Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

0
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1В бөлім: Бүтін көрсеткішті дәреже Мектеп: Мерзімі: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы: Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері Сабақ мақсаты Натурал көрсеткішті дәреженің анықтамасын біледі Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту Бағалау критерийлері: Оқушы

  • дәреже негізі, дәреже көрсеткіші терминдерін пайдаланып, мысалдардың шешімін түсіндіреді
  • санның дәрежесін есептейді
  • санды дәреже түрінде береді
  • теріс санның жұп дәрежесі оң сан екенін біледі
  • теріс санның тақ дәрежесі теріс сан екенін біледі
  • Тілдік мақсаттар: Тілдік мақсат — дәреженің қасиеттерін ауызша және жазбаша түсіндіреді;— пәндік лексиканы, терминологияны, символиканы сауатты қолданады. Пәнге қатысты лексика мен терминология:— дәреженің негізі; — дәреже көрсеткіші;— натурал көрсеткішті дәреже;Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Мысалы 1: Калькуляторды қолданып X- тің кубтық түбірін тап (мысалы ) — бірнеше бірдей сандардың көбейтіндісі;— … дәреже түрінде жазыңыз;негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері қосылады (азайтылады);негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері көбейтіледі;теріс санды жұп көрсеткішті дәрежеге шығарғанда …;теріс санды тақ көрсеткішті дәрежеге шығарғанда …;негізі … болатын дәреже түрін келтіріңіз; Құндылықтарды дарыту Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыруЖаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру. Бастапқы білім Сандардың квадраты мен кубының мәндерін таба алу. Шаршы ауданы мен текшенің көлемін табу формулаларын, аудан мен көлемнің өлшем бірліктерін белгілей білу. Санның разрядтарын білу, сандарға арифметикалық амалдар қолдана білу. Сан тізбегін құру және олардың жетіспейтін мүшелерін таба білу. Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылар назарын аудару. Оқушыларды топқа бөлу. Үй жұмысын тексеру Үй тапсырмасының шешімін көрші оқушымен дәптерлерін алмасу арқылы тесеріп жасыл сиямен өздерінің жіберген қателіктерін түзетеді. Сабақ мақсатын қою Өтілген сабақпен жаңа сабақты байланыстыру.Жұптарға сұрақ: Санның квадраты, кубы туралы не білесіздер? Әр жұп өз ойларын ортаға салады.Дәреженің аудан (см2) мен көлемнің (см3) өлшем бірліктеріне қандай қатынасы бар екендігін түсіндіреді.Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері айтылады. Бағалау критерийлері оқушылармен таңдалады. Жаңа білімді меңгеру 1) Жаңа сабақ. Натурал көрсеткішті дәреже туралы оқушыларға http://bilimland.kz/kk сайдынан бейнежазба көрсетіледі.2) Мұғалім таныстырылым арқылы оқушыларға натурал көрсеткішті дәрежесін анықтауды үйрету үшін, оқушылармен жаңа терминдерді: дәрежелеу, дәреженің негізі, дәреже көрсеткіші ұғымдарын талқылайды.Таныстырылымдағы есептің түсіндірмесі арқылы өзін-өзі бағалайды Жаңа білімді түсіну 3) Оқушыларға проблемалық жағдай туғызу:1. топ:(-1)2; (-1)3; (-0,2)4; (-1/3)3; (-10)2.2. топ:(-5)2; (-5)3; (-0,1)4; (-1/2)3; (-15)2;3. топ:(-10)2; (-10)3; (-0,1)5; (-20)3; (-1/7)2.4. топ:(-6)2; (-6)3; (-0,3)2; (-100)3; (-1/5)3; Берілген дәреженің мәнін есептеп болған соң мұғалім ұсыныстар жасайды:1) теріс сандардың дәрежесі мен мәніне назар аудару;2) теріс сандардың тақ дәрежесі мен мәніне назар аудару;3) теріс сандардың жұп дәрежесі мен мәніне назар аудару;4) теріс сандардың тақ дәрежесі мен жұп дәрежесінің мәндерінің арасындағы қарым-қатынасты талдау;5) бақылаулар негізінде қорытынды тұжырым жасау.Топтарға жұмыс істеу кезінде дәл уақытында кері байланыс беріледі. Жаңа тақырыптың маңызды аспектілерін ойлау және жазып алуды ұсынуОқушылардың диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау. Оқушының жұмыс парағы Жаңа білімді бекіту Есептер шығару. Жұптық жұмыста келесі есептер орындалады. Есеп 1. Көбейтіндіні дәреже түрінде жазыңдар.(-5/3)* (-5/3)* (-5/3)= 5*5*5*5=x*x*x*x*x=5*5*5*a*a=a*a*b*b*b=x*x+y*y=m*m*m+m*m=u*u*b*b=m*x*x+n*n*y*y*y=2*x*x*z*z*+y*y*y=Есеп 2. Есептеңдер.(–3)3=(-2)4=(-4)3=(-5)4=44=27=73=82=2,52=(-1/2)5=Есеп 3.1. Өрнектің мәнін табыңыз:а) – (0,5)2; б) 3000 · (0,2)3 – (–2)6; в) – (–3)3.

    2. х3х2 өрнегінің мәнін табыңыз, егер : а) х = 0,3;б) х = –6.Есеп 4.

  • Өрнектің мәні оң және теріс сан болатынын анықтаңдар:
  • Немесе жұптардың бірі есепті тақтада орындап, екінші оқушы орнында отырып шығарады. Нәтижесін орнында отырған оқушы басқа түсті маркермен тексереді. Жұптар бірін-бірі бағалайды.

    Үйге тапсырмасы Үй тапсырмасына бағыт бағдар беру. Қорытындылау Рефлексия Стикер тарқатып, сабақтан алған әсерін, білімін, пікір тілектерін, ұсыныстарын жазады. Нені үйрендім?Нені білгім келеді?Нені түсінбедім? Саралау Бағалау ҚТ және денсаулық Төмендегі жұмыстарға арналған тапсырмаларды таңдауда саралау қолданыладыТоптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау. Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау.Жұптар бағалау критерийі арқылы бір-бірін бағалайды. Сабақ соңында оқушылар өздерінің жеткен жетістіктері жайлы өзін – өзі бағалайды. Сабақты бекіту кезеңінің алдында «көз жаттығуын» жасатамын. Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1. 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?1: 2: