Минералдық шикізат қорын экономикалық бағалау

0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
» Экология және география » кафедрасы

РЕФЕРАТ
Пәні: Табиғатты пайалану экономикасы
Тақырыбы : Минералдық шикізат қорын экономикалық бағалау

Орындаған: 5В060800 — Экология мамандығының 3 — курс бакалаврлары Тоқтасын Е, Қожа Ж, Акремханова Л, Рамазанов Д Тексерген: Құмарбекұлы С

Өскемен, 2018 ж

Жоспар:
Кіріспе
I. Негізгі бөлім
1. Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау
2. Жер қорын тиімді пайдалану
3. Су қорын тиімді пайдалану
II. Табиғатты пайдалану төлемдері
III. Минералды ресурс қорын пайдалану төлемдері
IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер
I.
Кіріспе

Минералды шикізат — Жер қыртысында біркелкісіз орналасқан пайдалы қазбалар. Көбінесе минералды шикізаттарды минералдардан, табиғи бейорганикалық заттардан құралған кен ретінде қарастырады. Бірақ кейбір пайдалы қазбалардың аса маңызды түрлері, оның ішінде энергетикалық шикізаттар, органикалық заттардан құралады. Оларды минералды шикізаттар қатарына шартты түрде кіргізеді. Қазақстандағы минералды шикізаттар:

ҚР-да алынады және өндіріледі
Алынады, бірақ өндірілмейді
Шет елдердің шикізатынан өндіріледі
Алынбайды да, өндірілмейді де
Темір, марганец, хром, мыс, қорғасын, цинк, алюминий, сынап, тантал, висмут, галлий, күміс, фосфор, бор, барит, мұнай, газ, көмір
Никель, кобальт, қалайы, вольфрам, молибден, германий, цезий
Титан, бериллий, ванадий, церий, лантан, иттрий, самарий
Цирконий, ниобий, платина, алмаз, балқымалы шпат, гелий
Фосфор. Фосфордың 3 түрлі аллотропиялық модификациясын айырады: ақ (сары) кристалды, қызыл және қара.
ҚР-ғы фосфор өндірісінің негізгі минералды шикізат қоры Қаратау бассейнінде орналасқан. Бұл жерде 45 кен орындары табылған, ның ішінде 11 кен орны аса маңызды болып саналады: Жаңатас, Шолақтау, Ақсай, Көксу, Көкжол, Герес және т.б., олардың қоры Қазақстан Республикасындағы барлық қорынан 82,5 % құрайды.
Фосфор қышқылы — түрлі тыңайтқыштардың, жем фосфориттердің және басқа өнімдер өндірісінің негізі. Олар екі түрлі әдісімен алынады: экстракциялық және термиялық.
Қызыл фосфор сіріңке өндірісінде, пиротехникада және фосфор кышкылын алуға пайдаланылады. Фосфор ауыл- шаруашылык зиянкестерімен күресу үшін кажет улы химикаттар алу үшін қолданылады.Фосфордың ақ және қызыл түрөзгерісі бар. Ақ фосфор химиялық белсенді болып келеді. Сондықтан ақ фосфорды қараңғыда су астында сақтайды. Ақ фосфорды ауасыз ортада қыздырса, қызыл фосфор алынады. Қызыл фосфор сіріңке өндіруде, пиротехникада қолданылады. Фосфор жай және күрделі заттармен өрекеттеседі. Қазақстанда фосфор шикізатының қоры Жамбыл (Қаратау) және Ақтөбе (Шилісай) облыстарында бар.Фосфор сіріңке және улы химикаттар өндірісінде пайдаланылады.Ақ, қызыл фосфор Н3РО4 алуда, жанғыш қоспалар дайындау үшін қолданылады.P+5HNО3конц = Н3РО4+5NО2↑ +Н2О

Негізгі бөлім

Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау.

Жер қойнауынан алынатын пайдалы қазба байлықтарды үш топқа бөледі:

:: жанатын отын-энергия қоры — көмір, мұнай, газ, жанғыш тақта тас, шымтезек;

:: рудалы, пайдалы қазбалар — қара және түсті металдар, қымбат бағалы, сирек кездесетін, т.б. металдар кендері;

:: бейруда пайдалы қазбалар — химия шикізат (минералдық тұздар, гипс, күкірт, апатит, фосфорит, т.б.), отқа төзімді матеиалдар, құрылыс материалдар шикізаты, әсемдік тастар, т.б.

Жер қойнауын қорғау, минералдық шикізатты тиімді пайдалану, сол арқылы табиғи ортаны қорғау шаралары мынадай бағыттарда жүргізіледі:
Минералдық шикізат қорын кешенді барлау, зерттеу, зерделеу. Кешенді барлау деп — минералды шикізаттың қорын ашу, зерттеу кезінде оның құрамын, құрылымын, орналасу жағдайын, ондағы зиянды қоспаларды мейлінше толық анықтау деп түсінеміз. Барлау қазба байлықтың бір түріне ғана емес кешенді жүргізілуі тиіс.
Ашылған шикізат қорын мейлінше толық өндіру, ысыраптың мөлшерін азайту, қазба жұмыстарының табиғатқа зиянды әсерін болдырмау азайту, қазба байлықтың сапасын жоғалтпау, аралас қоспаны азайту, өнімнің ластанбауы, т.с.с.
Өндірілген минералдық шикізатты кешенді пайдалану, өңдеуші өндірістерді дамыту, өндіріс қалдықтарын пайдалану.
Табиғат ресурстарын экономикалық бағалауда айқындауды қажет ететін мәселелердің бірі — уақыт факторын есептеу. Өйткені табиғат ресурстарын игеруге едәуір бір мерзімдік күрделі қаржы жұмсалады, ал нәтижесі ұзақ мерзімде біртіндеп алынады.
Уақыт факторын есептеудің ең белгілі жалпы қабылданған тәсілі шығындарды бір жылға келтіру. Ол бойынша әр жылда жұмсалатын күрделі қаржы сомасы B=(1+E) коэффициентіне көбейтіледі не бөлінеді. Мұнда Е — әр жылға тиімдерді шығындарды бір жылға келтіру нормалы коэффициенті (күрделі есептеулермен анықталады), t — шығын жұмсалған жыл мен келтірілген жылдың айырмашылығын көрсететін жылдар көрсеткіші.

Жер қорын тиімді пайдалану

Жер қорын қорғауды және пайдалануды экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, оның құндылығын, пайдалану ұтымдылығын арттыру арқылы одан алынатын өнімдерді қазіргіден едәуір көбейтуге болатынына көз жеткіземіз. Оның басты бағыттары: топырақтың құнарлығын арттыру, жерді суландыру батпақ жерлерді құрғату, сортаң жерлердің тұздылығын азайту, эрозияға жол бермеу, бүлінген жерлерді қалпына келтіру, т.б. агрономиялық шаралар және жерді пайдалану құрылымын жақсарту.
Жерді бағалау туралы екі бағыт айқындалды: топырақтың сапасын бағалау және жер қорын экономикалық бағалау. Топырақ сапасын бағалау экономикалық бағалаудың негізгі және алғышарты болып табылады. Жердің сапасын бағалау үшін оның әр түрлі табиғи қасиеттері өнімділігі тұрғысынан және әр түрлі климаттық жағдайдың топырақ түрінің әсері айқындалады.
Қазіргі кезде топырақ бонитетін бағалаудың бірнеше варианттары белгілі. Оларды негізгі екі түрге бөлуге болады: біріншісі — топырақтың қасиетіне байланысты өнімділігін ескеріп, бонитетін бағалау; екіншісі — жерді өнімділігіне байланысты, табиғи қасиетін ескеріп бағалау.
Топырақтың бонитет балдары оның сапалық қасиеттерінің сандық көрсеткіші болып табылады, аймақта өсірілетін басты дақылдың көпжылдық орташа түсіміне сәйкес болады. Бонитет балдары ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге қолайлылығын анықтауға, оларды тиімді пайдалануды жоспарлауға мүмкіндік береді.
Жер — тұтыну құндылығы, оның құны жоқ, тек тұтыну құндылығын, материалдық өнімдерді өндіруге қажетті жағдай. Жердің бағасы оған табиғи тән нәрсе емес, ол тек қана қоғамдық өндіріс және тұтыну қатынастарында пайда болады. Сондықтан жердің бағасы тауар өндіруге қажетті жеке жер бөлімшелерінің тұтыну құндылығының көрінісі. Жеке жер бөлімшелерінің сапасының әр түрлілігіне байланысты ол жерлерде өндірілген өнімдердің құны да әр түрлі болады. Сапалы жерлерден нашар жерге қарағанда әлдеқайда көп тұтыну құны өндіріледі. Бірақ сапалы жерлер көп емес, әдетте шектеулі. Иелену түріне қарамастан, жерге шаруашылық нысаны ретінде әрқашан монополия болады. Былайша айтқанда жерге монополия болуына байланысты дифференциалды рента туындайтын алғышарт бар.
Дифференциалды рентаның алғышарттары — бір жағынан монополия болса, екінші жағынан жердің сапалық өзгешеліктері, сондай-ақ тауарлы өндірістік қоғамдық қарым — қатынастар.

Су қорын тиімді пайдалану

Су қорын тиімді пайдалану үшін су шаруашылық кешендерін ұдайы үздіксіз жетілдіріп отыру керек. Су шаруашылық комплексіне: сумен жабдықтау, суды бөлу, гидроэнергетика, су транспорты, суландыру, құрғату, балық шаруашылығы, ағаш тасымалдау, денсаулық сақтау, туризм және т.б. жатады. Су қорын қорғау және тиімді пайдалану шаралары масштабы және техникалық шешімдері бойынша әр түрлі, оның барлығы кешенді шараларды жүзеге асыруды талап етеді. Суды қорғау жөнінде 4 кешенді шараларды атауға болады:
Су ресурстарын экономикалық бағалау: су тұтынушы өндіріс күштерін тиімді орналастыру; суды қорғауға, үнемдеп тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру және оны ұлттық байлық құрамында есептеу үшін болады.
Су ресурстарын экономикалық бағалау үшін шеткі шығын шамасы қолданылады. Су ресурстары көпшілік жағдайда жеке-дара орналасады. Осыған байланысты жағдайда су тапшылығы немесе жеткілікті болуы оның территориялық орналасуына байланысты. Сондықтан шеткі шығын шамасын ауданның, аймақтың су бассейндері бойынша белгілеу керек.
Суға шеткі шығын шамасын оптималдық су шаруашылық баланстар негізінде анықтайды. Барлық экстенсивтік және интенсивтік шараларды ескере отырып, су пайдаланудың барлық балама мүмкіншіліктері қарастырылады. Экстенсивтік шаралар пайдаланылатын су көлемін арттырумен, баланстық кіріс жағын көбейтумен байланысты.
Табиғат ресурстарын рентамен бағалаудың басқа әдістерге қарағанда артықшылығы бары даусыз. Ренталық қағидаға сәйкес тиімнің екі категориясы ажыратылады: дифференциалдық тиім және ренталық тиім. Дифференциалдық тиім халық шаруашылығының кез келген саласында пайда болуы мүмкін. Ол ғылыми-техникалық жетістікті қолдану және еңбекті жақсы ұйымдастыру нәтижесінде еңбек тиімділігін арттыру арқылы дербес шығынды қоғамдық қажетті шығыннан азайтқандағы үнемді көрсетеді.
Рентаны есептеу өте маңызды теориялық және әдістемелік мәселе болып табылады. Бірнеше экономистер рентаны есептеу үшін нақты қалыптасқан табиғат ресурстарын пайдалану шығындарын қолдануды ұсынады. Бірақ, ол салыстырмалы ресурстардың әділ бағасы бола алмайды. Рентаны анықтаудың басты принципі нақты ресурсы пайдаланғанда алуға болатын халық шаруашылығына ең жоғары тиімді анықтағыш болуға тиіс. Осыған байланысты су пайдаланудың рационалды режимін қамтамасыз ететін, су тұтынуды азайтатын, табиғат ресурстарын ең тиімді пайдалану бағыттары қарастырылуы керек. Бұл мәселе тек табиғат пайдалану саласымен ғана шектеліп қалмайды. Ол салааралық сипатта және барлық салаларда үйлесімді іс-әрекеттерді талап етеді.
Республикамызда үлкенді-кішілі 2174 өзен бар. Жалпы өзендер мен бұлақтарды қоса есептегенде олардың саны 85 мыңға жетеді. Мұның ішінде Ертіс, Сырдария, Жайық, Есіл өзендерінің әрқайсысының ұзындығы 1мың км-ден асады. Барлық өзендерден жылына 102 млрд. текше м (м³) су ағып өтеді. Алайда ірі өзендердің көпшілігі Республикамыздың шекарасына жақын аймақтарда орналасқан да, бастауын басқа елдерден алады. Жеріміздің басым бөлігі өзен сулары тапшы шөлейтті аймақта. Орталық далалық өзендердің деңгейі қар суымен қалыптасады, олар ылғал аз жылдары таязданады немесе құрғап қалады. Тау өзендері мұздықтардан басталады. Сондықтан су деңгейі жыл маусымына қарай және әр жылда едәуір өзгеріп отырады .
Қазақстанда жер асты суларының барланған қоры 45 млрд. текше метр. Одан жылына 750 млн. м³ су алынып пайдаланылады. Болашақта пайдалануға болатын су қоры шамамен 53 текше км деп есептеледі.
Қазақстанда соңғы жылдары … жалғасы