Мұнай мен газ өндіру саласында

0

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … ..3
1. Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторын мемлекеттік реттеудің
негізгі бағыттары
1.1. Қазақстанның мұнай-газ секторын мемлекеттік
реттеу … … … … … … … ..5
1.2. ҚР-ның мұнай және газ өңдеу жөніндегі салалық бағдарламаның
мақсаттары … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … .10
2. ҚР-ның мұнай нарығының ағымдағы жағдайды талдау
2.1. Ағымдағы жағдайды, саланың елдің әлеуметтік-экономикалық және
қоғамдық-саяси дамуына әсерін
бағалау … … … … … … … … … … … … … … …14
2.2. Мұнай мен газды
өндіру … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… …17
2.3.Мұнай мен газды
тасымалдау … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
…23
2.4. Мұнай мен газды тасымалдау, инфрақұрылымды дамыту
… … … … … ..27
ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … .33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ … … … … … … … … … … … .. … ..34

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған мұнай-газ
саласын дамыту бағдарламасы (бұдан әрі — Салалық бағдарлама) 2010 жылғы 19
наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 958 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалық-инновациялық дамыту жөніндегі
2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі
Мемлекеттік бағдарлама) шеңберінде әзірленді.
Ел экономикасындағы мұнай-газ саласының ролін тұрақты нығайту
қажеттілігі Салалық бағдарламаны әзірлеуге себеп болды.
Мұнай-газ саласы еліміздің және оның жекелеген өңірлерінің дамуына
маңызды әлеуметтік-эконикалық әсер келтіреді, шын мәнінде мемлекеттің бүкіл
экономикасы үшін алға тартушы күш болып табылады, экономиканың басқада
салаларының дамуына ықпал етеді. Өңір мен бүкіл мемлекет ауқымындағы
анағұрлым маңызды әлеуметтік бағдарламалардың іске асуы мұнай-газ кешені
кәсіпорындарының жұмысына байланысты.
Мұнай-газ саласының серпінді дамуы Қазақстанның бүкіл экономикасы үшін
өте маңызды. Бүгінгі таңда мұнай-газ саласы Қазақстан Республикасы
экономикасының құрылымында айқындаушы роль атқарады. Статистика
органдарының оперативтік деректері бойынша 2009 жылы ІЖӨ-дегі мұнай-газ
саласының үлесі 20,8 %, ал 2008 ресми есеп бойынша — 21,8% құрады.
2009 жылдан бастап енгізілген салық жеңілдіктеріне қарамастан, мұнай-
газ саласынан түсімдер мемлекет бюджетінің елеулі көлемін құрады. Атап
айтқанда, кірістердегі сала үлесі 2008 жылмен салыстырғанда 1,2
проценттік тармаққа ұлғайып, 1531,2 млрд.теңге немесе 40,5 % құрады.
Ұлттық қорға мұнай-газ саласының төлемдері алдындағы жылдағыдай 1371,4
млрд. теңге немесе мемлекеттік кірістердегі 36,3% құрады.
2009 жылы минералдық-шикізатық кешендегі инвестициялар көлемі 3,2
трлн. теңге (21,4 млрд. $ АҚШ) құрады.
Жақын болашақта еліміздің мұнай-газ секторы серпінді дамитын болады,
бұл еліміз үшін өндірістік, әлеуметтік және экологиялық бағыттағы
объектілер құрылысын қамтитын, бірыңғай кешенді саланы дамыту жоспарларын
жасақтау жолымен барлық мүдделі тараптардың үйлесімді жұмысын талап етеді.
Бағдарлама қаралып отырған кезеңдегі салалық мәні бар маңызды
міндеттердің шеңберін айқындайды және, тиісінше, оларды шешуге бағытталған
өзара байланысты ұйымдық, норма шығарушылық, әлеуметтік, экономикалық,
қаржылық және басқа да шаралар кешенін қалыптастырады.
Бағдарламаны іске асыру қорытындылары бойынша саланың тиімділігін
арттыру арқылы көмірсутегі шикізатын өндіру және өңдеу деңгейін өсіруден,
мұнай мен газ ресурстарын тиімді пайдаланудан, халықаралық транзит
көлемдерін өсіруден әлеуметтік-экономикалық әсерді ұлғайтуды қамтамасыз
ету, сондай-ақ еліміздің толық энергетикалық тәуелсіздігіне, ішкі нарықты
мұнай өнімдері мен газға қажеттіліктерін үздіксіз және толық қамтамасыз ету
көзделеді.
