Мен – директор

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Мен – директор

Автор: Әлжапаров Нұржан Қайратбекұлы

Бағыты: Директорға Бөлімі: Эссе, шығарма, мазмұндама Сыныбы: Басқа

Жарияланған уақыты: 2018-12-30


Материал туралы қысқаша түсінік

табысты менеджер байқауына




Қазіргі сағат сайын, тіпті, минут сайын құбылып, сәт сайын өзгеріп тұрған проггрессивті реформалар заманында елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына бір керемет сөзі еске түседі: «Беталысы күнде өзгерген алмағайып заманда адам үшін мәңгі өзгермейтін темірқазықтар бар: Ол – білім, ол – еңбек!»Тәуелсіз елдің негізгі тірегі – білімді ұрпақ. Білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев биылғы дәстүрлі 2018 жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттің басты мақсаты» атты жолдауында ұлттық білім беру саласына өте жоғары талап қойылатынын анық жеткізді. Талаппен бірге педагогтардың мәртебесін көтеру жайлы заңға өзгерістер енгізу керектігі жайлы министрліктер мен ведомстволарға нақты тапсырма берілді. Сонымен қатар, барлық ұстаздарды бей-жай қалдырмайтын мәселе жалақының 30 %-ға өсетіндігі кімді болмасын қуантқаны рас. Біздегі білім беру жүйесі Қазақстан мектебінің түлектері өз білімдерін әлемдік оқу орындарында әрі қарай кедергісіз жалғастырып әкететіндей дәрежеде бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы болуға тиіс. Жаңартылған білім мазмұны шеңберінде біз болашаққа нық сеніммен қадам баса алатын, жаһандану заманының барлық талабы мен талғамына жауап бере алатын оқушы тәрбиелеуіміз қажет. Ал сапалы білім беру үшін жаңа үлгілі мектеп пен табысты мектеп басшысының жаңа бейнесін қалыптастыру заман талабы болып отыр. Қазақтың ХХ ғасырдың белгілі ағартушысы Ж. Аймауытов «Қазіргі қазақ мектебіне қажеттісі – тек білім беруші мұғалім ғана емес, баланы өмір сүруге үйретуші ұстаз!» – деген едіЖаңартылған білім беру мазмұны аясындағы бағдарламаларды іске асыру үшін мұғалімдерді біліммен, дағдылармен қамтамасыз ету және олардың пікірлерін өзгертуге ықпал ету жеткілікті емес екендігін көріп отырмыз. Мектепке өзгеріс енгізіп, оны басқаруда инновациялық қадам жасау үшін жаңа мәдениет құру қажеттігі туындады.     Осы орайда, мектеп басшыларының алдында «XXI ғасырда нені оқыту керек?», «Мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындайды?» және «XXI ғасырда мектебімді табысқа қалай жетелеймін?» деген сұрақтарға бірлесіп жауап іздеу мәселесі тұрғаны айдан анық. Себебі, өткен ғасырдағы жүйе мен тәуелсіз қазақстандық білім беру саласындағы айтулы айырмашылықтар туралы айтатын болсақ, бұл Қазақстанда ғана емес, әлем елдерінде балаларды «қалай оқыту керектігі» туралы өзекті мәселеге басымдық беру қажеттілігін терең түсінуді көздеп отыр. Ал «XXI ғасырда табысты болу үшін мектеп оқушысы қандай дағдыларды меңгеруі керек?» деген сұрақтың жауабын еліміздегі білім саласында болып жатқан жаңалықтардан іздегеніміз жөн болар. Жаһандану заманында өз тілін, салт-дәстүрін жоғалтып алмай, жаңа ғасыр бәсекесіне түсе алатын, «өзгермелі өмірге икемді» бала оқытып, тәрбиелеу жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі идеясы. Сондықтан жаңартылған білім беру жағдайында директор көшбасшылығына қойылатын талаптар да күшейіп отыр. Мектептегі өзгерістерді басқарып, жетекшілік ету үшін мектеп директорына негізі үш талап қойылады. Алғашқысы өз ұжымында ортақ ұстаным мен құндылықтарды қалыптастыру, келесісі мектеп көшбасшылығы мен оны басқару туралы мықты білім мен түсінік қалыптастыру және тиісті жеке қасиеттердің, әлеуметтік дағдылардың болуы мен адамдармен қарым-қатынас жасау өнерін игеру. Қазақтың талантты ақыны Мағжан Жұмабаев «Адам жаңашыл: жаңа үстіне жаңа тілейді, жаңадан жаңаға құмар келеді. Адам әсемшіл: әсемнен әсем, сұлудан сұлу таңдайды», дейді. Бұл құнды ой арқылы жаһандану заманында адамзат ескі сүрлеумен жүре бермей ілгерілеуге, өзгеруге ұмтылуы қажеттігін айтқан. Осы орайда мен елордамызда өткен ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктіліктерін арттыру бағдарламасы бойынша және Назарбаев зияткерлік мектептері, ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген ҚР білім мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курстарына қатыстым. Бұл курстардың біздей басшыларға берген әсері өте мол болды. Білім берудің халықаралық стандарттарын көріп, сол аталған идеяларды шағын ауыл мектебі жағдайына ыңғайластыруға мақсат қойдық. Мектеп мүдірі ретінде менің алға қойған міндеттерім мыналар болып табылады:

  • Мектептің, яғни, педагогикалық құрамның санаттарын көтеру арқылы білім сапасын арттыру;
  • Ұжымда қауіпсіздік пен ауызбіршілікті сақтау;
  • Мектеп қызметкерлерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру;
  • Ұстаздарды жаппай біліктілікті арттыру курстарына жіберу;
  • Шағын елді-мекенде кадрларды тұрақтандыру мақсатында оларға жағдай жасау;
  • Мектептің материалды-техникалық базасын нығайту;
  • Спиральды білім беру негізінде басшының өз орынбасарларына, ал орынбасарлардың мұғалімдерге қойылған талаптары мен креативті оқыту қағидаттары;
  • Әділетті түрде мектептің қамқоршылық кеңесін құру

Осы міндеттермен жұмыс жасауымызға сәйкес өткен оқу жылы мектебіміз үшін сондай жемісті де, табысты жыл болды. Оның лебі әлі де басыла қойған жоқ. Себебі кеше ғана облыстық Жас-экологтар форумынан оқушыларымыз аудан мерейін асқақтатып командалық есепте облыстың бірқатар мектептерін артқа тастап, жүлделі 3-орынды жеңіп әкелді. Осы сынды жетістіктерді алдыда әлі де күтетін боламыз.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облыстық директорлар кеңесі құрылып, 2017-2019 жылдарға арналған «Табысты басшы» жобасы әзірленген. Жобаның негізгі мақсаты заманауи педагогикалық тәсілдер мен білім беру тәжірибесі негізінде мектеп басшыларына инновациялық басқаруда кәсіби қолдау көрсетуді көздейді. Сондай-ақ білім беру мазмұнын жаңарту аясында заманауи мектепті басқаруда мектеп басшыларына үш тілде білім беруді кезең-кезеңімен жүзеге асыруда мектептің инновациялық қызметін жетілдіру, мектепті инновациялық басқаруда озық педагогикалық идеялар мен Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибелерін жалпы білім беретін мектептерге енгізу, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын тәрбие үрдісінде жүзеге асыру сияқты нақты мақсат-міндеттер қойылып, болашақта мектепті дамытудың қадамдары айқындалды.   Қазақтың талантты ақыны Мағжан Жұмабаев «Адам жаңашыл: жаңа үстіне жаңа тілейді, жаңадан жаңаға құмар келеді. Адам әсемшіл: әсемнен әсем, сұлудан сұлу таңдайды», дейді. Бұл құнды ой арқылы жаһандану заманында адамзат ескі сүрлеумен жүре бермей ілгерілеуге, өзгеруге ұмтылуы қажеттігін айтқан. Себебі, бұл – заман талабы. Мектепте оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыруда, олардың әрқайсысының ерекшелігін ескере және ынтымақтастық ортада білім алуын қамтамасыз ете отырып, озық елдердің қатарына енуіміз керек. Яғни жаңартылған білім беру жағдайында заманауи мектеп басшысы жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін ынтымақтастық ортада бірлескен жұмыс істейтін табысты көшбасшы болуы керек. Инновациялық басқарудың нәтижесінде ғана біз болашақтың тізгінін ұстайтын функциялық сауатты XXI ғасырдың жаңа буын өкілін тәрбиелей аламыз.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.



Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз