Мен оқитын газет журналдар, газеттер, журнал,

0

Сабақтың тақырыбы: Мен оқитын газет — журналдар
Мақсаттары:
Білімділік: Тақырып бойынша әңгіме құрастыру шеберліктерін қалыптастыру. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы білім дағдысын кеңейту, оқушылардың дағды, таным белсенділігін арттыру.
Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, белсенді сөздік қорын пайдаланып,
лексикалық тақырып бойынша сөйлей, сөйлесе алуды үйрету. Теория мен практиканы ұштастыру, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Оқушылардың өз ойын жүйелі айта білуін дағдыларын жетілдіру. іскерлігін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Өз елінің тарихын біліп, құрметтеуге тәрбиелеу. Өз пікірі, ойы қалыптасқан заманымыздың белсенді азаматтары бола білуге шақыру. Елжандылық пен патриотизмге тәрбиелеу, мамандық таңдауға бағдар беру. Елі үшін туған тұлғалардың өмірін үлгі ету
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдістері: сұрақ – жауап, толықтыру, қайталау, талдау, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: газет — журналдар көрмесі, интерактивтік тақта, слайдтар, ойын «Білімпаздар бәйгесі»
Қолданылатын технологиялар: Жампейісованың «деңгейлеп саралап оқыту технологиясы», «Ақпараттық коммуникациялық» технологиясы.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын пысықтау. Отбасылық басылымдар
1. Мерзімдік басылымға не жатады?
2. Өздерің тұратын өңірде қандай жергілікті газет басылып шығады?
3. Оқып тұрасыңдар ма?
4. Сенің сүйікті газетің қандай?
5. Газет бетіндегі сүйікті айдарың қандай?
6. Газетті қай тілде оқисыңдар?
7. Отбасың қандай мерзімдік басылымға жазылды?
3. Сабақ тақырыбын, мақсатын таныстыру
Бүгін, біз сабағымызда газет — журналдар туралы білімдерімізді кеңейтіп, қазақ газет — журналдарымен танысамыз.
Радио миллиондаған тыңдаушыны жинайды, теледидар көрген, естігенімізді сезіммен қабылдап, жүректен өткіземіз.
Бірақ газет — журналды оқығанға жететін ештеңе де жоқ. Газет — журналдың адам өмірінде алатын орны зор. Біз газеттен еліміздегі, шетелдердегі оқиғалардан хабардар боламыз.
І. Тақтамен жұмыс: Ахмет Байтұрсынов айтқан төрт қағида бар.
Бірінші: газет — халықтың көзі, құлағы, тілі; екінші: газет — жұртқа қызмет ететін нәрсе; үшінші: газет — халыққа білім таратушы; төртінші: газет — халықтың жоқтаушысы.
ІІ. Бейне сұрақтар»
— Қандай қазақ газеттерін білесің?
— Қандай мектепішілік шараларға газет шығардың?
— Етістік райлары дегеніміз не?
— Етістіктің ашық райы қалай жасалады?
— Менің сіздерге сұрағым мынадай? Сен қандай қазақша газет журналдар оқисың?
ІІІ. Газет беттеріне шолу жасайық.
Өзіміздің сүйіп оқитын жергілікті “Абай ақиқаты“ беттеріне үңілейік
№6. 08. 02. 14 ж.
Жұптық жұмыс
«Абай — ақиқат» газетіне — 40 жыл
“Ауған жаңғырығы” (Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл)
“Отан қорғау — ұлы парыз”
“Спорт жетістіктері ”
”Дәрігер кеңесі”
Деңгейлік тапсырмалар:
ІІІ деңгей
1. Мәтінді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңдар
2. Мәтін бойынша сұрақтар қойып, жауап беріңдер
ІІ деңгей
1. Мәтіннің мазмұнына байланысты жоспар құрыңдар
2. Жоспар бойынша мазмұнын айтыңдар
І деңгей
Мәтін бойынша бір оқиғаға мақала жазу
ІV. Енді білімімізді «Білімпаздар бәйгесі» сайысында көрсетуге тырысайық:
Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н. Назарбаевта
жолдауында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы — білім. Білім — патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі. Бүгінгі сайысымыздың ұраны:
Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады.
Ойын толық, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толық жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де, қал ма жасып.
Құрметті қонақтар, ұстаздар, сайысқа қатысушы үміткерлер 10 — сынып оқушылары. «Білімпаздар бәйгесі» атты білімділер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер Барлығы 10 оқушы. «Батылдық — балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін оқу, тәрбие құралының бірі — ойын екендігі белгілі. Компьютер алаңында сайысқа қатысушы үміткерлер……….
Ендігі кезек әділқазылар алқасы. Әділқазылар төрайымы —
Сарапшылар: қазақ пәні мұғалімдері –
Сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейік.
І. Жалпы сұрақтар.
ІІ. Тікелей сұрақтар.
ІІІ. Тіл өнері
ІV. Бәйге.
І. Жалпы сұрақтар.
Барлығы — 10 сұрақ. Әр оқушыға жауаптары көрсетілген бір — бір сұрақтан қойылады. Оқушы көрсетілген нұсқалардан дұрыс жауапты таңдауы тиіс.
Бағалануы 10 ұпай. Ойыншы жауап бере алмаса немесе жауабы дұрыс болмаса, жауап беру келесі ойыншыға ауысады.
1) Әйелдер арасынан шыққан тұңғыш тілші?
а) Нәзипа Құлжанова б) Сара Есова с) Ләзиза Серғазина
2) Алғашқы қазақ газеті қалай аталады?
а) «Қазақ» в) «Түркістан уәлаяты» с) «Еңбекші қазақ»
3) Бұл күнде елімізде қанша газет — журнал шығады?
а) 100 — ден астам в) 10 — нан астам с) 1500 — ден астам
4) «Айқап» журналы не туралы?
а) қазақ салты в) қазақ өмірі с) қазақ тілі
5) Қарағанды облысының газеті
а) «Жас алаш» б) «Егеменді Қазақстан» с) «Орталық Қазақстан»
6) Теледидар бағдарламасы туралы мәлімет қайда басылады?
а) журналда б) газетте с) мақалада
7) Жастар газетін кім басқарды?
а) Нәзипа Құлжанова б) Сара Есова с) Ләзиза Серғазина
8) «Жұлдыздар отбасы» журналы журналдың қай түріне жатады?
а) орталық в) жеке меншік с) ресми
9) Журналистер әрқашан кіммен бірге?
а) халқымен в) шәкіртімен с) жастармен
10) «Қазақ» газетінің бас редакторы
а) М. Сералин б) Е. Абылайханов с) А. Байтұрсынов
ІІ. Тікелей сұрақтар. Әр оқушыға жауап нұсқасы көрсетілмеген сұрақтар қойылады. Жауап нақты әрі тез болуы керек. Ойыншы жауап бере алмаса немесе жауабы дұрыс болмаса, бірінші болып қолын көтерген ойыншы Бағалануы 10 ұпайдан.
1) Бастапқыда «За коммунистический труд» газеті аталған жергілікті басылым (Абай — ақиқат)
2) Дүние жүзіндегі тұңғыш журнал (Журнал де Саван)
3) Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына арналған қазақ тіліндегі журнал (Балдырған)
4) «Ұлан» газетінің алғашқы атауы (Пионер)
5) Жасөспірімдерге арналған әдеби — көркем журнал (Ақ желкен)
6) М. Сералин «Айқап» журналын қай қалада шығарды? (Троицк)
7) Әйелдер журналын кім басқарды? (Л. Серғазина)
8) Ресми ақпаратты жариялайтын республикалық газет (Егемен Қазақстан)
9) Газет — журналдардың адам өмірінде алатын орны қандай? (зор)
10) Біртуар тұлғалардың өмірбаяны мен қызметі туралы журнал

