Мемлекеттің экономикалық қызметінің маңыздылығы мен өзектілігі

0

Мазмұны

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … ..3

І бөлім. Экономикалық процестегі мемлекет негіздері мен теориясы
1.1 Мемлекетті қалыптастырудағы әр түрлі экономикалық
көзқарастар … … .5
1.2 Мемлекеттің мәні мен негізгі
сипаттамалары … … … … … .. … … … … … … .7
1.3 Мемлекет функциялары жөніндегі ұғым және олардың
жіктелуі … … … …9

ІІ бөлім. Мемлекеттің экономикалық қызметінің маңыздылығы мен өзектілігі
2.1 Мемлекеттің экономикалық қызметінің маңыздылығы мен өзектілігі … .13
2.2 Мемлекеттік теорияның экономикалық сипаты мен
мақсаты … … … … …15
2.3 Нарықтық құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі … … … .19

Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … 21

Пайдаланылған
әдебиеттер … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … .23

Қосымша … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … …24
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы: Нарықтық экономикадағы
мемлекеттік реттеу теориясы.
Мемлекет түсінігін экономикалық процесте анықтау барысында біркелкі
қоғамдық құбылыстарды әр адамның әрқилы қабылдау мүмкіндігін білдіретін
субъективті сипатын ғана емес, сонымен қатар олардың объективті
жағдайларында ескерген жөн. Бұл жерде сөз ең алдымен құбылыс ретіндегі
мемлекеттің күрделілігі мен көпқырлылығы және соған сәйкес оның түсінігін
анықтау варианттарының көптігі туралы болып отыр. Осыған байланысты белгілі
австриялылық экономист – заңгер Г. Кельзен: Мемлекет түсінігін анықтаудағы
қиыншылықтар аталмыш терминмен көптеген әр түрлі нысандар мен құбылыстар
белгіленгендіктен одан сайын күрделене түседі деп атап өтеді.
Экономикалық салада көптеген ғалымдар мемлекет теориясына әртүрлі
көзқарастар білдірді. Қанша мемлекет танушылар мен философтар бар болса,
сонша мемлекеттің анықтамасы болады — деп жазды белгілі экономист француз
ойшылы Л. Гумплович. Сол себепті мемлекетке тарихи дамуының әр кезеңінде
ғалымдардың берген анықтамаларының бір текті болмағаны анық көрініп тұр.
Мысалы, ұлы ойшыл Аристотельдің пікірінше мемлекет дегеніміз ешкімге
тәуелді емес азаматтардың қарым – қатынасының жоғары нысаны.
Осы курстық жұмысты жазу барысында пайдаланылған оқулықтардағы
ғалымдардың теориялық көзқарастыран салыстыра отырып, өз теориялық
көзқарасым да қалыптаса бастады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты — әртүрлі ғалымдар тұжырымдамаларында
айтылған теориялық көзқарастарды өз пікіріммен толықтыру, экономикадаға
мемлекет рөлінің тиімділігін, жалпы мемлекет ұғымы мен мәнінің, мемлекет
нысандары мен атқаратын функцияларының аражігін ажырату болып табылады.
Сондай – ақ келесі міндеттерді қарастырады:
— ғалымдар пікірін теориялық толықтыру;
— өз тұжырымымды философиялық және экономикалық сипатта зерделеу;
— қазіргі уақыттағы мемлекеттік басқару тиімділігі мен мемлекеттің
әлеуметтік – экономикалық негіздерін қалыптастырудың тиімді жолдарын
саралау болып табылады.
Күрмеуі қиын қазіргі уақытта мемлекет мәнінің алар орны ерекше. Сол
себепті экономикалық процестегі мемлекет теорияларының қалыптасу
маңыздылығы да қазіргі уақытта біз үшін өткір мәселелердің бірі. Сондықтан
аталған тақырып өзектілігі – экономикалық тұрғыда өте күрделі нәтижені
білдіреді.
