Міржақып Дулатов өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Міржақып Дулатовтың өмірі мен қоғамдық қызметін таныстыру, ақынның азаматтық жырларына тоқталу, өлеңдеріндегі азаттық идеясын тану, жаңа сөздермен таныстыру. Тұңғыш «Бақытсыз Жамал» романына тоқталу. Шығарманың жанрлық ерекшелігі, тақырыбы мен идеясын, тарихи құндылығын бағалау;
Дамытушылық: Сабаққа ынта қойып тыңдау, ойға түю, есте сақтау машықтарын қалыптастыру, оқушыларды өз беттерінше әрекеттендіру арқылы ойлауы мен баяндауына, ойларын толық, тиянақты жеткізуін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың туған еліне, халқына, Отанына деген сүйіспеншілігін ояту, ағалары сияқты еліне, жұртына адал еңбек жасауға баулу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы, 5 сұрақ, СТО, ой қозғау, жатқа оқу, кластер, РАФТ, галереяға саяхат
Пәнаралық байланыс: Тарих, психология, қазақ тілі
Сабаққа қажетті материалдар: Мультимедиалық проектор, кітаптар, таратпа материалдары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
— Сәлемдесу, журнал бойынша тексеру;
— Сабаққа даярлықтарын тексеру;
— Дәрісхананы дайындау;
— оқушыларды 3 топқа біріктіру
ІІ. Өткен сабақты қайталау 10 минут
«Хронологиялық кесте» толтыру
Жыл Оқиға
1872 5 қыркүйекте Қостанай облысының Торғай өңірі Сарытүбек ауылында туған.
1882 — 1884 ауыл мектебінде оқыды.
1890 Торғайдағы екі кластық, орыс — қазақ училищесін бітірген.
1895 Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.
1895 — 1909 Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы мұғалімдік қызмет атқарады.
1909 патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылады
1910 жер аударылды.
1912 Оқу құралы. Қазақша әліппесі Орынборда жарық көреді.
1913 Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды.
1918 — 1919 Алаш Орда қатарында болады.
1922 — 1925 Халық ағарту комиссары, Түркістан Компартиясы «Ақ жол» газетінде қызметкер.
1925 — 1929 Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ — де оқытушы болды.
1929 маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылады
1934 Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде Алматыға қайта оралған.
1937 тамыз айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, алты айдан соң, «халық жауы» есебінде атылған.
«Топтастыру» әдісі
«Қырық мысал» «Маса» «Әдебиет танытқыш»
Егіннің бастары Қазақ қалпы
Досыма хат
Жұбату Ауыз әдебиеті
Аққу, шортан һәм шаян Қазақ салты Термин сөздер баламасы
Өгіз бен бақа Жиған — терген
Жауға түскен жан сөзі Көркемдегіш құралдар
Екі шыбын Анама хат Өлең теориясы
Арыстан мен қойлар Тілек батам
Еменнің түбіндегі шошқа Жұртыма
Қара бұлт Адамдықтың диқаншысы
ІІІ. Жаңа сабақ
«Ой қозғау»
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал харам боп,
Қазағым, енді жату жарамас — ты.
Білу, түсіну деңгейі
«5 сұрақ» әдісі
Әр топқа мәтін беріледі. Окып танысуға 5 минут уақыт беріледі, оқып отырып мәтін бойынша топ 5 сұрақ дайындау керек. Дайындаған сұрақтарын келесі топқа қояды. Сұрақ қайталанса айту керек емес.
Қолдану деңгейі
3 топқа үш өлеңін бөліп беру
І топ – «Шәкірт» өлеңіндегі шәкірт не не істейді, қандай екеніне топтастыру құру
Ғылым табу, еңбек қылу, ой жетелеу, кітап оқу, сырын ашу, қиялдау, қиыншылыққа мойымау, қарны ашса да, киімі түгел болмаса да, қыста оқып, жазда жұмыс жасап,
мақсатқа жету, атағын шашу, жан қию, адамдық борыш
ІІ топ – «Таза бұлақ» өлеңінен кейіпкерлердің сөзін мәтінді пайдаланып рөлге бөліп оқу
ІІІ топ – «Жастарға» өлеңін жатқа оқу. Өлеңді топ ішінде оқушылар бөліп алып жатқа айтады.
IV. Сабақты бекіту
Талдау деңгейі
Тірек сөздермен жұмыс
Берілген тірек сөздердің анықтамасын табу не мағынасын ашу, латын ғаріпінде жазу. Әр топқа бөлек беріледі
І топ
Ағартушы — aǵartýshy — Ізгілік, әділеттілік идеялары мен ғылыми таным — білім негіздерін тарату жолдары арқылы қоғам кемшіліктерін түзетуге, оның талғам — талаптарын, саясатын, тұрмысын өзгертуге күш салушы жан.
Көсемсөз, публицистика — Kósemsóz pýblıtsıstıka — Әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, өткір мәселелерді қозғайтын саласы.
Петиция – petıtsııa — Билік орындары мен өкілдеріне қаратыла жолданған ұжымдық өтініш немесе үндеу.
Бүркеншік ат, лақап ат, псевдоним — Búrkenshik at, laqap at, psevdonım — Автордың өзінің шын есімін ауыстырып қолданатын ойдан шығарылған есімі.
Эпиграф — Epıgraf — Әдебиетте жеке шығармалар алдынан келтірілген үзінді, өнеге сөздер, не өлең жолдары.
Һараб, һарап болу — harab, harap bolý — Бұзылу, қирау, жойылу, жоқ болу, апатқа ұшырау.
ІІ топ
Романс – romans — Белгілі бір музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен жеке дауыста орындалатын шығарма.
Заһар - Zahar — Қаһар, айбат, айбар, айбын.
Қисап – Qısap — Есеп.
Шаһбаз – Shahbaz — Кеңпейіл, ер жүрек, сабаз.
Һәр — hár — Әр.
Һәм – hám — және
ІІІ топ
Ерулік — Erýlik — жаңа көшіп келген үйді қонаққа шақыру.
Лау байлату — Laý baılatý — ат дайындау.
Әмеңгер — Ámeńger — «аға өлсе, іні мұра».
Күндестік — Kúndestik — бәйбіше мен тоқалдардың бірін — бірі көре алмауы.
Ұрын келу — Uryn kelý — күйеудің тойдың алдында қалындыққа келуі.
Сүйек сындыру — Súıek syndyrý — ата — анасын ұятқа қалдыру.
Жинақтау деңгейі
«Бақытсыз Жамал романы туралы бейнежазба көрсетіледі
«Галереяға саяхат» әдісі
I топ
Роман сюжеттері бойынша суреттер ілінеді. Суреттерді оқиға желісіне сай орналастыру керек
II топ
Композициялық құрылымына сай жоспарлау
1 — оқиғаның басталуы;
2 — оқиғаның дамуы;
3 — оқиғаның шиеленісуі;
4 — оқиғаның шарықтау шегі;
5 — оқиғаның шешімі;
Ел жағдайы, заман көрінісі.
Сәрсенбайдың бір перзентке зар болып, Жарасбай молданың қызы Шолпанды айттыруы.
Жамалдың дүниеге келуі, ерке өсуі, оқуы.
Сәрсенбайдың елдің сөзіне еріп, билікке таласқа түсуі.
Билік үшін Байжанмен құдаласуы.
Жамалдың Байжанның баласы Жұманды ұнатпауы, қайғыруы.
Жамал мен Ғалидың бірін — бірі сүюі, көңіл қосуы.
Ғалидың Жамалды алып қашуы.
Ғалидың кенеттен ауырып, қайтыс болуы.
Жамалдың еріксіз Жұманға тиюі, бақытсыз өмірі.
Жамалдың Жұманның қорлығына шыдамай, қалаға қашпақ болып, боранды түнде үсіп өлуі.
III топ
Сатылай кешенді талдау
I Авторы: Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысының Жангелдин ауданындағы Қызбел атырабында дүниеге келген. Қазақтың тұңғыш романының авторы.
II Шығарманың тақырыбы: Шығармаға арқау болған оқиғалар ХХ ғасырдың басындағы қазақ өлкесінде жиі кездесетін жас қыздардың қалың малға сатылып, сүймеген адамдарына ұзатылуы, олардың теңдік үшін күрес мәселелері суреттеледі. 1910 жылы «Бақытсыз Жамал» романы Қазанда басылып шықты
III Әдеби жанр түрі: Эпос — өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінездерін мүмкіндігінше терең ашып, жан — жақты танытатын күрделі жанр. Проза.
IV Эпикалық жанр түрі: Кең көлемді поэма. Өйткені өмірде болған құбылысты, алуан — алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді суреттеп берген. Қазақтың тұңғыш романы. Бұл роман туралы алғашқы пікір айтқан Ахмет Байтұрсынов: «Қазақты бұрын роман жоқ еді. Біздің арамызды қазақша бірінші роман жазған Міржақып Дулатов болды» — деп жазады.
V Шығарманың идеясы: Сол кездегі шындық өмірді көрсету, сол шындық арқылы оқырманына ой салу. Қазақ қыздарының тағдырын көрсету.
Бағалау деңгейі
«РАФТ» әдісі
Романдағы кейіпкерлерге талдау
1 топ. Рөл — Ғали, Аудитория — Сәрсенбайға, Форма – хат, Тақырып — әлеуметтік теңсіздік
2 — топ. Рөл — Жамал, Аудитория — Ғалиға, Форма – хат, Тақырып — махаббат
3 — топ. Рөл — Сәрсенбай, Аудитория — Жамалға, Форма – хат, Тақырып — салт — дәстүр
Жамал — ақылды, көрікті, зерек, ақынжанды қыз, ескіше хат таниды. Оның Ғалимен қашып кетуі, Жұманның қорлығына шыдамай қалаға кетуге әрекет жасауы – оның ерекше мінез — құлқын білдіреді.
Ғали — орта бойлы, мінезі сыпайы, әдепті, талапты, уәдесіне берік, білімді жігіт. Саудамен айналысады, Жамалдың теңі, екеуі бірін – бірі ұнатып, бірін — бірі сүйген соң Жамалды алып қашады. Кенеттен ауырып қайтыс болады.
Сәрсенбай — Жамалдың әкесі, момын, мал баққан малды адам, «өз басында еркі жоқ, әркімнің қыздырма тіліне ерген адам».
Жұман — ақылсыз, шаруаға қыры жоқ, ынжықтығынан құрбы арасында күлкі болған, мейірімсіз, қайырымсыз, жалған намысқой бай баласы.
Байжан — өте күрделі образ, қайырымсыз, кекшіл, намысқой, ескі салттың қорғаушысы, барымташы, жалған жалақор, пәлеқор адам.
V. Сабақты қорытындылау
«Оян, қазақтың!» басында Міржақып өзінің неге қалам ұстағанын айта келе: «Бір кеңес түсті қиял бастарыма: Дəптер қып, ғибрат үшін тастарыма. Хусусан арнап жаздым, халық үшін, ХХ ғасырдың жастарына»,– дейді. Осы өлеңнің өзі — ақ Міржақып сөзін XX ғасырдың жастарына арнайтындығын айқын көрсетеді. Бүгін міне тап бір ғасыр арада уақыт өткенімен әлі де қазақ халқына аталарымыз аңсаған мәңгілік ел болу идеясы маңызын арттырып тұр. Әлі де қалың ұйқыдан оянып көп еңбек етуіміз керек, бүгіннің жастары енді сіздер мен біздер деп ұққанымыз дұрыс болар. Елбасының бастауымен биылғы жыл – «Жастар жылы» болып жастарға жұмыс жасап, елге қызмет көрсетіп, дамуларына барлық мұмкіндіктер жасалып жатыр.
Етемін үміт жастардан,
Жаңа гүл шашқан бақшадай.
Мұрадын оңай кім табар,
Жар салып жұртқа қақсамай?
Халыққа, жастар, басшы бол!
Қараңғыда жетектеп.
Терең судан өтер ме,
Мың қойды серке бастамай?
«ҚҚҚ кестесі»
Қызық Құнды Қиын
VI. Оқушыларды бағалау
Әр тапсырмадан кейін кері байланыс беріп отыру;
Топтарды жеке бағалау;
Оқушыларды сабақ кезеңдеріне қатысып отырғандарына қарай бағалау парақшасы арқылы бағалау;
Қорытынды бағаларымен таныстыру, түсініктеме беру;
VII. Үйге тапсырма беру
1. М. Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы мен тарихи деректермен толықтыру;
2. «Шәкірт», «Таза бұлақ» өлеңдерін жаттау;
3. «Бақытсыз Жамал» романын оқу