Монополияның ерекшеліктері | Скачать Курстық жұмыс

0

Жоспар
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … .
… … … … … … … … … … …3
І Тарау Экономикадағы монополияның тарихы мен теориясы
1.1. Монополия : экономиканың табиғаты, түрлері, сфералары … ..5
1.2. Монополияға қарсы заңдар, Қазақстан Республикасының
антимонополиялық
заңнама … … … … … … … … … … … … … … … … .
… 8
3. Монополистің өнім көлемін
белгілеуі … … … … … … .. … … … …14

ІІ Тарау Экономиканы монополиядан тазарту саясаты
2.1. Монополистік қызмет және бәсекені
қорғау … … … … … … … . …19
2. Нарықты монополиялаудың
белгілері … … … … … … .. … … … .21
3. Монополиялық бағаны қалыптастыру ережелері … … … … …22
Қорытынды мен
ұсыныстар … … … … … … .. … … … … … … … … … .
… .24
Қолданылған әдебиеттер
тізімі … … … … … … … . … … … … … … … … .26
Қосымша

Кіріспе
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғанан бері әлемдік нарыққа
шыға бастады. Енді еліміз дүниежүзіндегі алда тұрған елдермен бәсекеге
түсуге шамасы бар. Әрине бұл әлемде шешуші көптеген мәселелер бар.
Біреулері тез шешіп, мемлекеттің экономикасына әсерін тигізбейді, ал
басқалары әлі күнге дейін өз әсерін тигізуде. Сондықтан ол мәселелерді
шешуге мемлекетаралық іс шаралар жүргізілуде.
Сондай мәселелердің бірі – монополия. Монополияға қарсы органдардың
жұмысы күннен-күнге қарқындай бастады. өйткені монополия күні өсуде және
антимонополиялық саясат өзектілігі болып табылады. Оның өзектілігі
монополияға қарсы саясаттың айқындылығында көрінеді.
Бұл курстық жұмыстың өзектілігін антимонополиялық саясаттың керек
екендігін көрсетеді.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты ретінде жалпы әлемдік, оның ішінде
Қазақстанның монополияға қарсы саясатын зерттеп, антимонополиялық даму
деңгейін көрсету. Экономиканың монополиядан тазарту заңдарын айқындау.
Курстық жұмыстың міндетіне келсек, монополияның неден туындағанын,
бәсеке мен монополия теорияларын көрсетіп, экономиканы монополиядан тазарту
деңгейін көрсету. Антимонополиялық заңнамалар мен Қазақстан
Республикасындағы монополияа қарсы саясатын зерттеп монополистік форма
құру. Құрайтын жұмыстың объектісіретінде оны жалпы әлемдік экономика кейін
Қазақстан Республикасының саясатын көрсету. Негізгі Қазақстан
Республикасының заңнарына негізделіп, оның ішінде адамзаттың неден және
Парламент жарлығы заңдарына байланысты негізделген. Объектісі — монополия.
Монополия және оған қарсы күрестің жолдарын зерттеуді сонау
жылдардағы АҚШ экономистері қолға алған. Кейін Қазақстандық ғалымдар
Аубакиров , Шеденов, Аханов, Жанғазы, Тілекқабыл зерттеген.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден басталады, одан кейін негізгі
бөлім келеді. Негізгі бөлім екі бөлімнен тұрады, әр бөлім тағы екі бөлімнен
тұрады. Бірінші бөлім экономиканың монополияның тарихы мен теориясын
сипаттайды және бәсеке және оның түрлері, монополия түрлері формалары.
Екінші бөлім біздің еліміздің монополиялық саясатын зерттеп көрсету.
Негізгі бөлімнен кейін қорытынды , кейін қолданылған әдебиеттер тізімі
көрсетілген.

І Тарау Экономикадағы монополияның тарихы мен теориясы

1.1. Монополия: экономиканың табиғаты, түрлері, сфералары

Нарық құрылымының ерекшеліктерін сипаттайтын ең басты көрсеткіштердің
бірі, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны боп табылады.
Жетілген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте
көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке тұрде тауардың нарықтық
бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарыктағы сұраныс пен ұсыныс
арасындағы байланыс арқылы аныкталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен
сатушылар жетілген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және
өздерінің бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнім ендірушілердің басты мақсаты
пайданы ен, жоғары деңгейге жеткізу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнім
көлемін аньгқтауға ынталанады.
Бәсекелесу деген сөздің өзі экономикалык пайданы бөлу және тұтынушының
таңдауының бар екендігін көрсетеді. Дәл осы себептен де өндірушілер
тұтынушының сұранысын арттыру үшін әрекеттер жасайды. Ал монополия
жағдайында тұтынушынын алдында бір ғана ірі өндіруші тұрады. Тұтынушы
қаласа да, кдламаса да монополистің өнімін пайдаланып, оның тағайындаған
бағасын қабылдауға мәжбұр болады. Монополистің үлкен билікке ие болуына
оның тауарының ерекшеленуімен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да
әсерін тигізеді. Бұл 1 — суретте бейнеленген.
Берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы
тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мүндай нарық, —
монополия, ал фирма — монополист деп аталады. Монополист берілген тауарды
өндіретін жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бір мезгілде
нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының
бағасын анықтайды. Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың
бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейді және де
бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде үсынады. Егер сатушы өз
тауарының шығару көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін тигізе алса,
онда ол монополиялық билікке ие болады деп айта аламыз.
Егер нарықта жеке өндірушінің монополиялык билігі орнықса, онда қоғам
жалпы белгілі шығындарға ұшырайды, себебі тұтынушылар тауарды тұтынудың
көлемін азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейді. Сондықтан да дүние
жүзінің көптеген елдерінде нарықты монополиялауды шектейтін монополияға
қарсы заңдар қабылданып, іске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан әлемнің
барлық елдерінде өндіруші-монополистер бар. Экономикалық тұрғыдан қарағанда
тиімді болады деп есептелетін кейбір нарықтарды монополиялауға да
мүмкіндіктер туғызылады. Оларды монополиялық нарыққа енудің тосқауылы деп
атайды. Және де олар кез келген жаңа ендірушінің нарыққа кіруіне мүмкіндік
бермейді.
Бұл шектеулер төмендегідей:
1) ірі өндірістің басымдылығы;
2) легальды тосқауылдар (шикізат қорын, жерді ғылым мен техниканың
жетістіктерін монополиялык тұрде иелену, тауарды жеке өндіру үшін өкіметтен
алынған ерекше ерекше құқықтар);
3) бәсекелесуді әділетсіз жүргізу.
Ірі өндірушілердің ұсақ өндірушілермен салыстырғанда өте көп
артықшылықтары бар. Мысалы, ұсақ бәсекелестердің шикізат көзіне, несиеге,
нарықтық ортаға шығуына ірі өндірушілер тосқауыл қоя алады.
Монополиялық өндірісте ірі фирмалардың жұмыс істеуі тиімді, себебі ірі
өндірістің шығындары ұсақ өндірістің шығындарынан гөрі төмен болатыны
практика жүзінде дәлелденген. Мысал ретінде табиғи монополияны айтуға
болады.
Монополияны тек қана экономикалық шектеулер емес, сонымен қатар
құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердін, көп тараған тұрі —
жеке меншік құқығы. Егер бір фирманың меншігінде өте сирек кездесетін
шикізат болса, онда бұл фирма монополист болады. Легальды тосқауылдарға
патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса,
онда ол өзіне берілетін ерекше жеңілдіктерге ие бола алмайды. Легальды
тосқауылдың негізгі мәнін былай түсінуге болады: патентің болса құқығың
бар, ал патент жоқ болса — құқығың да жоқ. Бұл жағдайдың біздің
мемлекетіміз үшін маңызы зор, өйткені Кеңес үкіметі кезіндегі ойлап тапқан
жаңалықтардың кәбінің мемлекетаралық патенті жоқ болды, сондықтан да бұл
жаңалықтарды шет елдің адамдары тегін пайдалануда.
Легальды тосқауылдың тағы бір тұрі жеке өндірушіге мемлекет тарапынан
белгілі бір тауарды өндіруге ерекше тұрде (монополиялық) құқык, беру.
Бұндай жағдайда елдің ұлттық қауіпсіздігі көзделеді. Көп жағдайда арақ-
шарап өнімдері, қару-жарақ шығару, дәрі-дәрмек шығаруда қолданылатын
есірткілік заттар бір мемлекеттік фирмада өндіріледі.
Бәсекені әділетсіз тұрде жүргізудің негізгі тұрі — демпинг —
бәсекелесін ығыстыру мақсатында өнімді өзіндік құнынан төмен бағамен сату.
Ірі фирмалар олар мүмкіндігі мол монополистер. Олардың қаржы мүмкіндіктері
де жоғары. Сондықтан да тауарларды өздеріне тиімсіз бағамен ұзақ уақыт сату
арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады. Ұсақ фирма шыдамай нарықтан
кеткен соң, ірі фирма бағаны көтере отырып, өз шығынын қайтарып алады.
Өкімет тарапынан бәсекені әділетсіз жүргізу қадағаланады.
Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне байланысты монополияның
темендегідей тұрлері болады:
1) Жабық мопополия. Ол бәсекелестіктен заңды шектеулер көмегімен
қорғалған.
2) Табиги монополия. Белгілі бір көлемдегі өнімді бір фирмада өндіру,
оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргеннен арзаңға түсетін өндіріс
саласы.
3) Ашық монополия. Берілген тауарды өндіретін тек қана бір фирма болып
және оның бәсекелестіктен ешқандай арнайы қорғанышы жоқ болатын жағдай.
1.2. Монополияға қарсы заңдар, Қазақстан Республикасының
антимонополиялық заңнама

Монополияға қарсы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына
негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің, осы Занның
нормаларынан және монополистік қызметті, жосықсыз бәсекені болғызбау,
шектеу мен тыю және табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеу
жөніндегі ережелері бар Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік
құқықтық актілерінен тұрады.
2) Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы зандағыдан
өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
4-бап. Негізгі ұғымдар:
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдалынады:
1) Бірін-бірі алмастыратын тауар — функционалдық қызметі, сапалық және
техникалық сипаттамалары және басқа да өлшемдері бойынша салыстыруға
болатын, сол себептен сатып алушы оларды тұтыну процесінде шынында да бір-
бірімен ауыстыратынын немесе ауыстыруға даяр тауарлар тобы.
2) Белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайда ие рынок
субъектілерінің мемлекеттік тізілімі — бәсекелестік саласында кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыратын, тиісті тауар рыногындағы үлесі монополияға қарсы
орган жыл сайын белгілейті шекті шамадан асатын рынок субъектілерінің
атаулы тізбесі.
3) Бағаларды мемлекеттік реттеу — тиісті тауар рыногында үстем
(монополиялық) жағдайда ие рынок субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына,
көрсететін қызметтеріне) бағаларды монополияға қарсы органның шешімі
бойынша жүзеге асыралытын реттеу.
4) Бәсеке — рынок субъектілерінің өз бетімен жасаған іс-әрекеттері тиісті
тауар рыногындағы тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) айналысының
жалпы жағдайы олардың әрқайсысың біржақты Ықпал ету мүмкіндігін тиімді
шектейтін және тұтынушыларға қажетті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін
қызметтер) өндіруді ынталандыратын жарыстастығы.
5) Монополистік қызмет — рынок субъектілерінің, мемлекеттік органдардың
бәсекеге жол бермеуге, оны шектуге немесе жоюға бағытталған және (немесе)
тұтынушылардың заңды мүдделеріне қысым жасайтын, осы Заңға қайшы келетін іс
— әрекеттері (әрекетсіздігі).
6) Монополиялық қымбат баға-тиісті тауар рыногында үстем (монополиялық)
жағдайға ие рынок субъэектісі негізделмеген шығындарды өтеу және (немесе)
үстем (монополиялық) жағдайын қиянат жасап пайдалану нәтижесінде қосымша
табыс алу мақсатында белгілейтін баға.
7) Монополиялық арзан баға — тиісті тауар рыногында үстем (монополиялық)
жағдайға ие рынок субъектісі тауар рыногынан бәсекелестерді ығыстыру арқылы
бәсекені шектеу мақсатымен саналы түрде белгілейтін тауар бағасы.
8) Монополиялық табыс — рынок субъектісінің монополистік қызметті жүзеге
асыру нәтижесінде алған табысы.
9) Рынок субъектісінің тиісті тауар рыногындағы үлесінің шекті шамасы —
үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерінің мемлекеттік
тізілімге енгізу үшін негіз болып табылатын көрсеткіш.
10) Сөз байласу — рынок субъектілері арасындағы тауарларға (жұмыстарға,
қызметтер көрсетуге) бірыңғай бағай белгілеуге не тауар рыногын бөлуге
бағытталып, бұл тауар рыногында келеңсіз салдарға апарып соқтырған және
(немесе) апарып соқтыруы мүмкін келісілген іс-әрекеттер.