Сондай-ақ Бағдарлама мұнай-газ кешенін дамыту мәселерінен басқа,
өндірістік, әлеуметтік және экономикалық ілеспе объектілерін жақсарту
мүмкіндіктерін қарастырады.
1. Қазақстан Республикасының мұнай-газ
секторын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
1.1. Қазақстанның мұнай-газ секторын мемлекеттік реттеу

Қазақстанның мұнай-газ секторын мемлекеттік реттеу негізінде елдің
экономикалық өсуін қамтамасыз ету түсінігі жатыр. Халықтың әлеуметтік-
тұрмыстық жағдайының жақсаруы мен мемлекет бюджетінің толығуы осы саладағы
нақты жағдай мен мүмкіндікке тікелей байланысты. Сондықтан да, республикада
мұнай-газ секторын дамытуға, осы салаға шетелдік инвестиция мен
компанияларды тартуға, олардың арасында нарықтық бәсекені қалыптастыруға
ерекше назар аударылған.
Мұнай-газ сеторын мемлекеттік реттеу тікелей және жанама әдістер
арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттің мұнай-газ секторына тікелей әсер ету
әдістері:
— мұнай және газ саласын дамытудың мақсатты бағдарламаларын жасау;
— мұнай газ өнімдерін өндіруге мемлекеттік тапсырыс беру;
— өнімнің сапасы мен технологиясына нормативтік талаптар қою;
— экспорт-импорттық операцияларды лицензиялау және квота беру.
Мемлекеттің мұнай-газ секторына жанама әсер ету әдістері осы саладағы
фирмалардың экономикалық мақсаттарына негізделеді. Олар:
— салық салу;
— мұнай және газ өнімдерінің бағасын реттеу;
— экспорт-импорттық операцияларды тарифтік реттеу.
Мұнай-газ секторын мемлекеттік реттеу құралдарын келесідей ажыратуға
болады: әкімшіліктік (тыйым салу, рұқсат беру) және экономикалық (бюджет-
салық саясаты, инвестициялық саясат); құқықтық (мұнай және газ саласындағы
шаруашылық етуші субъектілердің қызметін реттейтін нормативтік актілерді
жасау және қабылдау).
Жоғарыда аталған тікелей әсер ету әдістері әкімшіліктік құралдармен
жүзеге асырылады. Ал жанама әдістер экономикалық құралдар арқылы
жүргізіледі.
Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу
келесі бағыттардан тұрады:
— мұнай өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметтi лицензиялау;
— мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы саласындағы техникалық
реттеу;
-шикi мұнай және (немесе) газ конденсаты көлемiнiң мұнай өнiмдерiн
өндiрудiң уәкiлеттi орган бекiткен ең төменгi көлемiн белгiлеу;
-мұнай өнiмдерiнiң айналымын бақылауды Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң, ол белгiлейтiн уәкiлеттi және өзге де мемлекеттiк органдардың
құзыретiне сәйкес, сондай-ақ мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және олардың
айналымының бiртұтас деректер базасы арқылы мониторинг жасау,
декларациялау тәртiбiн белгiлеу арқылы жүзеге асыру;
-мұнай өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi мен сапасын бақылауды қамтиды.
Қазақстанның мұнай-газ саласы өзінің құқықтық негізінің құрамдас
бөліктері ретінде мыналарды енгізеді: инвистициялар бойынша, жер қойнауының
қорларын пайдалану бойынша, мұнайды тасымалдау, мұнай айналымы, мұнай
өнімдері, экология, салықтар бойынша құқықтық блоктар.
Мұнай туралы заңның ен негізгі мақсаты – республикамызға мұнай-газ
қорларын іздеуіне, шетел инвесторларын тартуға көмектесу. Қазақстанда Жер
қорлары туралы, Мұнай туралы заңдардан басқа бірнеше заң қаулылары бар
(мысалы, ҚР Президентінің 2003 жылғы қаулысымен бекітілген Каспий теңізінің
Қазақстан бөлігін игеру туралы мемлекеттік бағдарлама, 2004-2010 жыл
аралығында Қазақстан Республикасындағы газ саласын дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы және т.б.)
Стратегиялық дамуда отын-энергетикалық кешеніне, оның ішінде мұнай
өнеркәсібіне ерекше мән берілген. Себебі Қазақстан — бүгінде әлем таныған
ірі мұнайлы держава. Бірақ, қазіргі таңда мұнайға қатысты мәселенің бірі ол
мұнайдың экологияға тигізетін зардаптары болып табылады.
2007 жылдыѕ 9 қаңтарында “Қазақстан Республикасының Экологиялық
Кодексі” жарық көрді. Заңның Қазақстан Республикасының экологиялық
заңнамасын бұзудан келтірілген залалды өтеудің міндеттілігі туралы 321
бабында экологиялық құқық бұзушылық жасаған тұлғалардың жеке тұлғалардың
денсаулығына келтірілген зиянды, жеке және заңды тұлғалардың мемлекет
мүлкіне келтірілген залалды өтеуі ерікті түрде немесе Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес сот шешімі бойынша жүргізіледі, деп
көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымында №535
қаулысымен бекітілген Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды
экономикалық бағалау ережесі қабылданды.
Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде мердiгер Қазақстан Республикасы
заңдарына сәйкес салықтар мен өзге де мiндеттi төлемдердi төлеушi болып
табылады. ҚР салық Кодексінің мұнай операцияларына салық салу жөніндегі
бөліміне шетелдерге шығарылатын мұнайға ренталық салық салу туралы
жөніндегі Қазақстан Республикасының салық мәселесіне қатысты кейбір
заңдық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Экспорттық мұнайға
салынатын ренталық салықты есептеу базасы ретінде экспортталатын мұнайдың
құны алынады. Ал ол өз кезегінде шетелдерде іс жүзінде сатылатын мұнай
көлемі мен рыноктағы бағаға сәйкес белгіленеді. Бұл орайда мұнайдың сапалық
сипаттамалары мен оны сатуға қатысты шығындар алып тасталады.
Республикада тікелей инвестицияларды тартудың негізгі түрі — мұнай-газ
салаларына қалыптасќан бірлескен кәсіпорындар мен негізгілерден бөлініп
шыққан кәсіпорындар болды. Осыған орай атап кететін мәселе, ол салық және
басқа да төлемдер бойынша мұнай-газ өндіруші компаниялардың үлесі
мемлекеттік бюджеттің маңызды бөлігін қамтиды. Соған қоса осы
компаниялардан жоспардан тыс түсетін табыс салығы, роялти, бонус тағы да
басқа түсімдер — Ұлттық қорымыздың негізгі бөліктерін құрайды.
Инвестициялық үрдістің даму тенденцияларының ең басты ерекшелігі — оның
шикізат өндіруге бағыттылығы.
Қазақстан әлемдік энергоресурстарын қалыптастыруға ықпал ететін
стратегиялық көмір сутегі қоры бар мемлекетердің қатарына жатады.
Республика мұнай мен газ конденсатының барланған қорын өндіруден әлемде 13-
ші орынға (тиісінше 2, 095 млрд. тонна және 0,7 млрд. тонна) ие.
Қазақстанда анықталған қорлар 2,8 млрд. тонна мұнайды және 1,8 трлн. текше
метр газды құрайды.
2009 жылы республикада 30,6 млн. тонна мұнай және 4,7 млн. тонна газ
конденсаты өндірілді, ал 2010 жылы 100 млн. тонна мұнай өндіру көзделуде,
мұның өзі Еуразия кеңістігіндегі көмір сутегін өндірушілер мен
экспорттаушылар арасында негізгі позициялардың біріне ие болуға мүмкіндік
береді. Өндірудің мұндай деңгейіне жету үшін кемінде 10-12 млрд. доллар
инвестиция қажет болады. Онымен қоса, тек шикізат өндіруге ғана емес,
инфрақұрылым қалыптастыруға да қаржы тарту қарастырылып отыр. Қазақстан
мұнай резервінің молдығына қарамастан, мұнайды әлемдік нарыққа тасымалдау
жағынан да, Таяу және Орта Шығыс мұнай экспорттаушыларымен бәсекелесуі
екіталай, себебі мұнайдың өзіндік құны өте жоғары. 2010 жылы күтіліп
отырған Солтүстік теңізде мұнай өндірудің төмендеуі, сондай-ақ, батыстың
жетекші экспорттаушы елдері Каспий мұнайының әлемдік нарыққа тұрақты
құйылуын Парсы шығанағының саяси тұрақсыз саясатын әлсірету үшін мұнай
экспорттау ағынын қайта құрудың негізгі факторы ретінде қарастыруы
Қазақстан үшін жағымды инвестициялық ахуал қалыптастыруы мүмкін.
Қазіргі уақытта мұнай газ сеторында шетелдіктердің қатысуымен 55
бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Барлық меншік нысанындағы
кәсіпорындардың күшімен игерілген күрделі қаржының көлемі Қазақстан бойынша
барлық инвестицияның 41-ін құрап отыр.
Мұнай-газ секторының тұрақты дамуы Қазақстанның экономикалық өсуін
қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі болып табылады.
Сектордың негізгі мақсаты өндіріске жаңарту жүргізу, озық
технологиялар пайдалану және енгізу есебінен саланы қарқынды дамытты.
Каспий теңізінің қазақстандық секторының көмірсутегі ресурстарын
тиімді игеруді қамтамасыз ету және ірі кен орындарында мұнай өндіруді
көтеру үшін мұнай өнеркәсібінде мынадай міндеттер шешілді:
— Каспий теңізінің қазақстандық секторы
мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңін (2006 — 2010 жылдар) іске асыру;
— мұнай-газ кешені үшін бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтер
ұсыну үшін жоғары деңгейлі қосылған құны бар салаларды дамыту үшін жағдай
жасау;
-мұнай мен газды терең қайта өңдеуді дамыту және мұнай өнімдері
өндірісін ұлғайту.
Аталған міндеттерді шешу жолдары келесідей тұжырымдалады:
— көмірсутектерінің барланєан қорларының өсуін қамтамасыз ету және
өндіруді тұрақты жоғары деңгейге шығару;
— көмірсутектерін тасымалдаудың мультимодальдық жүйесін дамыту;
— теңіз операцияларын жағалаулық қолдау үшін инфрақұрылым құру, теңіз
мұнай операцияларын қамтамасыз ету жөніндегі теңіз порттары мен жағалау
инфрақұрылымдар құрылыстарын дамыту;
— екінші буынды зауыттың құрылысының жобасын іске асыру және Теңіз кен
орнында шикі газды айдау;
— Атырау мұнай өндеу зауытын қайта жаңарту жобасын іске асыруды
аяқтау;
— мұнай өнімдерінің сапасын еуропалық стандарттарєа (ЕВРО-3) дейін
жеткізу.

1.2. ҚР-ның мұнай және газ өңдеу жөніндегі салалық
бағдарламаның мақсаттары

Бағдарламаны іске асыру қорытындылары бойынша жоспарлау кезеңінің
соңына қарай мынадай мақсаттарға қол жеткізу қажет:
1. Мұнай мен газ өндіру саласында
Мұнай мен газ өндіру саласында бағдарламаны іске асырудың негізгі
мақсаты өндіру көлемдерінің үдемелі өсуін қамтамасыз ету болып табылады.
Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған ірі жобалары бойынша іске асыру орындылығы
және кеңейтудің негізгі көрсеткіштері анықталды және оларды іске асыру
жөнінде республиканың экономикалық мүдделерін сипаттайтын келісілген
шешімге қол жеткізілді.
Игеру жобаларымен және жетекші әлемдік практикамен бекітілген жер
қойнауын тиімді пайдалану жөніндегі заңнама талаптарына сәйкес мұнай мен
газ игеруді жүргізілсін. Бекітілген мерзімдерде және бөлінген бюджет
шеңберінде кен орындарын игеру жобаларын орындалсын.
Қажетті техникалық сараптаманы жеткілікті көлемде тартуға мүмкіндік
беретін, кен орындарының технологиялық сызбаларын, игеру бағдарламаларын
сақтауды қарау мен бақылаудың тиімді жүйесінің жұмыс істеуін ретке
келтірілсін.
Өндіру деңгейін тұрақты жоғары деңгейде сақтап қалуға мүмкіндік
беретін көмірсутегінің барланған қорларының өсімі жөнінде қажетті жұмыстар
жүргізілсін. Іздестіру жұмыстары аясына жаңа перспективті аудандар
тартылсын.
2. Өңдеу өндірістерін дамыту саласында
Қосымша құны жоғары өнім – базалық мұнай-химия өнімінің жоғары сапалы
мұнай өнімдерінің алынуын қамтамасыз ететін көмірсутегі шикізатын
барлаудан, өндіруден бастап терең өңдеуге дейін толық технологиялық циклын
құру және үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ету, бұл бәсекеге қабілетті
өнімнің экспорттық жеткізілімдерінің өсуіне әкеліп соқтырады.
ҚР мұнай өңдеу зауыттарына жүргізіліп жатқан жаңғыртуы арқасында
отандық МӨЗ мұнай өңдеу көлемінің қсуін қамтамасыз ете отырып, жаңа сапалы
деңгейге шығуда және Еуро-3, 4 экологиялық стандарттарына сәйкестік
деңгейіне қол жеткізіп мұнай мен газдың халықаралық жеткізілімдерімен
бәсекеге қабілетті болуда. Бұдан басқа шығарылатын өнім номенклатурасы
едәуір кеңейтілуде.
Бұл ретте республиканың ішкі экономикасының өсуі үшін мұнай
өнімдерінің негізгі түрлеріне (жоғары октанды бензин, авиаотын және дизель
отыны), базалық мұнай-химия өнімдеріне (әртүрлі маркалы полиэтилен және
полипропилен, хош иісті көмірсутегілері, битум және т.б.) деген
республиканың ішкі нарық қажеттіліктерін толық қанағаттандыру аса маңызға
ие.
ЖЖМ, құрғақ және сұйытылған газ бағасы ашық нарықтық негізде
қалыптасады және қолайлы баға деңгейінде тұр.
Жүргізілген жаңғырту арқасында мұнайды отандық МӨЗ жеткізудің
коммерциялық шарттары экспорттық жеткізілімдермен бәсекелес бола алады.
Базалық мұнай-химия өнімін шығару және соның негізінде тұтынушы
тауарлар өндіру жөніндегі көмірсутегі шикізатын өңдейтін жаңа өндірістерді
дамыту үшін қажетті инвестициялық жағдай жасалған.
Қазақстанның газ саласы белсенді өсу кезеңіне аяқ басты, еліміздің
жалпы энергия балансындағы газдың үлесі барынша өсті. Ішкі нарықта газды
тұтыну тез өсіп отырған кезде ішкі тұтынудың тұрақты қамтамасыз етілуін
қолдау қажет.
Кен орындары өндірілетін газды өңдеу жөніндегі қуаттармен кепілді
қамтамасыз етілген.
3. Тасымалдау және инфрақұрылымды дамыту жөнінде
Құбыр көлігін дамыту мұнай мен газдың өсіп отырған көлемін Қазақстан
бойынша және экспортқа жеткізілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді,
республиканың импортталатын газ көлемінен тәуелділігі төмендетілді. Өнімді
экспорттау бағыттарын әртараптандырудың жоғары дәрежесіне қол жеткізілді.
Құбыр желісі жүйесінің жақсартылған техникалық мүмкіндіктері, сондай-
ақ икемді тарифтік саясат жер қойнауын пайдалану саласына инвестициялар
тартуға, көмірсутегілерінің транзиттік көлемін арттыруға ықпалын тигізеді.
Алдағы ірі инфрақұрылымдық жобалар бойынша негізгі көрсеткіштер мен
шарттар келісілді.
КТҚС мұнайды өңдіру және тасымалдау үшін мерзімдер мен шығындар
бойынша тиімділік көрсеткіштерін ескеріп, қазақстандық үлестің даму
кешенділігін ескеріп қажетті объектілердің уақтылы енгізілуі, теңіз
жобаларының экологиялық қауіпсіздігі қамтамасыз етілсін.
Сервистік қызмет көрсетуге арналған танкерлік флот пен кемелердің
дәйекті дамуы, КТҚС жағалаулық инфрақұрылымның сервистік және
инфрақұрылымдық объектілерін құру жалғастырылсын.
4. Саланы техникалық реттеу
Саланы нормативтік-техникалық реттеу мұнай-газ секторындағы қызметке
қойылатын нақты талаптарды айқындайды, республика мүдделерін барабар
қорғауды қамтамасыз етеді, жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу
үшін жағдай жасайды, жаңа технологиялардың енгізілуін ынталандырады,
экологиялық тәуекелдің қысқаруына ықпал етеді.
5. Жобалардағы қазақстандық үлес жөнінде
Бағдарламаны жемісті іске асыру мұнай-газ секторы үшін қазақстандық
тауарлар мен қызметтер жеткізілімінің артуына ықпал етеді. Жұмысты
ұйымдастыру жаңа жүйелі деңгейге шықты – министрліктердің, жер қойнауын
пайдаланушылардың, қазақстандық тауар жеткізушілер мен қызмет
көрсетушілердің іс-қимылдары үйлестірілді. Осы бағыттағы істің нақты жай-
күйін бағалауға және тиімді түзету шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін
қол жеткізімді есептілік жүйесі қалыптастырылды.
Мұнай-газ секторының салалық бағдарламасының маңызды стратегиялық
мақсаттарының бірі мұнай-газ жабдығын өндіру, қызметтер нарығын құру және
саланы отандық ғылыми және технологиялық әзірлемелермен қолдауды қамтамасыз
ету болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары толығымен транспарентті –
конкурстар туралы ақпарат қол жеткізімді, конкурстарды өткізу шарттары
қазақстандық компаниялар үшін кемсітілушілікті болып табылмайды, бағалаудың
қолданылатын өлшемдері түсінікті және әділ. Қазақстандық компаниялардың
технологиялық жабдықты қоса алғанда тауарларды, қызметтерді жеткізудегі
үлесі өсуде. Мұнай секторы өнеркәсіптің сабақтас салаларының өсуінің зор
катализаторы болуда.
