Меркель Германия тарихындағы ең нашар дағдарысты жариялады

0

Меркель Германия тарихындағы ең нашар дағдарысты жариялады

Германия тарихтағы ең нашар экономикалық дағдарысты бастан кешуде. Бұл туралы канцлер Ангела Меркель ARD телеарнасының эфирінде мәлімдеді.
Оның айтуынша, елдің 7 миллионға жуық тұрғыны жарты күн жұмысына көшірілді.
«Біз Германия тарихындағы ең қиын экономикалық жағдайға тап болдық, оны нақтылау қажет», – деді Меркель. Сонымен бірге ол федералды билік елде қатаң карантин енгізу туралы шешім қабылдағанын – дұрыс әрекет еткеніне сенім білдірді.
600 мың неміс жұмысынан айрылды, Экономикалық зерттеулер институтының мәліметі бойынша, материалдық көмек сұрауға 7 миллион адам жүгінген. Үкімет бұрын – соңды болмаған дағдарысқа қарсы шаралар қабылдады, атап айтқанда, экономиканы 130 миллиард еуро көлемінде қолдау жөніндегі шаралар кешені бұрын бекітілген.
Германияның Орталық банкі Германияның ЖІӨ – нің жыл соңына дейін 7, 1 % төмендейді деп болжап отыр. Ел экономиканың дағдарысқа дейінгі деңгейіне жету үшін екі жылға жуық уақытты қажет етеді.
Германияда Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша коронавирусты инфекцияның жалпы саны 184 мың жағдай анықталған. 8 635 науқас қайтыс болды.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ – Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз