мен патриотпын

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




мен патриотпын

Автор: Жунисова Гулзира Ормышовна

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: Барлық сыныптар

Жарияланған уақыты: 2019-01-08


Материал туралы қысқаша түсінік

ұстаздарға




Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен, өз Отанымның патриотымын!Мақсаты1.    Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.2.    Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.3.    Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды  тәрбиелеу. Көрнекілігі: интербелсенді тақтаБарысы: 1.   Психологиялық дайындық Аспаны ашық еліміздің, Көркі сұлу жеріміздің, Біз-бақытты баламыз! Ақпыз,қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз! 2.    Мұғалімнің кіріспе сөзі:-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!  Отан деген не, кім қалай түсінеді?                     Көп аузынан түспейтін,                     Отан деген немене?                     Оның тұлға түс кейпін,                     Достым білгің келе ме? Дамира:   Отан дейміз от жаққан жерімізді,                    Отан дейміз өсірген елімізді.                    Отан дейміз туған жер, атамекен –                     Биік тау, орман, тоғай көлімізді.Нұрлыбек:      Отан дейміз кең-байтақ астананы,                 Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.                  Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,                  Ол бірақ өз үйіңнен басталады.Даниял:        Отан- тарих, Отан – тіл,                   Жасаған елің, өз- халқың.                   Отан – өлең, Отан-жыр,                   Көтерген көкке ел даңқын.Жанерке:    Отан – сенің ата-анаң,                    Отан – досың, бауырың,                    Отан – өлкең, астанаң,                    Отан – аудан, ауылың.Бақдәулет: Отан – осы достарым,                     Көңілге мұны түйе біл!                     «Отан» деп өс жас қауым,                     Оны ардақтап сүйе біл!Хор: «Отан»-Біздің Отанымыз қалай аталады?-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?-Қазақстан Республикасының президенті кім?               Ел болдық ерік алдық астаналы               Енді кімнен қазағым жасқанады?               Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,               Нұрсұлтанның атымен басталады.Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр.Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар.Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.Нұрлыбек: Туған өлкем Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?-Қазақстан Республикасының президенті кім?               Ел болдық ерік алдық астаналы               Енді кімнен қазағым жасқанады?               Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,               Нұрсұлтанның атымен басталады.Аумалы- төкпелі заманды бастан кешкен қазақ халқының өзіндік басқару жүйесі болған. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, халық жағдайын жасаған шешендері, білімпаз билері, әр елде, әр ауылда сөз тыңдар ақсақалдары болған. Қазақта аты аңызға айналған Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би сияқты би-шешендер өте көп.Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы.Ән: «Туған тілім»Би: «Қамажай»Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, әнұран.Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы.Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздіңхалқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.Бақсүндет:    Көк аспандай көкпеңбек,                       Қазақстан жалауы.                       Көк емес ол тектен-тек,                       Елдің ашық қабағы.Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтаршаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық,  молшылықты білдіреді.Кәусар:            Елтаңбасы елімнің,                         Неткен әйбәт, әдемі                        Тұнығындай көңілдің                         Ортада аспан әлемі.Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- Әнұран. Әнұран мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен клешек арманы айтылған.Дәулет:             Оттай жанып жанарың                        Одан қуат аламын                        Әнұран ол — тынысы                        Кең жазира даламның.Отан туралы өлең-жырлар.Кәусар: «Үш бақытым»Дамира: «Отан»Нұрлыбек: «Отан туралы»Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?—    Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.—    Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз?«Жалғасын тап» ойынын ойнайық.Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.Оқушылар тақтаға шығып, келесі әріптерді көтереді.Б- білімімді арнайтын О- отанымды қорғайтын Л- лаңкестікті даттайтын А- адалдықты жақтайтын Ш- шуағымды шашатын А- асулардан асатын Ғ- ғарыш сырын меңгергн Ы- ынтымақты тең көрген М- менмендікті жек көрген Қ- қазаққа қызмет ететін А- арманына жететін З- заңды жақсы білетін А- алға қарай жүретін Қ- қайырымды елімнің С- салтанатты жерімнің Т- толықтырам сенімін А- абыройын,жігерін Н- намысын қолдан бермейтін Бәрі: Мен боламын еңбекқор, Болашағы елімнің! Ән «Көк тудың желбірегені».Қортынды: — Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:                          Өткеніңді еске алсаң,                          Өскеніңнің белгісі.                          Өткеніңді ұмытсаң,                          Өшкеніңнің белгісі, — деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары! 







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.