Кадрлар даярлау саласында дәстүрлі кәсіпорындар (мұнай өндіру,
тасымалдау, мұнай өңдеу) бойынша қызметкерлердің құзыреттілік деңгейі
барлық деңгейдегі артуда. Ірі мұнай-газ жобалары бойынша ұлттық менеджерлер
негізгі тұғырларды алуда, жоғары және орта басшы буын лауазымдары бойынша
білікті ауыстыралытн адамдар дайындалған.
6. Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
Саланың жаңа бағыттары (мұнай-химия, теңізде мұнай өндіру, металл
конструкциялары зауыттары, кеме верфтері) бойынша жаңа өндірістер үшін
барлық деңгейде мамандарды оқыту және даярлау ұйымдастырылған, қажетті
кадрлар дайындалған.
Ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін тартылатын мердігерлік
құрылыс компанияларының персоналы бойынша ұлттық кадрлар үлесінің жоғары
деңгейіне қол жеткізілді, шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарға
қажеттілік төмендетілді.
7. Қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайлардың алдын алу
Тарихи ластанулармен байланысты экологиялық мәселелер шешілді
(қамбалар, тастанды ұңғымалар, күкірт). Көмірсутегілерін барлау және өндіру
қоршаған ортаға ең аз әсер етумен жүргізіледі, төтенше жағдайларға ден
қоюдың тиімді жүйесі қызмет етуде.
2. ҚР-ның мұнай нарығының ағымдағы жағдайды талдау
2.1. Ағымдағы жағдайды, саланың елдің әлеуметтік-экономикалық және
қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау

Көмірсутегі шикізаты бойынша жоспарлы геологиялық барлау жұмыстары
Қазақстанда 50-ші жылдардың ортасынан жүргізіле бастады. Қазіргі уақытта
республиканың шамамен 900 мың шар.км алаңы 1958-1965 және 1975-1995
жылдары Қазақстан мен Ресейдің әртүрлі ұйымдары жасаған өңірлік, іздеу
және егжей-тегжейлі сейсмикалық бейіндермен қамтылған. Республиканың бүкіл
аймағы гравиметрикалық және магниттік түсірілімдермен қамтылған, олардың
негізінде Республиканың гравиметрикалық және магниттік карталары жасалған.
Гравиметрикалық зерттеулердің жаңа техникасы мен технологиялардың негізінде
“Қазақстан қалдықты аномалияларының гравиметрикалық картасы” жасалып
шығарылды, ол Қазақстанның бүкіл аймағының геологиялық құрылымын зерттеуге
геофизикалық негіз болып табылады. Карта гравитациялық алыңның толық
суреттемесін береді және өңірлік геологиялық, тектоникалық және болжау
карталарын жасаған кезде, сондай-ақ өңірлік геологиялық-геофзикалық
зерттеулер кезінде негіз ретінде қолданыла алады. Сонымен бірге
Қазақстанның аймағы геологиялық түсіру жұмыстары, параметрикалық, іздеу
және барлау ұңғымаларын бұрғылау арқылы зерттелді.
Негізінен геологиялық барлау жұмыстары 5 белгілі мұнай-газ өндіретін:
Каспий маңы, Оңтүстік Маңғышлақ, Үстірт Бозашы, Оңтүстік Торғай және Шу
Сарысу бассейндердің аймағында жүргізілді, бұлардың шегінде шамамен 240
көмірсутегі шикізатының кен орындары барланды. Бүгінгі күні бұл
бассейіндердің шегінде 100ден астам көмірсутегі шикізатының кен орындары
игерілуде. Пайдалы қазба қорларының мемлекеттік балансында ескерілген мұнай
қорларының 65% астамы, табиғи газдың 70% астам пайдалануға тартылған.
Бұдан басқа он бассейн: Арал, Сырдария, Солтүстік Торғай, Солтүстік
Қазақстан, Теңіз, Іле, Балқаш, Алакөл, Зайсан, Ертіс маңы перспективті
мұнай-газды бассейндер болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы көмірсутегі шикізатының жалпы болжамды
шығарылатын ресурстары 17 млрд. тонна құрайды, олардың 8 млрд. тоннасы
Каспий теңізінің қазақстандық секторына (бұдан әрі – КТҚС) тиесілі.