11) Рынок субъектілері — тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді)
өндіруді, өткізу, иелену жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар,
заңды тұлғалар және олардың филиалдары мен өкілдіктері.
12) Тауар (жұмыстар, қызметтер көрсету) — қызметтің сатуға немесе
айырбастауға арналған өнімі (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді қоса алғанда).
13) Тауар рыногы — алмастырушылары жоқ немесе бірін-бірі алмастыратын
тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудің) сатып алушының тауарды
(жұмысты, қызмет көрсетуді) иеленуге экономикалық, аумақтық және
технологиялық мүмкіндігі негізге ала отырып айқындалатын айналыс аясы.
5-бап Монополияға қарсы орган:
1. Тауар рыноктары мен бәсекені дамыту, монополистік қызметті болғызбау,
шектеу мен тыю, бәсекені және тұтынушылар құқықтарын қорғау, монополияға
қарсы заңдардың сақталуын бақылау, бағаларды реттеу, сондай-ақ мемлекеттік
басқа да органдардың осы саладағы қызметін үйлестіру жөніндегі мемлекеттік
саясатты жүргізуді бәсекені қорғау және монополистік қызметті шектеу
жөніндегі ууәкілетті орган – Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
органы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы монополияға қарсы органының негізгі міндеттері,
атқаратын қызметі, өкілеттіктері және жауапкершілігі осы Заңда және
Қазақстан Республикасының басқа да заң актілеріне айқындалады.
Монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы орган мен оған
бағынысты аумақтық бөлімшелер (бұдан әрі – монополияға қарсы орган)
монополияға қарсы органның бірыңғай жүйесін құрайды. Аумақтық бөлімшелер өз
қызметін монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы орган
белгіленген құзірет шегінде жүзеге асырады.
2. Монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы орган туралы
ережені және оның құзіретін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6-бап Монополияға қарсы органның міндеттері :
Монополияға қарсы органның міндеттері мыналар:
1) кәсіпкерлікті қолдау, тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) рыногында
бәсекені дамыту.
2) монополияға қызметті, тауар рыногындағы үстем (монополиялық) жағдайын
қиянат жасап пайдалануды болғызбау, шектеу мен тыю, жосықсыз бәсекені тыю
жөнінде шаралар қабылдау.
3) табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеу.
4) мемлекеттік органдардың қызметтер көрсету тәртібін реттеу мен бақылау.
5) монополияға қарсы заңдар мен баға белгілеу тәртібінің сақталуын
бақылау.
6) рынок субъектілерінің тауар рыноктарындағы үстем (монополиялық)
жағдайын бақылау.
7) мемлекеттік органдардың тұтынушылардың мүдделерін қорғау жөнінідегі
қызметін үйлестіру.
7-бап Монополияға қарсы органның атқаратын жұмыстары:
Монополияға қарсы орган өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес өз құзіреті
шегінде мынадай жұмыстарды орындайды:
1) тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие, бәсекені шектейтін
және монополистік қызметті жүзеге асыратын рынок субъектілерін анықтау
мақсатында талдау жүргізеді
2) тауар рыногының жұмыс істеуі, бәсекені дамытуға, баға белгілеу және
тұтынушылардың мүдделері қорғау мәселелеріне қатысы бар заңдар мен өзге
нормативтік құқықтық актілер жобаларына сараптама жасайды.

3) Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының
Парламенті мен Үкіметіне тауар рыногының, ондағы бәсекенің жан-күйі туралы
баяндамалар, монополияға қарсы заңдарды және оларды қолдану практикасын
жетілдіру туралы ұсыныстар жібереді.
4) өз құзіреті шегінде монополияға қарсы заңдарды бұзушылық туралы істерді
қарап, олар бойынша шешім қабылдайды.
5) рынок субъектілерінің монополияға қарсы заңдарды сақтауын мемлекеттік
бақылауды жүзеге асырады.
6) рынок субъектілерінің орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық
актілерді әзірлеп бекітеді.
8-бап Монополияға қарсы органның қызметі:
1) Монополияға қарсы орган бәсекені сақтап тұру және дамыту мақсатында:
1) тауар рыногының жай-күйін, ондағы бәсеке деңгейін зерттейді және осы
негіде кәсіпкерлікті қолдау жөнінде, монополистік қызметті болғызбау,
шектеу, тыю және реттеу жөнінде шаралар әзірлейді.

2) мемлекеттік органдарға тауар рыногын және ондағы бәсекені дамытуға
бағытталған шаралар өткізу жөнінде ұсыныстар береді.
3) қосарлас құрылымдар құру, сондай-ақ тауар рыногында үстем
(монополиялық) жағдайға ие заңды тұлғаларды (олардың филиалдары мен
өкілдіктерін) бөлу жөнінде шаралар әзірлейді.
2) Тиісті мемлекеттік органдарға қаралуы міндетті мынадай:
1) жеткілікті бәсеке жоқ, сондай-ақ басым дамытуды талап ететін салаларда
баға саясатын жетілдіру туралы, соның ішінде монополиялық қымбат бағаларды
болғызбау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
тәртіппен тауарларға (жұмыстарға, қызметтер көрсетуге) тіркелген
мемлекеттік бағалар (тарифтер) белгілеу туралы.
2) инвесторлар тарту және бірлескен кәсіпорындар ашу туралы туралы,
міндетті лицензиялауды енгізу, рынок субъектілері монополияға қарсы
заңдарды бұзған жағдайда, олардың экспорт-импорт операцияларына тыйым салу
не мұндай операциларды тоқтата тұру туралы ұсыныстарды қоса алғанда,
экспорт-импорт операцияларын лицензиялау тәртібін өзгерту және кеден
баждарын жетілдіру туралы ұсыныстар енгізеді.
9-бап Монополияға қарсы органның өкілеттілігі:
Монополияға қарсы орган өз өкілеттілігі шегінде осы Заңда сәйкес:
1) мемлекеттік органдар мен рынок субъектілері орындауға міндетті
монополияға қарсы заңдар мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілер
әзірлеп, бекітуге.
2) рынок субъектілерінде үстем (монополиялық) жағдайдың бар-жоғын
анықтауға.
3) егер тиісті рыногында үлесі 35% асатын рынок субъектілерінің пайда
болуына жеткізетін болса, сондай-ақ тиісті тауар рыногында үстем
(монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерін қайта ұйымдастыруға,
таратуға әкеп соғатын болса, рынок субъектілерін құруға қорытынды беруге.
4) монополияға қарсы заңдарды мемлекеттік органдардың, рынок
субъектілерінің сақталу мәселелері бойынша тексеру жүргізуге.
5) мемлекеттік органдарға, олардың лауазымды адамдарына, тиісті тауар
рыногында үлесі 35% састын не тиісті тауар рыногында үстем (монополиялық)
жағдайға ие рынок субъектілеріне, олардың басшыларына орындау үшін
міндетті, нұсқамалар беруге.
6) бәсекені дамытуға, монополияға қарсы органның нұсқамаларын орындауға
кедергі келтіретін және осы Заңда және басқа да заң актілеріне көзделген
өзге де тәртіп бұзушылықтар үшін рынок субъектілері мен олардың
басшыларына, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына айыппұл
салу туралы шешімдер қабылдау.
7) монополияға қарсы заңдарды, … жалғасы