Морфологиялық құрылыстың негізгі стильдік белгілері

0
206





Жұмыс түрі: 
Материал

Көлемі: 14 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге

Таңдаулыға:   




МОРФОЛОГИЯ
Морфологиялық құрылыстың негізгі стильдік белгілері
Морфологиялық құрылыс стильдік қолданыс тұрғысынан сөздік қормен
салыстырғанда біршама бейтарап екені айкын. Өйткені морфологиялық құрылыс
стильдік топтардың қай саласына да бірдей, барлығына да тән. Сон-дықтан сөз
таптарының немесе сөз тудырушы, аффикстер мен сөз өзгерту тәсілдерінің бір-
бірінен оқшау қолданылу сырлары анық байқала бермейді. Солай бола тұрса да
тілдің морфологиялық тұлғаларының стильдік қолданылу қалыптасқан. Осы ретте
көптік жалғауларының қолданылу заңдылығын еске алу қажет болады.
Көптік жалғаулары ең алдымен көптік ұғым туғызу үшін қолданылатыны
белгілі. Өз табиғатында жекелік ұғымға негізделген сөздер көптік жалғаулар
арқылы көптік мән алады (тас – тастар, кітап – кітаптар т. б.). Қазақ
тіліндегі кей сөздер сол күйінде, қосымшасыз-ақ көптік мағына бере алады.
Бұлар көбіне топталған, жинақталған заттардын атауы болады. Мысалы, шаш,
қас, сақал, жүн, бидай, тары, сұлы, жүгері, шөп, өсімдік, т. б. Бұл
сөздерге мағыналық тұрғыдан көптік жалғаудың ешбір қажеті жоқ. Бірақ кейде
жазушы не басқа автор өз ойын тұспалдап жеткізу үшін жинақты зат атауларына
көптік жалғау жалғап та қолданады. Бұндай реттерде зат атаулары өзінің тура
мәнінде емес, ауыспалы мәнде айтылады, көп ыңғайда жансыз зат жандыға
айналады. Көптік жалғау осындай мәнді туғызудың тәсілі болады. Мысалы: Күн
көзінің алтын кірпіктері аласа үйлерден асып, биік үйлердің терезелерін шам
жаққандай жарқырата бастады (Ғ. Мүсірепов). Жазушы кірпік сөзін көптік
жалғауынсыз да қолдана алар еді, бірақ онда заттық мән айқын болмас еді.
Көп бастар шұлғысып, көп сақалдар шошаңдасып қалды. Бұл жүрістің түбі бір
жан-жалға соғатынын сезінген қу тақымдар шыбындап игілік тобына өздері
қосылып, елден-елге шығарып салып қайтысты(Ғ. Мүсірепов).
Жинақтық мәнді зат есімдерге көптік жалғауларын қосып қолдану кеңсе
стилінде немесе ғылыми әдебиеттер стилінде кездесе бермейді. Мұндай сөз
қолданыстары, әрине, тек көркем әдебиет пен публицистикалық шығармалар
тіліне ғана тән.
Кейде көптік жалғау заттың көптігін білдіру үшін қолданылмай, оның көп
кісіге ортақтығын, теңдігін, қатыстылығын білдіруі үшін де айтылады. Ондай
зат атауы көбіне сөйлемнің толықтауышы, яғни істің объектісі қызметінде
тұрады. Мысалы: Сонан кейін шетінен ұрысыңдар, қожа-ларыңды сыйламайсыңдар
деп барлығына да жағалай ұрысып, аяңдап өзінің бөлмесіне қарай тартты
(Гоголь). Сөйлем құрамындағы ұрысыңдар, қожаларыңды сөздері көптік жалғаулы
болғанмен, мағынасы жағынан бірдей емес. Алдыңғы ұрысыңдар сөзі көп кісіні
білдіреді де, соңғы қожаларыңды сөзі қожаның көптігін білдірмей, оның
(қожаның) біреу болғанмен, көп кісіге ортақтығын, көп кісіге қатыстылығын
білдіреді. Сөз қолданыстың бұл түрі тек көптік жалғауларға ғана тән емес.
Тіліміздегі басқа да көптік тұлғаларға тән жәйт. Мысалы: «Былшық басқан
көзіміз, тарлан тартқан кезіміз» дегендей, бұлтағы көп бұлыңғыр заманыңды
шала алмай қаламыз… (Ғ. Мүсірепов). Бұл сөйлемдегі көзіміз, кезіміз
сөздері де сондай мәнде айтылған.
Егер сөйлем ішінде бірыңғайлас зат атаулары қатарынан, бірінен соң бірі
айтылатын болса, сөз жинақы, түсінікті болу, үшін көптік жалғауы олардың ең
соңғысына ғана жалғанады. Мысалы: Пұшарбаіі, Садырбай, Мұңсызбайлар боп
Майбасарға мықтап дүре соқты (М. Әуезов).
Алайда, аталған заттардың әрқайсысың мағыналық жағынан даралап,
әрқайсысының көптігін баса көрсету қажет болғанда, көптік жалғауы жеке-жеке
жалғанады. Мысалы: Жолдастар, жауынгерлер мен командирлер! (А. Бек.) Қазақ
сөйлемінде қалыптасқан норманың бірі – көптік жалғау бір-бірімен
синтаксистік қатынасқа түскен, бірі екіншісіне тікелей қатысты екі есім
создің сонғы айтылған қосарына жалғанады. Мысалы: Қазіргі жастар шетінен
білімді. Дегендей стиль айқындығы үшін, әрқайсысының жеке-жеке қатыстылығын
баса көрсету керек болғанда, жоғарғы сөйлем құрамындағы шетінен сөзіне
көптік жалғау жалғанады. Мысалы: Қазіргі жастар шеттерінен білімді. Соңғы
сөзге көптік жалғауының жалғануы сөзге логикалық екпін түсіріп, әрқайсысын
даралай айтуға мүмкіндік береді. Мына сөйлемдер құрамындағы көптік
жалғаумен келген сөздер де сондай мақсатпен қолданылған: Кенесарыға ерген
жұрттың Шу мен Сарысу бойында жатқан жылқыларын айдап бұрылды… Кейбір
үйлерде құрмет көрсетіп өзінен жоғары отырғызса, кейде сол жоғарыға өзі
отырып алып, кәрі биді төменірек сырытып жібереді (Ғ. Мүсірепов).
Кез, құлақ, аяқ бет, қабақ тәрізді зат атауларының көптік жалғауында
қолданылуы айрықша стильдік мән алады. Бұларды көптік жалғауынсыз қолдану –
қазақ тілінің замандар бойы қалыптасқан заңдылығы. Қазақ кұлақ дегенде бір
ғана құлакты емес, екеуін де, сондай-ақ көз дегенде көздің біреуін ғана
емес, екеуін де еске алады. Сол себептен көзі көк (адам), көзің көкшитіп
деп сөйлейді де, көздері көк адам, көздерін көкшитіп тәрізді сөз
қолданыстарын оғаш көреді. Алайда қазіргі әдеби тілімізде мұндай сөздерді
көптік жалғауында қолдану мағына айқындығы, ой саралығы үшін қажет тәсіл
есебінде қалыптасып бара жатыр. Мына сөйлемдер кұрамындағы көптік жалғаулы
сөздер сондаи процестің нәтижесі:
Рульді көптен бері ұстамағандықтан әбден тосырқап қалған қолдар оны
баппен ұстап олай-бұлай бұрай бастады. Мынау қолдар Сталинградта трактор
жасаған қолдар (К Мүсірепов). Ресми қағаздар тілінде де осы тәріздес сөз
қолданыстың жиі кездесуі сол мақсаттан туса керек.
Көптік жалғауының тағы да мынадай екі түрлі қызметін атаған жөн. Егер
көптік жалғауы сан есімдер мен үстеулерге (мезгіл үстеулеріне) жалғанса, ол
көптік мағына бермей, долбарлы, шамамен алғандағы мөлшерді, мерзімді
білдіреді. Мысалы: Әкелері Тұяқбай ерте өлген, шешелері Ұлберген шаруадан
қалмаған, жасы қырық бестердегі кісі (С Мұқанов). Мұрат ертеңдері келіп
қалар. Мұндай сөз қолданыс әрине, ресми қаулы-қарарлар, анықтамалармен
ақпарлар, куәліктер тіліне тән емес. Көптік жалғауларының бұл қызметі
көркем әдебиет тілінің ерекшелігі. Әдеби шығарма өмір құбылысының образды
көрінісі ғана. Сол себептен оған статистикалық мәліметтерді дәл де тура
келтіру қажет те болмайды.
Көптік жалғау жалғанған Оспандар, Омарлар, Мараттар сияқты жалқы
есімдер есім иесінің көптігін білдірмей сол және соның айналасындағылар,
қасындағылар дейтін ұғымды білдіреді. Мұндай сөз қолданыстың басты мақсаты
– оның жинақы болуын және аты аталған кісіні оның аиналасындағылардан,
қасындағылардан бөлектеп, даралап айту.
Сөз жүйесінде септік жалғаулары да айрықша көңіл аударуды қажет етеді.
Өйткені олар тек сөз бен сөзді байланыстырып қоймайды, жалғанған сөзіне
қосымша мән ле үстемелейді.
Айрықша көңіл аударатын септік жалғауларының бірі -ілік септігі. Оның
жалғаулары бірде айтылады да бірде аитылмай түсіп қалады. Бұл тек
грамматикалық құбылыс қана емес, сөз қолданыспен ұштасатын ерекшелік ілік
септігінің жалғаулары мынадай реттерде түсіріліп айтылуы мүмкін:
1) Ілік септіктегі сөз конкретті меншікті, тәнділікті білдірмей,
абстрактылы немесе коллективтік қатынасты білдірген жағдайда: колхоз малы,
тауар айналымы, сауда айналымы, мемлекет қаржысы, т. б. Бұл әсіресе жазба
тілде қалыптасып келе жатқан салт. Дегенмен, логикалық екпін түскенде
немесе тәуелдік жалғаулы сөздің білдіретін мағынасының нендей құбылысқа,
затқа, кісіге қатыстылығын білдіру ниеті көзделгенде, ілік жалғауы
түсірілмей аитылады. Мысалы: Дүние жүзінің халықтары бейбітшілік пен бағыт
жолындағы қозғалысты қолдан алады… (газеттен). Бұл сөйлемде дүние жүзінің
халықтары, яғни ілік жалғауымен келген. Бұл жердегі ілік жалғаулы
конструкция нақтылы мақсатпен айтылған.
2) Кейде жалпының жалкыға, бүтіннің бөлшекке қатысын білдіретін
реттерде де ілік жалғауы түсіріліп айтылуға бейім болады. Мысалы: гүл иісі
(гүлдің емес), тауық сорпасы қойеті деп қолдану әрі жинақы, әрі қалыптасып
қалған норма тәрізд. болып көрінеді. Жазба тілде солаи қолданылады да.
Дегенмен кейде ілік жалғауын түсірмеи қолдану да қажет болады. Мына
сойлемге назар аудараиық. Сондықтан маған тауыктың еті мен сорпасы жұғын да
болған жоқ (С. Мұқанов). Жігіттің түсін айтпа, ісін айт (мәтел) Онымен
бірге басқа иіс емес әдемі әтірдің иісі ере келгендей болды (газеттен). Осы
сөйлемдер құрамындағы ілік жалғаулы сөздердің жалғауын түсіріп аитса,
сөилем қиыспайды. Өйткені әңгіме жалпы сорпа мен ет жаиында емес, тауықтың
сорпасы мен еті жайында болып отыр.
3) Мән-мағынасы жағынан айкын анықтауды керек етпейтін жағдайда ілік
жалғаулы сөз бен көмекші есімдерден құралған тіркестердің құрамындағы ілік
жалғауы түсіріліп айтылады. Мысалы: бірде кітап стол үстінде жатыр бірде
кітап столдың үстінде жатыр деп аитуға әбден болады. Бірақ екі сойлемнің
айтылу мақсаты бірдеи емес. Алдыңғысында кітаптың бар екендігі ғана
хабарланып тұр, сондықтан стол сөзі жалғаусыз айтылған. Әдетте іс-қимылдың
болған, болатын, болып жатқан мекені айрықша аталып көрсетілуі керек
болғанда, мұндай тіркестердің құрамындағы ілік жалғауы түсірілмей
қолданылады.
4) Күрделі атаулардың құрамында ілік жалғауы бірнеше рет қайталануға
тиіс болса, солардың тек біреуі, кейде екеуі ғана түсірілмей толық айтылады
да, басқалары түсіріліп айтылады. Мысалы: Қазақ (тың) мемлекеттік С. М.
Киров (тың) атындағы университеті, Шымкент (тің) облысы (ның) Сарысу ауданы
(ның) «Победа» колхозының тұрғыны. Мұндай күрделі атаулар құрамындағы ілік
жалғауының түсіріліп айтылуы қазіргі тілімізде нормаға айналып кетті.
Бұлардың ізімен тіпті екі сөзден құралатын атаулар құрамындағы ілік жалғауы
да түсіріліп айтылады. Мысалы: балалар (дың) бақшасы, пәтер (дің) ақысы,
кафедра (ның) меңгерушісі т.б. Бұндай тіркестер ауызекі сөйлеу тілінде
ешбір жалғаусыз, қабыса байланысқан тіркес түрінде де айтылады: бала бақша,
пәтер ақы т. б.
Қазіргі жазба тілде ілік жалғаулы конструкцияғалық аффиксімен келген
тіркестер мәндес болып келеді: қоғамдық мал, ауылдық совет, мемлекеттік
орган, бесжылдық жоспар, т. б. казіргі тілімізде қалыптасып, тұрақталып
кеткен тіркестер абстрактілі тәндікті, қатынасты білдіретіні белгілі.
Мұндай сөз қолданыс – әдеби тілдің кейінгі дамуының жемісі. Жазба әдеби
тілдің жана қалыптасу дәуірінде бұл сияқты тіркестер ілік жалғаулы
конструкция түрінде айтылған. Бірақ казіргі әдеби тіл мұндай қалыптасқан
терминдік тіркестерді ілік жалғауымен қолданбайды.
Барыс жалғауы іс бағытталған, арналған жанама объект мәнінде, кейде
жатыс жалғауымен синонимдік қатар құрады, Мысалы: Терезе алдындағы алма
ағашы бөлмеге күн сәулесін түсірмейді. Терезе алдындағы алма ағашы бөлмеде
күн сәулесін түсірмейді (газеттен). Ол от-дәріні қай жерге сақтайды,
қайтеді -ол жағынан хабарсыз болады. Ол от-дәріні қай жерде сақтайды – ол
жағынан хабарсыз болады (Есенберлин). Осы сөйлемдер құрамындағы бөлме, жер
сөздері бірде барыс жалғаулы, бірде жатыс жалғаулы болып қолданылған. Барыс
тұлғасының жатыс тұлғалы сөзбен жарыса қолданылуы статикалық күйді, қалыпты
білдіретін етістіктермен тіркесіп келгенде де байқалады. Қазақ тілінде қону
(далада қону, далаға қону), қамау (үйге қамау, үйде қамау), бату (суға
бату, суда бату), отыру (орындыққа отыру, орындықта отыру), қалу (жұмыста
қалу, жұмысқа қалу) тәрізді етістіктер екі түрлі септік жалғауын қажет
етеді.
Қай тұлғада (барыс, не жатыс тұлғасы) қолданса да сөз мақсатымен,
контекс ерекшелігімен байланысты болады.
Барыс жалғауы (осы мәнде) кейде көмектес жалғауымен жарыспалы
қолданылуы да кездеседі. Мысалы: Төрт түлікке толды аймақ, осынау аулым
колхозда (Жамбыл). Осы сөйлемнің алдыңғы бөлігіндегі түлікке сөзін өзгертіп
көмектес септікте қолданып, төрт түлікпен толды аймақ осынау аулым колхозда
деп айтуға да болар еді. Бұдан грамматикалық тұрғыдан ешбір нұсқан келмес
еді. Бірақ бұл жерде мынадай бір ерекшелікті ескеру керек. Барыс жалғауда
қолданғанда сөз мағынасы үдемелі мәнде ұғыны-лады, яғни жоғарыдағы сөйлем
ыңғайында айтқанда «қазір көп болғанмен, әлі де көбейе береді» дейтін ұғым
туады. Өйткені барыс септік әдетте қозғалыспен, қимылмен байланыстың
қолданылуға бейім. Ал түлік сөзін көмектес септікте айтсақ, онда бүкіл
аймақ сонымен толы болды, ешбір бос жер қалмады дейтін ұғым туар еді. Іс-
қимылдың болатын мезгіл-уақытын, мезгіл мөлшерін білдіруде барыс септікке
жатыс септік синоним болады, Мысалы студенттердің ғылыми конференциясы
жылына бір рет өткізіледі. Студенттердің ғылыми конференциясы жылында бір
рет өткізіледі. Дегенмен бірде әдеби норма тұрғысынан, бірде мағыналық
мәнер тұрғысынан мұндай сөз қолданысты бірдей деп қарауға болмайды. Әдеби
тіл тұрғысынан жылына тұлғасы норма болып саналады да, жылында сөйлеу
тілінің элементі дәрежесінде қалады.
Сонымен қатар, сөйлем ішінде іргелес орналасқан сөздердің бәрі бірдей
жатыс жалғауында айтылуы әуезділік тұрғысынан да, айқындылық тұрғысынан да
пайдасыз болар еді. Мынадай бір мысал келтірейік: Айтқан уақытта дәл келу,
айтқан жерде дәл болу – біздер үшін қатаң заң. Осы мысалда қатар тұрған екі
сөздің де жатыс тұлғалы болуы ойландырарлық жай. Сірә, дұрысы алдыңғы сөзді
барыс тұлғасында қолданып, «Айтқан уакытқа дәл телу, айтқан жерде дәл болу
– біздер үшін қатал заң» деп айту орынды болмақ. Өйткені, сөйлемнің алдыңғы
бөлігіндегі келу етістігі қимылды білдіреді, олай болса, барыс септік
айтылу орынды, ал соңғы бөліктегі болу – статикалық қалыпты білдіреді,
сондықтан бағыңыңқы сөздің жатыс тұлғалы болуы дұрыс.
Қазақ тілінде бірде сөз табыс жалғауымен келеді де, бірде табыс септік
мәнді болса да, жалғаусыз айтыла береді. Мысалы: кітапты оқыды, кітап
оқыды. Бірақ барлық ыңғайда да табыс жалғауын қоспай айтуға бола бермейтіні
айқын. Мына реттерде жалғаусыз айтуға болмайды: а) Кісі аттары: Әйгерім
Абайды кінәламаса да, ақтамақшы емес (М. Әуезов). Жіктік және сілтеу
есімдіктер: Шеген біржола мені тартып әкетті (Ғ. Мүсірепов). ә) Сын есімдер
мен сан есімдер, есімше етістіктері … жалғасы

Ұқсас жұмыстар


Пәндер

Дереккөз: https://stud.kz