І бөлім. Экономикалық процестегі мемлекет негіздері мен теориясы
1.1 Мемлекет теориясын қалыптастырудағы әртүрлі экономикалық
көзқарастар
Жаңа біз жоғарыда айтып өткендей мемлекет теориясын қалыптастырудың
негіздерін анықтайтын әртүрлі экономикалық теориялық көзқарастар бар екенін
айтып өткен болатынбыз.
Мемлекет теориясын қалыптастыру көзқарастары туралы айтылған
тұжырымдардың бірі қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті ойшылы Николла
Макиавелли (1469 – 1527 жж.) мемлекетті Қажетті мемлекеттік мүдделерді
жүзеге асыру арқылы ортақ игілікке қол жеткізу деп сипаттаған болатын.
Ал 16 – ғасырдағы ірі француз ойшылы Жан Боден мемлекетті
қайырымдылық пен әділеттіліктің мәңгі бастамаларын басшылыққа алатын
жоғары билік және отбасын құқықтық қорғау деген өзінің көзқарасын
білдерген тұғын. Бұл бастамалар мемлекеттік құрылымның мақсатын құрып,
ортақ игіліктер әкелуі қажет деген. Осы дәуірдегі ағылшын философы Томас
Гоббс – бейбітшілік пен табиғи құқықтарды жүзеге асыратын кепілгер ретінде
мемлекеттің шексіз билігін жақтаушылардың бірі. Ол мемлекетті тұтас тұлға,
тәуелсіз жоғары билеуші, оның қалауы халықтың қалауы болады, сондықтан ол
барлық адамдардың әрқайсысының күші мен мүмкіндігін ортақ бейбітшілік пен
қорғаныс үшін қолдана алады деп санайды.
Либерализмнің саяси – идеялық доктринасын құрушы, ағылшын философ –
материалисі Джон Локк (1632 – 1704 жж.) мемлекет басым күштің, яғни
мемлекет құрамына кіретін көптеген азаматтардың ортақ еркі дейді. Ол
мемлекетті өздері бекіткен жалпы заңдардың негізінде біріккен адамдардың
жиынтығы ретінде қарастырған.
Неміс әдебиетінде мемлекет белгілі бір аумақта және жоғары биліктің
қол астында біріккен халықтың ұйымы ретінде көрсетілсе (Р. Моль), ал өзге
әдебиеттерде құқықтық жағдайды жан – жақты қолдану үшін құрылған жоғары
биліктің қол астындағы белгілі бір аумақтағы еркін адамдардың одағы
ретінде қарастырылады (Н. Аретин) Үшінші жағдайда мемлекет белгілі
құқықтық тәртіпті қорғау үшін табиғи түрде пайда болған билік жүргізуші
ұйым, — деп айтылған (Л. Гумплович).
Сонымен мемлекет, әсіресе 1917 жылғы төңкерістен кейінгі кезеңде,
Ресейде қандай да бір тапты басу үшін арналған күш көрсету ұйымы ретінде
түсіндіріледі. Академиялық басылымдарда және оқу әдебиеттерінде ол көбінесе
қатаң таптық мағынада өз диктатурасын жүзеге асыратын экономикалық үстем
таптың, билік аппаратының саяси ұйымы немесе негізгі өндіріс құралдарының
меншік иелерінің ортақ мүдделерін қамтамасыз ететін және қорғайтын, тарихи
түрде келетін қоғамнан бөлініп шығып, оның экономикалық құрылымынан
туындайтын саяси биліктің таптық ұйымы ретінде сипатталады.
Соңғы екі онжылдықта, 1985 жылғы қайта құру кезеңінен бастап алдымен
ресми жалпы одақтық, ал кейін қазақстандық саясат пен идеологияда жалпы
адами құндылықтарға мән беріліп, мемлекет пен құқық анықтамаларындағы
таптық үндестік біртіндеп жалпы әлеуметтік үндестікпен ығыстырыла бастады.
Мемлекет қайтадан ұйым немесе барлығы үшін арналған институт ретінде
қарастырылды. Осы орайда оған өзінің билігін елдің бүкіл аумағына және
халқына тарататын және осыған сәйкес арнайы басқару аппараты бар, барлығына
міндетті бұйрықтарды шығаратын қоғамның бірыңғай саяси ұйымы деген
анықтама берілді.
Мемлекет теориясы түсінігін таза таптық тұрғыдан да, жалпы адами
тұрғыдан да анықтау біржақты көзқарасты білдіреді. Нақты өмірде таза таптық
та, таза жалпы адами да мемлекеттік институттар жоқ, демек, соған сәйкес
мемлекет түсінігінің анықтамасы да жоқ. Осыдан мемлекет түсінігін анықтау
барысында оның тек таптық элементтерін және соған сәйкес белгілерін ғана
емес, сондай – ақ таптан тыс, жалпы адами белгілері мен сипаттамаларын да
ескерген жөн.
1.2 Мемлекеттің мәні мен негізгі сипаттамалары
Мемлекеттің мәні, адамдар өміріндегі оның орны мен рөлі жөнінде өткен
ғасырларда либералдар мен этатистер арасында туындаған пікірлер жалғасын
табуда. Мемлекетті бұрынғыдай күштеу машинасы, қысым көрсету құралы ретінде
біржақты түсіндіру әлі де болса сақталуда. Мемлекет қызметінің маңызды
бағыты – адамдардың қоғамдық өмірін басқару. Ал адамдардың қоғамдық өмірі
мемлекеттік басқару теориясының объектісі мен зерттеу заты болып табылады.
Сондықтан да мемлекетті әрбір адам қоғам нысаны ретінде қарастырады. Ол
адамдардың қоғамдық қатынастар жүйесімен байланысты, олардың сана –
сезіміне, тәртібіне және қызметіне қатысады, белгілі бір аумақта өмірді,
оның ішінде экономикалық өмірді ұйымдастыруға әсер етеді. Мемлекет
мемлекеттік шекарамен белгіленген аумақта өмір сүретін адамдарды
біріктіреді және олардың өзара іс — әрекетін қамтамасыз етеді. Мемлекет,
қысқаша айтқанда, адамдардың аумақтық ұйымдастырылуының белгілі бір
тәртіптік жүйесі. Осыған сәйкес, біріншіден, ру – тайпалық қарым –
қатынастар қоғамдық қатынастармен ауыстырылады. Екіншіден, әртүрлі
адамдардың ұлттық, діни және әлеуметтік белгілеріне қатысты бейтарап
құрылым қалыптасады. Тарихи түрде мемлекет адамдардың жаңа қауымдастығын
құрады.
Мемлекет өзінің аумағында тұратын адамдарды, оның ішінде азаматтығы
жоқ тұлғаларды, сонымен қатар басқа мемлекеттің азаматтарын
біріктіретіндіктен, ол барлық адамдар қауымдастығының қажеттіліктерін,
мүдделері мен мақсаттарын объективті түрде білдіреді.
Мемлекеттің мәні, сонымен қатар өз мақсаттары мен қызметтерін жүзеге
асыруды қамтамасыз ету үшін өзінің аппаратын – ортақ қажеттіліктерді,
мүдделерді, мақсаттарды айқындаумен және қоғамның мемлекеттік нормаларын
әзірлеумен кәсіби айналысатын адамдар тобын белгілі бір жағдайда
ұйымдастырып, оларды қолдайтындығында.
Ғылыми әдебиеттерде кездесетін мемлекеттің көптеген анықтамаларының
ішінде келесі екеуіне тоқтап өтуге болады. Біріншісі, мемлекетті ең кең
мағынада: адамдар қауымдастығы ұйымының жоғары нысаны ретінде, ортақ жоғары
билікке бағынатын адамдардың саяси одағы ретінде, бірыңғай ерікті білдіру,
жалпы мүдделерді қамтамасыз ету, сондай – ақ адамның құқығы мен бостандығын
қорғау негізгі мақсаты болып табылатын ұйым нысаны ретінде сипаттайды.
Екінші түсінікке сәйкес, мемлекет адамдардың іс — әрекеті мен тәртібін
реттейтін саяси және құқықтық байланыстар мен қатынастардың жүйесі.