Расталған қорлары бойынша Қазақстан әлемдегі 15 жетекші елдердің санына
кіреді. Қазақстан көмірсутегі шикізатының елеулі қорларына – әлемдік
қордың 3,3% иелік етеді (шығарылатын мұнай қорлары 4,8 млрд. тонна және,
Каспий қайраңындағы жаңа кен орындарын ескергенде, шығарылатын газ қорлары
3 трлн. тек.м асады, ал ықтимал ресурстары 6-8 трлн. тек.м деп бағаланады).

Республиканың 172 мұнай және 42 конденсатты кен орыны орналасқан
(оның ішінде, 80 астамы игерілуде) мұнай-газды аудандары Қазақстан
аймағының шамамен 62% ауданын алып жатыр. Қазақстандағы мұнайдың негізгі
қорлары (90% астамы) ең ірі 15 кен орнында шоғырланған, олар – Теңіз,
Қашаған, Қарашығанақ, Өзен, Жетібай, Жаңажол, Қаламқас, Кенқияк,
Қаражанбас, Құмкөл, Солтүстік Бозашы, Әлібекмола, Орталық және Шығыс
Прорва, Кенбай, Королевское, жартысы – екі алып мұнай кен орны Қашаған
мен Теңізде.
Кен орындары Қазақстанның он төр облысының алты аймағында. Бұл Ақтөбе,
Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары. Бұл
ретте көмірсутегі қорларының шамамен 70% Қазақстанның батысында
шоғырланған.
Мұнайдың неғұрлым барланған қорлары Атырау облысына тиесілі, оның
аймағында өнеркәсіптік санаттағы 930 млн. тонна қормен 75 астам кен орны
ашылды.
15тен астам көмірсутегі кен орны Батыс Қазақстан облысының аймағында
орналасқан. Мұнай-газдық әлеует тұрғысынан Ақтөбе облысы тағы бір
перспективті өңір болып табылады. Бұнда 25тей кен орын ашылды. Маңыздығы
бойынша Қазақстанның бесінші мұнай-газдық провинциясы – Қызылорда және
Қарағанды облыстарының мұнай өндіру саласының негізін Құмкөл кен орындар
тобы құрайды.
Каспий және Арал теңіздерінің айдынында республика жүргізіп жатқан
кен ауқымды жер қойнауын зерттеулер Қазақстанның мұнай-газ саласының
ресурстық әлеуетін одан әрі молайтуға ықпал етеді.
Каспийді солтүстігінде 2000 жылы ашылған 2,02 млрд. тонна шығарылатын
болжамды қормен Қашаған кен орны соңғы 30 жыл ішіндегі әлемдік
тәжірибедегі ең маңызды оқиға деп аталды.
Мұнай мен газды іздеу перспективаларын Каспий маңы ойпатындағы, Арал
маңындағы зерттелмеген терең жатқан құрылымдармен, сондай-ақ Солтүстік,
Орталық және Оңтүстік Қазақстан объектілерінде айқындалған сейсмикалық
барлау нәтижелерімен байланыстырады.
Қазақстан үшін табиғи газ неғұрлым перспективті энергия тасығыш
болуда, оның қорлары бойынша Қазақстан әлемдегі 14 орынды және ТДМ
елдерінің арасында Ресей, Түрікменстан мен Өзбекстаннан кейінгі 4 орынды
иеленуде.
Географиялық тұрғыдан газ қорының 98% Маңғыстау, Атырау, Батыс
Қазақстан және Ақтөбе облыстарының аумақтарына тиесілі Батыс Қазақстан
қойнауында орналасқан.
Қазақстан Республикасындағы мұнай өндіру көлемінің 70 % астамын АҚШ,
Қытай, Ресей, еуропалық елдердің шетелдік инвесторлары қамтамасыз етеді,
ExxonMobil, Сhevron, Agip, BG, BPStatoil, Shell, Total, INPEKS, Philips,
ЛУКойл, Оман Ойл, Eni сияқты және тағы басқа ірі ұлттық және трансұлттық
компаниялар жұмыс істеуде.
2.2. Мұнай мен газды өндіру
2009 жылы республикада 2008 жылмен салыстырғанда 8,3% ұлғайып, мұнай
мен газды өндіру көлемі шамамен 76,5 млн. тонна құрады, мұнай мен газ
конденсатының экспорты 68,1 млн. тонна құрап, 8,4% өсті.
Қазақстан Республикасының аймағында 2009 жылдың қорытындылары бойынша
Теңізшевройл ЖШС (22,5 млн. тонна), Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг
Б.В. ЖШС (11,9 млн. тонна), ҚазМұнайГаз БӨ АӨ (8,9 млн. тонна), СНПС-
Ақтөбемұнайгаз АҚ (6,0 млн. тонна) және Маңғыстаумұнайгаз АҚ (5,7 млн.
тонна) негізгі мұнай өндіруші компаниялар болып табылды.
Республика аймағындағы көмірсутегі шикізатының құрылықта игеріліп
жатқан кен орындарының көбі жылдық өндірудің ең жоғары деңгейіне жетті.
Құрылықтағы өндірістің одан әр өсуі бірінші кезекте Теңіз және Қарашығанақ
кен орындарының интенсивті игерілуіне байланысты. 2012 жылдың аяғында
Қашаған кен орнын тәжірибелі өнеркәсіптік игеруді іске асыра бастау
жоспарлануда. Құрылықтағы қалған кен орындарда (Теңіз бен Қарашығанақты
есептемегенде) өндіру көлемі 45,0 млн. тонна немесе 2009 жалпы өндіру
көлемінің 58,8% құрайды, 2014 жылы бұл көрсеткіш 44,9 млн. тоннаға дейін
немесе жалпы өндіру көлемінің 52,8% дейін төмендейді.
Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланушылардың газды
өндіруі өндіру көлемдерінің тұрақты өсу үрдісін растайды – 2009 жылы 36,0
млрд. тек. м газ өндірілді, бұл 2008 жылдағы газ өндіру деңгейінен 7,5%
жоғары.
Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. (15,0 млрд. тек. м),
Теңізшевройл ЖШС (8,9 млрд. тек. м), СНПС-Ақтөбемұнайгаз АҚ (3,0 млрд.
тек. м), Толқынмұнайгаз ЖШС (2,3 млрд. тек. м), “ҚазМұнайГаз” БӨ АҚ (0,4
млрд. тек. м) Қазақстан Республикасы аймағындағы негізгі газ өндіруші
компаниялар болып табылады (2009 жылғы деректер бойынша).
Қазақстанның оңтүстік өңірлерін тұрақты газбен қамту қажеттілігін
ескере отырып, Амангелді кен орындары тобын 300-330 млн. тек. мжыл одан
әрі игеру газ өндіру құрылымындағы орны маңызды. Бұл кен орындары тобын
одан әрі дамыту мәселесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кен орындарының
табиғи газын сату бағасын кезең-кезеңмен көтеріп отыру саясатына байланысты
болады, себебі газға бағаның кезең-кезеңмен өсуіне тосқауыл қою жер
қойнауын пайдаланушы компанияларға кен орындарының келісім-шарттық аймағын
барлау және игерудің өндірістік бағдарламасын жүзеге асыру үшін қажет
қаражат көлемін шоғырландыруға мүмкіндік бермейді.
Сонымен бірге, газдың елеулі көлемін жер қойнауын пайдаланушылар өз
қажеттіліктеріне пайдаланатынын немесе кері айдау үшін жұмсайтынын ескере
отырып, таратылатын тауарлық газдың көлемі маңызды көрсеткіш болып табылады
(1-кесте).
1-кесте

2009 жылдағы тауарлық газды өндіру және шығару теңгерімі
млрд. тек. м
№ Көрсеткіштің атауы Саны
1 Шикі газ өндіру, барлығы 36,0
2 Шикі газды пайдалану, о.і. 16,3
2.1 технологиялық және өз қажеттіліктеріне 7,5
2.2 қабатқа қайта айдау 8,8
3 Құрғақ газ өндіру, о.і. 19,7
3.1 жер қойнауын пайдаланушылардың өз технологиялық 3,0
қажеттіліктерін тұтыну (ГТУ және т.б.)
3.2 таратылатын тауарлық құрғақ газ 15,6
3.3 Газды ПХГ айдау 1,1

Ішкі тұтынудың 36% газ импорты есебінен қамтамасыз етіледі, ол
Қарашығанақ газын Қазақстан Республикасының оңтүстігіне (Жамбыл, Оңтүстік
Қазақстан және Алматы облыстары) Өзбекстан арқылы, сондай-ақ Қостанай
облысына Ресей арқылы қарсы жеткізілімдер жолымен свопталады. Бұндай
жағдай аталған облыстардағы газ магистралі жүйесінің кеңестік газ
тасымалдау жүйесі салынған кезеңде құрылуына байланысты.
2-кесте

2009 жылдағы тауарлық газды тарату теңгерімі

Көрсеткіштің атауы Саны, млрд. тек.
м
Таратылатын тауарлық құрғақ газ 15,6
Импорт* 3,1
Газ ресурстарының жиыны, о.і. … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz