары сақталып қалды. Қазіргі кезде Науырзым қорығының үстінгі қабаты жасы және құрамы әртүрлі геологиялық шөгінділер жабылған, содан жоғарғы әртүрлі жануарлар әлемі, ала-құла, топырақ өсу жабылғысы калыптасады. Қорық аумағы үш телімнен тұрады — Науырзым, Тірсек және Сыпсын, олар толық экологиялық бағыттарын өңірдің экожүйесін ұсынады. Қорық флорасы 687 жоғарғы өсімдіктер түрінен тұрады. Бұл дала жері үшін орташадан 3 есе көп. Қазіргі кезде Наурызым қорығының үстіңгі қабаты жасы және құрамы әртүрлі геологиялық шөгінділер жабылған, содан жоғары әртүрлі жануарлар әлемі,ала-құла,топырақ су жамылғысы қалыптасады.Торғай орталығының жырасында төбе болып үйілген құм алқабында қордың ең үлкен орман алқабы Наурызым бор 10 мың гектар алқапта орналасқан.Бордың сиретілген саябақ қарағайлары,толып жатқан қоқыстар азайтылып,қайың және көктерек ағаштарымен дала телімдерімен аумастыралады.Көктем келген мезгілде дала көк кілемге айналады.Орман шыбындыққа ашық-сары түс адонистер,ал саз телімдерінде иіліп тұрған қызғалдақтар және екі түсті қызғалдақтар көктеп шығады.Мамыр айының басында әдемі Шренк қызғалдағы шығады,ойпаң жерлерде нәзік-қызғылт түспен дала бадамгүл бұтақтары ашылады,спера,ирис және басқа да гүлдер гүлдене бастайды.Торғай орталығының жырасында төбе болып үйілген құм алқабында қордың ең үлкен орман алқабы Науырзым бор 16 мың гектар алқапта орналасқан. Бордың сиретілген саябақ қарағайлары, толып жатқан қоқыстар азайтылып, қайын және көктерек ағаштарымен дала телімдерімен аумастырылады. Қорық аумағында Ақсуат және Сарымойын деген екі көл жүйесі бар. Осы екі көлді бөліп тұратын су бөлімі жоқ,бірақ сонғы 40 жылда осы екі көл жүйесінде су ауысу байқалмаған. Аксуат көл жүйесіне Наурызым-Қарасу өзені құяды. Өзеннің ұзындығы 100 километрден асады. Торғай ойпатының өн бойында сонау Арал теңізінен бастап тайгаға дейін созылып жатқан ірілі-ұсақты көлдер тізбегі де ғажайып сұлулық құрайды. Шөл және шөлейт аймақтары су құстары таптырмайтын мекен. Наурызым-Торғай көлдері жоғарыда аталған құстар ұшып өтер,ұя салар дүние жүзінде бірден-бір маңызды мекен. Орман алқабы негізінен қайыңнан тұрады. Оның шет жағасында далалы жерде өсетін бұталар кездеседі. Бұта мен ағаштардың аралықтарындағы аралдарда көбіне құм селеу немесе құм бетеге кездесетін құмды дала орналасқан. Сыпсыңның шоқ-шоқ қайың орманының көбірек бөлігі құмды ойпатының табанындағы ылғалды жерде немесе оның беткейінде кездеседі. Бұл аймақтар ақ қайыңның өсуіне өте қолайлы.Терсек қарағайлы орманы жеке-жеке шоғырланып тұрады. Бұлардың аралығындағы учаскелерде дала өсімдіктері өседі.Терсектің орманды аралдарының орталық бөлігін қолдан отырғызылған қарағайлар алып жатыр. Шоқ қарағайдың шетінде қайың,көктерек және тобылғы өседі. Ал қарағайдың неғұрлым қуаңшылық учаскесінде қына да кездеседі. Сыпсың мен Терсек орманы-орман құстары мен аңдары қоныстанатын және паналайтын қолайлы аймақ. Наурызым ормандары-тек табиғат ескерткіші ғана емес,ол бұл үшін ылғал қорын жинушы да болады. Бұл орман бүкіл аудан климатына әсер етеді.
1.4 Наурызым қорығының климаттық жағдайы
Наурызым қорығы Торғай үстіртінің ортасында орналасқан орман сілемдері және көл жүйесі бар далалы аймақ. Қорық аумағының климатына келетін болсақ климаты шұғыл-континентті,жазы-құрғақ,ыстық , қысы керісінше суық ызғарлы болып келеді. Жазғы және қысқы, күндізгі және түнгі температуралары бір-біріне қарама-қайшы болып келеді. Наурызым қорығының күн радиациясының тармақ жиынтығының көлемі 100-140 ккалсм2 шамасында ауытқып отырады. Қаңтар айының орташа температурасы -180С, шілде айының орташа температурасы +24,40С. Ауаның абсолюттік максимум температурасы +420С,ал абсолюттік минимум -450С. Жылдық орташа температура +2,40С.Көктем мен күз айлары 30 күннен аспайды. Көктемнің ортакүндік температурасы 00С, сәуір айының бірінші декадасында ауысады. Күзде 00С қазан айының соңғы декадасында ауысады.Күн сәулесі жарығының ұзақтығы 2000-2400 жылсағ.,жаз айларына максимум сәйкес келеді. Қысқа қарай жылу тармағы азая бастайды,себебі арктикалық суық массалардың басып кіруінен және Сібір антициклонының қалыптасуынан. Сібір антициклонынан тау сілемдері 500С с.е сәйкес келеді,сондықтан Қостанай облысында суық мезгілдерде желдің бағыты оңтүстік және оңтүстік батыстан болады. желдің қатты,басым болуы тән. Желдің орташа жылдамдығы 4-6 мс. Қостанай облысына желдің қатты,басым болуы тән. Көктем айы қысқа мерзімді және қатқақ аязды болып келеді. Жазда ауа райы ашық,айрықша ыстық болады. Ең жылы ай — шілде айы,бірақ сонда да ол айда ауа температурасы +2-30с-қа деәін түсуі мүмкін.
1.5 Наурызым қорығының флорасы мен фаунасы
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығында өсімдіктің 687 түрі бар. Соның ішінде ең көп тарағаны:алабұта,зиягүл,қияқөлең,қа лампыр,арша т.б. Қорықта осы өсімдіктердің 12 түрі қызыл кітапқа енгізілген бұл бәйшешек,жауқазын,қосгүлді қызғалдақ,жатаған қызғалдақ, шренк қызғалдағы,құндызшөп,қау,мұғалжар ақжапырақ,фишер құссүттіген,қаттыжапырақ шисабақ. Сонымен қатар шипалы дәрі-дәрмек өсімдіктер де бар. Олар дәрілік түймедағы,таңқурай,жолжелкен,итмұры н,қаражеміс,қылша,қалақай, бақажапырақ. Наурызым қорығы өзінің қарағайлы орман ағаштарымен ерекше көзге түседі. Мұнда Наурызым-қарағайлы, Тірсек-қарағайы және Сыпсын-қарағайы деген үш экологиялық жүйе бар. Осы қарауытқан қарағайлы тоғай арасында ақ қайың,қотыр қайың,қызыл қайың,үлпек қайың,имек қайың,ақ терек және көк теректерде араласып өсіп жатыр. Қазіргі кезде қорықтың орман көлемі 17662 гектары түгел орманды алқап аталғанымен,оның тек 4396 гектарын орман алып жатыр. Онда қарағай 934,қайың 805,көктерек 1034 га жерге орналасқан. Атап өткендей,қорықтың жері үш оқшау орман учаскелерін тұрады. Бұлардың арасындағы көлемдірегі-Наурызым қарағайы. Бұл қарағайлы алқап Сарымойын және Ақсуат көлдері атырабында батыстан шығысқа қарай 20 километрге созылып жатыр,ені 10 километрдей. Топырағы құмайтты. Орманды-дала өсімдіктері өседі. Наурызым қарағайлы орманы-Қазақстанның жазықтық бөлігінің ең оңтүстігінде орналасқан. Ол-ерте дүниенің жұрнағы. Мұнда қарағай,аққайың,көктерек,қызыл тобылдығы,тал,мойыл,папоротник өседі. Қалыңда-қоян,елік,құр еркін жайылады. Орманмен қанаттас бетегелі-жусанды,бозды шексіз дала жатады. Мұнда суыр,зорман,күзен,дуадақ,безгелдек, аққоян,қосаяқ, Сибирь елігі,аққұр сияқты кейбір бағалы және өте сирек кездесетін аңдар мен құстар мекендейді. Мойыл мен жиде ағаштарын көруге болады. Сондай-ақ өсімдіктердің бірнеше жүздеген түрі өседі. Енді қорық алқабында және оның төңірегіндегі аудандарда өсетін негізгі ағаштарға қысқаша сипаттама беріп өтейік. Қарағай-биіктігі 20-40 метрге дейін жететін мәңгі жасыл ағаш. Ауа ылғалдылығына аса зәру емес. Құрғақ континентті климатқа,ауа райына төзімді. Топырақта аса талғамайды. Негізгі тамырлары тереңге бойлап,жанама тамырлары кейде 15 метрге дейін жетеді,соның арқасында ылғалды тереңнен де,жан-жағынан да пайдаланады. Қарағай қуаңшылыққа,суыққа төзімді,жарықта жақсы өседі. 350-500 жыл өмір сүреді. Діңі сапалы. Қарағай орманы көбінесе құрғақ құмды жерде өсетін қалың тоғай. Ол осыдан мыңдаған жыл бұрын, мұз дәуірінде пайда болған. Қарағайдың бағалы құрылыс материал алынаты мәлім. Қылқанның шипалық қасиеті бар. Қайың-биіктігі 20 мертге жететін ағаш,кейде өскен жерінің жағдайына қарай бұта болып та келеді. Ол көбінесе шілік және ылғалды жерлерде кездеседі. Топырақты көп талғамайды,ылғалды жерді,күн сәулесін сүйеді,суыққа шыдамды. Қайың 150 жылдай тіршілік етеді. Сүрегі өте пайдалы. Жапырағы мен бүрінен дәрі дайындалады.Көктерек-биіктігі 35 метр,диаметрі 1 метрге дейін баратын ағаш. Өзен алқаптары мен ормандарда кездеседі. Тамыры өте жақсы өрбиді. Тез өседі. 15-20 жылдық діңінің биіктігі 10-15 метрге жетеді. 80-100 жасқа жеткенде шіріп,құлай бастайды. Сүйегі жеңіл,жұмсақ,сондықтан да көктеректің сүйегі қағаз өнеркісібінде және жасанды жібек алу үшін қолданылады.
Науырзым қорығындағы жоғары өсімдіктер (мүк пен қынадан басқа) әлемінде 687 түр бар. Олар 301 текке соның ішінде 75 тұқымдастарға. бөлінеді. Науырзым қорығы құрғақ дала (селеу — бетегелі дала) аймағында орналасқан. Топырақтың механикалық құрамының әртүрлілігіне байланысты шағын аймақта айқындау қауымдастығын байқауға болады, дала өсімдіктері бірнеше формацияларға жатады. Дала қауымдастығының түрлері үстіртпен батыстағы және шығыс учаскелердегі орынға ие болады, оның бөктері Торғай жырасының жазық баурайларындағы терраса борттармен ұштасып жатыр. Ақ селеу формациясы — бөктерлерде және батыс платосы учаскесінің қонырқай-сарғыш ауыр- сазды карбонатты топырақтарымен кең таралған. Бұл Евразияның батыс бөлігіндегі далалық аймақтарындағы бірден-бір мінезді формациясы (Карамышев и Рачковская, 1973), қорық аумағындағы өсімдік даласының ксерофильді формациясы болып табылады. Өсімдіктің жобалау жабыны 70-80 %, шабындықтың орташа биіктігі — 20 см, түрлік құрамы өте нашар (16-20 түрі 100 м²). Қызылжусанды формация — батыс және шығыс бөктерлеріндегі құмай топырақты немесе жеңілсазды алаңды алып жатыр,
Торғай қойнауындағы бұтақты жерлерде жеке көрініс табады (Воронов, 1954). Формацияның жеке құрамына кіретін, ассоциациялық құрам түрі едәуір әр түрлі; 100 м 2 алаңдарда 30 дан 50ге дейін дала өсімдіктерінің түрлері және шалғын — далалық түрлері саналады. Жоболық жабыны 60-90%. Құмды жусанды формация — топырақтары жеңіл механикалық құрамының бөктерлерінде және Торғай қойнауының терассаларында бейімделген, (Тірсек) батыс платосының террасалық ойығында жеке көрініс болып кездеседі. Бұл дала өсімдіктер формациясы қорық аумағында жақсы сақталып және кеңге таралған. Жоболық жабыны 40-60%, өлі жабыны жақсы көрсетілген, түрдің қанықтығы 40-46 түрі 100 м² құрайды. Тырса формациясы — жеке көрініс түрінде топырақтың жеңіл механикалық құрамы болып, өсімдік жабындарының бұзылуымен сыналған участкелерде кездеседі (бұрынғы мал баққан орындар, қыстаулар, жолдар және өртке қарсы жасалған белдіктер). Бетегелі формациясы — Торғай қойнауының түбіндегі кешенді өсімдіктер құрамындағы жеке көрініс ретінде кездеседі. Жалпы жобалық жабыны 50-70%, 100 м² 10- нан 25 түрге дейін келеді. Көктем мезгілінде дала өте сұлу. Сәуірдің аяғында гүлдейтін құндызшөп көп жердерде түк кілемге ұқсас, орман шалғындарында ашық-сары түсті жанаргүл , ал сазды жерлерде жатаған және қосгүлді қызғалдақтар гүлдейді. Мамыр басында керемет Шренк қызғалдағы пайда болады, ойпаттарда нәзік-қызғыл түсті дала бадамы, құртқашаш гүл ашады. Айдың айғында көктеген қау шашақтарының қүмістей түсі дамылсыз толқыған көлдің суретін елестетеді.
Маусым айында қауырсынды құс бетегенің, дала атқонағының, жабайы айлауықтың, таспалардың, түйнекті әремнің гүлденген дәнділердің бояу аспектісі түрлі түсті болады. Науырзым қорығы Қазақстандағы экожүйедегі эталонды құрғақдалалық участкесінің көрнектілігін сақтайтын жалғыз мекен. Орал-Торғай аймағының экожүйесі қайталанбайтын, Еуразия далалық аймағының басқа жерлерінде кездеспейтін теңдесі жоқ ерекше флоралық композиция.
Шренка қыздалдағы Ресей және Украинаның оңтүстік аймағында, Кавказда, Қырымнан Шығыс Сібірге дейін және Қазақстанның солтүстік аудандарында көптеп тараған. Зерттеу аймағы: барлық шалғынды аймақтарда, әсіресе селеулі далаларда, топырақты сазды және сортаң жерлерде белгіленген. Қаттыжапырақты шисабақ — Қазақстаннан тысқары Орталық Поволжье және оңтүстік Оралда кездеседі. Қазақстанда Жалпы Сыртының және Оралдың тау сілімдерінде кең тараған. Науырзым қорығында дәнді-алуан шөпті топтама Ескі Науырзым кардонынан солтүстіктегі 3 км тұзды жиекте табылған. (Заугольникова, Воронова, Пугачев, 1975).Тасты даладағы қырат бөктерлерінде өседі. Мұғалжар ақжапырағы — өте сирек кездесетін, Қазақстанның эндем түрі. Ақтөбе облысы (Мұғалжар), Қостанай облысындағы Науырзым қорығының селеулі-бетегелі даласында Торғай қыратының бөктерлі етегінде кездеседі. (Заугольникова, Воронов, Пугачев, 1975). Ұсақ тасты топырақты далада өседі. Маусым, шілде айларында гүлдеп, тамызда тұқым шашады. Қауырсынды бетеге — сирек кездесетін, ал Науырзым қорығында эндем түр болып есептеледі. Орталық Европаның (Швецияның оңтүстігінен солтүстігіне дейін, шығыс Францияның солтүстігінен батысына дейін жетеді), шыығыс Европаның (орманды дала және Ресей мен Украинаның далалық аймағы), Жер орта теңізі (Италия, Балкан), Кавказ, кіші Азия, Сібір, шығыс Сібір (Даурия, Селенги бассейні ), Оңтүстік Қазақстан) аймақтарында тараған. Қазақстанның далалық аймағында кездеседі. Наурырзым қорығындағы далалық құмды топырақта және қарағайлы селдір тоғайларда кездеседі. Саздақ топырақты шалғынды далада, құрғақ жерлерде, құмды топырақта, қайыңдар және қарағайлы селдір тоғайларда өседі. Таспа қау — таралу аймағы азайып бара жатқан сирек түр. Орталық Европада, Шығыс Европада (орманды-дала және далалы аймақ Ресей және Украинада), Жерорта теңізі (Италия, Балкан), Кавказ, кіші Азия, солтүстік Қазақстан және Батыс Сібірдің оңтүстігінде кеңінен тараған. Біздің өңірде Қазақстанның далалық аймағының оңтүстік бөлігінде кездеседі. Ал, Науырзым қорығының оңтүстік бөлігінен табуға болады. Шалғынды далаларда, орманды алаңдарда, бұталар арасында, тау белдеулерінен тасты бөктерлерге дейін өседі. Волж Адонисі — Қорықтағы эндем сирек кездесетін түр. Ресейдің Европалық бөлігінде, солтүстік Кавказда, Қырымда және солтүстік Қазақстанда, оңтүстік Сібірде таралған. Алтайда және солтүстік Қазақстанда кездеседі. Далаларда, шалғындарда, шоқтылардың баурайларында, орман шеттерінде өседі. Биберштейн қызғалдағы — Науырзым қорығында эндем түр болым есептеледі. Жалпы таралуы: Ресей және Украина далаларында, Сібірдің оңтүстік шығысында, далалық және солтүстік жартылай шөлейтті Қазақстан аймағында таралған. Қазақстанның — шығыс Қазақстанында, Ақтөбеде, Қостанай облыстарында, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының шығысында кездеседі. Шалғындарда, далалық аймақтарда, өскен бұталарда, ормандарда өседі. Ашық қызғалдақ — Науырзым қорығының эндем түрі. Жалпы таралуы: Ресей және Украина далаларында, Сібірдің оңтүстік шығысында, далалық және солтүстік жартылай шөлейтті Қазақстанның далалық аймақтарында, Алтайда таралған. Сазды және тасты топырақты далаларда, шалғындарда өседі. Сәуірдің ортасынан мамыр айының ортасына дейін гүлдеп, маусымда тұқым шашады. Қостүсті қызғалдақ — Науырзым қорығының эндем түрі. Жалпы таралуы: Ресей және Украина далаларында, Сібірдің оңтүстік шығысында, далалық және солтүстік жартылай шөлейтті Қазақстанның далалық аймақтарында таралған. Қазақстанның солтүстік бөлігінде кездеседі. Сазды далалық аймақтарда және сортаңдарда өседі. Сәуірдің басынан мамыр айының басына дейін гүлдеп, мамырдың аяғынан маусымға дейін тұқым шашады. Сарғылт құндызшөп — таралу аймағы азайып бара жатқан сирек түр. Шығыс Европаның оңтүстік бөлігінде, Сібірдің оңтүстік батыс және шығысында таралған. Қазақстанның далалық аймағында таралған. Құмды топырақта, қарағайлы алаңда өседі. Ашық құндызшөп — таралу аймағы азайып бара жатқан сирек түр, Науырзым қорығында эндем түрі болып келеді. Батыс Европадан батыс Сібірге дейін ( Кавказ және солтүстік Турцияны қоса алғанда) таралған. Қазақстанның солтүстік облысындағы далалық аймағында кездеседі. Құрғақ далада және құрғақ шалғында, қарағайлы орманда өседі. Сәуірдің басынан мамырға дейін гүлдеп, мамыр — маусымға дейін тұқым шашады. Фишер құссүттіген — таралу аймағы азайып бара жатқан сирек түр, Науырзым қорығында эндем түрі болып келеді. Европаның шығыс аймағынан, Сібірдің оңтүстік шығысынан, Қазақстанның солтүстігіне дейін тараған. Карбонатты далалық аймақта, сортаң топырақта өседіЖалпы Наурызым қорығындакөлдер көп.Оның ішіндегі ең ірілері-Ақсуат,Сарымойын,Жаркөл,Қар ажар және Шошқалы. Наурызым қорығының басты бір байлығы осы көлдерге келіп тынығып,ұя салып балапан шығаратын мыңдаған құстардың түрлері.Олар:Қызыл жемсау қарашақаз,бұйра бірқазан,сұңқылдақ аққу,сабырлық аққу,шиқылдақ қаз,жалбағай,қоқиқаз,ақбас үйрек,ақ құйрық қызғыш,ұзын тұмсықты үйрек,қарқалдауық қаз,кіші аққұтан,сары құтан.
Өсімдіктердің шөлдалалық түрлері: Сахара формациясы қорық аумағындағы аз бөлікті алып жатыр және олар жоғары тәртіпті топыраққа ұштастырылған. Сарсазан және абион формациясы соры төмен жағалауларда дамиды, кейбір кезде белдеу кешенін жасайды. Объем формациясының жобалық жабыны қауымдастық түрленуде 10 нан 60% ға дейін. Бұйырғын формациясы Сарымойын көлінің шығыс беткейінің төменгі бөлігінде белгіленген, бұйырғын және қаражусанды бұйырғын қауымдастығымен көрсетілген, олар макрожоғарлатуға үйретілген. Қаражусанды формация қарасу алқаптарында, Торғай қойнауының түбінде, шығыс, батыс платосы бөктерлерінің етегіндегі өсімдіктер кешені құрамының көріністерін көрсетеді. Қаражусан қауымдастығының алаңы жеке алған жағдайда өте маңызды. Қауымдастықтар: қаражусанды, тоғанды — қаражусанды, бидайық — қаражусанды кешенді көріністер ақжусанды, тоғанды, қараматау формациясында кездеседі. Қаражусанды формациясы қауымдастығының түрі 2 ден 15 ке дейін. Жалпы жобалық жабын — 20-50%. Қараматау және тоған формациясы қауымдастығы негізінде сорлы күйзелістегі бөктер және бедер участкелерінің көтерілуіне үйретілген. Осы формация қауымдастығының жобалық жабыны — 10-15%. Топырақ қынамен жабылған. Шренка жусанды формациясы сорлы күйзелістегі бөктер үшін жазық төменде жайылған. Бұл формация қауымдастығы Сарымойын көлі бөктерінің шығысында кең тараған. Қауымдастықтың жобалық жабыны 15-20%. Ақжусанды формация қарасу және тұзды көлдер алқабында, сүйреткілерде, шығыс және батыс платоларының бөктерлерінің кешенді құрамға кіреді. Жалпы жобалық жабыны — 50%. Торғай қойнауының қорық ауданы далалық өсімдіктер кешенімен және ірі көлдік жүйелерінің тұзды, сортаң және сор топырақты кешенді қазан-шұқырларымен, сонымен бірге тұщы сулармен қамтылған.
Өсімдіктердің орманда өсетін түрлері: Қарағайлы орман — Науырзым-Қарағай, Тірсек-Қарағай — дала аймағының сонау оңтүстігінен кіретін, аралды орманын құрайды. Қорықтың қарағайлы орманының мінездік ерекшеліктеріне келесілер кіреді: 1. Ашық алаңдармен кезектесетін, орманның саябақтық мінездемесін жасайды. Ол Солтүстік Қазақстанның оңтүстігінде өседі. Наурызымның қарағайлы тоғайы құрғақ сахараға бойлай енген. Мұнда жауын-шашын аз, топырақта қоректік заттар жоқтың қасы, сөйтсе де тұзға бай және олар алуан түрлі: бір ойпаңда ас тұзы жатса, онымен қатарлас, қырық-елу метр жердегі судың сілтісі көп, одан әріректе сульфат жатыр. Мұндай жағдай қарағайдың сыртқы бейнесіне өз әсерін тигізген. Олар солтүстікте өсетін қарағаймен салыстырғанда аласалау болып келеді, ағашы қатты және шайырлы. Ағаштың бөрік басы аласа және бұтақтарының саны көп болады. Бұтақтары төмен қарай иіліп өседі, кейде тіпті жерге тиіп жатады. Міне, осының бәрі Наурызым қарағайының тіптіде кәдімгі қарағай еместігін дәлелдейді. Қарағайдың жергілікті жағдайға тамаша бейімделген айрықша экологиялық түрімен кездескенімізге шүбәңіз болмасын. Қарағайдың шипалық қасиеті ертеден-ақ белгілі болған. 1785 жылдың өзінде табиғат зерттеуші академик П.С.Паллас өзінің «Россия мемлекетіндегі өсімдіктерді олардың бейнесімен қоса суреттеу» деген кітабында қарағай мен самырсынның бұтақтарының ұшында организмде С дәруменінің жеткіліксіздігінен пайда болатын тіс ауруы — құрқұлақты (цинга) емдейтін дәрі жасауға болатын заттың бар екенін атап көрсеткен. Бұл мәлімет көп жылдар бойы тайга мен теңізде істеген өндірісшілер мен теңізшілерден алынған екен. Осы адамдардың байқампаздығы авитаминозды жеңуге көмектесті. Ол адамдар оның құрамындағы витаминдерді білмегені даусыз, бірақ күнделікті тәжірибе бойынша құрқұлақты жеңе білген. Қарағай мен самырсынның бұтақтарында құрқұлаққа қарсы С дәруменінен басқа каротин мен К дәрумені де бар. Қарағайдың ағашы шайырлы болып келеді, оны кессең шайыр — қарамай ағады. Тазаланған қарамайды «терпентин» деп атайды және оны жарақаттанған жерге жағуға пайдаланады. Осы терпентинді қыздырып, қайта айыру жолымен скипидар алады, одан неше түрлі шипалы май, бальзамдар, қоспалар дайындайды. Қайта айырғаннан кейін қалған қарамай (канифоль) кейбір пластырьлардың құрамына кіреді. Қарағайдың тозаңы, гомеопаттардың пікірінше, организмді мезгілінен бұрын қартаюдан сақтайды екен. Тіпті қарағайлы орманға жай, демалуға кіргеннің өзінде адамның сарайы ашылып, тынысты кеңітетін бір кереметтігін сезесің. Мұндағы қарағайдың маңынан тас қарақат жиі кездеседі. Бұл өсімдік мұнда ормандардың оңтүстікке ауысуы кезінде келіп, жерсініп қалған, түрі таулы-орманды батыс-азиат тегінен. Өзінің жемісі онша үлкен емес, бірақ құстар жақсы жейді. Әр жерде долананың, қаражемістің, шеңгелдің, шайқурай тобылғысы және талдың бірнеше түрінің бұталары көрінеді. Бұл өсімдіктер жоталардың арасындағы ойпаңдарда шоқ-шоқ бұта түрінде кездеседі. Қарағайлы тоғайдың шығысы мен батысы құм даламен астасып жатыр. Мұнда қарағайлы тоғайға жақын шағын ойпатта өскен қара жемістің бұтағына аппақ үрпек жемісті әлдебір өсімдік шырмалыпты. Тексере келгенде солтүстікке кең тараған шырмауықтың дәл өзі болып шықты. Оңтүстікте биік құм жоталар қарағайлы тоғайды көптеген шақырымға созылып жатқан қорықтың ірі көлдерінің бірі — Үлкен Ақсуаттан бөліп тұр. Орманды қоршай, шабындыққа тақау өскен дала өсімдіктері мен құм бұйраттардың арасы анық көрінеді. Көлдің жағалауын бойлай ақтікен мен жыңғылдың бұталары созылып жатыр. Шабындыққа жақын жерде жусан, алабұта, кермек өскен. Олардан кейін бірыңғай бидайық, өлең, сүтжапырақ өскен. Олар енді біртіндеп қамыс құрақтарына орын бере бастайды.
Сазды-батпақты дала.Сазды-батпақтың ассоциациясы қорықтың солтүстік-батысындағы жылға бөктерлерінің, шығыс қырат бөктерін кесіп өтетін сай-саласында қорықтың аумағынан тыс жерлерде кездеседі. Сазды-батпақ көріністері ормандарда сирек кездеседі. Жылға аңғарларында қияңкөлең тектес шөптер кездеседі. Төмпешіктер 50 см дейін жетеді, ұзындығы 70 см дейін.Төмпешіктер арасына су жиналады, ол жасыл мүктермен жабылады. Жергілікті дала флорасы сирек кездесетін түрлерге өте бай (Stipa pennata, Tulipa schrenkii, Ornithogalium fisherianum). Тұзды топырақ — Торғай қойнауындағы топырақтардың оңтүстік флоралық элементтерін солтүстікке өткізеді. Ерекше назарды солтүстік орман элементтері қажет етеді. (Қырық құлақ Matteuccia orientalis, Thelypteris palustris), олар алыс оңтүстіктегі шөлейтпен шекаралас орналасқан. Оңтүстіктен тоғай ормандарының мінезді элементтері — жиде (Elaeagnus oxycarpa) және жіпілген (Clematis orientalis) жеткенін ашып айта кету керек. Аумақта өсімдіктердің 6 түрі таралған: далалы, шөлейтті, орманды, бұталы, шалғынды және сазды-батпақты.
Жануарлар
Наурызым қорығы-ен далаға әкеп табиғат ананың орната салған табиғи музейі десе де болғандай.Тұзды көлдің жағасына өскен қалың орман,құмдыдауыт,төбешіктер толған қарағай,ақ қайыңдар мен аралас өскен жыңғыл,тобылғы.Ал хайуанаттар,өсімдіктер дүниесі адам таң қаларлықтай мол-ақ. Мұнда құстың екі жүзден,сүтқоректілердің отызлан,қос мекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың оңнан астам,ал құрт-құмырсқа сияқтылардың жеті жүзге жуық түрі кездеседі. Өзен-көлдерде балықтың 10-ға жуық түрі тіршілік етеді.Осында кәсіптік маңызы бар балықтар мекендейді.Наурызым көлдерінде 1977 жылға дейін кәсіптік жолмен балықтар ауланып келген. Ал 1977 жылдың сәуір айынан бастап,Қазақ ССР Министрлер Советінің шешімі бойынша бұл көлдерден кәсіптік жолмен балық аулау тоқтатылды.
Қорықтың қалың ормандарында және көгілдір көлінде бұта,орман құстары мен су қанаттылары кеңінен таралған. Бетегелі-жусанды жазық далада шөл және шөлейт аймақтарының құстары да қоныстанған.Осы аймақтарда құр,аққұр,қаз,үйрек,ақиық,сұңқар,ду адақ,безгелдек,тарғақ секілді бағалы және өте сирек кездесетін құстар мекендейді. Наурызым қорығында тек ұшқан құс қана емес, сонымен қатар аңдардың да түрлері көп кездеседі
Науырзым қорығында сүтқоректілердің 45 түрі бар.
Оның ішінде 42 түрі тұрақты өмір сүреді. 1994 жылы бұлан жазғы жайлауда кездесіп тұратын, ал орман сусуары (Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген түрі) екі рет байқалды. Бағалы аңшылық түріне жататын бұғы, елік, қабан және суыр, жыртқыштар тобына қасқыр, түлкі, қарсақ, сілеусін, дала күзені жатады. Ал кеміргіштер болып, байбақ суыры, саршұнақ, құмдақ, дала тышқаны, оқ жылан, сұр тышқан сонымен қатар: құлақты кірпі, қосаяқ, ор қоян, жыртқыштардан: дала күзені, қарсақ, кәдімгі түлкі және қасқыр. Орман алқабында бөкен, сібір елігі, сілеусін, кәдісгі тиін, кірпі кең таралған ақ қоян, борсық, ақ тышқан, орман сусары және жанат түрлі ит белгіленген. Тұщы көлдер жағасында көптеген кішкентай кеміргіштер: орман тышқаны, жіңішкебасты сұр тышқан, экономка сұр тышқаны, кішкентай тышқан, бурозубка кездеседі. Көлдердің сулары аса жоғары көтерілген жылдары су тышқандары және егеуқұйрықтар болады. Шөлдала түрі аданнының оңтүстігі Сулы және Кұлакөл көлдерінде жуанқұйрықты қосаяқ белгіленген. Сүтқоректілер түрі Қазақстан фаунасының 24,7 құрайды. Науырзымның қарағайлы орманында тиін, қосаяқ, қояндар және кәдімгі үлкен кірпі, кішкентай дала кірпісі мекендейді. Балықтар әлемінде 10 түрі кездеседі. Көптеп кездесетін және саны жағынан көп циклдық ауытқуға көлдердің сулану деңгейі көтерілгенде алтын және күміс түстес мөңкелер, кейбір көлдерде көл талма балығы кездеседі. Өзендерде оңғақ, алабұға, шортан, торта балықтары кездеседі. Су молайған жылдары балықтар өзендерге ауысады. Соңғы 20 жыл ішінде көптеген аудан суаттарында, жасанды су құбырларында сазан, тарғақ, пайда балық интродуцираланды, бұлар қорықтың өзендерінде үлкен тасқындарынан кейін белгіленді. Жорғалаушылар мен қосмекенділердің 6 түрі көрсетілген: оның 3 жорғалаушылар: дала улы сұр жыланы, сергек кесіртке, түрлі-түсті аусыл. Ал қосмакенділердің 3 түрі: сүйір тұмсықты бақа,чесночница, жасыл құрбақа. Қордың аумағында 342 омыртқалы жануарлар түрі белгіленген: 44 аңтар түрі, 282 құстардың түрі, рептилия мен амфибияның 3 түрінен және 10 балық түрлері. Науырзым борында тиіндар, тышқандар, қояндар: орман аққояндары және дала орқояндары бар. Бұл жерлерде кәдімгі ірі кірпікшешен және кішкентай, құлақты дала кірпікшешендері жүреді. Негізгі фаунаны сүтқоректі кеміргіштер: сұр тышқандар, тышқандар, аламандар (кәдімгі, эверсман, жоңғар), саршұнақтар (үлкен, кіші, сары) және дала суырлары құрайды. Көп омыртқалы жыртқыш аңдар: аққалақ, ақкіс, дала күзені, борсық, қарсақ, түлкі, қасқар. Ең ірі сүтқоректілердің түрлері: бұлан, елік, қабан, 1990-жылдың басына дейінгі жазда бөкен, киік табындары жайылып жүрген.Фаунада 155 ұясалушы құс түрлері бар, Қазақстанның қорықтарыдағы ең көбі, Марқакөлден басқалары. 127 түрлері ұшатын, кезбе немесе қыстаушы құстар болып табылады. Сирек кездесетін құстардың 40 түрі ұсынылған: 35 Қазақстанның Қызыл кітабына кіргізілген, 17 — Халықаралық (МСОП). Науырзымның бір аймағында ғана бүркіттің 4 түрі ұя салады: бүркіт, қарақұс, субүркіт және дала бүркіті. Қарақұстардың ұя салу топтасуы 40, субүркіттері 18-20, балобандар 16-20, бүркіттер 3-4 жұпқа шейін жетеді. Фауна су-бабпақты жердің құстарының 110 түрінен тұрады. Қорда 300-ден 22 мың гектарға дейін жететін 12 ірі өзендер бар. Көбінен ішінде бірде-бір — ол Науырзым қорығы, онда үнемі зерттеулер жүргізіліп отырады. Көп жылдар бойы ММУ студенттері мен ғалымдары үшін қыр базасы болоды, мұнда орнитология және экология саласында классикалық жұмыстар орындалды.
1.6 Наурызым қорығы бойынша Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер мен жануарлар
Қазақстанның Қызыл Кітабына (1981) енген келесі өсімдік түрлері, қорық территориясында өседі: қызыл қайың (Betula kirghisorum), Шренка қызғалдағы (Tulipa schrenkii),қаттыжапырақ шисабақ (Koerelia sclerophylla) және мұғалжар ақжапырағы (Jurinea mugodscharica). Сонымен қоса, қорықта Қызыл Кітаптың екінші бөліміне кірген түрлері де кездеседі: қау (Stipa pennata), таспа қау (Stipa stenophylla), адонис (Adonis wolgensis), Биберштейн қызғалдағы (Tulipa bibersteiniana), тюльпан поникающий (Tulipa patens), тюльпан двухцветковый (Tulipa biflora), прострел желтоватый (Pulsatilla flavescens), прострел раскрытый (Pulsatilla multifida) и птицемлечник Фишеровского (Ornithogalum fischerianum). Қызыл қайың (Betula kirghisorum) — сирек кездесетін, солтүстік узкоэндемиялық түрі, қарағай ормандарының аз топтарымен кездеседі, батыс даласының топырақтарында кездеседі. Зерттеу аймағы: Науырзым ормандарында белгіленген. Мамыр айында гүлдейді, Цветет в мае. Маусым-шілдеде тұқым шашады. Шренка қыздалдағы (Tulipa schrenkii, а по Черепанову C.К. T. gesneriana) Ресей және Украинаның оңтүстік аймағында, Кавказда, Қырымнан Шығыс Сібірге дейін және Қазақстанның солтүстік аудандарында көптеп тараған. Зерттеу аймағы: барлық шалғынды аймақтарда, әсіресе селеулі далаларда, топырақты сазды және сортаң жерлерде белгіленген. Қаттыжапырақты шисабақ (Koerelia sclerophylla) — Қазақстаннан тысқары Орталық Поволжье және оңтүстік Оралда кездеседі. Қазақстанда Жалпы Сыртының және Оралдың тау сілімдерінде кең тараған. Науырзым қорығында дәнді-алуан шөпті топтама Ескі Науырзым кардонынан солтүстіктегі 3 км тұзды жиекте табылған. (Заугольникова, Воронова, Пугачев, 1975).Тасты даладағы қырат бөктерлерінде өседі. Мұғалжар ақжапырағы (Jurinea mugodscharica) — өте сирек кездесетін, Қазақстанның эндем түрі. Ақтөбе облысы (Мұғалжар), Қостанай облысындағы Науырзым қорығының селеулі-бетегелі даласында Торғай қыратының бөктерлі етегінде кездеседі. (Заугольникова, Воронов, Пугачев, 1975). Ұсақ тасты топырақты далада өседі. Маусым, шілде айларында гүлдеп, тамызда тұқым шашады. Қауырсынды бетеге (Stipa pennata) — сирек кездесетін, ал Науырзым қорығында эндем түр болып есептеледі. Орталық Европаның (Швецияның оңтүстігінен солтүстігіне дейін, шығыс Францияның солтүстігінен батысына дейін жетеді), шыығыс Европаның (орманды дала және Ресей мен Украинаның далалық аймағы), Жер орта теңізі (Италия, Балкан), Кавказ, кіші Азия, Сібір, шығыс Сібір (Даурия, Селенги бассейні ), Оңтүстік Қазақстан) аймақтарында тараған. Қазақстанның далалық аймағында кездеседі. Наурырзым қорығындағы далалық құмды топырақта және қарағайлы селдір тоғайларда кездеседі. Саздақ топырақты шалғынды далада, құрғақ жерлерде, құмды топырақта, қайыңдар және қарағайлы селдір тоғайларда өседі. Таспа қау (Stipa stenophylla) — таралу аймағы азайып бара жатқан сирек түр. Орталық Европада, Шығыс Европада (орманды-дала және далалы аймақ Ресей және Украинада), Жерорта теңізі (Италия, Балкан), Кавказ, кіші Азия, солтүстік Қазақстан және Батыс Сібірдің оңтүстігінде кеңінен тараған. Біздің өңірде Қазақстанның далалық аймағының оңтүстік бөлігінде кездеседі. Ал, Науырзым қорығының оңтүстік бөлігінен табуға болады. Шалғынды далаларда, орманды алаңдарда, бұталар арасында, тау белдеулерінен тасты бөктерлерге дейін өседі. Волж Адонисі (Adonis wolgensis) — Қорықтағы эндем сирек кездесетін түр. Ресейдің Европалық бөлігінде, солтүстік Кавказда, Қырымда және солтүстік Қазақстанда, оңтүстік Сібірде таралған. Алтайда және солтүстік Қазақстанда кездеседі. Далаларда, шалғындарда, шоқтылардың баурайларында, орман шеттерінде өседі. Биберштейн қызғалдағы (Tulipa bibersteiniana) — Науырзым қорығында эндем түр болым есептеледі. Жалпы таралуы: Ресей және Украина далаларында, Сібірдің оңтүстік шығысында, далалық және солтүстік жартылай шөлейтті Қазақстан аймағында таралған. Қазақстанның — шығыс Қазақстанында, Ақтөбеде, Қостанай облыстарында, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының шығысында кездеседі. Шалғындарда, далалық аймақтарда, өскен бұталарда, ормандарда өседі. Ашық қызғалдақ (Tulipa patens) — Науырзым қорығының эндем түрі. Жалпы таралуы: Ресей және Украина далаларында, Сібірдің оңтүстік шығысында, далалық және солтүстік жартылай шөлейтті Қазақстанның далалық аймақтарында, Алтайда таралған. Сазды және тасты топырақты далаларда, шалғындарда өседі. Сәуірдің ортасынан мамыр айының ортасына дейін гүлдеп, маусымда тұқым шашады. Қостүсті қызғалдақ (Tulipa biflora) — Науырзым қорығының эндем түрі. Жалпы таралуы: Ресей және Украина далаларында, Сібірдің оңтүстік шығысында, далалық және солтүстік жартылай шөлейтті Қазақстанның далалық аймақтарында таралған. Қазақстанның солтүстік бөлігінде кездеседі. Сазды далалық аймақтарда және сортаңдарда өседі. Сәуірдің басынан мамыр айының басына дейін гүлдеп, мамырдың аяғынан … жалғасы