Мемлекетті институционалдық тұрғыдан қарастыратын бағыт оны қоғамдағы
адамдардың тәртібін анықтайтын нормалар жүйесімен байланыстырады. Осыған
орай испан саясаттанушысы Л. Санистебан былай деп жазады: шындығына
келгенде мемлекет небәрі нақты уақыт шеңберінде орын алатын әлеуметтік
тәртіпті заңдық тұрғыдан реттеудің бір түрі.
1.3 Мемлекет функциялары жөніндегі ұғым және олардың жіктелуі
Кез – келген тарихи тұрпаттағы мемлекетті ғылыми тұрғыдан танып –
білу биліктің ерекше ұйымы ретіндегі мемлекеттің ғана емес, жалпы қоғамның
да негізгі сапалық сипаттамалары мен бағыт – бағдарын білдіретін оның
функцияларын қарастыруды көздейді.
Мемлекеттің функциялары – бұл мемлекеттің жалпы адами мәні мен
әлеуметтік тағайындалуы көрініс табатын және нақтыланатын оның ішкі және
сыртқы қызметінің негізгі бағыттары. Бұл анықтамада мемлекет функциясының
маңызды белгілері көрсетілген:
1) мемлекеттің функциялары оның жалпы адами мәнін тікелей ашып көрсетеді
және нақтылайды; олардың мазмұны қоғам мүшелерінің ұлттық жеке бастық
және топтық мүдделерін ескереді;
2) мемлекеттің функцияларында оның қоғам өмірінің әр түрлі саласында
атқаратын рөлі айқындалып, ел ішінде және халықаралық аренада
атқаратын жан – жақты практикалық қызметі көрініс табады;
3) мемлекеттің функциялары оның тарихи міндеттері мен мақсаттарына
байланысты пайда болады және дамиды, мемлекет өзінің әлеуметтік
міндетін өз қызметінің тұрақты қалыптасқан бағытын құрайтын тиісті
функцияларды іске асыру арқылы атқарады;
4) әр түрлі тарихи тұрпаттағы мемлекеттердің функцияларындағы оларға тән
даму ерекшеліктері мен заңдылықтары, қоғам өміріндегі әлеуметтік –
экономикалық, саяси және рухани өзгерістердің деңгейі нақты көрініс
табады.
Мемлекеттің әртүрлі көптеген функцияларды орындауына қарай оларды
ғылыми тұрғыдан жіктеу қажеттілігі туындайды. Функциялар бір – бірінен
келесідей жалпы белгілері бойынша ажыратылады: біріншіден, мемлекеттік әсер
ету объектісінің ерекшеліктері, өзінің қызмет ету процесінде мемлекет ықпал
ететін қоғамдық қатынастардың ерекшеліктері бойынша, екіншіден, әрбір
функция мазмұнының, яғни мемлекет қызметінің біртекті, бір – біріне ұқсас
түрлерінің өзіндік ерекшеліктері бойынша.
Мемлекет функцияларын қоғамдық өмірдің салаларына байланысты,
атқаратын міндеттеріне қарай ішкі және сыртқы деп топтастыруға болады.
Мысалы, экологияны қорғау, экономиканы, мәдениетті, ғылым мен білім беруді
дамыту – бұл оның ішкі функцияларын құрайды. Елдің қорғанысы, бейбітшілікті
қамтамасыз ету мен әлемдік тәртіпті қолдау және тағы басқалар мемлекеттің
сыртқы функцияларына жатады.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы функцияларының арасында негізгі және
қосымша функцияларын да атап өткен жөн. Негізгі функциялар – бұл белгілі
бір тарихи кезеңде түбірлі стратегиялық міндеттер мен мақсаттарды жүзеге
асыру жөніндегі мемлекет қызметінің жалпы маңызды бағыттары.
Бүгінгі күні Қазақстан өз мемлекеттілігі дамуының маңызды кезеңін
басынан кешіруде. Бұл кезең түбірлі саяси, әлеуметтік – экономикалық және
рухани өзгерістерді жүзеге асырудың, адамның құқықтары мен бостандықтары
өзінің ең жоғары құндылығы болып табылатын азаматтық қоғам мен құқықтық
мемлекетті қалыптастырудың өтпелі кезеңінен бастау алады.
