«Менің тұңғыш Президетім» ашық шара

0

Батыс қазақстан обылсы 

Жылой ауданы 

Жаңа Қаратон КМҚК «Шапағат» ясли балабақшасы тәрбиеші

Тукпанова Мецрамгүл Саликовна 

Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім!

Әдеби музыкалық ашық шара 

 

Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтаң өмір жолы ,туып өскен жері туралы мғұлмат беру.

Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын ,халқын сүюге,ержүректілікке,азаматтыққа,патриоттық сезімге тәрбиелеу.

 

Әдісі: Әдеби музикалық ашық шара

 

 

Көрнекілігі: Елбасы суреттері,шарлар, Қазақстан Республикасының рәміздер әнұран,ту, елтаңба суреттері слаиттар т.б.

 

 

Ұйымдастыру:

 

Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Қайырлы күн, сүйікті де, сүйкімді балалар және тәрбиешілер!

 

Шаттық шеңбері:

  Қанекей балалар сендерді «шаттық шеңберіне» шақырамын.Кәнекей бір бірімізбен амандасайық!(ортаға шеңбер құрып тұрады)

 

Армысың, Әлем!

Армысың,Жарық күн! (қолдарын жайып көкке көтереді)

Армысың, абзал Адам! (қолдарын алға созады)

Армысың, менің достарым!

 

 Бүгінгі ашық шарамыз Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады. Балалар, біз алғаш Елбасы күнін атап өткелі жатырмыз. 

 Бүгінгі ашық шарамызды әнұранмен ашайық. 

 

Әнұран айтылады.

 

Жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

 

1991 жылы 1-желтоқсанда  республика  жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. 

 

 Жүргізуші: балалар кезекті дайындаған тақпақтарыңа береміз

 Қазақстан-қастерлі қазағым,

Қазақстан ғажап үн .

Гүлдене бер Отаным,

Көтерген туын Нұр ағам.

Елім,жерім,Отаным, бақ-дәулетім,

Болашағым,өнер-білім өркенім.

Биіктей бер Нұр аға,

Қыран қанат талмасын.

 

2-ші Жүргізуші: 

1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.

 «Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды», —  дейді қазақ халқымыз. Кез-келген халықтың өз таңбасы болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мемлекеттік құжаттарға қойылады.

 Елтаңбаның авторлары – халқымыздың танымал ұлдары — Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов.

Шаңырақ –Отан отбасынан басталады. Ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр

 

Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың  жобасын  жасаған – суретші Шәкен Ниязбеков болды. 

 

Ойын

Ал енді балалар кезекті сергіту ойынына  береміз.Кім жылдам ойынын ойнайық,ортаға төрт бала шығамыз,қолдарына берілген қорапқа ортада шашылып жатқан шарларды тездетип жинап салып алу керек,ең коп шар жинаған ойыншы жақсы бағаланады.

 

 

Кезекті балалардың тақпағына береміз

Арыстан жүрек,айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін.

Ту көтерген елім бар,

Қол бастайтын, ерім бар.

Бүкіл әлем таң қалған,

Парасатты данышпан.

 

Жүргізуші: «ТУҒАН ЖЕР» әнін қабыл алыңыздар, хормен айтылады

 

Қазақ елі, желбіреп көк байрағың,

Гүлге оранды ауылың мен аймағың.

Нұрсұлтаның биіктерге бастады,

Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.

 

 

—    Балалар, қазір мен сендерге сұрақ  жасырамын, сендер оның шешімін айтып отырасыздар. Жақсы, келістік пе?

—    Иә!

Сұрақтары:

  1. Біздің мемлекетіміздің аты қандай? (Қазақстан)
  2. Біздің Елбасымыз кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
  3.   Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала? (Астана қаласы)
  4. Біздің тіліміз қандай?                               (Қазақ тілі )
  5. Ал, ұлттық валютамыз, ақшамыз қалай аталады? (Теңге)

(Балалар сөзжұмбақты шешеді).

 

 

 

 

 

 

Жүргізуші

 

Елбас елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

 

Құрметті тәрбиешілер,балалар, Елбасы күніне арналған ашық шарамыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!