Жалпы ұпай санын анықтап, ұпайы көп 4 оқушы келесі кезеңге өтеді.
ІІІ. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды ұсынды. Келешекте Қазақстанның әрбір азаматы көп тілді, бәсекеге қабілетті маман болуы үшін үш тілді меңгеруі қажет деп атап өтті. Сондықтан да келесі кезеңіміз Тіл өнері деп аталады. Яғни, экранда білім, ғылымға байланысты жұмбақтар мен мақал — мәтелдер беріледі. Олардың шешуін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде айта білу керек.
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
Жоғары, жоғары, жорғала
Шапшаңдыққа таң қал ма.
Ойын деген нарталас
Жеңілемін деп ойлама!
Жұмбақтар
1) Жаңалықты жазады,
Көпшілікті тыңдайды. (тілші, журналист, air)
2) Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде. (қалам, ручка, salt)
3) Қабат — қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін. (кітап, книга, iron)
4) Бар ойынды жиямын,
Ақ қағазға құямын. (сия, чернила, song)
Мақал — мәтелдер
1) Кітап -……. қазына. (алтын, золото, water)
2) Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі…… біл. (білім, знание, horse)
3) Оқу — білім бұлағы,
Білім -….. шырағы. (өмір, жизнь, seven)
4)….. — теңіз,
Білім — қайық. (ғылым, знание)

Жалпы ұпай санын анықтап, ұпайы көп 2 оқушы келесі кезеңге өтеді.

Бәйге.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын
20, 30, 40 ұяшықтарын таңдап, сол ұяшықтардың сұрақтарына жауап береді. Ұпайы аз ойыншыдан бастаймыз. Жауап бере алмаса, дайын оқушы жауап береді де, жауабы дұрыс болса, ұяшық таңдайды.
Журнал 20 30 40
Газет 20 30 40
Тұлға 20 30 40
Грамматика 20 30 40
“Журнал”
20. Қымбат Әбілдәқызы қай журналдың редакторы? (Айгөлек)
30. Жас отбасына арналған журнал қалай аталады? (Бөпем)
40. «Ел ертеңі. kz» журналы кімдерге арналған? (жоғары сынып оқушыларына )

«Газет»
20. «Абай — ақиқат» газетінің тұңғыш редакторы (Бағдат Мекей)
30. «Қазақ» газеті қай қалада басылып шықты? (Орынбор)
40. Тек қазақ тілінде ғана емес, барша түркі халықтарының тілінде шыққан тұңғыш мерзімді басылым (Түркістан уәлаяты)
“Тұлға”
20. Қазақ тіліндегі алғашқы «Айқап» журналының авторы (М. Сералин )
30. Газет туралы төрт қағида айтқан қазақ ақыны (А. Байтұрсынов)
40. «Абай — ақиқат» газетінің қазіргі бас редакторы (А. Тойбек)
«Грамматика»
20. Газет — журнал атаулары қандай әріппен жазылады?
30. Газет — журнал атаулары қалай жазылады?
40. Іс — әрекеттің осы, өткен, келер шақта болғанын, болатынын көрсетіп, үш шақта жекеше — көпше түрде айтылатын рай қалай аталады?
Жинаған ұпайлары есептелініп, жеңімпазды анықтау. Қатысушы оқушыларға көп рахмет!

Қорытынды жасау.
• Балалар, сендер модуль бойынша алған білімдеріңді көрсете білдіңдер. Болашақта сендердің араларыңнан ақпарат көздерін пайдалана алатын, әртүрлі байрақты бәсекелерде қазақстандықтардың жетістіктерін мемлекеттік тілде бүкіл әлемге жар сала алатын тілшілері де, жарнаманы мемлекеттік тілде сөйлетер маман да, интернеттің де болашақта қазақ тілінде сөйлейтініне сенеміз деген жақсы тілекпен сабағымызды аяқтайық дегім келеді.
Үйге тапсырма: сүйікті газет — журналы туралы монолог жазу
Бағалау.

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті,
П. Корниенко атындағы ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Смайылова Саягул Сайлауовна