Наурыз мерекесі » Қазақстан ұстаздарына арналған

0

(Сахнада күй ойналып тұрады)

Аманбысың,армысың,халқым менің,

Ақтарған кең даламның алтын кенін.

Мереке басы болсын берекенің,

Ардақта,Наурыз тойын – салтыңды елім.

Мүшел:

Қайырлы кеш, қадірменді халайық! Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймыз.! Наурызға арналған Ақжал негізгі мектебінің мерекелік кешіне қош келдіңіздер!

Қанатбек: 

Бүгін, міне бар табиғат түрленіп,

Ақжал жері ерекше бір күйге еніп.

Масайрайды,қуанады барша жұрт,

Елімізге ерекше бір жыл келіп.

Мүшел:

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы,тәрбие көзі қалдырған.

Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын,

Қазақ атты үлкен-кіші, балдырған – дей келе, ендігі кезекті ежелден келе жатқан салтымыздың бірі «Төркіндеу» салтына берсек…

 

Қанатбек:

Қазақ салты бойынша ұзатылған қыз бір жыл өткеннен кейін ғана төркініне барып қайтады. Жыл аунамай төркіндеуді жаман ырымға балайды. Ерекше өлім-жітім, той-томалақ, ас бергенде болмаса, жыл толмай төркініне бармайды. Ұзатылған қыздың жыл аунап төркіндеуінің өзіндік жолы, сыры, мәні мағынасы бар. Төркініне жалғыз күйеу баланы ғана сопитып ертіп баруды ерсі көрген. Қайта сәбиді көтеріп, төркіндесе, әдемі жарастық, жақсы жол болады. Қазақта күйеу бала мен қыздың келуі алғашқы күні көпшіліктің ортасында өтетін жиынды кәде. Олай болса, былтыр наурыз айында ұзатқан қызымыздың төркіндеп келу, яғни «төркіндеу» тойын тамашалаңыздар!

(Қыз ауылының көрінісі киіз үйде)

Қыздың  үлкен шешесі ,нағашы  әжесі отыр.(Олар әңгіме-дүкен құрып отырады)      Көрші әжелер келеді.

 

Бикеш апай Келіңдер,тездетіңдер! Қазір қызымыз да келіп қалар!Үстелге қоятын тағамдарыңды қоя беріңдер.

 

 

Келіні Гулнар : Апалар мына Еркежанға арнаған ыстық бауырсақтан ауыз тие отырыңыздар. (столға бауырсақ қою)

Келіні  Мүшел:  кісенанды әділ-қазыларға  түсіндіріп апару.

Гулбаршын апай: Апа, мына ірімшік пен құртты Еркежанның өзіне сақтап едім, сақтағандарымды қоя берейін. (Столға қою)

Үлкен жеңгесі Роза тәте: сиыр қымызды әділ-қазыларға түсіндіріп апару.

Әжелер: Ия,ия жөн, дұрыс айтасыңдар.Дастарханға қоятын тағамдарыңды тегіс әкеліп қоя беріңдер.Жолдан қарындары ашығып келе жатқан болар.

Алмағаш тәте: Қане, келіңдер, қайын сіңілілеріңе сақтағандарыңды әкеліңдер.

Осы кезде тағамдар әкеліп қойылады…….

Гулнар: (Осы кезде  апа Еркежен келді деп хабар беру)

Стол үстінде отырғандар түрегеліп қонақтарды қарсы алады…(Абыр-сабыр қуану)

Қанатбек:  Ал апалар қыздарыңыз келіп ,қуанып Еркежанды көріп көзайым болып жатырсыздар.Бүгін осы үйде «төркіндеу» тойы болады дегенді естіп, сіздердің қуаныштарыңызға ортақтасайын деп келдім.

Бикеш апай: Кел, төрлет Диас! Сенсіз біздің үйдің тойы өткен бе!?Тойымыздың думанын өзің қыздырт!

Алмағаш тәте: Күйеу баламыз  да жалғызсырамасын!

Гулбаршын апай: Бүгінгі жиын кәдеміздің  себепкерлері де келді! Олай болса дастарханға ет әкелінсін.

Қанатбек,Мүшел:  әділ-қазыларға табақпен ет апарып,түсіндіру.

Ермек,Гулнар: столға ет әкеліп қою.

Тамақ ішіп отырып бір-бірімен әңгіме-дүкен құрып отыру.

Еркежан: Ауыл-аймақ аман ба? Менің құрбыларымды көріп-тұрасыздар ма? Аман –есен бе екен?!

Қанатбек: Ия, барлығы аман. Ауыл жастары, құрбы-құрдастырың бүгін  сендердің келу құрметтеріңе  және Наурыз мерекесіне қарсы  ән шашуларын дайындап жатыр. Осы отырыстан кейін барлығымыз сонда барамыз.. Апа, осы жерде отырғандар! Түгелдей  жиналыңыздар! Кешке барлықтарыңызды ойын-сауықта  күтеміз!

Қанатбек:Ал енді, рұқсат болса үлкендерден ас қайыруға  бата сұрайық.

Шал:  Асқа бата берсін.

Еркежан: Менің сіздерге әкелген ілуім бар. Апа өзіңіз отырған адамдарға таратып берерсіз.

Бикеш апай: Жақсы балам, ілуіңді қабыл алайық! Көп жасаңдар,Рахмет!Өзіңнің де қалауың бар шығар, салтымыз бойынша қалауыңды айта отыр.

Еркежан:Менің қалауым шешемнің қолынан шыққан, көздің жауын алып отырған, әдемі  құрақ көрпелері. Мен кеткелі түрлі құрақтармен қатары да көбейген сияқты ғой. Апа көрсетіңізші, қалағанымды алайын.

Гулбаршын апай: Жақсы Еркежан! Қалағаның берейін –деп, өзі құрақ көрпелердің әдемілерін түсіндіріп, айтып береді.

Гулнар: Еркежан, құрақ көрпе ғана емес, үйдегі бауырларың Наурыз мерекесі қарсаңында , саған қолдарынан келгенше сурет салып, сыйға тартамыз деп отыр…..

Қанатбек: Кеште болып қалыпты.Еркежанның құрбы-құрдастары  ойын-сауыққа жиналып жатқан болар.Барлығымыз сонда барайық!

Кумис апай: Қанатбек жан-ау, Еркежанымыздың төркіндеп келіп жатқаны да бір той емес пе?!Олай болса, біз де бір жақсы ән  айтайық!

Әжелер:   Хор………..

Қанатбек:  Бәрекелді!Тамаша  екен!Әжелеріміз де өнерлі екен.

Мүшел:

Салт-дәстүрді білетін, ауыл өмірін көрген ата-аналар өз қыздарының мезгілсіз төркіндегенін қош көрмесе де, қазіргі таңда көптеген  адамдар бұған шынында да ескіліктің қалдығы ретінде шошына қарайды. Ал жыл өтпей, уақыт жетпей төркіндетпеуі-ұзатылған қыз жат жерге бауыр бассын, үйіне қайта берсе, төсегінен суып қалмасын деп отбасына сүйспеншілігі артсын дегені. Төркіндеу  кезіңде қыздың барлық туған- туысқандары оны қонаққа шақырып, құрмет көрсетіп, қалаған затын беріп, аттандыруы тиіс. Кетерінде жиенге қырық шыбар тай (кей жерде қырық серкеш) қызына бұзаулы сиыр, күйеуге шапан жауып ат мінгізедіҚазақ ғұрпында бұл салт ерекше құрметтеліп, мән берілген.

 

Қанатбек:  Олай болса, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы мәңгі жасай берсін  деген тілегімізді білдіре отырып, Наурыз тойына әкелген ән шашуымызды қабыл алыңыздар.

 Мүшел: Наурыз тойға жиналған халқым менің,

Бәріңнің ойға алғаның-жарқын сенім.

Бүгінгі той-ертеңгі ардақты ісің,

Ғажап болсын таппайтын тепе-теңін.

 

Қанатбек:

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Арнауымен бастап берсін тойдың басын,

Диастай өнерлі жігітті қарсы алайық!

Арнау. Диас

 

Қанатбек:

Домбыра мұнша шешен болдың неге,

Күй толған көкірегің шежіре ме?

Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің,

Саусағым тиіп кетсе ішегіңе.

 Мектеп ұжымының оркестрін қабыл алыңыздар 

  «Келіншек» күйі

 

Қанатбек:

Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен

Мейірім танысын деп тасып өткен

Наурыз сән- салтанат, ұлттық рух

Бақытты наурызы бар халқым неткен!

 

Халық әні «Ариайдай»

 

Мүшел: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығымен,шуағымен күн ана,

Алып келді жер бетіне гүл көктем.

 Ән «Сырласу»

 

Қанатбек:

Жүріңдер Наурызға басып аяқ,

Қалыс қауым болмасын  некен-саяқ.

Ән шырқап би билейік, қауым болып,

Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп.

Қазақ биі «Керуен»

Мұғалімдер ұжымы

 

Мүшел:

Тәуелсіз биік халқымның,

Желбіреп туы шалқысын.

Әз Наурыз келіп еліме,

Жер-Ана бойы балқысын.

 

Ән «Жаса қазағым»

 Мүшел: Қош келдің Наурызым ардақты,

Халқым саған бар үмітті арнапты.

Жылда осылай келе берсін жасарып,

Гүлге бөлеп,жырға бөлеп аймақты  

 Ән «Әнім сен едің»

Мүшел:

Наурыз тойы береке,              

Наурыз тойы жыр-аңыз.

Қызып дулы мереке

Би билейік бәріміз.

   « Аңшылар» биі

Диана:

Наурыз менің елімнің берекесі,
Жаңа жылы қазақтың мерекесі.
Шаңырағы биіктеп күнге жақын,
Ұлаңғайыр керілсін керегесі.

 

    Халық әні «Дедімай-ау»  

Қанатбек:

Ән айтамын ақырын тұнық таңда,
Қазақ қызы ән-жырын ұмытқан ба?
Көңіл шіркін қарлығаш ұшып шыққан,
Жатқандай бір қапаста, құлыптауда.

Ән «Жұлдызым»

Мұғалімдер ұжымы

 Мүшел:

Басталар сыр боп мына елге,
Бабалар салған мереке.
Жайғасып қалы кілемге,
Елменен енер береке.

Қанатбек:

Байқадым бұл күн – дүбірлі,
Молшылық, мейір маңайым.
Басты ұран тойда бүгінгі –
Береке, бірлік, ағайын!

 

Хор  Мұғалімдер ұжымы

 

 

Қанатбек, Мүшел:

Құтты болсын келе жатқан тойларың!

Құтты болсын, ұлы  күні Ұлыстың.!