Экономикалық процестердегі реформалар мемлекеттің экономикалық
қатынастарға әсер ету механизмінің шегін белгілеп, өзгертті, жеке меншік
пен еркін кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасады. Әкімшілдік — әміршілдік
жүйенің ыдырауы бүкіл экономиканы, халық шаруашылығының барлық саласын
нарықтық жолға бейімдеп, нарықтық қатынастардың дамуына жол ашты. Қазіргі
кезеңде Қазақстан мемлекетіне келесідей негізгі ішкі функциялар тән:
экономикалық, әлеуметтік, мәдениет, ғылым мен білім беруді дамыту, салық
салу және салық жинау, экологиялық, азаматтардың бостандығы мен құқығын
қорғау, барлық меншік түрлері мен құқықтық тәртіпті сақтау.
Біздің қарап отырған мәселеміз мемлекеттің экономикалық тұрғыдағы
рөлі болғандықтан мемлекеттің экономикалық функциясына айрықша тоқталып
өтейік.
Экономикалық функцияда шаруашылық жүргізу саласындағы мемлекеттің рөлі
толық көрініс тауып, ол басқару жүйесінде экономикалық механизмдерді
кеңінен қолдануға негізделген. Өткен жылдарда нарықтық қатынастардың ең
маңызды элементтерін (экономикалық бостандық, меншік құқығы, тауарлар мен
қызмет нарығы) дамытуға баса назар аударылды. Сонымен қатар экономикалық
үрдіске мемлекеттің араласуының оңтайлы әдістерін іздестіру, нарықтық
механизмге сәйкес келетін тиімді мемлекеттік реттеуді ұйымдастыру
қажеттілігі туындады. Экономикаға толық басқару жүргізген әміршіл —
әкімшіл мемлекеттің шаруашылық – ұйымдастырушылық функциясының басты
ерекшелігі де осы.
Бүгінде экономикалық функция адамға, мемлекетке, әлемдік нарыққа аса
қажетті өнімдерді өндіретін экономиканың құрылымын қайта құру, әлемдік
нарықта бәсекеге қабілетті және Қазақстан үшін стратегиялық, әлеуметтік
маңызды өндіріске қолдау көрсету, өндірушілерді, оның ішінде шағын
кәсіпкерлікті қолдау, мақсатты бағытталған инвестициялық саясат, ішкі және
әлемдік нарықта қазақстандық компаниялардың мүдделерін қорғау, аграрлық
секторда жүргізілген реформалар, ең алдымен, жерге жеке меншік құқығын
қамтамасыз ету, инфляция қарқынын төмендету және баға өсуін тежеу сияқты
мемлекет қызметінің бағыттарын қамтиды.
Әлемдік экономикаға кірігу және әлемдік мәселелерді шешуде басқа
елдермен ынтымақтастықты дамыту функциясы халықаралық байланыстардың жаңа
сипаты экономика, сауда, бизнес, ғылыми – техникалық салада мүдделерді
тиімді жүзеге асыру үшін қолайлы мүмкіндіктер ашты. Осы бағытта әрекет ете
отырып, Қазақстан негізгі халықаралық экономикалық ұйымдарға мүше болды.
Қазіргі таңда ол Америка Құрама Штаттарымен, Батыс Еуропа елдерімен
қатынастарын бекітіп, іс – қимылдарды үйлестіру бағытында жұмыстар жасауда.
Дүние жүзінің жетпістен аса елімен орнатқан қауырт сыртқы экономикалық
байланыстары оның дүниежүзілік экономикалық кеңістікке интеграциялануының
негізгі факторы болды. Әлемдік экономикаға ену отандық нарықты әлемдік
нарықпен байланыстыратын оның сыртқы экономикалық қызметінің барлық
механизмін қайта қарауды қажет етті. Сыртқы экономикалық байланыстардағы
мемлекеттің монополиясы жойылды.
ІІ бөлім. Мемлекеттің экономикалық қызметінің маңыздылығы
мен өзектілігі
2.1 Мемлекеттің экономикалық қызметінің маңыздылығы … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz