Наурыз құтты болсын!
— Балалар, елге көктем келді, Наурыз мерекесі жақындады.Наурыз – жыл басы ретінде тойланады. Қазақ халқы наурызды «Ұлыстың ұлы күні» деп есептейді. Бір – біріне жақсылық тілеп, «Ақ мол болсын», «Ұлыс оң болсын» деп тілек айтады. Наурыз мерекесі туралы сендер не білесіңдер?
-Бәрекелді, балалар! Ал, енді мен сендерді ауладағы киіз үйге шақырамын, менімен бірге жүріңдер.
Тәрбиеші мен балалар ілесіп киіз үйге барады.Есік алдында балабақша қызметекрлері қарсы алып, бәрінің қолдарын алып, құшақтасып көріседі. «Ұлыс оң болсын», «Ақ мол болсын», «Наурыз мерекесі құтты болсын» т.б. тілектерін айтады.
Тәрбиеші «Көрісу» дәстүрі туралы түсінік береді.Қыстан аман шыққан халық бір – бірімен құшақтасып көрісетін дәстүр ел ішінде әліде сақталған
Баланы бесікке салу дәстүрі.
Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын,жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген
Адыраспан түтінімен бесікті аластап шығу.Баланың ұйқысы тыныш болу үшін және жын – шайтанды қуу мақсатымен адыраспанды отқа жағып, түтетіп, баланы бесікке бөлерден бұрын бесікті айналдыра ырымдайды. қадірменді әйелге тапсырылады.
Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді.
Тыштыртыма» ырымын жасау
«Басқарушы әйел, «тышты ма» дегенде, қасындағы әйелдер іле – шала «тыштым» деп шу ете түседі.
Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабу.
1 – бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон жабу, жүген және қамшы сияқты бұйымдармен жабады. Тон, шапан жабу ержеткенде халықшыл болуына, жүген тез өсіп, ат үстіне ойнақ салсын. Кебенек пен қамшы – ел қорғайтын ер болсын деген тілек.
Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді.. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді. Және Бесік жыры айтылады: