Мемлекеттік қызметке мемлекеттік қызметші этикасы мен имиджінің әсерін қарастыру

0

Қарағанды облысы әкімі аппаратының
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру аймақтық орталығы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Мемлекеттік әкімшілік қызметіне даярлау бойынша мемлекеттік қызметкерлерге арналған курс

БАСҚАРУДАҒЫ ПАРАСАТТЫЛЫҚТЫ ҰСТАНА ОТЫРЫП АШЫҚТЫҚ ПЕН ЕСЕПТІЛІККЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ
тақырыбы бойынша
ТАЛДАУ ЖАЗБА ХАТ

Мазмұны

1.
Кіріспе

3
2.
Мемлекеттік қызметтегі әдеп нормалары мен парасаттылық ұғымы

4
2.1
Мемлекеттік қызметтегі әдеп нормалары мен стандарттарын ұстану

5
3.
Мемлекеттік қызметте басқарудағы парасаттылықтың сақталмауынан туындайтын негізгі мәселелері

7
4.
Басқарудағы парасаттылықты ұстана отырып ашықтық пен есептілікке қол жеткізу

9

Қорытынды

10

Пайдаланған әдебиеттер

11

Қосымшалар мен слайдтар

КІРІСПЕ

Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан білдірілген ерекше сенім болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне, этикасы мен моральдық бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Қоғам мемлекеттік қызметші жүзеге асыратын кәсіби қызметіне өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін жұмсайды, қоғамға әділ әрі қалтқысыз қызмет етеді деп есептейді.
Осы Ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері сақтауға міндетті жалпы жұрт қабылдаған этика нормалары мен мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерінен туындайтын негізгі мінез-құлық ережелерін белгілейді.
Талдау жазба хаттың өзектілігі. Соңғы кездері мемлекеттік қызметшінің этикасы мен имиджіне үлкен мән берілуде. Мемлекеттік билікке қатысатын тұлғалардың мінез-құлық нормалары мен принциптерін негіздеудің де мән-маңызы зор. Мемлекеттік қызмет өткеру мемлекет пен қоғам тарапынан білдірілген зор сенім болып табылады және мемлекеттік қызметшінің моральдық бейнесі мен имиджіне жоғары талаптар қояды.
Мемлекеттік қызметші этикасы — маманданған ерекше топтың іс-әрекетінің нақты нормалары мен мінез-құлық стандарттарының белгіленген жүйесі. Бұл топтың негізгі міндеті — мемлекеттік қызметті іске асыруды қамтамасыз ету.
Мемлекеттік қызметші қызметінің негізін қалайтын приципі, негізі міндеті — қоғам мен мемлекет мүддесі. Сондай-ақ,тақырып өзектілігі — мемлекеттік қызметші этикасы мен имиджінің арнайы зерттеу нысаны ретінде қарастырылуында.
Талдау жазба хаттың мақсаты — Мемлекеттік қызметшінің алтын стандартты этикасы мен оң имиджін қалыптастырудың жолдарын іздестіру. Мемлекеттік қызметке мемлекеттік қызметші этикасы мен имиджінің әсерін қарастыру.
Талдау жазба хаттың нысананы қамти отырып, мемлекеттік қызметшінің этикасы мен имиджін қалыптастырудағы сан түрлі пікірлерді танытуды да мақсат тұтады. Бұл мақсатқа жету жолында негізі міндеттер ретінде басқарудағы парасаттылықты ұстана отырып ашықтық пен есептілікке қол жеткізуді қарастыруға болады.
Әдеп кодексінің негізгі мақсаты мемлекеттік қызметкерлердің бойында парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған.

2. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ӘДЕП НОРМАЛАРЫ МЕН ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҰҒЫМЫ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 5 президенттік реформаларды жүзеге асыру үшін 100 нақты қадамдарды анықтады. Реформалардың бірншісі Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастырудан басталады. Тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға ерекше назар аударылады және 100 қадамның
15 мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау бойынша нақты іс-шараларды анықтайды.
Мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуі, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауы, адал, әділ, қарапайым болуы, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауы, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы, өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы Әдеп Кодексінің оң аспектісі болып табылатынын басып айту керек.
Мемлекеттік қызметші — мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттерден Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаражатынан ақы төленетін мемлекеттік лауазымды атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.
Мемлекеттік қызметшінің жеке қасиеттерінің бірі — парасттылық.
Парасат — жеке тұлғаның қадір-қасиетін, кісілік кемелдігін білдіретін жиынтық ұғым.
Әдетте, бұл сөз тілдерімізде ақыл, пайым сөздерімен қосарлана, қос сөз жасай: ақыл-парасат, парасат-пайым түрінде де айтылады. Парасаттылық сөзі жастардан гөрі көбіне оң-солын ажыратып, ақыл тоқтатқан, сақа жастағы және үлкен адамдарға қатысты қолданылды. Ол жеке тұлғаның интелектуалдық және мінез-құлық жағынан толысып, жетілгендігін, жоғары мәдениеттілігін көрсетеді. Француз философы Г.Мабли Біздің бойымызға біткен қасиеттердің ішіндегі ең маңыздысы және ең ізгісі- парасат,- дейді.
Парасатты адамға істейтін ісін, сөйлейтін сөзін, қабылдайтын шешімін алдымен ақыл таразысынан өткізіп алу, әдеп-инабат, адамгершілік жағынан кінаратсыздық, салихалық пен мейірімділік, ізгілік пен кең мінезділік тән. Сондықтан парасат парасат даналық ұғымына жақын, көптеген авторлар сол мәнде де қолдана береді. Басқа қандай артықшылығы болғанымен, ұшқалақ, күйгелек мінезді адамдарды парсатты демейді. Сонда парасат ұғымы жеке адамның толысқан кемелдігінің белгісі ретінде үлкен сана мен келісті әдет инабаттылығының, кең, бай мінезінің жарасты тұтастығын білдіреді.

2.1. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ӘДЕП НОРМАЛАРЫ МЕН СТАНДАРТТАРЫН ҰСТАНУ
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметшілерге арналған Әдеп кодексі заңды күшіне еніп, қолданыла басталды. Осы аталған заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерінiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптар жоғарылай бастады. Әдеп кодексі жалпы ережелер, мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық және көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары деп аталған бес бөлімнен тұрады.
Мінез-құлықтың жалпы стандарттарына келетін болсақ мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға, адал, әділ, қарапайым болуға, өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға, жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға, қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық және тағы да басқа қағидаларын сақтауға тиістілігін бекіткен.
Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.
Осы жаңа заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде басшы лауазымдарды атқаратындар, ұжымда өз діни көзқарасын ашық көрсете алмайды, бағынысты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлей алмайды.
Қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстанып, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс.
Сонымен қатар басты мәселелердің бірі басшылар қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеуге тиістілігі көрсетілген.
Көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты сыпайы нысанда жүргізуге тиіс.
Әдеп кодексінің басты міндеті-сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Жаңа заңның қабылдануына байланысты тәртіптік кеңес мемлекеттік қызмет ісі жөніндегі министрліктің әдеп бойынша кеңесі болып өзгерумен қатар оның құзырлығы ұлғайды. Әдеп жөніндегі кеңес енді сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысының қорытындыларын және өздерінің функциялары мен өкілеттіліктеріне бекітілген басқа да міндеттерді қарайды. Әдеп жөніндегі кеңес өз құзыретi шегінде жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен өзге де лауазымды адамдарын, әдеп жөніндегі уәкілдерді тыңдауға, жоғары тұрған мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымын негізсіз орындамаған лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы ұсыныстар енгізуге құқылы. Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Жоғарыдағыларды талдай келе, мемлекеттік қызметте әдеп нормалары мен стандарттары сақталады және пайдаланады деп айта аламын.

3. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДАҒЫ ПАРАСАТТЫЛЫҚТЫҢ САҚТАЛМАУЫНАН ТУЫНДАЙТЫН НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Басқарудағы бюрократизм.
Бюрократия — лат. bureau — бюро, канцелярия және грек, kratos — күш, билік, үстемдік; канцелярияның билігі — атқарушы билік орталықтарының қоғам мүшелерінің еркінен тыс қалуына негізделген саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйе; қоғамның және мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени салалардағы қызметтерінде ресми және бейресми шенеуніктік байланыстарға негізделген билік жүйесі. Бүл байланыстар тұйықталған, иерархия заңдылықтарына сай жүргізілетін, заңды және қоғам мүшелерінің еркін белден басатын, әкімшілік нұсқаулар әдісімен басқаратын биліктің қатаң тетігін қалыптастырады. Бюрократия — кез келген ұйымдардың, мемлекеттік аппараттың, басқару құрылымдарының, мекемелердің, фирмалардың туа бітті қасиеті. Кез келген мемлекеттің аппараты бюрократиялық өзгеріске ұшырайды. Нәтижесінде бюрократия билік және басқару жүйесіне, әкімшілік, шаруашылық, құқық қорғаушылық және басқа да аппараттық құрылымдарға «қондырылған» болып шығады. Бюрократияның қоғамдық-экономиқалық құрылымымен, демократиялық үрдістердің дамуымен, мәдениет деңгейімен, адамдардың білімділік деңгейімен, қоғамның өнегелік сипатымен анықталатын ұлттық-мемлекеттік ерекшелігі бар. «Канцелярия … жалғасы