Мұқағали Мақатаев «Елім барда», «Анау- аспан, мынау бақ» өлеңдері.

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Мұқағали Мақатаев «Елім барда», «Анау- аспан, мынау бақ» өлеңдері.

Автор: Сайлау Әйгерім Сайлауқызы

Бағыты: Қазақ әдебиеті Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 6 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-02


Материал туралы қысқаша түсінік

Барша ұстаздарға керек деп ойлаймын.




Пән аты: Қазақ әдебиетіСыныбы: 6 «А» клКүні: 10.02.2017 жСабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Елім барда», Анау –аспан, мынау -бақ» өлеңдері.Сабақтың мақсаты:М.Мақатаев туралы толық мағлұмат беру.Білімділік: ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, өлеңдерінің тақырыптық – идеялық негізін, жанрлық ерекшелігін таныту.Дамытушылық: оқыған өлеңдеріне талдау жасай білуге, өз ойын еркін жеткізе білуге шығармашылыққа жетелеу.Тәрбиелік: қазақ поэзиясындағы бірегей тума талант Мұқағали бейнесін, шығармашылығын құрметтеуге , ұстанымын үлгі етіп ұлтжандылыққа , шындықты қадірлеуге , поэзияны сүюге тәрбиелеу.Сабақтың типі: аралас сабақСабақтың әдісі: өлеңді құрылысына қарай талдау, мәнерлеп оқу, кестемен жұмыс, Венн диаграммасы.Сабақтың көрнекілігі: инерактивті тақта, түрлі түсті қағаздар, үлестірме.Пәнаралық байланыс: Өзін-өзі тану, қазақ тілі. Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру бөлімі: 1.Оқушылармен сәлемдесу. 2.Оқушыларды түгендеу. 3. Бір – бірлеріне жылы лебіздер айту.Мұғалімнің кіріспе сөзі: М.Мақатаев – ғажайып, сыршыл ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат, бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Оның артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендеп айқындала түседі. Мұқағалидай перзенті бар қазақ елі шынымен де бақытты! Өткен сабақта М.Мақатаевтың «Қайырлы түн» өлеңімен таныс болдық. II.Үй тапсырмасын пысықтау: Ақиық ақын Мұзбалақ ақын ұлы ақын Ержүрек ақын лирик ақын Мәртебесі биік ақын Өр ақын Ер ақын III.Жаңа сабақМұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 ж 9-шы ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күні туралы екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның анасы Нағиман апа былай деген:«Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-де дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыттан кейін Наурыз тойы болады, Наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз » дейді. Азан шықырып қойылған аты –Мұхаммедқали. Әкесі қарапайым шаруашы: колхозда сушы, шалғыншы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері – Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өскендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады. Мұқағалидың әкесі 1941 жылы Калининград майданында қаза табады. Әкесі Сүлеймен анасы Нағиман, атасы Мақатай, әжесі Тиын, әйелі Лашын. Мұқағали поэзиясының негізгі тақырыптары-Отан, туған ел, туған жер, қоғамдағы өзгерістер, адамдар арманы, махаббат. Ақынның поэмалары : «Аққулар ұйқтағанда», «Райымбек, Райымбек», «Ильич», «Моцарт», «жана азасы» атты поэма толғалары бар. Мұқағалидың «Қарлығашым келдің бе?», «Дариға жүрек», «Шолпан» сынды кітаптары бар. Ақын 1976 жылы 27 наурызда 45 жасында қайтыс болған. Оқулықпен жұмыс.1.«Елім барда» мәнерлеп оқу.Тақтамен , дәптермен жұмыс.Тақырыбы: Туған ел, Отан.Идеясы: Ақын еліне деген сүйіспеншілігін көрсету арқылы оқырманын елжандылыққа , елін-жерін сүюге тәрбиелейді.Жанры: ЛирикаӨлең аты: «Елім барда»Не сыйлайды,// не береді// келер күн?//а 11Не де болса //тірі тұрсам //көрермін.//а 11Желідегі// құлынымын// мен елдің//б 11Көгендегі //қозысымын// мен елдің.//б 114 шумақты , 4 тармақты, 3 бунақты, 11 буынды, егіз ұйқас, (а,а, б,б) 2-3 ші (а, а,б,а) шумағы қара өлең ұйқасыМетафора . Таусылмайтын бақытым ал ырысым,Көгендегі қозысымын , желідегі құлынымын.Риторикалық сұрақ.Не сыйлайды, не береді келер күн?!Не сыйласын, несін берсін ел маған?!Не істемекпін алтын гауһар , жақұтты?«Анау – аспан,// мынау – бақ,//7 аАспанда бұлт, //бақ жадау// 7 бМамық ұшты// қылаулап,// 7 аҚыс та келіп //қалған –ау.// 7 б4 шумақты, 4 тармақты, 2 бунақты, 7 буынды, шалыс ұйқас.Венн диаграммасы.Абайдың «Қыс» өлеңі. Мұқағалидың «Анау аспан –мынау бақ» өлеңі

Венн диаграммасы арқылы екі өлеңді салыстыру. Ортақ кейіптеу тәсіліне ерекше назар аударту.Кестемен жұмыс.

Әндері Өлеңдері Поэмалары
«Есіңе мені алғайсың»«Саржайлау»«Көнеміз ғой»«Иіскейін»«Ұнатамын мен сені»«Қайран женгем» «Елім барда»«Анау аспан – мынау бақ»«Қара өлең»«Үш бақытым» «Аққулар ұйқтағанда»«Райымбек, Райымбек»

IV.Бекіту.Сабақтан алған әсерлері.(Әр оқушы сабақтан алған әсерлерімен бөліседі, бүгінгі сабақтан не үйренді, нені білгісі келеді, бүгінгі сабақ қалай өтті. Өз ойларын жазып жабыстырады).V.Үйге тапсырма: Өлеңдерін жаттауVI.Бағалау:







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.